Кіші «Балапан» тобындағы балалардың өмірі мен тәрбиесін ұйымдастыру циклораммасы Айы: Ақпан Өтпелі тақырып: «Бізді қоршаған әлем»



бет7/10
Дата29.04.2022
өлшемі55,22 Kb.
#141424
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Балапан тобы 1-апта ақпан айы
жедел холецистит 2
Тәжірибе жасау.
1 тәжірибе: «Су мөлдір
Тәрбиешінің алдында екі шыны ыдыс тұрады, біреуіне су, ал екіншісіне сүт құйылған. Екі ыдыста да қасық салып, қайсысынан көрінетінін, қайсысынан көрінбейтінін бақылайды
2 тәжірибе: «Судың түсін өзгерту.»
Тәрбиеші бояу жағылған қылқаламды суға арластырады.
-Судың түсі қандай болды балалар?
-Судың түсін өзгертуге бола ма?
Сергіту жаттығуы
Сылдырлайды мөлдір су,
Мөлдір суға қолың жу.
Жуынсаң сен әрдайым,
Аппақ бетің, маңдайың.
Тазалықтың досы,
Су дегенің осы.
Қимылды - қозғалыс ойыны:
"Күн мен жаңбыр"деген ойынды ойнайық.
Ойын шарты: Балалар «Күн шықты!»- деген сөзге серуендеп, «Жаңбыр жауды! – деген сөзге қол шатыр астына жиналуы керек.
Мақсаты: Балалардың көріп, естіп қабылдауын жетілдіре отырып, жылдамдыққа, жүгіруге және ереже бойынша ойнауға үйрету.
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: Суды не үшін қолданатынын біледі
Нені игереді: Судың қасиеттерін тәжірибе арқылы игерді



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет