Сүйіспеншілік отбасының моральдық негізі Махаббатты сақтап қалу жолдары



Дата26.11.2022
өлшемі52 Kb.
#159922
Байланысты:
сүйінпеншілік
латын Шакурам, Отбасындағы дау, ғылыми, ЕРКЕТАЙ ТОБЫ, глоссари, тест, ТӘРБИЕ ҚҰРЫЛЫМЫ, зияткер 2, ғалымдар, 777777777

Сүйіспеншілік - отбасының моральдық негізі Махаббатты сақтап қалу жолдары


Отбасы татулы­ғы мен үйлесімділігі ата-ана мен бала және ерлі зайыптылардың арасындағы сүйіспеншілік сезімімен тығыз байланысты. Ата-ана мен бала және ерлі-зайып­тылар қатынасында өзара түсіністік, сыйластық, көмек тек қана отбасы мүшеле­рінің арасында сүйіспеншілік сезімі болғанда ғана бақытты жандардан тұратын отбасына айналады. А. Некрасов өзінің «Материнская любовь» еңбегінде отба­сындағы татулық, үйлесімділік көбіне ананың еншісінде деп есептейді. Осы автордың ойынша көптеген жастар «махаббат» пен «ғашық» болу сезімін ша­тастырып, отбасын құрады және бірден дүниеге сәби әкеледі. Ғашықтық сезім – өткінші сезім, ол әркімде әр түрлі уақытқа созылады. Сондықтан ғашық болған жастар 1-2 жыл жақсы достар болып кездесіп жүріп, сол уақыт аралығында ара­ларында тек түсіністік, бірі болмаса екіншісіне өмір мәнсіз көрініп, ал бірге болғанда бүкіл дүниеде тек екеуі ғана бар, осы адамнан басқа ешкімді қаламай­тындай, байқамайтындай сезім болғанда жастар отбасын құруға, дүниеге сәби әкелуге шешім қабылдаса, олар өмірде кездесетін барлық қиындықтарды бірге көріп, бірін-бірі қолдап тату-тәтті өмір сүрер еді. Өкінішке қарай балғын сезім­мен үйленіп алғасын, кейін ғашықтық сезім тарағанда әйел адамдар өздерінің барлық сүйіспеншілігін балаларына беріп, күйеулері өздерін қажетсіз сезінеді. Осыдан келіп ер адамдар сырттан тіреу, жанын түсінетін, қиындықта медеу бо­латын әйелдерді іздейді. Автордың пікірінше, әйел адам ең алдымен күйеуін жақсы көріп, тату қарым-қатынас жасау арқылы өзінің баласына болашақта отбасындағы сыйластық туралы түсінігін қалыптастарады. 
Жер бетіндегі барлық нәрсенің негізі махаббат екені сөзсіз. Ресейлік эстрада әншісі Лариса Долинаның әнінде шырқалғандай: «Бастысы үй-ішіндегі ауа-райы. Қалғанының барлығы жай нәрсе». Ал осы «ауа-райы жұбайлар арасындағы махаббат арқауымен анықталады. Махаббат бұл – отбасылық іргетасты құру кезінде қыз бен жігітті бір тұтас адамдай сезініп, қандай сынақ болса да бір-бірінен ажыраспайтындай ететін сезім. Егер «отбасы» сөзінің мағынасына үңілер болсақ, бұл оның барлық мүшелерінің татулығы мен бірлігін білдіреді. Бұл бірлік махаббатсыз болмайды. Отбасындағы махаббат таңғаларлық ғажайып нәрселер жасайтындығы туралы көптеген өлеңдер, аңыз әңгімелер, прозалар, бейне фильмдер бар. Шынайы махаббат өлімнен құтқарады, қорғаныш, сенімділік сезімін жүрекке ұялатады. Ата-анамның арасындағы қатынас махаббат пен өзара сыйластыққа негізделсе, әрдайым үйлесімді әрі жылы болады. Отбасылық кіршіксіз махаббаттың белгісі ретінде Кристина деген қыздың ғаламторға жазған мына хатын келтіріп отырмыз: «22 жыл бұрын менің анам сіңілімді дүниеге әкелді, бұл отбасы үшін үлкен қуаныш болды, бірақ қайғы айтып келмейді дегендей, «Сал ауруына әкелетін, жүктіліктен кейінгі склероз» деген анама қойған дәрігерлердің диагнозы біз үшін ауыр соққы болды. Анамыздың денсаулығына қауіптеніп, басымыздан кешкен күйзеліс-уайымымызды ауызбен айтып жеткізуге болмас. Әкемізбен бірге қанша қиындықтарды бастан кешірдік, бірақ бұл ауыртпалық біздің әкеміздің сағын сындырмады, ол анамды аялап күтіп, анамыздың жазылуы үшін қолынан келгеннің барлығын жасады. Ата-анамыздың арасында сыйластық сезімі бастапқы қалпында қалды. Уақыт өтті. Туған-туыстарының қамқорлығы мен сүйіспеншіліктері анамыздың ауруын жеңді. Анам жазылды. Бүгінгі күні ата-анам бір-бірін аялап өмір сүруде. Махаббат ғажайыптар жасайтындығына көзім жеттті». 
Осы кішкене хатта қанша адамның тағдыры, қайғысы мен қуанышы жа­тыр. Бұл сынақтан осы хаттың иелерін жақсы өмірге шынайы махаббат әкелді.
Отандық психолог ғалым Қ.Жарықбаев өзінің «Ұлттық психологияны оқыту – ұлтшылдық емес» – атты мақаласында қазақ даласындағы отбасы мүшелерінің арасындағы сүйіспеншілік мәселелерін талдай келе, қазіргі кезде осы асыл сезімнің арзандап кеткенін айтады. Оның себебі жастар махаббат деп алданып қалуына байланысты Қазақстанда тастанды балалардың 90% қазақ балалары екенін айтады (2000). Қазіргі шаңырақ көтерген жастардың бала тәрбиесіне толық даяр еместігі немесе ата–ананың тәрбиедегі «қараңғылығы» салдарымен түсіндіруге болады. Өмірге келген нәрестеге ананың адал махаббаты мен кіршіксіз көңілі таза ауадай қажет. Себебі, сәби өмірге мүлде дәрменсіз күйде келеді. Нәрестенің өмірге келіп, кіндігінің кесіліп, жөргекке оралуынан бастап дені сау, ақылды да тәлімді бала етіп өсіру ата-ананың міндеті ғана емес, сонымен қатар олардың арасындағы махаббатқа да байланысты. Баланың бақытты болуы ең алдымен ата-ананың арасындағы махаббатқа, бір-бірінің жан дүниесiн танып, сырласып, сыйласып өмір сүруінде. Осы бағытта құнды зерттеудiң негiзiн салған ғалымдар М.И.Лисина, Қ.Т.Шерьязданова. Олар мектепке дейiнгi балалардың ересектермен қарым-қатынасын зерттеуде – отбасында тәрбиеленушi және түрлi типтегi балалар мекемелерiндегi отбасынан тыс тәрбиеленiп жатқан балаларды салыстыра отырып зерттеді. Балалар үйiнде тәрбиеленушiлер өмiр сүруге қажеттi барлық қажеттiлiктермен (қалыпты тамақтану, киiм, ойыншық, дәрiгерлiк бақылау, бiлiм т.б.) қамтамасыз етiлгенiмен, дара бағыттағы үлкендердiң эмоционалды-жағымды қарым-қатынасының тапшылығы олардың жан-жақты психикалық дамуын баяулатады. 
М.И.Лисина, Қ.Т.Шерьязданова еңбектерi көрсеткендей, ата-аналық сезімнің «қосылуы» бала дамуының түрлi аспектiлерiне: олардың танымдық белсендiлiктерiне, тiлiнің дамуына, заттық әрекеттерді игеруiне игi әсерiн тигiзедi. Баланың махаббатқа қажеттілігі оның тұлғалық қасиеттерінің дамуы­мен тығыз байланысты. Көптеген ғалымдардың пікірінше (А.В.Запорожец, А.А.Леонтьев, М.И.Лисина, Қ.Т.Шерьязданова), ата-ананың махаббатына деген қажеттілік адамның басқа ниеттерімен қауышпайтын, ерекше өзіндік қатынас болып табылады. Зерттеушілердің бақылауларынан, махаббатқа қажеттілік ба­ланың өмір сүру барысында, нақты қарым-қатынас құру формасына ықпал ете­ді. Жоғарыдағы ғалымдардың зерттеу нәтижелері балалар үйінде тәрбиеленуші балалардың қарым-қатынасы сенімсіздік, агрессивтілік, тәуелділік сияқты жағымсыз эмоцияда болған. 
Отбасындағы ата-ана мен бала арасындағы махаббат мәселесін зерттеген ғалымдардың бірі В.С.Мухина мен Л.А.Венгер. Олар шимпанзенің кішкентай екі баласын алып, біреуіне мамық жүнді жұмсақ куыршақ берген және бұл қуыршақтың кеудесінен сүт шықпайды, ал екінші шимпанзенің баласына суық, қатты, бірақ кеудесінен сүт шығатын қуыршақ жасап берген. Осы екі кішкентай шимпонзе балаларының мінез-құлқын бір ай қадағалап бақылаған. Нәтижесінде мамық жүнді, сүті жоқ қуыршақты шимпонзе баласы қолынан түсірмей, кеудесіне басып өзімен үнемі ұстап жұрген. Ал екінші суық, қатты, бірақ сүті бар қуыршаққа шимпонзе баласы жақындамаған, қолына ұстамаған. Қайда болса, сонда тастап кете берген. Бұдан шығатын түйін, мақұлық баласының өзі махаббат сезімін қажет етеді, жан жылуын, жұмсақ қатынасты іздейді. Адамның баласы да тек махаббат сезімін сезінгенде ғана өзі де сондай сезімді ата-анасына бере алады. Бұл ғылыми тұрғыдан зерттеліп, дәлелденген. 
Бала әр уақытта өзіне жасалған эмоциялық қолдауды қажет етеді. Л.А.Венгердің пікірінше баланың жан-жақты дамуына отбасы мүшелерінің арасындағы сүйіспеншіліктің әсерін көрсете келіп, баланың бойында адамгершілік және эстетикалық талғамы жоғары, ынтымақтастық қарым-қатынастағы толыққанды азамат болып өсетінін анықтаған. Осылайша, баланы еркін, сүйіспеншілікпен тәрбиелеудің маңызын ашқан. 
Батыстық психолог Э.Фромм: «отбасындағы баланың психологиялық тепе-теңдігі оның ата-анасымен болған жақын да эмоциялық қатынасына байланыс­ты» – деп көрсетсе, бала бойындағы невроздың болу себептерін зерттеген ре­сейлік ғалым А. И. Захаров отбасындағы қаталдыққа, зорлық-зомбылыққа, жа­ғымсыз эмоциялық қатынасқа балаға немқұрайлы қарайтын ата-аналардың ба­лалары ұшырайтынын анықтаған. Осы орайда чех ғалымдары И. Лангмейер мен З. Матейчек баланың психикалық даму мәселелерін зерттей келе, отбасын­дағы сүйіспеншілікке толы қарым-қатынас балалардың жарасымды әлеуметтік-психологиялық қасиеттеріне ғана емес, сонымен қатар, олардың физикалық денсаулығына да тиімді ықпал ететінін анықтаған. Олар екі отбасын алып са­лыстырған: бірі сүйіспеншілік орнаған отбасы болса, екіншісінде селқостық, ымырасыздық, ынтымақтастығы жараспаған отбасы. Екі отбасындағы балалар­дың дәрігерлік анықтамасы бойынша сүйіспеншілік қатынастағы балалардың денсаулығы әлдеқайда жоғары болған. Бұдан шығатын түйін: отбасындағы жа­расымдылық, сүйіспеншілік сезімдері отбасы мүшелерінің физикалық және ру­хани-адамгершілік, әлеуметтік-психологиялық даму деңгейіне жүйелі ықпал етеді. 
Сонымен, ғалымдардың ойынша, отбасындағы жағымды қарым-қатынас балада жауапкершілік, ынтымақтастық, бірлік сияқты қасиеттерге негіз болса, керісінше жағдайдағы қарым-қатынас (ұрыс-керіс, қақтығысушылық) баланың көңіл-күйіне, еңбекке қабілеттілігіне үлкен зиян келтіреді. Осыған байланысты халқымызда "Тәрбие тал бесіктен" – деген нақыл сөз бар. Асыл сөздің мәні балаға дүниеге келгеннен бастап ата-ана татулығын, өзара сыйластығын көрсетіп тәрбиелесе, кішкене күнінен ата-анасының арасындағы сүйіспеншілікті сезініп өссе, ертең өзінің болашақ отбасына мына тамаша өнегені апаруға тырысады ғой. Бұдан әр отбасындағы ата-аналардың алдында тұрған басты міндет – өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеуде өнеге болатын тәжірибелерді көрсету. Осыдан болар ата-бабаларымыз "әкесіне қарап ұл өсер, анасына қарап қыз өсер" – деген. Мәңгі жасағысы келетін халық атадан балаға қалатын қара шаңырақты қадірлеуді ата-ананың балаға беретін тәрбиесімен тығыз байланыста қарастырған. Өскелең ұрпақтың тәлім-тәрбиесіне қазақ халқы баса назар аударған. Орта ғасырда өмір сүрген шығыстың әйгілі ойшылы, ұлы ғалым әл Фараби өз еңбектерінде баланың ой-сезімін, мінез-құлқын тәрбиелеп, жетілдіру арқылы оны бақыт жолына салуды көздеген. Бала тәрбиесі ең алдымен отбасындағы ата-анасының ықпалымен жүзеге асатынын: «Сүтпен біткен мінез сүйекпен кетеді», «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» т.б. қанатты сөздерден көреміз. 
Бала тәрбиесінде ананың "Әлди, әлди, ақ бөпем, ақ бесікке жат, бөпем" – деген бесік жыры, әжесінің, атасының ертегісі ерекше орын алады. Бесік жырында жас нәрестені әлпештеген анасы оны әлемдегі ең асыл нәрсеге теңейді, оның кішкене жүрегін ана тіліндегі әсем әуенмен, жүрек жарды баласына деген сүйспеншілігін, қуанышын жұмсақ үн мен ойлы сөзбен бала санасына сіңіре берген. Сонымен, қатар ұрпағына артатын үмітін, сенімін Өз халқына, отанының адал азаматы болатынын жырлаған. Осыдан болар халқымызда «бесік жырын естімеген баладан қандай имандылық күтесің», «Бесіксіз үйде береке жоқ», «Бесік көрмегеннен без» – дейтін сөздерде терең мағына жатыр. Сол сияқты «Атаның батасы, әженің әңгімесі, әкенің өнегесі, шешенің тәрбиесі» – деп бабам қазақ ұрпаққа тәлім-тәрбие берудің қуатты құралы халық даналығы екенін жақсы білген. 
Тарихи даму үрдісінде ұрпақтар жалғастығының ұлы істерін үлгі-өнеге тұ­тып, сол арқылы жас ұрпақты рухани-адамгершілік құндылықтармен сусындату бүгінгі күні маңызды мәселе болып табылады. Оны біз Сара Алпысқызының: «Жастарымызды ата-бабамыздан келе жатқан – мәңгілік рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде, ойы, сөзі және іс-әрекеттері бірлікте өмір сүретін мүлтіксіз мінезді адам тәрбиелеу» – деген сөзінен көруге болады. 
ҚР-ның «Білім туралы» Заңында: «Ата-аналар – алғашқы педагогтар» деп жазылған. Қазіргі ата-аналардың бәрі дерлік жоғары білімді, сауатты адамдар. Дегенмен, олардың балаға берген тәлім-тәрбиесін осыдан 30-40 жыл бұрынғы ата-аналарымыздың тәрбиесімен салыстыруға болмайды. Сол кездегі ата-аналар қазір ата-әжелер. Негізінен ұрпақ тәрбиесінде ата-әженің де рөлі ерекше. Балаға бесік жыры, батырлық эпостарды, ертегі, аңыз әңгімелерді айту, тақпақ жаттату ата-әженің еншісінде болған. Бала кезінен құлағына құйылған, көңіліне тоқылған рухани-адамгершілік құндылықтарға негізделген тәрбиенің үлгі-өнегесі жастарға жақсы мен жаманның ара қатынасын ашып, ел сыйлайтын азамат болып өсуіне жағдай жасаған. Бабамыз қазақ Л.С.Выготскийдің бала тәрбиесіндегі «психикалық дамудың таяудағы аймағы (шеңбері)», «баланың әр жас кезінде көрініс беріп отыратын қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін әлеуметтік жағдай жасау» теорияларын білмесе де үлкен ұлағаттықпен осы қағиданы басшылыққа ала отырып, болашақ ұрпақ тәрбиелеуде қатаң ұстанған. Осыған байланысты «әлеуметтік инфантилизм», «тірі жетім», «тастанды бала», «қаңғыбас бала», «нашақорлық», «өзге діндерді жағалау» т.б. әлеуметтік келеңсіз жағдайлар қазақ даласында кездеспеген. Бір ауылда ата-анасынан шетінеп, жетім қалған бала болса, оны бүкіл ауыл аймақ болып тәрбиелеп, жетімдік көрсетпей ел қатарына қосуға тырысқан. Бұдан ата-бабаларымыздың рухани-адамгершілік, имандылық пен қайырымдылық сияқты құндылықтарды берік ұстап, қара басының ғана емес бүкіл елдің, ұлттың қамын ойлап, өсіп келе жатқан жастарды дұрыс жолға салып, қайырымдылықтың үлгісін көрсетіп отырғандығын көреміз. Сондықтан да отбасы ұрпақ тәрбиесінің белді буыны, жауапты әлеуметтік институты. 
Соңғы кезде қазақ халқының табиғатына тән, ана сүтімен қанға сіңген ізгі әдет-ғұрыптардан жастардың тыс қалып бара жатқанын байқаймыз. Көптеген жастарымыз әртүрлі діни ағымдарға ілесіп, солардың туын көтеріп, жырын жырлап мұсылмандықтан кетіп жатса, енді біреулері өз ұлтының өткені мен болашағына немқұрайлы қарап күнделікті тіршіліктің қамын қуып, рухани адамгершілік құндылықтардан алыстап барады. Ата-ананы сыйлау, үлкенге құрмет көрсету, кішіге ізет білдіру, әдеп сақтаудан хабарсыз кейбір жастардың болашақта өз отбасында қандай ұрпақ тәрбиелейді деген ой ұлтжанды азаматтарымызды мазаламай қоймайды.
Осыған байланысты Елбасшымыз Н.Ә.Назарбаев «Жас ұрпаққа отбасында өнегелі тәрбие беру арқылы «Мәңгілік ел» болып қалу, ата-бабаларымыздың бізге қалдырған рухани құндылықтарын сақтап, оны келер ұрпаққа мұра ету» бүгінгі күннің талабы екенін баса айтқан. Өйткені жас ұрпақ –ел болашағы, шырағы, асқақ арманын алға апаратын күші.
Қазақ халқының қалыптасқан салт-санасы, әдет дәстүрлері сан ғасырларды аралап бізге жеткен – тәлім-тәрбиенің қайнар көзі. Солар арқылы әрбір жас ұрпақ өзінің таным-түсініктерін әлемдік санамен ұштастырып, алдыңғы ұрпақ жетпеген арманға, шығатын биікке жеткізеді деп армандаған бабаларымыз. Осы қағиданы мықты ұстанған халық баланың тәрбиесін отбасынан бастаған. Тілін, тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрлерін, бабалар мұрасын, аналар тілегін орындаған адам бақытты өмір мұхитына сапар шегетінін олар жақсы білген. Осыған байланысты Елбасымыздың көтеріп отырған «Мәңгілік ел» идеясының басты мақсаты – ата-баба мұрасынан сусындаған қазақ елінің тәрбиелі азаматтарын тәрбиелеп қалыптастыру. 
Қазақ халқының ұрпақ тәрбиесіндегі озық тәжірибесі туралы орыс жазушысы, этнограф В.И.Даль 1832 жылы күнделігіне: «Мидай дала, ешбір мектеп, кітап жоқ айнала қараңғылық, бірақ жастары өте ғажайып, мәдениетті тәрбиеленген» -деп жазса, М.О.Әуезов: «Бала ата-ананың тағылымымен – өседі» деген. Ұлы Абай: «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды, дүниедегі жақсы мен жаманды тани отырып, білгені, көргені көп білімді адам болып қалыптасады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады» – деген 19-шы қара сөзінде. 
Психолог Л.С.Выготский: «Бала дүниеге келісімен әлеуметтік, қоғамдық тіршілік иесі болып саналады, оның өсіп-жетілуі үшін ересектермен қарым-қатынасқа түсуінің маңызы зор, осы арқылы бала білім мен әлеуметтік тәжірибені меңгереді». Ерікті, үйлесімді, шығармашылық қабілеті бар, өзін-өзі жетілдіруге ынталы, бәсекеге төтеп бере алатын азаматтарды қалыптастырудың қоғам өмірі үшін маңызды мемлекеттік мәселе болып табылады. Бала отбасы мүшелері арасындағы жарасымды, үйлесімді, әділетті қарым-қатынастарды игере отырып, үлгі-өнеге алады. Отбасында баланың жауапкершілігі мен өзгелерге достық, ар-намыс сезімдерінің оянуы ата-ана тәрбиесінің ықпалы. Ата-ана және басқа ересектер өскелең буынға тек жеке бастарының өнегесімен, іс-әрекеттерінің үлгісімен ықпал жасай алады. Ата-аналар ұнамсыз жайларға тіпті уақытша болса да бой алдыруына жол бермеуі тиіс. Өйткені күйкі көріністің ықпалы лезде тамыр жайып, баланың бойына теріс мінез болып қалыптасуы ықтимал. Ата-бабаларымыз ұрпағын ер-жігітке кедергі болатын жалқаулық, аңқаулық, жасқаншақтық, өтірік-өсек айтып, алдап-арбау сияқты жағымсыз қасиеттерден аулақ болуға тәрбиелеген. Сонымен қатар олар жан-тәнімен, қанымен қорғаған жерімізді, елімізді, Отанымызды, тілімізді сақтай отырып өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік қасиеттерге баулыған. 
Жас баланы отбасында тәрбиелеуде халқымыздың сан ғасырлар бойы жи­нақтаған ұрпақтан – ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық тәлім – тәрбие, ұлттық сана сезім, қадір -қасиет, ар – ождан, ұлтжандылық, отан-сүйгіштік, ізгілік, ізет­тілік, парасаттылық, тектілік, қайырымдылық, ерлікке, жігерлікке, батылдық пен батырлыққа, сөз бен істің бірлігі сияқты қасиеттерге тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлген. Баланың жеке тұлға ретіндегі қалыптасуына отбасының тәрбиесі, ата-ананың өнегесі деп есептегенімен, баланың жүрген ортасы, ағайын – туыстары, жора – жолдастарының, сонымен қатар туған жердің табиғаты да әсер етеді. 
Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынастың тәрбиелік мәні зор. Белгілі педагог-психологтардың ойларынша, отбасындағы ата-ана әрқашанда өздерінің эмоцияларын, сөйлеген сөздерін бақылап, баланың санасына теріс ықпал ететін қылықтарды жасамауы қажет. Баласының жақсы азамат болғанын қалайтын әрбір ата-ана тәрбиені өздерінен бастауы қажет. Өйткені балалары ата-анасының жасаған қылықтарын қайталай отырып өмірлік тәжірибе жианақ­тайды. 
Ата-ананың балаға деген махаббаты – оның отбасына, туған жеріне, Отанына, туыстары мен достарына, сүйген жарына деген махаббатың дамып қалыптасуына негіз береді. Өмірдегі небір сырлы махаббаттар ата-ананың балаға деген мейірім махаббатынан тараған. Ата-ананың еккен махаббаты баласының жүрегінде гүлдеп, қартайған ата-аналарының өмірін қуанышқа бөлеп, өткен өміріне өкінбей, еңбегінің жанғанына риза етеді. 

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет