Тақырыбы: «Бес нәрсеге асық бол...»
Мақсаты: Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, ақынның даналығын, рухани асыл-мұраларын насихаттап, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу. Көркем сөйлеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге көмектесу.
Көрнекіліктер: Абай портреті, эпиграф жазылған плакаттар, кітап көрмесі.
Барысы:
Көрініс: Домбыраның үні.(күй «Құрманғазының көңіл толқыны») Сахнада Абай өлең жазып отырады.Үстел үстінде ескі май шам және құс қауырсынынан жасалған қалам мен шыны құтыда сия. Абай сәлден соң орнынан тұрып өлең шумақтарын оқып, сахнадан шығып кетеді.
Жүргізуші:
Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған,
Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған, – деп төрелігін өзі шешкен Абай бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге 175 жыл бойы өмір сүріп келеді, мәңгі өмір сүре бермек!
Ол өткен заманның, кешегі түркі дүниесінің соққан тынысы болса да бізге түсінікті, жүрегімізге қонымды Абай – лебі, Абай – үні, ана тынысы – заман тынысы, халық үні. Абайдың жарқын бейнесі, жалынды жыры бізбен бірге мәңгі жасап келеді.
Жүргізуші:
-Құрметті қонақтар мен оқушылар! Қазақтың бір туар ұлдарының бірі, данышпан ақын, ойшыл, дана ғұламаларының бірі, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Бес нәрсеге асық бол» атты ашық тәрбие сағатымызғаа қош келдіңіздер!
Жүрегін шырақ етіп жандырған,
Жырымен жан сусынын қандырған.
Өзіне – өзі орнатып ескерткішті,
Мұра қып, кейінгіге қалдырған.
Ерте оянып, ойланып, ержеткен,
Талабын тас қияға өрлеткен.
Құбажан, құрбақан құм, құла қырда,
Өлеңнің бесігінде тербеткен.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен,
Үнінен әділдіктің лебі ескен – бұл балалар кім болды екен? (Абай атамыз)
Балалар дұрыс айтасыңдар бұл біздің Абай атамыз.
«Көзімнің қарасы» әнін орындайды. (Хор-баян )
Жүргізуші:
– Әрине, Абай атамыз туралы айта беру артық емес. Бір қарағанда таныс тақырып, таныс бейне секілденгенмен, ол туралы білетініміз тым аз – ау. Ұлылықтың сырына қанық болғымыз келсе, даралықтың қандай болатынын ұғынғымыз келсе, дана Абай әлемін шарлап қайталық, !
Абайдың өмірі мен шығармашылығына байланысты сұрақтар:
Абай Құнанбайұлы Семей облысындағы Шыңғыс деген тауды жайлаған Тобықты руының ішінде 1845 жылы тамыз айының
10-жұлдызында дүниеге келіп, 1904 жылы шілденің
6 -жұлдызында дүниеден өтті. Абайдың әкесі Құнанбай өз кезеңінде беделді адам болған. Абайдың анасы Ұлжан –ақылды, мейірімді кісі екен. Абайды әжесі Зере тәрбиелеген. Ол ИбраҺимді еркелетіп, «Абай» деп атаған. Абай әжесі Зере мен Ұлжандай аналарының тәрбиесінде болады. Олардың қызық әңгімелерін жалықпай тыңдайтын. Абай бала кезінде әкесі Құнанбай ел басқару жұмысымен жүреді. Абайдың бойына әкесінің батылдығы, алғырлығы дарыған.
1. Абайдың шын аты кім? (Ибраһим).
Абайдың қанша күйі бар? Аттарын ата.(Үшкүйі бар: «Тоқжанға», «Май түні», Абайдың желдірмесі»).
Абайдың аяқталмаған поэмасы.(«Әзім әңгімесі».)
Абай Лермонтовтың қанша шығармасын аударған? (Жиырма жеті шығарма аударған).
Абайдың әжесінің және шешесінің аттарын ата.( Зере, Ұлжан.)
.Абай өлеңдер жинағы қайжылы басылып шықты және қай қалада? (1909 жылы Петербургта).
Абай жолы» романын кім жазды? (Мұхтар Әуезов).
Абай ескерткіші алғаш қай қалада қойылды?(Алматы қаласында мүсінші- Х.Наурызбай)
Шәкәрімнің Абайға қандай туыстық жақындындығы болды? (Абайдың ағасының баласы.)
«Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» айдарын Абайдың өлеңдеріне кезек берейік бастайық.
Егер сіз жақсылық пен жамандықты, әділдік пен қиянат туралы білгіңіз келсе, Абайды оқыңыз!
Адамгершілік пен арлылық , махаббат пен залымдық туралы білгіңіз келсе, Абайды оқыңыз!
Өлім мен өмір, адам жанының қалтарыстарын, қатпар - қатпар сырларын білгіңіз келсе, Абайды оқыңыз!
Тіршіліктің мәңгілік сауалдарына жауап іздеп, ғаламның 18 мың құпиясын білгіңіз келсе, Абайды оқыңыз!
«Қыс»
Ақ киімді денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті – басы ақ қырау, түсі суық.
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
Демалысы үскірік, аяз бен қар,
Кәрі құдаң – қыс келіп, әлек салды.
Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,
Аязбенен қызарып ажарланды.
«Жазғытұры»
«Жазғытұры» қалмайды қыстың сызы,
Масатыдай құлпырар жердің жүзі.
Жан-жануар, адамзат анталаса,
Ата – анадай елжірер күннің кһзі.
Жаздың көркі енеді жыл құсымен,
Жайраңдасып жас күлер құрбысымен.
«Күз»
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспап,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тойғаныма, тоңғаныма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.
Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,
Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.
Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,
Жапырағынан айрылған ағаш, қурай.
«Әсемпаз болма әрнеге»
«Ғылым таппай мақтанба»
«Сабырсыз, арсыз, еріншек»
«Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы»
Би: Қазақтың ұлттық биі.
Абайдың қара сөздері
Мұғалімнің сөзі
Абайдың 45 қара сөзі бар. Абайдың қара сөздерінің стилі, оларға тән ой ұтқырлығы, шешендік мәселеге зер салсақ, мұндағы шешендік дегеніміз, әйтеуір, сөзді қалай сұлулап, көрікті етіп өрнектеп айтуға ұмтылу емес, ойдың тереңдігімен, астасып келетін шешендік тәсілдер қолдана білу екенін айқын аңғарамыз.
(Үнтаспадан жетінші, отыз алтыншы қара сөздері тыңдалады.)
Жетінші, отыз алтыншы сөздері
Көрініс
Он жетінші қара сөз
Автор: Өзім оқимын Қайрат , ақыл, жүрек үшеуі таласып келіп, ғылымға жүгініпті.
*Қайрат айтыпты:
-Ей, ғылым дүниеде еш нәрсе менсіз кәмелетке жетпейді. Әуелі өзіңді білуге, ерінбей , жалықпай үйрену керек, ол –менің ісім. Дүние, абыройды еңбексіз табуға болмайды. Орынсыз, болымсыз нәрсеге үйір қылмай , бойды таза сақтайтұғын мен емес пе? Осы екеуі маған қалай таласады? –депті.
*Ақыл айтыпты:
-Не пайдалы, не зиянды болса, білетұғын –мен. Менсіз пайданы іздей алмайды екен, залалдан қаша алмайды екен; ғылымды үйрене алмайды екен. Осы екеуі маған қалай таласады? Менсіз өздері неге жарайды? –депті.
*Онан соң жүрек айтыпты:
• Мен адам денесінің патшасымын, қан менен тарайды, жан менде мекен қылады. Менсіз тіршілік жоқ. Ұят сақтап, рақым қылдыратын – мен, әділет, нысан, ұят, рақым, мейірбаншылық менен шығады.Менсіз осылардың көрген күні не? Осы екеуі маған қалай таласады?-депті.
Сонда ғылым бұл үшеуініңсөзін тыңдап болып, айтыпты:
• Ғылым айтыпты : -Үшеуің басыңды қос. Бәрін жүрекке билет. Осы үшеуінің бір кісідей табылсаңдар – қасиетті адам сол.
Балалардың орындауында ән: «Желсіз түнде жарық ай».
Қорытынды сөз
Абай –халқымыздың мақтанышы ғана емес, біздің ұлттық ұранымыз, ұлттық идеологиямыз, оның өлмес мұрасын алдымен өзіміз танып, сосын әлемге таныту –біздің ғұмырлық парызымыз.
Абайдың туғанына 175 жыл уақыт өтсе де, оның еңбектері халық жадында сайрап, оған нұрлы өмірге жол көрсетіп тұр.
Абай есімі мәңгі ұмытылмайды.
Абай сепкен ұрық, өскен дәндер бір ғасырдан аса уақыт бойы өсіп –өніп, ұлттық әдебиетімізді, мәдениетімізді, бүкіл рухани өмірімізді көркейтуде. Абайдың тамаша ақындық дәстүрлері қазір жаңа мазмұнға ие болып, кейінгі толқын жазушылардың өнеге етіп, ілгері дамытуы арқылы толысып келеді.
Құрметті ұстаздар, оқушылар, бүгінгі дара да, дана тұлға Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына байланысты, ақын шығармашылығын ұмытпай, дәріптеп оны құрмет ету мақсатында ұйымдастырылған шағын іс-шарамыз аяқталды. Орыстар үшін –Пушкин, ағылшындар үшін –Шекспир, грузиндер үшін – Руставели қандай ұлы құбылыс болса, Абай да қазақтар үшін сондай теңдессіз құбылыс.
Олай болса, сөздің соңын «Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс» -деп елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың айтқан сөзімен аяқтап, аман- сау болыңыздар демекпін.
Назар қойып тыңдағандарынызға рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |