Тақырып Сынып ұжымын қалыптастыру әдістемесі Жоспар: С\ж-нің оқушыларды танып білу жолдары



Дата29.12.2021
өлшемі16,35 Kb.
#106505
Байланысты:
6 ЖУМЫС ДАПТЕР,Береке
35160959, Scientific 18-29 Ахметқалиқызы Камилла, Scientific 18-29 Ахметқалиқызы Камилла, Презентация (1), бөж 7 ТМО 20-12 РАХМАТУЛЛАЕВ АЗИЗБЕК, Әлеуметтану Рахматуллаев Азизбек ТМО 20-12, Сандар теориясы кітап (4), 00021be6-4bfb518c

Тақырып 6. Сынып ұжымын қалыптастыру әдістемесі

Жоспар:

1. С\ж-нің оқушыларды танып білу жолдары

2. С\ж және оқушылар ұжымын тәрбиелеу

3. С\ж тәрбие жоспары

4. Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымдары және оны ұйымдастыру

Практикалық тапсырмалар:

1. Бір оқушыға (студентке) психологиялық мінездеме жазыңыз

20 қазақ орта мектебінің 9 «Б» сынып оқушысы Манас Али. Туған күні: 01.11.2000. Мекен жайы: Аққу 45 үй. Сырт бейнесі өте тартымды, жарасымды. Мектеп формасы өзінің денесіне сай келеді, жарасымды көз тартарлық. Бойы 162 см, салмағы 54 кг. Дене дамуы өзінің жасына, ортасына сәйкес келеді. Денсаулығы жағдайы жақсы. Дәрігердің қойған диагнозы- «Вазом реншит». Көзінің тамаша

Алидің анасы Шарипова Асем Сергек ауданында «Жұмыспен қамту» орталығында жұмыс істейді. Әкесі Манас Бекжан жұмыссыз. Отбасында екі бала. Алидан кіші екінші сыныпта оқитын қарындасы Анель бар.

Али көбінесе ән айту жағына бейімді. Сонымен қатар патриоттық өлеңдерді оқығанды жақсы көреді. Би де билеп, өнер десе ішкен асын жерге қоятын оқушы. Алисынып әкімі болғандықтан оның сынып ішіндегі орны ерекше. Өзіне берген тапсырманы бұлжытпай өз уақытында орындап, өткізіп отырады. Сыныпты қоғамдық жұмысқа қатысу жағынан үнемі алдыға тартып, барлығын ұйымдастырып отырады. Қоғамдық жұмыстарға белсене араласады. Мектепте болған «Жігіттің сұлтанына» қатысып, «Толғанай» әнімен, өзінің сегіз қырлы, бір сырлылығымен көзге түсіп «Бірінші» орынды жеңіп алды. Жеңіс күніне арналған шеруде ардагерлерге арнап ән айтты, взвод командирі болып оқушыларды бастап жүрді. Мектептегі «Өнерлі бала» атағына ие болып, алғыс ретінде мектеп соңғы бір аптадағы сабақтардан босатты.

Оқу жұмысына деген белсенділігі де жоғары. Барлық сабақты ұнатады. Биология сабағын қатты сүйіп оқиды. Үй жұмысын жүйелі түрде орындап келіп отырады. Сабақ үстінде бар назары мұғалімде болып, сұрақтарына жауап беріп, үнемі тақтаға шығып сабақ айтып, есеп шығарып отырады. Сабақты себепсіз босатпайды. Оқу үлгерімі бойынша – екпінді. Али барлық сабақты жақсы оқиды. Тек математика сабағынан қиналады. Соның өзінде сабаққа белсене қатысып, түсінбегенін мұғалімнен сұрап, тақтаға шықпай ақ өз орнында есептерді шығарып, өз бетімен де жұмыс жасайды.

Оқушыларды бастап, ұйымдастыра алу қабілеті бар. Әр сабақты зейін қойып тыңдап отырады. Есі: бейнелік, сөздік логикалық, эмоционалдық, қозғалыстық; өнімділік сипаттамасы: есте сақтау ұзақтығы орташа. Ойлау – ойлау операцияларының ерекшелігі — абстрактілі, жетекші түрі – сөздік логикалық, ерекшелігі – аналитикалық, дербестік. Оқушының ерік жігері күшті дамыған, алдына қойған мақсатына жету үшін бар күшін салады, сынып белсенділерінің бірі. Эмоциялары: мазасыз емес, сабырлы, әр нәрсеге шыдамдылық таныта біледі. Қиялы — ырықты. Али сангвинникке көп ұқсайды, тез қозғалады, қимылдары шапшаң, барлық әсерге эмоцияналды баяу жауап береді, оның сезімдері оның сыртқы қылықтарынан көрінеді, ашулануы сирек.

Мінезі салмақты, сабырлы, бірақ кейде сабырсыз болып кететін кездері болады, адамдармен тез тіл табыса алады, үлкенді құрметтеп, кішіні силай алады.

Алидің байқағыштық қасиеті жақсы дамыған. Тақтада есеп шығарып тұрған баланың қателерін үнемі түзеп отырады. Өз күшіне, жеңіп шығатынына, барлығы жақсы болады дегенге қатты сенеді. Осы принцптерді ұстанып әрбір жарысқа, олимпиадаға қатысады. Сабақ үстінде де, сыныптан тыс жұмыстарда да өзін байсалды, жинақы, салмақты ұстайды. Үзілісте де жүгіру, шулау, қатты сөйлеу деген сияқты жаман қалықтарды көрсетпейді. Али мұғалімдермен, оқушылармен, басқа сынып оқушыларымен, достарының барлығымен жақсы қарым-қатынаста. Әрқайсысының сырын таба біледі, тез тіл табысып кетеді.

Али кез-келген жерде, кез-келген уақытта өзінің тек жақсы жағынан ғана көрінеді.

2. Сыныпқа (студенттік топқа) мінездеме жазыңыз



“Серпін ауданының әкімдігінің «Серпін орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 3 «А» сынып. Сыныпта 24 оқушы бар. Оның ішінде 13 ұл бала, 11 қыз бала. Сынып жетекшісі Копенова Айнаш Ибадуллаевна. Сыныпта басқа мектептен , ауысып келген оқушылар бар. Мурзаева Айда, Сам орта мектебінен, Багт Шынарай Қалдығараев орта мектебінен, Қуандықұлы Мубарак Ы. Алтынсарин орта мектебінен ауысып келген. Әлеуметтік құрамы орташа, материалды жағынан жеткілікті қамтылған . Сыныптың осылай жан –жақтан жиналғанына қарамастан , сынып оқушылары ұйымшыл , бір—бірімен жақсы араласады. Сыныптың жалпы танымдық бағыты жақсы. Озат оқушылар саны 6 , жақсы оқитын оқушы саны 8, қалған оқушылар орташа. Сынып математика сабағынан көп қиналады, ал ауызша сабақтарға келгенде (әдебиеттік оқу, дүниетану, жаратылыстану) алдарына жан салмай бір-бірімен жарысып сабақ айтады. Мектептегі үйірмелерге қатысады. 3 оқушым ағылшын үйірмесіне қатысады. Ұл балдар спорттық үйірмелерге қатысады. Сыныптан тыс жұмыстарды сынып жетекшісінің көмегімен көбінесе топ басшысы мен тәрбие секторы ұйымдастырады. Барлығын жоспарлап алғаннан соң әрбір оқушыға тапсырмаларын бөліп беріп, орындалуын қадағалап отырады. Сынып іші топ –топқа бөліну бір-бірімен араласпай жүру деген сияқты жаман қылықтардан аулақ. Оқушылар ұйымшыл , бір-бірімен өте жақсы араласады. Сабақ үстінде бір-біріне үнемі көмектесіп отырады. Сынып оқушылары сыныптан тыс жұмыстарға белсене , бірігіп ұйымдастырып құштарлана қатысады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет