Өзін-өзі тану пәнінің сабақ жоспары
Бекітемін: __________ оқу ісінің меңгерушісі
Мерзiм: 17.10.2015ж
Тақырып: Сүйіспеншілік-өмір нәрі
Құндылық: Ақиқат
Қасиеттер: Өз-өзіне сену, жауапкершілік бәрін жақсы көру, шынайылық, кішіпейілділік, ізгілік
Мектеп: Қаракөл орта мектебі
Мұғалiм: Суатова Тогжан Болатовна
Сынып: 11 Оқушылар саны: 10,20
Мақсаты:
«Махаббат» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Адам бойындағы махаббат сезімін, сүйіспеншілікті танып, оны құрмет тұтуға баулу.
Міндеттері:
Махаббаттың бар адамға ортақ көп қырлы, дегдар сезім екенін, ал сүю мен ғашық болу жаратылыстың адамға берген ерекше нұрлы, іңкәрлігі екенін білдіру;
Адамды, өмірді, табиғатты сүйе білуге, оны құрметтеп, қадір тұтуға баулу; өз сезімін дамытуына, сезім шуағынан ләззат алуға жетелеу;
Сүйіспеншілікке, сезімталдыққа, нәзіктікке тәрбиелеу.
|
Ресурстар (құралдар, мәлiметтер)
Оқулық, портфолио, аудиодиск,
күн, жүрекше,
ақ қағаз
|
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi «Нұрға бөлену»
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Нұр сіздің жүрегіңізге қайта оралды. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын». Мен нұрлы адамға айналдым.
|
|
Үй тапсырмасын тексеру
М.Әуезов
«Абай жолы»
(Үзінді)
-Тоғжанды сұлу етіп тұрған қандай күш?
-Махаббаттың адам өміріне, оның айналасындағыларға әсері қандай?
|
|
Дәйексөз
Адамшылықтың алды-махаббат, ғаделет сезім.
Абай
|
|
Мұғалім сыйы
Махаббат — адам жанының асыл қасиеті, асқақ мұраты, риясыз, ынтық, нәзік сезімі.
Жалпы махаббат деген сөздің мағынасы кең. Махаббат деген сүйіспеншілік, ынтызарлық, ғашықтық деген сөздердің баламасы ретінде айтыла береді.
Батыстық философия тарихында Эмпедокл өзінің космология ілімінде
|
Махаббат бүкіл әлемді ұйымдастырып тұрған бастапқы күш
|
|
деп білді.
Платон оны сезімдік және рухани махаббат деп екіге бөліп қарастырды.
Сезімдік махаббат — сұлулыққа сұқтанатын махабаттың төменгі сатысы,
рухани махаббат — адамның белсенді танымдық қызметінің қайнар бұлағы деп қарады.
Ағартушылар Махаббат адам бойындағы табиғи сезімдер көрінісінің бірі деп есептеді. Мәселен, Шефтсбери Махаббат-ты ынтымақ сезімі және қоғамдық тәртіптер мен сұлулықтың ұйтқысы деп көрсетті. Гельвецийдің түсінігінше, Махаббат — адамзат өміріндегі тәрбие құралы және адам дамуының қайнар бұлағы. Сөйтіп, ағартушылар этикасы Махаббат мәселесін әлеуметтік өмірмен байланыста қарастырды. Марксизм ілімі Махаббат -ты өзінің әр алуан формаларында жеке адамның ғана емес, бүкіл қоғам өмірінің мәнді жақтарын тікелей әрі тереңнен қамтып, рухани берілгендік пен қаһармандықтың қайнар бұлағы болып табылатын әлеуметтік -таптық және жалпы адамзаттық ынтымақты бейнелейді деп көрсетті.
Қазақ халқының рухани бастауларының бірі-шығыс мұсылман әдебиетінде Махаббат жайлы жырлар ғасырлар бойы жалпы жұртшылыққа жол тауып, эстетикалық-көркемдік, этикалық-ғибраттық зор маңызға ие болды.
|
|
Шығармашылық жұмыс
«Мөлдір махаббат», «Ана махаббаты», «ғашықтық», «Бір көргеннен ғашық болу»деген ұғымдарға анықтама беру (ауызша)
|
|
Топпен ән айту.
Ең алғашқы махаббат
Енесей мен Еділді шатыстырып картадан
Ең алғашқы махаббат басталады партадан
Күндей таза көңілі, қардай аппақ парақта
Ең алғашқы махаббат басталады сабақта
Кешпегендер басынан, сенбе мейлі сен мейлі
Ең алғашқы махаббат бірін-бірі көрмейді
Айта алмас ем ерте деп, айта алмас ем кеш деп мен
Ең алғашқы махаббат басталады мектептен
Бәйшешектей бүр жарып, бұзып жарып сең-тоңды
Ең алғашқы махаббат ,болу керек ең соңғы
Болар бәлкім қамалы, болар бәлкім қақпасы
Ең алғашқы махаббат, махаббаттың патшасы
|
|
Үй тапсырмасы
М.Шаханов
Ғашықтық ғаламаты
|
|
Соңғы тыныштық сәтi.
Көзімізді жұмып, еркін жайғасайық. Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қандай жақсы нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық сол жөнінде ойланайық. Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық. Жайлап, көзеріңізді ашуға болады. Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет!
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |