Реферат Тақырыбы: Мектепке дейінгі мүмкіндігі шектеулі балалардың көркемдік эстетикалық қабілетін дамыту



Дата23.05.2020
өлшемі18,63 Kb.
#70785
түріРеферат
Байланысты:
реферат эстетика


Реферат

Тақырыбы: Мектепке дейінгі мүмкіндігі шектеулі балалардың көркемдік эстетикалық қабілетін дамыту.

Дайындаған: Т.Кармашева

Алматы 2017ж. қаңтар

Жоспар:

1. Кіріспе

2. Көркемдік-эстетикалық тәрбие сиаттамасы

3. Мүмкіндігі шектеулі балаларға көркемдік-эстетикалық тәрбие беру, оларды тәрбиелеу және дамыту

4. Көркемдік-эстетикалық тәрбие мақсаты, бағыты

5. Қорытынды

Көркемдік-эстетикалық тәрбие дегеніміз - баланың қоғамдық өмірде, еңбекте, табиғатта көркем өнерде бар әсемдікті сезіне білуге үйрету, тәрбиелеу деген сөз.

Көркемдік-эстетикалық тәрбие балаға қоршаған ортаның көркемдігін, адамның рухани сулулығын терең түсіндіре білу, сөйтіп оларды ойлау, қиялдау, сөйлеу қабылдау кабілетінің дамуына ықпал ету міндеттерін жүзеге асырады. Сонымен қатар жас ұрпақ әсемдікті, сұлулықты түсініп одан ләззат алуға көркем өнер туралы біліммен мағлұматтармен қарулануға эстетикалық тәрбие арқылы мүмкіндік алады.

Эстетикалық тәрбие балалардың әсемдік жөніндегі түсінігін кеңейтіп сұлулықты сүйе білу, оны шығармашылықпен өмірге ендіре білу қабілетін, эстетикалық талғамын, қиялын дамытады. Эстетикалық тәрбие көркем өнер құралы ғана емес қоғамдық өмірдің, оқудың еңбектің, табиғаттың әсемдігін тану кезінде адамдармен қарым-қатынас үстінде тәрбиеленеді.
Көркем шығарманы табиғат әсемдігін адамның жақсы тәртібін, тамаша мінез құлқын мәдениеттілігін көріп сүйсіну, қабылдау адамның адамгершілік парасатына эстетикалық сезімдеріне үлкен әсер етеді.

Мектепке дейінгі мүмкіндігі шектеулі балалардың эстетикалық талғамын дамыту мынау – «жақсы, әдемі, алмынау – жаман, көріксіз» деп ауызша айтумен жүзеге асырылмайды, бала өнер шығармаларын түсініп, нәр алумен қатар табиғаттың өнердің, еңбектің, тұрмыстың, ән сазын,қолөнер шығармаларын танып білу, өзі жасау арқылы талғамы дамиды. Бұнда оқыту ісі ерекше роль атқарады. Оқу қызметінде балалар көркем әдебиет, музыка, кескіндеу туындыларымен танысады, әсемдік әлеміне саяхат жасайды, содан рахаттанады, түсіну, көру, сезіну талғамы қалыптасады. Бұның өзі болашақтағы рухани дүниесінің баюына негіз болады. 

Қазіргі таңда мектеп жасына дейінгі мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту барысындағы мәселелердің бірі-балалардың эстетикалық талғамын дамыту, сол арқылы олардың бойында адамгершілік, мейірбандық, имандылық қасиеттерін қалыптастыру. Әр баланың көркемдік ойлау қабілітін дамыта отырып, шығармашылық, қиял сезімін дамыту. Ал, осы мәселелер балабақша қабырғасында әлі де болса өз мәнінде шешілмей келеді. Соның салдарынан балалардың сабаққа ынтасының төмендеуі, енжарлық етек алуда.

Балабақша тәрбиешілері  эстетикалық тәрбиені кітап оқу, ән тыңдау, бейнелеу өнері мен театр, кино т.б. өнер түрлері арқылы көркем өнерге тарту, тағы басқа да жолдармен жүргізуге болатынын біліп қана қоймай, оны қалай жүзеге асыру тәсілдерін жан-жақты меңгеріп, жетілдіруі тиіс. Тәрбиеші эстетикалық тәрбиені балаларға өнер түрлерін меңгерту арқылы жүзеге асырады.

Бала өзін қоршаған ортадан әсемдікті сезінуі, оны бағалай білуге талпынуы  бүкіл жан дүниесіне, сезіміне әсер етеді. Дегенмен, баланың көркем өнерге деген қабілетінің дамуы, оның шығармашылықпен ұштасуы,  бала кезінен тәрбиенің сол түрлерімен айналыстыруға және жеке-дара ерекшеліктерін ескеріп, тәрбиені белгілі мақсатқа бағыттап жүргізуге байланысты.



Мектепке дейінгі мүмкіндігі шектеулі балалардың көркемдік эстетикалық тәрбиесінің өрісі кеңейіп, өз деңгейінде жүргізілуі тәрбиешілердің ұлттық психологияны, халықтық тәлім-тәрбие дәстүрлерін тиянақты меңгеруіне және өз жұмысында сапалы пайдалана білуіне байланысты. Балабақша тәрбишісі бағдарламалық және оқу-әдістемелік талаптарды орындаушы ғана емес, ол балалармен жүргізілетін тәрбие жұмысында кездесетін күрделі мәселелерді өздігінен шешетін, оны жүзеге асыратын ұстаз.
Қазіргі кезеңде баланы тұлға ретінде қалыптастыру, оның бойына ұлттық әдеп-ғұрып пен салт-дәстүр мұраларын сіңіру, имандылыққа тәрбиелеу бүкіл халықтық іске айналып, жұртшылық назарын аударуда.
Тәрбие тағлымы баланың нәрестелік шағынан бесік жырымен біртіндеп іске асырылып, санасына орнығып отыратын ұзақ үрдіс. Сол себептен қоғам өміріндегі білім беру саласындағы әрбір жаңалық мектепке дейінгі тәрбиеге тікелей әсер етіп, тәрбие мазмұнын жаңарту ісіне ықпал жамап келеді.
Эстетикалық бағытта бейнелеу іс-әрекеті (сурет, мүсіндеу, жапсыру) түрлері еңбек тәрбиесі, құрастыру және музыка сабақтары арқылы балалардың эстетикалық қабылдауын, сезімін, көркемдік талғамын дамыту іскерлік-дағдыларды меңгеруге, ұлттық қол-өнер ерекшеліктерін, оның әсемдігін сезінуге көңіл бөледі. 
Бағдарламаға сәйкес бейнелеу өнері оқу қызметтеріне басшылық жасауда тәрбиеші баланың күнделікті өмірден алған әсерлері мен психикалық процестеріне: есте сақтауы, қабылдауы, ойлауы, қиялдауы және арнайы қабілеттілігінің дамуына ықпал етуін ескертуі тиіс. Бейнелеу өнері сабақтарын ұйымдастыруда айналаны бақылату үшін саяхаттар мақсатты серуендерге апарады, көргендерін ой елегінен өткізіп, танымдық қасиеттерін дамытуды, баланың белгілі бір затқа немесе құбылысқа зейінін тұрақтандырып, бейненің сипатына қарай іс-әрекет тәсілдерін таңдап алуға бағыттайды.
Бейнелеу өнері арқылы эстетикалық тәрбие берудегі жұмыстың нәтижелі болуы тәрбиешілердің шеберлігі мен іздемпаздығы, шығармашылығы, білім деңгейңмен де тығыз байланысты болмақ. Осы орайда, тәрбиеші бейнелеу өнері түрлерін жетік біліп, балаға түсінікті түрде қарапайым мазмұнын шығармашылықпен әңгімелеп бере білуі баланың іс-әрекетке қызығушылығын арттырады. Сонымен қатар көркемөнер туындыларының мазмұнын түсінуге, бояу түстерін ажырата білуге, көркемдік мәнерін сезіне білуге баулиды.
Бейнелеу өнерін үйретуге мынандай мақсат алынады:
- бейнелеу өнері түрлері жайында баланың қарапайым түсініктерін қалыптастыру;
- живопись, кескіндеме, мүсін, сәулет өнері, сәндік-қолданбалы өнер туындыларының әсемдігін, көркемдгін сезініп, эстетикалық талғамын арттыру;
- өнерге деген қызығушылық, сүйіспеншілік сезімдерін ояту;
- жақсыға сүйсініп, жаманға күйіне білуге, өнер арқылы адамгершілік, ізгілік, мейірімділік қасиеттерін қалыптастыру;
- ұлттық өнердің айшықты нақыштарын сезіне білуге баулу.
Алға қойған мақсатты жүзеге асыруда баланың айналаны бақылау және қабылдауын дамытуға, көркемөнер туындыларымен таныстыруға, көркемдік талғамын арттыруға, іскелік дағдыларды меңгеруіне баса назар аударылады. Көркемөнер туындыларын, шағын көлемді мүсіндерді сәндік-қолданбалы өнер бұйымдары, көркем суреттер,диафильмдер, слайдтар пайдаланылады.
Балабақшада мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеу жұмысының негізі, баланың өмір шындығына деген эстетикалық қатынасын қалыптастыра отырып, әсемдік туралы ой-өрістерін дамыту, білім және қабілеттерін қалыптастыруға қажетті тәрбиелік жұмыстарды қамтиды. Балалардың қарапайым дағдылары мен іскерліктері, олардың қоршаған ортадағы заттар дүниесін танып, білуі көркемдік оқу қызметі арқылы қалыптастырылады.
Көркемдік-эстетиклық тәрбиенің басты құралдары – бейнелеу өнері, музыка, көркем әдебиет т.б.
«Баланы жастан» деп қазақ бекер айтпаса керек. Дүниетаным,айналаға деген құштарлық, табиғатқа деген сүйіспеншілік, сұлулыққа деген еліктеушілік бала жастан адам бойына қалыптасады.Балалардың көркемдікті қабылдауы мен оны өз қолымен жасауға бағытталған әрекеттерінің арқасында бейнелеу өнерінің мәнерлілігі, көркемділігі баланың шығармашылық белсенділігіне сол арқылы олардың көркемдік талғамының дамуына зор ықпал етеді.
Мүмкіндігі шектеулі балалар қоршаған ортаны суретке салу, ермексаздан мүсіндеу, түрлі-түсті қағаздан қиып жапсыру, табиғи материалдардан көркем өңдеу, музыка тыңдау т.б. жұмыстары кезінде танып білуге мүмкіндік алады. Олар қоршаған ортадағы түрлі заттарды көркем бейнелеу тәсілін меңгеруге, заттың көлемін, пішінін бояулар мен түстер арқылы айқындай білуге жаттыға отырып, бұл дағдыларды өз қиялымен пайдаланады. Түрлі материалдардан (қағаз, картон, мата, ермексаз т.б.) әшекейлеуді, бұйымдар үлгісін жасауды, оларды өрнектеуді үйренеді. Ал мүсіндеу арқылы заттардың, адамның, жануарлар мен құстардың пішінін бейнелеу тәсіліне машықтанады. Ермексаздан бейненің кескінін, қимыл-қозғалыстарын, өзіндік ерекшелік, күнделікті көргендерін еске түсіріп, заттың дене құрлысын, «бөлшектердің» өзара байланысы туралы алғашқы түсініктерді алады. Қатты, түрлі-түсті қағаз, мата қиындылары т.б табиғи заттарда көркем құрастыру жұмыстары негізінде балалардың ойлау қабілеттерінің, қиялының жетілуіне, еңбек нәтижесінің әсемдігінен сұлулықты сезіну дағдыларының дамуымен бірге еңбек етуге тәрбиелейді. Тәрбие баланы әсемдікке баулиды, жағымды эмоция туғызады, қабілеттерін дамытады. Эстетикалық талғам балалардың өнерде, өмірде, тұрмыста шынайы әсемдіктен қанағат, рухани азық алуынан көрінеді.
Мүмкіндігі шектеулі балалардың эстетикалық талғамын қалыптастыруда үйрету үлкен рөл атқарады. Оқу үстінде балалар әдебиеті, музыкалық, сурет өнерін игеруді үйренеді.
Мүмкіндігі шектеулі балалардың бойында эстетикалық талғамның негіздерін қалай отырып, біз оларды қоршаған ортаның әсемдігін көруге және сезінуге, оны аялауға баулимыз. Балалардың көркемдік қабілеттерін, эстетикалық сезімдері мен ұғымдарын, әсемдікті бағалай білуін дамыта отырып, педагог рухани байлығы қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеудің негіздерін қалай береді.

Қолданылған әдебиеттер:

1. Отбасы және балабақша-2006,№4
2.Меңжанова А.К. Балаларды көркем шығармалар арқылы адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу – Алматы: Рауан, 1991.

3. Жұмабекова Ф.Н. Мектепке дейінгі педагогика  – Астана, 2000.

4. В.И.Ядышко, Ф.А.Сохина Мектепке дейінгі педагогика – Алматы,1982.

5. Бала және балабақша №5 2011 ж.






Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет