Сөж көркем шығарманың композициясын талдау Орындаған



Дата20.11.2023
өлшемі70,83 Kb.
#192002
Байланысты:
сөж 4 (копия)
Білім беру кызметтерін корсету шарты, Отсканированные документы, толық адам.сөж, 3-дәріс, 3-дәріс, 3-дәріс, Аралық бақылау 1, processing of multimedia information 2

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті




СӨЖ
Көркем шығарманың композициясын талдау

Орындаған: Дюсембек Арна
Тексерген: Жанузакова Құралай
Көркем шығарманың композициясын талдау

Жоспар:
1. Композиция терминіне анықтама.
2. Д.Исабековтың «Сүйекші» повесін композициялық талдау.


Композиция – көркем шығармадағы элементтердің, құрамдас бөліктердің, образдардың белгілі бір тәртіппен, рет-ретімен, жүйелі орналасуы. Кең мағынасында композиция – көркем пішіннің құрылымы және оның ең бірінші қызметі бір бүтіннің барлық бөлшектерін біріктіру. Екінші қызметі – шығармадағы образдарды жүйе-жүйесімен орналастыра отырып, белгілі бір көркемдік мағына жүктеу. Композицияның екі функциясы: оның көркем пішіннің құрылымы ретінде мәтіндегі элементтерін, құрамдас бөліктерін белгілі бір тәртіппен, рет-ретімен, жүйелі ұйымдастыруы және сол образдарды орналастыру арқылы белгілі бір көркемдік мағына жүктеуі әдеби туындыларды талдау барысында мысалдармен дәлелденеді. Көркем шығарма құрылымын талдауда оның алуан түрлі қырларын: суреттелетін оқиғалардың орналасуын (сюжет композициясын), кейіпкерлер жүйесі мен олардың арақатынасын, заттық-психологиялық болмысты беру, бейнелеу ерекшеліктерін (портрет, пейзаж, ішкі көрініс, диалог, монолог), баяндау тәсілдерінің динамикасын, тілдік бірліктердің сабақтастығын назардан тыс қалдырмау қажеттілігі негізделеді.
Дулат Исабековтің «Сүйекші» повесі оқырманды ойлануға үндейді. Өмір шындығын шебер сомдалған бір кейіпкер арқылы бергені жазушының кемеліне келіп тұрған шағындағы үлкен олжасындай. Қарапайым ғана жанның көкірегіндегі құпияға үңілуге тырысатын жазушының Тұңғыш арқылы көсетпек болғаны – адамның мына өмірдегі кері кету процесі. Бұл жерде Тұңғыштың Үндемеске айналу процесі. Тұңғыштың осы сипатында руханилықтан жұрнақ қалмаған, сезімдік қасиеттері өліп кеткен Үндемеске айналған шағына дейінгі аралықта, жеке адамның үлкен тағдыры жатыр.


Шығарманың композициясы:
Оқиғаның басталуы: Ұлы қуаныштан – ұлы қасіретке қадам
Оқиғаның дамуы: Тұңғыш енді Аманат
Оқиғаның байланысуы: Аманаттың Кеңкелеске айналуы
Оқиғаның шиеленісуі: Диуанаға айналған тағдыр
Оқиғаның шарықтау шегі: Ендігі қызмет - сүйекшілік
Оқиғаның шешімі: Кешігіп келген кешірім
Кейіпкерлері:
Тұңғыш – Аманат, Кеңкелес, Диуана, Сүйекші. Бұл – кейіпкер есімінің, атының өзгеруі. Осыны жазушы кейіпкер характерінің өзгеруімен жымдастыра сəтті суреттейді.
Қомша – Тұңғыштың әкесі, құдық қазушы.
Үкітай – қатігез қазақтың заңын ұстанушы, намысы бойын билеген бай баласы.
Өмекей – Байдың кенжесі, бір ғана шындықты жасырамын деп өмір бойына өкініп келген, жүрегінде мейірім оты бар Аманат баланың құтқарушысы.
Доскей – ұлынан айырылған әке, ауыл басшысы. Қазақтың заңын қатал ұстансада, адамгершілік қасиеті жоғалмаған жан.
Сақау жылқышы – бар өмірі байдың малайы болумен өткен, зұлымдыққа тәні жоқ, Аманатқа ағалық мейірімін аямаған жылқышы.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет