КЕЗЕКТІ ШАБУЫЛ
Емшектаудағы құпия қақпа ашыла бере іштен бір топ ғарыш кемесі ұшып шықты. Олардың бағыт-бағдарлары қара дене болатын. Алғашқысында Шадыман, Елназар, Есмұхан келеді. Онан кейінгі кемелерде Жерден келген басқа ғалымдар бар. Үшінші кемеде қара денеге енетін Алдияр Ғалиакпар, Таймас және Қажыбек. Бұл кеме ерекше жабдықталған. Жерден келген ғалымдардың ұсыныстары бойынша кеме ішіне соңғы кезде жасалған ең күрделі жүйелер орнатылған. Сол жүйелер арқылы қара дененің ішіндегі бар құбылысты Шолпанға беруге болады. Бірақ оның да шегі бар. Қара денедегі тартылысты күші мейлінше көп. Онан жарықтың өзі де ұшып шыға алмайды. Дабы тіпті тұншығады. Ғалымдар оны да ескерген. Дегенмен, үміт жоғалған жоқ. Шабуыл басталып кетті.
Қара дененің кәдімгі қара ойық емес, жасанды екені ап-айқын аңғарылады. Онда қандай да бір тіршілік иелерінің бары да белгілі. Оған дәлел — өткендегі биороботтардың басқа бір әлемге барып қайтқаны. Бірақ оның қандай әлем екені түсініксіз. Егер онда Шолпан жүрмесе, мұндай қарбалас болмас па еді. Басқаны былай қойғанда, сол қызды аман-есен құтқару қажет. Сонан кейінгісі бола жатар. Шадыман бастаған топтың басты мақсаты да сол. Ал Шолпан қайтып оралса, күллі құпияның ашылатыны тағы да белгілі.
Бір топ кеме Шолпанды бірнеше рет айналып өтіп, әлгі қара денеге қарай тартты. Ол кәдімгі қара ойық сияқты емес, анда-санда сәуле шашып қойып тұрады. Бейне бір “Мен мұндамын. Бері кел” дейтіндей. Ол жайлы бұған дейін де біраз мәлімет алынған. Бірақ оның бәрі де жеткіліксіз еді. Сондықтан да Жерден көмек алынды. Қара ойық жұлдызды әлемдегі ең қатерлі орын. Онан қорықпайтын ғарышкер жоқ. Ол қара ойықтар кеңістікте қалқып жүрген небір нәрсені өзіне жұтып алады. Ал ең қауіптісі сезімтал құралдар болма- са, сол қара ойықтың қайда екенін де біліп-тану қиын. Бұл тек осы ғасыр емес, сонау ертеден бері ғалымдардың басын қатырып келе жатқан дүние еді. Ал мына қара денеге қарағанда өзі белгісіз қандай да бір мәдени дамуы жоғары адамдар оны да тізгіге алыпты. Тек қана қара ойық емес-ау, күллі жарық дүниені қолға қондырғандай. Егер сол қара дененің құпиясы ашылса, Шадыман бастаған топ та әлемнің патшасы болып шыға келмей ме?
Бірақ Шадыманның мақсаты әлемдік патша болу емес, Шолпанды табу болатын. Егер ондай билік беріліп жатса’ онан бас тартып, қара денені жойып жіберуге де даяр. Ша- дыман Шолпан ғаламдарынан қажетті қашықтыққа қашықтап, қара денеге таяп қалған кезде хабарлау пультінің алдына отырды.
— Үшінші, біз біріншіміз! Көңіл-күйлеріңіз қалай? — деді. Ол содан соң.
— Бірінші, біз үшіншіміз! Жағдайымыз жақсы!
— Енді алға қарай шыға беріңіздер! — деді Шадыман толқып.
— Түсінікті! Алға шығамыз!
Жаңа ғана үшбұрыштанып келе жатқан кемелердің пошымы бірте-бірте өзгере берді. Үшбұрыштың ұшына Алдияр басқаратын кеме шықты. Шадыман отырғаны енді жыл- дамдығын азайтып, үшбұрыштың орта тұсына қарай ығысты. Шадыман тағы да байланысқа көшті.
— Үшінші, көңіл-күйлерің қалай?
— Бірінші, біз үшіншіміз, көңіл-күйіміз жақсы!
— Кемедегі күрделі жүйелер қалай?
— Күрделі жүйелер қалыпты жұмыс істеп түр! — деді Алдияр.
— Тежеу жүйесі қалай?
— Тежеу жүйесі де қалыпта!
— Жылыту жүйесі қалай?
— Жылыту жүйесі де қалыпта!
— Ендеше, қара денеге енуге рұқсат!
— Түсіндік! Қара денеге қарай бағыт аламыз!
Сапарларыңыз оң болсын! Байланысты мүмкіндігінше үзбеңіздер! Аман-есен оралыңыздар!
— Рақмет! деген Алдиярдың даусы сәл күңгір естілді. Шадыман толқын, шамалы кідірді де, айналасында тұрғандарға бұрылып:
— Енді Шолпан төңірегіне қайта жақындауға болады! Хабарды үзбейміз! — деді.
Есмұхан басын изеді. Содан соң Шадыман алдындағы пультке қарады да:
— Үшіншіден басқа кемелер Шолпанға қарай бағыт алсын! — деп қойды.
Артынша топтанып, үшбұрыштанып ұшқан кемелердің бірте-бірте Шадыман мінген кемеге, бір жаққа қарай қисайып барып бұрылды. Соңынан келе жатқан кемелер де сол ба- ғытта ұстады. Енді сәлден соң үшбұрышты пішін бұзылып, кемелер бірінің артына бірі тізілді. Үшбұрыштық әдіс қара денеге қарай ұшқан кезде қолданылатын. Оның себебі, әрбір кеме алдындағысын жақсы көреді, қара денеден келген дабылдарды, жарықты, тағы басқадай нәрселерді анық қабылдайды. Қарсы алдарынан туа қалған қатерді де бірден көреді. Сол үшін ойластырылған. Бірақ бұл әдіс басқа кездерде де қолданыла береді. Ал жұмбақ денеге қарай ұшқанда міндетті түрде керек.
Шадыман мінген кеме бастаған топ Шолпан төңірегіне жеткенде қара дене жақтан хабар да жетті. Олармен Шадыманның өзі тікелей сөйлесіп отырды.
— Біз қара денеге жақындап келеміз, — деп бастады Алдияр сөзін, — көңіл-күйіміз жақсы! Тартылыс өрісі күшейіп келеді! Қара денеден шығып жатқан сәулелер де бар! Оның орта тұсынан жыпырлаған шам тәрізді бірдемелер көзге шалынады! Тежеуді мейлінше күшейттік! Жылыту жүйелері іске қосылды!
— Түсіндік! — деді Шадыман сәл көңілденіп, — байланысты осылайша үзбеңіздер! Түсіруге болатын нәрселердің бәрі бізге жеткізіңіздер! Қадағалап отырмыз! Шолпанның үстіне орнатылған күшейткіш радиотелеқондырғыларымыз қалыпты жұмыс істеуде! Сіздерден жеткен әлсіз мәліметтерді сол арқылы күшейтудеміз!
— Түсіндік! — Алдияр сәл кідіріп барып сөзін жалғады.
— Қара дененің үлкендігі Ай көлеміндей! Бірақ ол қандай да бір мәдени дамуы жоғары адамдардың қолынан шыққан де! Жарық шашу күші өзіміздің Күнмен бірдей деуге болады. Бірақ онда қандай да бір адамдар тіршілік етеді! Жарық неше түрлі құбылады!
— Кеңіл-күйлерің қалай? — деді Шадыман толқып.
— Жақсы! Әзірге жылыту жүйелері қалыпты жұмыс істеп тұр! Бірақ тартылыс өрісі секунд өткен сайын күшейіп барады!
— Тежеу жүйелері көмектеспей ме? — деді Шадыман.
— Шынын айтсақ, көмегі азайып барады!
— Жылу жүйелері қалай?
— Жылу да азайып барады!
— Жарық ше?
— Ол да мардымсыз. Ең қуатты деген шамдарымыздың өзі өлеусіреген шырағдандай болып қалды.
— Көңіл-күйлеріңіз қалай?
— Көңіл-күйіміз жақсы!
— Комбинезондарыңыздағы температура ше?
— Плюс он сегіз... Он жеті... Он алты...
Алдиярдың дауысы баяулай берді. Жаурағанынан сөйлей де алмай қалған сияқты. Шадыман дегбірсізденіп кетті. Қасындағы Елназар Үдербайұлына қарап қояды. Ол да үнсіз. Мына жағдайда не айтарын білмей отыр. Ең жаңа, ең күрделі деген құралдары да көмек берер емес. Қара дененің күшін жеңе алатын нәрсе жоқ сияқты бұл ғаламда. Оған жақындағандардың тағдырлары да енді түсінікті еді. Алғашқы биороботтардай күй кешті. Байланыс тағы үзілді. Экрандардың беттері жыбырлаған күйі қалды. Шадыман да дисплейдің алдында ештемені түсінбей отырған жас бала сияқтанып отыр. Физик ана тетікті, мына тетікті басып көріп еді, онан да ештеме шықпады. Шолпандағы қуатты күшейткіш қондырғы да көмек бере алмады. Ендігі істі Шадыманның өзі шешуі керек еді. Бірақ оның қолынан не келсін. Бар хабарды қарсы алдындағы экрандардан күтуге тура келді. Шадыман біраз ойланып болған соң:
— Барлық кемелер ұшудың үшбұрыштық мәнеріне ауыссын! — деп ұсынысын айтты.
— Сонда не істемексіз? — деді оған Елназар.
— Қара денеге қарай ұшамыз!
— Ол не дегеніңіз? Бәрімізге қатер төнбей ме?
— Көппен көрген ұлы той емес пе? — деді Шадыман ызаға булығып, — біз де енеміз, сол қара денеге!
— Мұныңыз ағаттық болады, сабыр етіңіз! — деді Елназар оны баспақ болып.
— Қашанғы шыдаймыз? Қашанғы жұмбақ болады бұл нәрсе? Бір жағына шығаралық та?!
— Бәрі де анықталады, Шадыман, — деді Елназар оның қасына жақындап, — құпия істі анықтауға қызбалық жүрмейді!
— Оны өзім де түсінемін, — деді Шадыман жаңағыдан сәл басылып, — бірақ шыдамның да шегі бар емес пе?
— Шыдам деген нәрсе бәрімізде де бар. Бірақ құпиясы ашылмаған денеге қарай қалайша ұшамыз? Өзіңіз ойлап қараңызшы.
— Ойлап отырмын — деді Шадыман, — онан не пайда, шешімі табылмаған соң...
Кеме ішінде бір сәтке тыныштық орнады. Бірақ ол тыныштықты басқа кемелерден жетіп жатқан.
— Үшбұрыштық мәнерге ауыстық!
— Қара денеге қарай ұшуға дайынбыз!
— Жаңа ұсыныс күтудеміз! — деген жауаптар бұзып жіберді. Шадыман оған селт етпеді. Әлде болса не айтарын білмей ойланып отыр. Елназар да оны жақсы түсінеді. Екеуі бір-біріне арқа сүйейді. Шадыман оны әйгілі, білгір ғалым ретінде біледі. Ал Елназар болса, Шадыманның Шолпан мен оның төңірегіндегі кеңістікті өз аулындай игергеніне сенеді. Сөйтіп, жігерленеді. Шадыман сәлден соң алдындағы көп тетіктің бірін сүқ саусағымен нұқып қалып.
— Жауаптарыңызды естідім! Әзірге нақты шешім жоқ. Үшбұрыштық мәнермен ұшуды жалғастыра беріңіздер! Бағыт бізге байланысты! Қара денеге тағы бір жақындау көзделіп отыр! Кемелеріңіздегі барлық жүйелердің жұмысын мұқият тексеріңіздер!
— Түсіндік!
— Түсінікті!
— Ұшуды жалғастырудамыз!
деген жауаптар кеме ішін жаңғырықтырды. Шадыман енді манадан үнсіз отырған Елтайға бір қарап қойды. Ол кемені басқарып отырғандықтан көп сөйлемейді. Шадыман- ның айтқандары оған тікелей қатысты. Кемені басшысының айтқанына қарап құбылтады.
Біраздан соң Шадыман қара денеге еніп кеткендермен байланыс ұстауға тырысты. Сол кезде қарсы алдындағы жыбырлап тұрған экрандардан көмескілеу бір көріністер бай- қалды. Ол секунд өткен сайын анықтала берді де, Алдиярдың жүзі көрінді. Ол бірдемелерді айтып жатыр. Бірақ дыбыс жоқ. Сол замат Шадыман оң тұсындағы бір тетікті басып кеп жіберді. Жаңа ғана тілсіздей көрінген Алдиярдың сөздері енді кеме қабырғаларын жаңғырықтырды.
— Қараңғьшық қабаттарынан өттік! Ішкі жағында ел бар!
Ауыл көрінеді! Соған қонып келеміз!
Қап! — деді сол кезде Шадыман, — тағы да ешгемені анықтай алмапты! Бұл мәліметтерді биороботтар да “миларына” жазып алып келген жоқ па? Маған керегі сол кіре беріс пен қандай да бір түсініксіз ауылға шығарып жіберетін аралықтағы нәрселер еді! Бұлар да естен тану сәтін бастан өткізді!
— Басқа шара не? — деді Елназар Үдербайұлы күрсініп, барып көрелік! Ең бастысы, олардың аман-есендігін тілейік!
Шадыман сәл үнсіздіктен соң:
Қара денеге бәріміздің жақындағанымыз бос әурешілік болатын сияқты. Оған қалай қарайсыз? — деді Елназарға бұрылып.
— Мен де солай ойлаймын, — деді физик.
— Ендеше, неде болса, батырларымызды Ешмектаудан күтелік.
— Бұл да дұрыс шешім.
Елназар Шадыманға бір қарап алды. Сол кезде Шадыман алдындағы дыбыс қабылдағыш пен экранға қарап:
— Барлық кемедегілер, тыңдаңыздар! Қара денеге жақындамайтын болдық! Емшектауға ораламыз! Кемелеріңізді біздің кемеге қарап бағдарлаңыздар! — деді.
— Түсінікті!
— Түсіндік!
— Емшектауға оралуға әзірміз!
деген жауаптар барлық кемеден кезегімен жетті. Бұлар отырған кеменің ішіндегі дыбыс күшейткіштен шыққан ол дыбыстар құлаққа бір түрлі жағымды естіліп жатты. Шадыман мәліметтердің бәрін мұқият тындап болған соң орнынан түрегеп, үлкен терезенің алдына барды. Онан өне бойын ақ бұлт қоршаған әдемі Шолпан дөңгеленіп көрініп тұрған еді. Тек сол ақ бұлттары ғана тез құбылып, ара-арасы қараяды. Атмосферасындағы тынышсыздықты білдіреді. “Бір кездері мұнда Жердегі сияқты қайнаған өмір болуы тиіс, — деп қойды ішінен Шадыман, — біздің түпкі мақсатымыз да Шолпанды сол дәрежеге жеткізу”. Қасындағы Елназар Үдербайұлы да тап осындай бір ойда тұрған-ды. Енді бәрінің назарларын өздерін айнала қозғалғандай көрінген Шолпанның үлкен шары бөлді. Бұл кеменің Шолпанның жанына айналып жүргенінің белгісі. Ендеше, қонатын уақыт та жақын. Соны ойлап болғанша, кеме де бірте-бірте ақ бұлтқа еніп, оның небір қабаттарынан өте берді. Шадыман Шолпанның атмосферасының құрамына қаншалықты қанық болса да, әрбір өткен сайын оған мұқият қарайды. Бұрын-сонды байқамағандарын іздегендей қадалады. Бірақ мұншалықты үлкен атмосфера қайдан бірден өзгере қалсын. Елең етерлік ештеме кезікпейді. Оның үстіне кеме де жылдам ұшады емес пе. Әне-міне дегенше Шолпанның бұлттар жасырып тұрған жасыл-желексіз сарғыш түске боялған даласы да көрінді. Анадай жерде өздеріне ыстық ортаға айналған Емшектау тұр. Кеме төмендеген сайын ол биіктей берген. Кемедегілерге мұнан кейінгі жағдай да түсінікті еді. Кемелер бір-бірімен жарысқан қарлығаштарша Емшектаудағы құпия қақпаға келіп енеді. Сондықтан да отырғандар белдеріндегі белдіктерін сырт- сырт бекіте бастады.
БАСҚА АУЫЛДА ТАБЫСҚАНДАР
Бүгін Шолпан ерте оянды. Таң атып қалған екен. Өзі жатқан алты қанат ақ киіз үйдің түндігінен көрініп тұратын жұлдыздар да зым-зия жоғалыпты. Аспан ағарып тұр. Сәл түріліп қойылған кереге туырлықтарының астынан самал жел еседі. Ол қыздың көңіл-күйін сергітіп жіберді. Жерде жүргенде қала жағдайында өзін ұйқы баса беруші еді. Ал мына табиғат ерекше. Анау-мынау ауру адамды оз аяғынан тұрғызып жіберетін түрі бар. Шолпан мұндай таңды бірінші рет атқызып отырған жоқ. Бірақ әрбір күннің титтей де болса өзіндік ерекшелігі бар. Адам бір күні кеңілсіз болса, екінші күні сергек келеді. Оның бәрінің адамның өз тұрмыс- тіршілігіне қызмет ететін ортасына, ауа райының құбылы- сына байланысты болатыны белгілі. Шолпан осы ауылға келгелі өзін көп жағдайда сергек сезінеді. Рас, кей күндері Жердегі туған ауылын, әке-шешесін, іні-аға, сіңлісін сағынып ойға бататыны бар.
Адам баласының күні бойғы тіршілігінің қандай болатыны таңнан білінеді. Мұндай пікірді Шолпан анасынан жиі еститін. Енді мына жағдайда оны әрбір күні еске алуға тура келеді. Шолпан төсектен тұрды да, сықырлауықтан сыртқа шығып, айналаға көз жіберді. Кез тойғысыз көрініс. Осындай тамаша табиғатты Шолпан жас кезінде, өз аулында жиі байқайтын. Есейген соң қалаға кетті, оқу оқыды онан ғарышкерлер құрамына енді. Барлық жерде жағдайластырылған пәтерде тұрды. Онда бәрі дайын. Артық қимыл-қозғалыстың қалсеті жоқ. Анау-мынау үй шаруасын да биороботтар істейді. Тек соларға уақытында тапсырма берсең болғаны. Бірақ бұл ауылдың адамдарына да биоробот, ғарыш кемелері деген нәрсе мүлдем таңсық емес. Олар тіпті, ол кезенді бағзы бір заманда бастарынан өткізген. Олардан әбден мезі болған. Енді бұлар қайбір іс-әрекеттері де табиғаттың өз ерекшелігіне сай жасайтын дәрежеге жеткен. Ал Жердегі әрекет әлі де бұлардың сол бір кезде өткен кезендеріндегідей дәрежеде ғана. Шолпан мұны тағы бір ой елегінен өткізді.
Сонан соң төсегін жинап, ұзын көйлегін, қазаққа тән қамзолын, басына үкілі бөркін киді. Құлағындағы шолпысын ұстап көрді, екі білегіне оюлы білезіктерін, оған шын- жыланған жүзіктерін тақты. Енді нағыз қазақтың бойжеткені болып шыға келді. Бұл Шолпанның бір бүгінгі ісі емес-ті. Әр күнгі таңы осылайша басталады. Бірақ неге екені белгісіз, Шолпанның жас жүрегі бір қуанышты сезгендей болады бүгін. Сергек оянғанның өзі де сондай бір оқиғаға шақырып тұрғандай. “Не болар екен? Бәлкім, мен Емшектау- дағы достарыма оралармын?” деп те бір ойлады жас қыз. Күні кеше ғана той жөнінде әңгіме болғанда Шолпан қара денеден кейін тағы бір шартын айтқан. Ол — Емшектаудағы достарымен жүздестіруі. Сонан соң ауылын осында көшіруі. Абзалға қойған кейінгі екі шарты осы еді. Жүрегінің лүпілі де сол шартының бірінің орындалатынын сездіретіндей.
Шолпан енді киіз үй керегелерінің жанындагы үстел үстінен тағамдар алды. Пісіруді қажет ететіндерін сырттағы ошаққа апарды. Алдын-ала дайындалған шырпыларды тұта- тып, ошақ құбырынан түтін шығарды. Бұл осы үйдегі тіршіліктің басталғанының белгісі. Енді айналаға қараса, Шолпанның тұруын күткендей басқа үйлерден де түтін шыға бастаған. Шолпан бүгінгі танды өзі бастап атқызғанына іштей риза болды. Сонан соң тамағын әзірлеп, дастарханға отырды. Ауыл салты бойынша, бұл жалғыздық үйленгенге дейін созылады. Ал содан соң Абзалмен отау құрады. Абзал да Шолпан осында келгелі бір үйде жалғыз тұрады. Шолпан сияқты тамақты өзі дайындайды, бар тірлігін өзі істейді. Бұл да осы ауылға тән тәрбиенің бір түрі болатын. Бұлай жасау әйел атаулының ар-намысына тимеу, мүмкіндігі болған жерде сүйген жарына қол ұшын беру ниетінен туған дәстүр-ді. Мұндай дәстүр бұл заманда ғана емес, сонау ерте бір заманда да кездескен. Жауға қырғидай тиіп, жайпап салатын батырлардың өздері де үйлерінде тамақ пісіріп, келі түйіп жатады екен. Бұл ауылда сол дәстүр сақталып қалған. Бірақ онан гөрі мәдениетті, саналы.
Шолпан таңғы асын ішіп, ыдыс-аяқты жуып-шайып болған соң Абзал екеуі серуенге шығатын төбеге қарай жүрді. Сол төбеде кездесу екі жастың негізгі жұмысы еді. Жастық жалындары, ыстық махабаттары басылмаған екі жастың осылай кездесіп, мауықтарын басып тұруы занды құбылыс болатын. Ал отау тіккен соң іс-әрекеттері басқаша жалғасады. Бұрынғыдай қол ұстасып, ел мен жер кезбей отбасы, ошақ қасының қамын ойлайтын болады. Мұны Абзал да, Шолпан да сезеді. Оның үстіне Шолпан мүлдем басқа елдің қызы. Жер деп аталатын алыстағы ғаламшардан келген. Бірақ қаны қазақ болған соң бір-бірін бөтенсімейді. Қайта жақын санайды. Шолпан саф ауадан еркін жұтып, бұралып, қылымсып, төбеге қарай жүрді. Бұл кезде онда Абзал өзін манадан күтіп отыр еді. Ол сүйген қызын көргенде орнынан ширақ түрегеп, бері қарай жүрген. Содан екеуі әдеттегідей қол ұстаса берген еді, кенет аспаннан қонып келе жатқан бейтаныс кемені байқады. Бірақ ол Шолпанға таныс еді. Жас қыздың жүрегі дүрсілдеп жөнелді. Осындай бір қуаныш таңнан сезілген-ді. Жүрегі лүпілдеп жөнелді. Абзал да солай қарай бұрылған. Кеме таныс еді. Осыдан біраз уақыт бұрын биороботтар мінген кеме келіп кеткен-ді. Мынаның құрылымы мен түр-түсі де содан аумайды. “Сонда олар қайтып келгені ме?” деген ой туды Абзалға. Бірақ онысын сездірген жоқ. Шолпанның қолынан қыса ұстаған бойы солай қарай жүрді.
Кеме жылдамдығын тежей-тежей жер бетіне жетті. Жұмсақ қонды. Содан біршама уақыт тым-тырыс тұрып қалған. Жігіт пен қыз да сол орындарында. Бір кезде кеменің есігі ашылып, ішінен бір ғарышкер шықты. Ол айналаға көз жіберіп біраз тұрды. Содан соң шлемін шешіп, таза ауаны емін-еркін жұтты. Ауасы тар ортадан келген адам екені бірден білінеді. Көкірегін кере дем алады. Абзал енді шыдап тұра алмады. Қара дене арқылы өтіп келген бұл кеменің сырын тез ашқысы келді. Бұларды бері қарай өткізіп жіберіп тұратын тез ашқысы келді. Бұларды бері қарай өткізіп жіберіп тұратын биороботтар қаласын ойына түсірді. Бірақ ренжіген жоқ. Олардың келгендері қажет те еді. Бұл — Шолпанның екінші шарты болатын.
Абзал Шолпанды жетектей солай қарай жүрді. Сол кезде кемеден тағы үш адам шықты. Бәрі де таныс адамдар. Шолпан қатты толқып кетті. Енді сәлден соң Абзалды өзі тарта жөнелді. Кемеден алға шыққан адам бұларды танымай біраз кідірген еді. Екеуі түсер текпешекке жақындағанда:
— Шолпан! Шолпанды қараңыздар! — деп дауыстап жібергені.
— Алдияр ағай! — деп Шолпан да ол кісіні құшақтай алды.
— Аманбысың, қарағым? — деп Алдияр толқып тұр.
— Өздеріңіз қалайсыздар? — деді Шолпан бота көздеріндегі мөлт-мөлт еткен жасты сүйріктей саусағымен сүртіп, — Емшектаудағылар аман ба?
— Бәрі аман, Шолпан. Біз сізді қанша іздедік. Ал, енді мына ағаңмен амандас.
— Қажыбек! — деп Шолпан туған ағасының мойнына асыла кетті!
— Шолпан! Аманбысың? Сені де көретін күн бар екен- ау! Мұнда неғып жүрсің?
— Жағдай осылай болды, — деді Шолпан Абзалға қарап,
— тағдыр мені осында әкелді. Ауыл аман ба? Әкем мен шешемнің жағдайлары қалай? Арғынғазы мен Айымгүлдің ше?
— Бәрі де аман-есен, Шолпан! Өз денсаулығың қалай?
— Жақсы.
Шолпан көзіне тағы жас алып, тығылып біраз кідіріп қалды. Айналадағылар да толқу үстінде. Мынандай ғажайып бір ортада кездескендері бәріне де ертегі оқиға сияқты сезілетіндей. Қажыбек қарындасының шашынан сипап, көз жасын саусақтарымен сүртіп қояды. Ағасы жоқта өзін бой-жеткен сезінетін Шолпан да енді кішірейіп тұр. Аға мен қарындас деген осы екен. Қасында тұрғандардың бірі де ол екеуі сағыныштарын басқанша үндеген жоқ. Шолпан ара- тұра ауылды, ондағы жаңалықтарды, туыстарын сұрап қояды. Қажыбек бөрін айтып жатыр. Өзінің қалай келгенін де түсіндіруде.
Осыдан соң барып әңгімеге Абзал араласты. Ол Шолпанды осында алып кеткені үшін Қажыбектен кешірім өтінді. Содан кейін оның себептерін түсіндірді. Шолпан да өзінің Абзалды қалайтынын осы жерде ашып айтты. Қажыбек жарасып тұрған екі жасқа жылы жүзбен қарап, ақ тілегін де білдірді. Содан кейінгі сөзді Алдияр алды.
— Көп қиындықтың бір қуанышы бар деген, міне біз табысатын күн де туды, — деп бастады ол сезін салмақпен, ұзақ іздедік, көп уәйімдедік. Енді міне, бәрі де секундтың бөлшегіндей уақытты өте шыққандай. Бәрі де қалпына келгендей. Тек біз қай ортада тұрмыз. Соны әлі ажырата алған жоқпыз. Бұл Шолпан ғаламдары ма, әлде басқа бір әлем бе?
— Сол Шолпанның өзі, — деді оған Абзал, — тек уақыт пен кеңістіктің басқа бір қиылысындамыз.
— Бұған бізді жеткізген ана қара дене ме?
— Сол.
— Өзіміз де солай ойлап едік.
— Сіздер мұнда қандай мақсатпен келдіңіздер?
— Біздің мақсатымыз үшеу. Біріншісі мына Шолпан қызымызды табу. Екіншісі — қара дененің құпиясын ашу. Үшіншісі — сіздермен тіл табысу.
— Жақсы екен. Мен сіздердің бұл ниеттеріңізге қосыламын. Енді үйге жүріңіздер. Мейман болыңыздар. Дәм татыңыздар.
— Дәмнен үлкен емеспіз, — деді Алдияр, — қазақ атамыз дәмнен бас тартқан емес. Оның үстіне мына тамаша жайлау, ақ жұмыртқадай жыпырлаған ақ киіз үйлер көңілді қалай көтермесін. Ауасын айтсайшы.
— Бәрі де сіздер үшін, — деді Абзал тес қалтасынан кішкене түймедей бірдемесін алып, сол киіз үйлерге қаратып, — қазақтың қонақжайлылығы ешқашан қалған емес. Біз жұлдызды әлемнің қандай қиырында болмайық, салтымыз бен дәстүрімізді ұмытуға тиісті емеспіз. Бұл менің ауылым болады. Әкем ел басшысы. Анам қарапайым үй иесі. Аға-қарындастарым да бар. Таныс болыңыздар.
— Рақмет, — деді оған Алдияр, — танысқанға не жетсін. Шолпан қызымыз арқылы әулетті болайық. Бұрынғы бір кезде бір ғана Жер ғаламшарының екі ауылының жігіті мен қызы үйленгенде аралас-құралас болса, енді жұлдызды әлемдегі екі ғаламдардың қазақтары бір-бірімізбен туыс болуға қол создық. Бұл да үлкен бақыт біздер үшін Қасымдағыларды таныстыра кетейін: мынау Ғалиакпар, қасыңызда тұрған Таймас. Бәрі де менің көмекшілерім. Ер жүрек жігіттер. Біз мұнда аттанғандда тап ос\344ай таза ауаға, ғажайып ауылға тап боламыз деп мүлдем ойламаған едік. Енді дон риза болып тұрмыз. Әдетте, жұлдызды әлемдегі мәдени даму жайлы сөз қозғалғанда олардың аса дамыған, ғажайып қалалар салған, техниканың небір күрделісін игерген адамдарды көз алдымызға әкелетінбіз. Бұл жолғы ойымыз да сондай еді. Қалаға қонамыз ба деп келе жатып күтпеген жерден жайлауға табан тіредік. Өзіңіздей инабатты жас жігітпен жүздесіп, тілдестік. Осының өзі біз үшін үлкен мәртебе.
— Түсінгендеріңізге көп рақмет! — деді Абзал да сол қолымен ақ киіз үйлер бар жақты мәдениетті түрде нұсқап,
— енді жүріңіздер.
Топ солай қарай жүрді. Жазық жерде тұмсығы аспанға қарап келген кемелері қалды. Оған ешкім қарап жатқан жоқ. Емшектаудан келгендердің есіл-дерттері қазақ аулында. Қажыбек қарындасының арқасынан анда-санда қағып қояды. Абзал енді сыпайылық сақтап, Шолпаннан сәл алыс жүріп келеді. Көбіне әңгімелесіп келе жатқан Қажыбек пен Шолпан. Алдияр Абзалдың қасында. Кеме қонған тегіс пен ауылдың арасы көп жер емес еді. Бір кезде алдарынан бір топ аттылар шықты. Аттан гөрі тұлпарларға ұқсайтын арғымақтардың үстеріне бір-бір кілем жабылған. Оларды атқа мінген алты жігіт жетектей шауып келеді. Бұларға жақындаған кезде жігіттер аттарынан қарғып-қарғып түсіп, қамшылары бар оң қолдарын жүректер тұсына ұстап, сәл иіліп, бастарын қайта көтерді де, қос қолдарын ала Алдиярмен амандас- ты. Сонан соң басқа жігіттермен. Мұндай құрметті күтпеген Ғалиакпар, Таймас, Қажыбек сәл кідіріп барып жігіттерге қолдарын созды.
Амандықтан соң қарсы алған жігіттер бұлардың жандарына әкелген кілем жабылған арғымақтарға мінулерін әтінді. Қолдарына бір-бір ернекті қамшы ұстатты. Әкелінген аттардың бәрі де сақадай сай, жер тарпынған асаулар екен. Бірақ бұлар мінген кезде әз иесін танығандай сылт етпеді. Осыдан соң аттарды әкелген жігіттер ауылға қарай дүркіретіп шаба жөнелді. Абзал Алдиярмен қатарласа жүрді. Онан кейін Қажыбек пен Шолпан, оның соңында Ғалиакпар мен Тайма келеді. Ауылға жақындағанда иттер үре бастады. Абыр-сабыр тіршіліктің нышаны білінді. Бұлар қаз-қатар тізіле тігілген ақ үйлердің ортасымен біраз жерге енген кезде қарсы алдарынан ірі денелі, ақ сақалды, жас шамасы жүз елуден асқан бір кісі шықты. Жанында екі адамы бар. Сол замат Алдияр да аттан түсіп, тізгінді Абзалға ұстата берді. Ақсақал ежелгі бір туысын тапқандай бере құшағын айқара ашты. Қыз жағынан қуып келген, үлкен кісі сол болғандықтан шығар. Бір сәт үнсіз тұрып барып, тілге келді.
— Қош келдіңіздер! Жер ғаламшары тұрғындары сіздердің алдарыңызда шамалы кінәмыздың барын мойындаймыз. Кешірерсіздер! Басымыз жақсылыққа қарай бассын.
— Жақсылық болсын!
— Достық болсын! - десті ақсақалдың жанындағы екі кісі
_ Айтқаныңыз келсін, ата! - деді Алдияр оң қолын жүрегі тұсына апарып, басын иіп.
— Ал, жоғары шығыңыздар, — деді енді ақсақал әлі ақ үйге жақындамаса да қазақтың ежелгі салтын ұстап.
— Рақмет!
Алдияр ақсақалмен бірге жүрді. Қалғандар соңынан келеді. Ақ үй қашық емес еді. Сәл жүрген соң оңға бұрылып ақ үйге енді. Оның іші ерекше жасақталған еді. Төрде кілем, еденде киіз. Айнала тұтылған түскиіздер де әсем. Ортада дастархан жайылған. Қазаққа тән барлық құрал- жабдықтар да көздің жауын алады. Мұнда ешқандай да мә- дени даму байқалмайды. Бері де керісінше, өткен замандағыдай. Алдияр енді бір кезде езінің болашақтың адамдарымен кездесіп тұрғанына да сенбеді. Жаңа сыртта келе жат- қанда қазір ғажайып бір үйге кіремін деп ойлаған. Ғажайып дегендегісі техникалық жетістіктер еді. Бірақ енді қараса, техника деген бұларды әбден мезі еткенге ұқсайды. техниканы ауыздарына да алғылары келмейді.
Ақсақалдардың мәдениетті түрде нұсқауымен келгендер төрден орын алды. Әлі де айнала керегелерге жиі қарап отыр Алдияр: Ілулі тұрған домбыра, қамшы, торсық, ат әбзелдері көз тартады. Бәрі де қазақтың қарапайым да тамаша өмірін сипаттап тұр. Осының алдында ғана “Бұлар қанша дегенмен де бізден әлдеқайда ілгері дамып кеткен адамдар. Үйлеріне кірген кезде бір оғаштық танытып алып жүрмесін деп өзінше бір сезіктенген Алдияр енді кеңілі орнығып қайта өзі жоғары мәдени дамудың адамындай болып қалған. Мына айналадағы қарапайым заттар ақсақал әулетінің аса бай емес екендігін де көрсеткендей. Қалай болғанда да кеткен қыз қайтып ауылына бармайды. Енді тек екі жақ ынтымақты болып, аралас-кұралас өмір сүруі тиіс. Бірақ қалай сүрмек? Бірі түсініксіз бір әлемде де, екіншісі тозығы жетіп қалған Жер ғаламдарында. Алдияр сол жағын көбірек ойлады.
Сәл кідірістен соң жеңіл қозғалып жүрген келіншектер ішке бір самауыр шай алып кірді. Бұл отырғандардың көңілін біршама көтеріп тастады. Шай деген нәрсе қашаннан келе жатқан сусын. Оған үйреніп алған адам аңсайды да тұрады. Бірақ отырғандар мына үйден ондай нәрсе шығады деп тағы ойламаған еді. “Бәлкім, бұлар жер тұрғындарының немен тамақтанатынын алдын ала зерттеп алған шығар деп бір ойлады Алдияр. Бірақ бұл пікірін де ішіне жасырып қалды. Сөзді ақсақалдан күтті. Ол бір бір кесе шай таратылып берілген соң, дәмнен алған соң барып жайымен сөзін бастады.
Осы кезге дейін өзімізге ұқсайтын, тілі бір, діні бір, мәдениеті мен қонақжайлылығы бір, қаны бір ұлтты кездестіре алмай жүруші едік, — деп сөйледі ол шайынан бір ұрттап алып, — әлемде не болмайды. Жұлдызды әлем кең ғой, кең. Біз шарламаған жұлдызды жүйе бар ма. Бір жұлдыздан екінші жұлдызға жетіп бару біз үшін ештеме де емес. Біз мәдени дамудың шегіне жеттік. Бірақ шың басына шығып алған адам қалай түсерін білмей тұрып қалса, біздің де жағдайымыз соған ұқсас еді. Енді міне, ойламаған жерден Шолпан есімді қазақтың инабатты, жан-дүниесі таза, сезімі пәк қызын кездестірдік. Сол үшін де біз осы Шолпанда ұзақ отырып қалдық. Келгендеріңізге қуаныштымыз. Осындай бір жүздесуді өзіміз де қалап жүр едік. Әрине, Шолпанды ұрлап алып, жібермей жүргеніміз үітгін кешірім сұраймыз. Екі жас бір-бірін қаласа, не шара. Оны өздеріңіз де түсініп отырсыздар. Тек менің ыңғайсыз көретінім, қазақтың ежелгі құдаласу, қыз ұзату дәстүрін шамалы бұзып алдық. Оған себеп — біз Жер ғаламшарындағы Шолпанның ауылын біраз зерттеген едік. Онан сол құдаласуды да, қыз ұзатуды да кездестіре алмадық. Сіздер әлі де болса, өз салт- дәстүрімізге толық орала қоймайсыздар. Бірақ, мұнан кінә тағып отыр екен деп қалмаңыздар. Ондай ойдан аулақпыз. Жер ғаламшарындағы адамдардың бір-бірімен араласып- құраласып жатқанын да жақсы білеміз. Сол тұрғыдан келгенде...
Дастарқан басындағылар шамалы уақытқа үнсіз қалды. Бәр де ішінен “Сөзді кім жалғастырады” дегендей отыр. Алдияр жасынан ауылда өскендіктен қазатың салт-дәстүрін жақсы біледі. Басқалар да хабарсыз емес. Бірақ көбі ғарыш кемесіне отырғаннан кейн ол дәстүрді аздап болса да естен шығара бастаған. Оған кінәлі орта мен дамудың жоғары дәрежесі еді. Дегенмен, Алдияр да бұлардан кем түсіп тұрған жоқ.
— Әрине, ғарыш техникасы кезеңінен өте қоймағанымызды мойындаймыз. Бірақ қазақтың салт-дәстүрін ұмыта қойған жоқпыз. Егер санамыздан ондай ұғым жоғалған бол- са, мына Шолпан қызымыз мұнда бір сәт те тұрмас еді. Ал дәл сіздер сияқты өткен заман өміріне көшу қиынға түсіп тұр. Ол үшін жер ғаламшарындағы күллі қаланы тарату ке- рек. Ал абыр-сабыр әрі жеңіл өмірге үйреніп қалған қала тұрғындары мұндай өмірге оңайлықпен бара қоймайды. Оны да түсінерсіздер. Біз сіздердің не себепті мұндай өмірді таңдағандарыңызға қайран болып отырмыз. Дамыған адамдар емес пе едіңіздер?
— Оныңыз рас, — деді ақсақал отырғандарды өткір кездерімен бір шолып етіп, — адам ез қателігін кештеу түсінеді. Ал сіздер сәл түсіну дәрежесіне жете қоймапсыздар. Бірақ осы кездесуден кейін ойланарсыздар деген де үміттемін. Жарайды, өткенді қозғап қайтеміз. Тікелей ісімізге келейік. Мына бала менің кенжем болады. Он бес перзентім бар. Мұның қылығы олардан бір бөлек. Қабілеті де ерекше. Осы ұлыма бір лайықты қыз іздесем бе деген ойымда бар еді. Оны өзі тапты. Жүрек қалауы солай болса, не шара. Араларын бөліп қайтемін. Мұны сіздер де түсінерсіздер. Біз Шолпанды алақанымызда күтеміз. Қолымыздан келгеннің бәрін жасаймыз. Айтқан етініштеріңіздің бәрін де орындауға әзірміз.
Ақсақал осыны айтып болғанда шай ішілген кеселер жиылып, табақ-табақ ет экелінді. Жаңа сойылған малдьщ еті екені білініп түр. Ғарыш кемесіндегі мұздатқышқа салынған, дәмі әлсіреген бөп-боз етке үйренген Алдияр табақтағыларға бір қарап қойды. Ол тіпті қазаққа тән қонақ күту рәсімін де ұмыта бастапты. Оғаштық танытып алмайын дегендей айналасындағыларына қарап та қояды. Бұл жолы ет жайғастыруды Алдияр Қажыбекке тапсырды. Келіп отырғандардың ішіндегі Шолпанның ең жақын туысы да сол. Бірақ басты үлкен ретінде сол Алдиярдың алдына қойды. Егер мұнда басқа бір рәсімді ұлт кездескенде, мұнан да бетер ыңғайсызданар ма еді. Бақыттарына қарай езінің қазағы бо- лып шықты. Тамақ алудың рәсімін үйретіп жатудың қажеті жоқ. Ақсақал өзі бастап, ақ батасын беріп, дәмнен алуды ұсынды.
Онан кейін өңғіме қайта жалғасты. Енді шамалы уақыттан соң Шолпан осы ауылдың келіні болмақ. Абзал екеуі отау құрмақ. Ал қазірі әңгіме сол жаңалықтың алдындағы кездесу еді. Қажыбек қарындасынан келісім беретін- бермейтінін сұрады. Қыз қалапты. Бірақ оның онан әрі не ойлайтынын ағасы түсінген жоқ. Өзі келіскен соң не істесін. Қыз келген ауылмен танысып, мейман болып, қайтадан аттануға дайындалды. Бірақ ауыл адамдары осы ортаға келетін, кететін жолды ашып айтпады. Ол әзірше жұмбақ еді. Ақса- қал келгендерді кемеге дейін шығарып салды. Жуық арада Жердегі Шолпанның ауылына барып, әке-шешесінің келісімін алып қайтатынын айтты. Қажыбекті иландырған нәрсе де сол уәде еді. Біраздан соң кеме қабырғасы діріл қақты. Шығарып салушылар қолдарын бұлғап, қала берді. Кеме жерден көтеріле жөнелді. Ол әп-сәтте қажетті жылдамдыққа жетті. Бәрі де түс көргендей болды. Ауылдағы ақ үйлер ақ жұмыртқадай ғана болып жыпырлап жатты. Қара денеге таяғанда тағы да сақтану даярлығына көшті.
Достарыңызбен бөлісу: |