БАҒдарламасы бойынша шығарылды шолпанға көшкен ауыл Жетінші роман



бет10/17
Дата31.01.2018
өлшемі3,73 Mb.
#37192
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17

ТҰТҚЫНҒА ТҮСКЕН КЕМЕ

Қара денеге мейлінше жақындағанда үш биоробот мінген кемедегі барлық жүйелер істен шыққан еді. Ол ол ма, кеме ішіндегі жарық азая берді. Әдетте, биороботтардың ұғымын- ша жарық бергіш генераторлар істен шыққанда осындай құбылыс болатын. Ал жаңағы көрініс мүлдем басқаша еді. Егер өздерінің орнында табиғат жаратқан адамның өзі болса, оны басқаша бағалар еді. Басқаша сезініп түсінбек. Ал биороботтар үшін бір-ақ нәрсе айқын, ол пешенеленген тапсырманы бұлжытпай орындау. Бас биоробот кемедегі қолайсыздыққа, байланыстың мүлдем үзілгеніне қарамастан оны тұп-тура қара денеге бұрды. Қара дене ол кезде сәл кейінгідей болған. Биороботтардың алжасқан тұстары да осы-тын. Кенет қара дененің бір шетінен қабақ ашылды. Оның ішкі жағынан адамдікінен аумайтын көз көрінді. Бірақ ол көз кәретін емес, көргенін өзіне жұтып алатын күрделі жүйе еді. Биороботтар оған назар аударған жоқ, барды тіркеуге, сурет пен киноға түсіруге әрекеттенген. Адам болса, онан бұрын амандығын ойлар ма еді, биороботтар өзіндік шешімге келуге қабілетсіз болғандықтан тек тапсырманы орындауға бет алды. Қара дене қабығының ішіндегі көз біршама уақыт көрініп тұрды. Бас биоробот сол замат қасындағыларына:

— Кемені тежеңдер! Тез тежеңдер! — деп дауыстады.

— Тежеу жүйесі қосылды! — деді артынша көмекші робот.

— Қосымша тежелу жүйесі қосылсын! — деді бас робот кеменің баяуламағанын сезіп.

Қосымша тежелу жүйесі қосылды! — деп үшінші робот мәлімет берді.

Бірақ кеменің ұшу жылдамдығы азаймады. Қайта секунд өткен сайын арта берген. Бас биоробот бір қатерге тап болғанын енді сезді. Тұла бойындағы күрделі жүйелердің әрі де қатты жұмыс істеп жөнелді. Енді оған тыныш отыру мүмкін емес еді. Сондықтан кеме ішінде өмір үшін болмаса да, өз денелеріндегі жүйелердің жұмысын сақтап қалуға әрекет жасады. Кеме өз жайына қалды. Биороботтар өздерінің денелеріндегі энергияның да күрт азайғанын сезді. Бірте- бірте әлдері құрып, бірінен кейін бірі еденге тарс-тарс құлап түсіп жатты.

Бір кезде айналаны күрт қараңғылық басты. Кеме ішін адам төзгісіз суық жайлады. Күрделі жүйелердің суыққа төзімсіздері шарт-шарт сынып кетті. Әп-сәтте кемедегі тіршілік тоқтап үлгерді. Ештеме болмағандай. Кеменің сырты да бұл кезде қалың мұз бен тоңға айналған. Енді оны сыртынан көрген адам кеме емес, кесек ұшып келе жатыр деп ойлар еді. Бірақ кім көрсін, бұл маңайда адам шыдап тұра алар ма еді. Тұрған күнде жарықсыз құбылысты қайдан көрсін. Сондай бір жағдайда кесекке айналған кеме әлгі көзге қарай құлап бара жатты.

Арада қанша минут еткені белгісіз, биороботтар өздерінің дархан далада жатқандарын білді. Ішкі жүйелері қалпына келіпті. Өздері сергек. Қара денеге қарай ұшқан кемелері де аман. Бірақ ол анадай жерде, тегісте тұр. Биороботтар ештемені түсіне алмады. Пешенелеріне мұндай тапсырма жазылмаған-ды. Мақсаттары құпия қара денені суретке, киноға түсіріп Шолпанға қайта оралу-тын. Ал мына көрініс өздеріне бейтаныс. Кең дала, таулар, өзен ағып жатыр. Сол өзеннің жағасына қаз-қатар ақ жұмыртқадай болып қалың киіз үйлі ауыл орныққан. Биороботтарға бейтаныс көрініс. Көздерін ашқаннан ызың мен шуға үйренген оларға мына тыныштық та біртүрлі әсер етті. Үшеуі айдалада одырайып- одырайып тұрып қалған. Ауыл тыныш жатыр. Беткейлерде қой жайылып жатыр. Өзен жағасында жылқылар шыбындап тұр. Ұшып-қонып жатқан торғайлар да көрінеді. Бас биоробот оларды өткір көзімен жіті бақылап шықты. Иығындағы үнемі бірге болатын фотокинокамерасын алып, әлгі көріністі сыр еткізіп түсіріп алды. Жанындағы екеу де соны қайталады. Содан соң үшеуі өздерін күтіп тұрған кемелеріне қарай аяңдады. Ол да ештеме болмағандай қозғалмайды, я дыбысы шықпайды. Бәрі де сәл бір құпия қара денеге қарай аттанардағыдай. Егер биороботтардың орнында осы жерде де саналы адам болса, біраз нәрсені аңғарар ма еді, қанша дегенмен темір болған соң пешенесінде жазылғанды ғана “ойлай” алады. Сол бойынша әрекет етеді. Бірақ, биороботтардың бұл ұрпақтары адамның өзіне мейлінше жақын-ды. Өзге ғаламшардың тұрғындары бұларды адамның өзі ме деп қалады. Қалай дегенде де қазіргі жұмбақ жағдайды білуге биороботтардың ақылы жеткен жоқ. Сондықтан да үшеуі жайымен келіп кемелеріне отырды. Оның ішкі жүйесі де сол қалпында жұмыс істеп тұр. Пәлендей өзгеріс жоқ. Тетікті басса болды, от қосылып, діріл қағып, ғарышқа қарай қалықтап жөнелмек. Бірақ биороботтар ондай әрекет жасамады. Өздерін бейтаныс көріністі қызықтамаққа бел байлады. Кемеден қайта түсіп, ауылға қарай бет қойды. Ондағы тіршілік әдеттегіше жүріп жатқан-ды. Өздеріне ешкім ес аудармады. Қой маңырап, сиыр мөңіреп, жылқы кісінеп жатты. Иттердің үргендері де ап-анық естіледі. Ауыл адамдары өздерінің күнделікті ісімен айналысуда. Әне бір шеткі киіз үйден шыққан ақсақал тың қорғалып, мал қорасын тазалауға кірісті. Оның бәйбішесі де самауырға от қойып, сиыр сауып, тыным таппайды. Енді бір кезде сол үйден жас бала да, қыз да шықты. Олар айнала табиғатты қызықтағандай біраз ойнап алды. Сонан соң үлкен кісілерге көмек көрсетуге көшті. Үл әкесіне барды, қыз сауылған сүтті асханаға қарай әкетті. Осыған ұқсас тіршілік басқа үйлерде де болып жатты.

Биороботтар состиып-состиып қарап тұр. Барлық көрініс ап-анық болса да, қол ұшы жетпейді. Бәрі де қандай да бір сиқырлы шынының арғы жағында болып жатыр. Бас биоробот мұны сұқ саусағын созып, толқын жіберу арқылы білді. Егер саналы адам болса, әлгілерге қарай жүгіріп, шыныға соқтығысар еді. Күрделі жүйенің аты күрделі жүйе. Үшеуі біраз жерге дейін жақындады да, қайтадан кері бұрылды. Сол кезде екеуі екі үйден шығып, әсем табиғат ортасында кездескен жігіт пен қызды көрді. Қыз биороботтардың пешенелерінде жазулы еді. Бас биоробот оң алақанымен маңдайын сипап өтті. Соның артынша оның екі көзінен шыққан проекциялық көрініс мандайы тұсындағы шағын қалқа- экранға түсті. Кәдімгі кино сияқты өтіп жатыр. Шолпан қыздың Жерден қалай ұшып келгені, Емшектаудағы планетарий қаласына орналасқаны, геологтармен бірге Шолпан- ның қаңсыған қызғылт-сары табиғатынан су іздегені қысқа-қысқа керініс беріп өтті. Биоробот мән-жайды біршама түсінді. Қалқа-экранды сәл көтеріп қойды. Проекциялық көрініс те кілт тыйылды.

Ендігі мақсат әлгі жігіт пен қызды жақыннан көру еді. Кенет ол екеуінің өздерінің кемелеріне жақындап барғанын байқады. Үшеуі де кілт тұра қалды. Бастарындағы ми қызметін атқаратын күрделі жүйелерден “Кімдер екенін анықтау керек” деген қысқа мәлімет түсті. Бас биоробот елең етті. Қасындағыларына бұрылды да:

— Бұлар кімдер? Қайдан? Анықтауымыз керек! — деп өзі ілгері басты.

— Анықтау керек!

— Анықтау керек!

деп, қалған екеуі соңынан ерді. Енді жаңағыдай бейтаныс табиғатты тамашалап тұрудың реті жоқ-ты. Жігіт пен қыз кездейсоқ өздерінің кемесін мініп, жұлдызды әлемге тартып кетсе, не болмақ. Биороботтардың ой-өрісі оған жақсы жетті. Айнала төңіректеріне қарайлай-қарайлай кемеге жақындады. Бастарынан қоңыздардың мұрттарындай болып шығып тұрған антенналарын қозғалтып қойды. Ол арқылы кеме ішіндегі күрделі жүйелермен байланыс ұсталатын. Ал аса қажет болған жағдайда мандайларындағы қалқа-экраннан онда не болып жатқанын да біле алады. Көріп тұрады. Бұл жүйе осындай жағдай үшін жасалған. Енді сол жүйелердің сын сағатынан өтетін кезі де келді. Бас биоробот өзі бастап мандайындағы қалқа-экранды іске қосты. Соның артынша бейтаныс жігіт пен таныс Шолпанның кеме ішіндегі іс- әрекеттері мен сөйлескендері көрініп-естілді.

— Бұл өзі біздің кемеден аумайды екен, — деді сол кезде Шолпан, — мұндай кемелер әдетте барлау үшін қолданылады.

— Өзі де сол үшін келіп тұрған жоқ па? — деп жымиды жігіт.

— Қайдан? — деді Шолпан жігітке бұрылып.

— Сіздің елден, — деді жігіт.

— Қайдағы елден? Жерден бе?

— Жоқ. Шолпандағы еліңізден.

— Емшектаудан ба?

— Солай шығар.

— Бұлар мұнда қайдан жүр? Ұшқыштары қайда?

— Осы манда болуы керек, — деді жігіт.

— Абзал, — деді енді Шолпан, — мен олармен кездесе аламын ба?

— Неге кездеспейсіз?

— Ендеше, табайықшы, оларды. Достарымды сағындым. Олардан мен туған ауылым жайлы сұрауым керек. — Жарайды. Іздейік. Табайық.

Екеуі кеменің ішін аралай бастады. Ол аса үлкен емес еді. Үш ғарышкерге лайықталып жасалған. Басқару пульті, демалыс бөлмесі, асхана, қатер туған жағдайда жасырынатын камера бар. Шолпан ол жүйелердің бәрін жақсы біледі. Сондықтан да бұл жолы ол Абзалды ертіп жүрді. Бірақ кеме ішін қанша шарласа да, тірі жан баласы кезікпеді. Шолпан күдер үзе бастады. Ұшқыштарын бірдемеге ұшыраған деп есептеді. Сөйтіп, көңілі құлазып, Абзалмен бірге сыртқа да шыққан еді. Кенет анадай жерде екеуіне қарап тұрған үш адамды көрді. Шолпан қатты қуанғанынан өзін-өзі әзер ұстады. Абзалдың қолынан жетектей жүгіріп үнсіз тұрғандарға жетті. Бірақ тағы да қуанышы су сепкендей басылды. Өзінің сапарластарының біріне де ұқсамайды. Шолпан өзінше “Биороботтар” деп күбірледі. Жанындағы Абзал бұл сөзді еміс- еміс естіді. Түсініңкіремей барып:

— Шолпан, жаңа не деп күбірледіңіз? Биороботтар дедіңіз бе? — деді қолын сәл кейін тартып.

— Бұлар біздің сенімді барлаушыларымыз.

— Сізді тани ма?

— Тануы тиіс.

Шолпан үшеуге жақындай берді. Биороботтар сол тұрған орындарынан қозғалмады. Абзал аң-таң. Биороботтардың өз елінде бір заманда болғанын біледі. Ал онан кейін естіген де, көрген де емес-ті. Сондықтан да Абзал үшін бұл үлкен жаңалық еді. Ал Шолпанға олар туысындай көрініп кеткен. Шолпан биороботтарға бірнеше қадам жақындаған соң:

— Сіздер қайдан келдіңіздер? — деп сұрақ қойды.

Биороботтар жауап қайтармады. Ештеме естімеғен адамдай маңқиып тұра берді. Шолпан тағы да тіл қатты. Сол кезде барып биороботтарға сөзі жетті. Өйткені, Абзал екі арадағы шыны кедергіні шамалы уақытқа ашқан еді. Бірақ Шолпанды оларға қарай одан әрі жақындатқан жоқ. Жақындатса, басқа кеңістік пен уақыттың қиылысына өтіп кететіндей қорықты. Шыны кедергіні ашқаны, Шолпанның кішкене тілдесіп, мауқын бассын дегені еді. Шолпан биороботтарға сұрақ қоя бастады.

— Сіздер мұнда қайдан жүрсіздер?

— Біз барлауға келдік, — деді бас биоробот.

— Нені барлауға?

— Қара денені. Біз оны жақсылап кинофотоға — Түсінсем бұйырмасын. Қайдағы қара денені айтып тұр?

— Қара дене, — деді бас биоробот, — Шолпан ғаламшарының маңындағы...

— Шолпан Абзалға қарады. Ол үш биороботқа қадалып тұр. Екі арада бір сәтке үнсіздік орнады. Абзал мән-жайды бірден түсінді. Бірақ Шолпанға білдірмеді.

— Сөйлесе беріңіз, — деді Шолпанға бұрылып.

— Ештемені түсініп тұрған жоқпын, — деді қыз толқып, — бұлар мұнда қайдан жүр?

— Біз Емшектаудан ұшып шыққанбыз, — деді бас биоробот.

— Мен де сонанмын ғой.

— Білеміз.

— Достарымның хал-жағдайлары қалай?

— Жақсы.

— Қашан оралар екенмін оларға...

Шолпан Абзалға қарап қойды. Ол үндемеді. Қимайтындығын жасыра алмай тұр. Шолпан да оны іштей түсінеді. Бұлардың дүниені ғаламат жолмен басқара алатынын да біледі. Әрі бұлар табиғатқа ешбір залал келтірген емес. Бар мәселе сонда еді. Биороботтар ештемені түсініп тұрған жоқ. Олар пешенеленген тапсырмаларын орындаса болғаны. Соларына мәз. Шолпан бас биороботты да, қалған екеуін де әуелден біледі. Алғаш Шолпан ғаламшарына келген кезде аулада осылармен бірге қыдыратын. Бүгінгі биороботтар бағзы бір за- мандағы емес, адам санасына жақын жетілген, анау-мынау нәрсені, тіпті астарлы сөздерді түсіне алатын биороботтар. Дене құрылысы жағынан да адамға жақын. Өзге ғаламшар- дың тұрғынының кәдімгі адамнан ажырата алмай қалатыны да сонан.

Бірақ биоробот Абзалға таңсық емес-ті. Ол ғаламшар бетіндегі өткен өмірлерді жарықты қайтарумен талай көрген. Ол білмейтін тіршіліктің түрі бар ма. Осы Жұлдыз жүйедегі тіршілікке қолайлы деген сан-мың ғаламшарды жатқа біледі. Шолпанның оған тәнті болып жүргенінің өзі де сол-тын. Абзалмен бірге болған әрбір минут, сағат, тәулік ұшан-теңіз білім еді. Бірақ қыздың аты қыз. Өзінің достарын, туған ауылын аңсайды. Ондай кезде мынандай көріністердің өзі де қызықтырмай кетеді. Ал қазір өзі бірге талай аулада серуендеген биороботтармен кездескендіктен онан сайын толқып кетті.

— Емшектауға қашан ораласыздар? — деді бір кезде Шолпан биороботтардың басшысына бұрылып.

— Біз қай сәтте де аттануға даярмыз. Бірақ білмейміз. Қалай қарай ұшарымызды.

— Мұнда қалай келдіңіздер?

— Беймәлім қара денеге қарай аттанғанбыз. Мақсатымыз да сол зерттеу еді. Оған жақындаған сәтте байланыс үзілді. Өзіміз де бір сәтке істен шыққан сияқтымыз. Енді бір кезде қарасақ, осы әлемде тұрмыз. Бар білетініміз осы.

Шолпан әуелдегі сұрағын қайталап сұрағанына ыңғайсызданса да білгісі келгенін жасыра алмады. Мән-жайды іштей түсінді. Өзінің де бұл әлемге келуі соған ұқсас-тын. Бірақ ешқандай да қара денені байқамаған. Әуелі өзі бейтаныс кемеге қарай жүгірді. Соған мінді. Мына тұрған Абзалға жолықты. Содан бері осында. Ал Емшектаудың, ондағы достарын көрмегелі қашан. Сағынатындай мезгіл жеткен де сияқты. Шолпан енді Абзалға бұрылды.

Биороботтарды Емшектауға қайтару керек, — деді ол бота көзін оған қадай, — мынандай табиғаты тамаша ортада бұлардың жүруі ешқандай үйлеспейді. Бұлар басқа мәдени дамудың түлектері. Сондықтан келген жерлеріне қайта оралсын, мен жайлы мәлімет айтсын.

— Мен оған қарсы емеспін, — деп жымиды Абзал, — қайта берсін. Айта берсін.

— Қалай қайтпақ?

Кемеге отырсын, — деді Абзал аспанға бір қарап алып.

Кемеге отырыңыздар, — деп Шолпан бас биороботқа қарады.

— Түсінікті.

Үш биоробот кемеге қарай жүрді. Абзал мен Шолпан олардың тарп-тарп жүрістеріне қарап тұр. Олар бұрылмады. Кемеге жақындаған соң оның сатысымен жоғары көтерілді. Сол кезде барып бері бұрылды да, үшеуі бірдей оң қолдарын бұлғады. Шолпан:

— Мен де көп кешікпей ораламын. Достарыма сәлем айтыңыздар. Жолдарыңыз болсын! — деп қол бұлғады.

Биороботтар бастарын изеді де, кемеге еніп кетті. Артынша кеме жайымен жылжи берді. Сәлден соң сатысын ішке тартып алды. Бірте-бірте қалықтап аспанға қарай көтеріліп барады. Шолпан көзіне жас алды, Ол биороботтарды қимағанынан емес еді, Емшектаудағы достарын сағынғаннан болатын. Абзал да онысын іштей түсінді. Бірақ ол Шолпандай пәк қызды бұл өмірден ешқашан да кездестірмеген-ді. Сол үшін де қыздың ешбір өтінішін орындаусыз қалдырған емес. Тек жанында жүрсе болғаны.

Тұтқынға түскен кеме бірте-бірте алыстап, көз ұшында қара даттай болып кетті. Шолпан көз шарасынан мөлт-мөлт етіп, асып төгіліп жатқан ыстық көз жасын нәзік саусақта- рымен сүртіп-сүртіп қойды. Абзал оның мандайынан, шашынан сипайды. Кеме мүлдем көрінбей кеткен кезде барып Шолпан көз жасын тыйды. Енді оның бота көздері сол жас- тан суланып, Күн сәулесіне жылт-жылт етіп тұрды. Абзал қыздың ыстық алақанынан ұстап алған. Ішінен биороботтардың Емшектаудағы Шолпанның достарына бар мәліметті жеткізетінін, онан кейін іздеу ісінің алғашқыдан да күшейе түсетінін ойлап тұрды. Содан бір кезде Абзал қолындағы кішкене құралын аспанға қаратып жарқ еткізді. Шолпан онан сескеніп көзін жұмып қалған-ды. Кейіннен аспанға қарағанда ол ештеме болмағандай тап-таза күйінде қалған еді. Биороботтардың уақыт пен кеңістіктің басқа қиылысына өтіп кеткені белгілі болды. Ал Абзалдың әлгі құралын не үшін жалт еткізгенін түсінбеді де, сұрамады да. Енді екеуі әдеттегіше қол ұстасқан бойы әсем табиғатта серуендеуге көшті.

КӨКТЕН ТҮСКЕНДЕР

Үш биоробот қара денеге еніп жоқ болғаннан кейін де Емшектаудағы зерттеу істері саябырсымады. Ол қайта күшейе берген. Шадыман да бірбеткей жігіт. Қадалған жерінен қан алмай қоймайды. Осы Шолпан ғаламшарына келгелі талай құпия істің куәсі болды. Бірақ соның бірі де ашылған жоқ. Сондықтан да соңғы күндері барлауды да, зерттеуді де жиілеткен болатын. Шолпан — Жер емес. Мұндағы әрбір күн санаулы. Әрбір геолог Жерге қайтатын күндері мерзімді әскери қызметтегі жауынгерлер сияқты санап жүреді. Қанша дегенмен шектеулі орта, ұшуда ұшу, кездесіп жатқан құпия оқиғалар оларды титықтатып та тастаған. Жерден келіп жатқан сан-мың хаттар мен хабарлар көңіл-күйге әсер етпей қоймайды. Шолпандағы тасты табиғат пен Жердегі табиғатты салыстыруға болмайды. Жер мұндағылар үшін шариғаттағы айтылатын жұмақпен бірдей. Ал бұл ғаламшардағы даланы дозақ десе де болғандай. О дүниенің дозағы, ондағы күнәһар адамның жанын қинайтын аптап ыстық та осында. Сол ыстықтан құтылар күн бар ма екен деп те армандайды геологтардың кейбірі.

Ал әлгі жоғалған үш биоробот үш адамнан айрылғанмен бірдей еді. Олардың істері де адамнан көп кем емес. Емін- еркін сөйлеседі, сұрағыңа жауап береді, ара-тұра ақыл-кеңес те береді. Сол көмекшілердің орындары да одырайып қалған. Онан кейін қара денеге қарай бір де бір кеме аттандырылған жоқ. Ендігісін ойлап жасамаса тағы болмайды. Қара дененің бойында небір құпияның жатқаны да белгілі еді. Бірақ қандай нәрсе. Оны ешкім біліп алған жоқ. Тек осы күндері күтпеген жерден Емшектауға қарай қонып келе жатқан кеме бәрін дүрліктірді. Емшектауға енетін құбыр қақпасындағы кезекшілер зыр қақты. Шадыманға дабыл берді. Шадыман арнайы экраннан қонуға ыңғайланып келе жатқан кеменің сол үш биоробот мінген кеме екенін жазбай танысымен қақпаны ашуға рұқсат берген.

Солар болып шықты. Кеме кең құбырға еніп, сырт қақпа жабылып, тыныштық орнаған кезде бәрі де үш биороботтың шығуын күтті. Шадыман қателеспепті. Сол үшеудің өздері. Аман-есен. Денелері бүтін. Ешбір қиындық көрмегендей қолдарын жоғары көтеріп, сөйлеп түсіп келеді. Шадыман да оларға қарай жүре берген. “Көктен түсті ме, бұлар өзі?” деп бір ойлап қойды Шадыман. Мейлінше жетілген биороботтар көп нәрсені байыптай алатын еді. Кемеден түскен бойда тіке Шадыманға қарай жүрді. Шадыман да оларды биоробот емес, өзінің туыстарын қайта тапқандай толқып тұр. Жеткен бетте бас биоробот Шадыманды құшақтай алды. Қалған екеуі де жан-жағынан қоршап алған. Геологтар да жиналып қалды. Емшектаудың ішіндегі осы бір ғарыш кемелері алаңында күтпеген қуанышты көрініс болып жатты. Шадыман биороботтардың жүзіне жиі-жиі қарайды. Олар да өздерінің иелерін сағынып қалғандай тістерін көрсете, дірілдей күледі.

Шамалы құшақ айқастырудан кейін бәрі ғарыш кемелері базасындағы екі қабатты үйге бет алды. Геологтар оқиғаның бұлай аяқталғанына ешқашан сенбес еді. Бірақ мына көрініс бұлтартпайтын факті болып тұр. Үш бірдей биоробот сап-сау қайта оралып келді. Жап-жазық далада із-түзсіз жоғалған Шолпан қыздан үміттеніп келген геологтар мынадан кейін оның оралатынына да күмән келтірмеді. Өйткені, ол жоғалған аймақ әлгі қара денеден қатерлі емес-ті. Әрқайсысы биороботтарға таңдана қарасып қояды. Сөйтіп, үшеуді ортаға ала үйге кірді олар. Содан тепкешекпен екінші қабатқа көтерілді. Кең залға енді. Ондағы мақсат — биороботтардың қара денеден не көргендерін тезірек білу-тін. Биороботтар да көрген-білгендерін айтуға әзір-тін. Егер адам баласы болса, мұндай қатерлі сапардан кейін белгілі мерзімге демалысты қажет етер еді. Техниканың аты — техника. Оған ток болса болды.

Үш биоробот төр жақтағы орындықтарға отырды. Шағын зал іші адамға толды. Бұл көрініс бір кездердегі адам баласы жаңа-жаңа Жер төңірегін игеріп жүрген кездегі бас- пасөз конференциясын көзге елестететін еді. Ол кезде Жер төңірегіне ұшарда, ұшып барып келгеннен кейін осындай бір кездесулер өткізілетін. Бірақ онда бұл сияқты кемеден түскен бойда келмейді, арнайы тексеру, бақылаудан етеді. Бүгінде Жер төңірегі баланың барып келетін жері. Оған кез келген адам арнайы туристік кемемен ұшып шығады, Жерді ғарыштан тамашалайды, қайта оралады. Жер төңірегі түгілі, Айдың өзі де екінің бірі барып келіп жататын орынға айналған.

Отырғандардың бәрінің де жанарлары үш биороботта. Биороботтардың адамға қарағанда кеп ерекшелігі бар. Біріншіден, олар жансыз, екіншіден ыстыққа да, суыққа да төзімді, үшіншіден көрген-білгенін кей адам сияқты ұмытып қалмайды. Пешенесіне жазып алады. Тек соны қайталата білсең болғаны. Сол үшін де олар барлауға жіберіледі. Ал бұл жолғы оқиға тіпті, үш ұйықтаса ойға келмейтін оқиға. Қара ойыққа еніп кеткеннен кейін бәрі де бұлардан біржолата күдер үзген-ді. Өздері де, байланыс та артынша жоғалған. “Теп-тегіс далада жоғалған Шолпан оралмағанда, қара ойыққа тап болған биороботтар қайдан қайтсын” деп ойлаған Шадыманның өзі де. Енді өз көзіне өзі сенбей тұр. Жоғалтқандары көз алдында. Бір жерлері бүлінбеген. Сездері де түзу.

Біраздан соң Шадыман бас биороботқа жақындады. Қасындағы жүмсақ орындыққа жайғасты. Артынша Есмұхан мен Алдияр да барды. Биороботтарды бақылаушы био- техниктер қысқа тексеру жасап, ез белмелеріне кіріп кеткен. Залда отырғандар иектерін көтеріп, қозғалақтап, қызықты әңгіменің тезірек басталуын дегбірсіздене күтіп отыр. Ша- дыман да асығуда. Бірақ мұндайда анау-мынау, майда-шүйде істердің бітпей кететіні тағы бар. Сұрақ-жауап жиналысын бастаймыз дегенше де жарты сағат өте шықты. Түсіретін камералар мен дыбыс жазатын құралдар іске қосылды. Әңгіме басталып кетті.

— Сонымен, қара дененің қандай құпиясын анықтадыңыздар? — деп бастады алғашқы сұрағын Шадыман.

— Біз тапсырма бойынша қара денеге жақындай бердік. Алғашында пәлендей қолайсыздықты сезбеген едік, — деп бастады әңгімесін бас биоробот, — сәл уақыт өтпей жарық азая бастады. Қара бұлт жапқан кездегі қараңғылық сияқты тез қарайды. Бірақ оны бұлтпен салыстыруға болмайды. Әлден уақытта қарсы алдымыздан тез сөніп бара жатқан қызыл түсті байқадық. Сол сөнумен бірге біздің айналамыз да қараңғылана берді. Байланыс үзілді. Енді сәлден соң кеме ішін ғаламат суық жайлады. Біз қозғалыссыз қалдық...

Шадыман бір қозғалып қойды. Залда отырғандар да жаңағы тыныштықтан сәл арылып, күбір-күбірге басты. Шадыман зал жаққа бір қарап алып, бас биороботқа қадал- ды.

— Онан кейін не болғанын білмейсіздер?

— Білмейміз.

— Ал қай кезде ес жидыңыздар?

— Біз ес жиған кезде ешқандай қара денені көрген жоқ- пыз. Ал далада, бірақ тамаша табиғат ортасында тұрдық.

— Бұл дүниеден жұмаққа барғандай десеңіздерші?

— Иә, солай десе де болады.

Залда отырғандар жеңіл күліп алды. Шадыманның өзі де, Есмұхан мен Алдияр да езу тартты. Қандай қиын жағдай болса да, қандай құпия ашылмай жатса да ара-тұра осылай- ша күлдіріп алу Шадыманның о бастан қалыптасқан әдеті-тін. Тіпті, ол сондай бір астарлы әзілге биороботтарды да үйреткен. Әйтпесе, тағы болмайды. Биороботтардың сонау алғашқы ұрпақтары сөзді тікесінен түсінетін, ал соның салдарынан қаншама адам запа шекті. Сондай болмас үшін бүгінгі биороботтардың “миларындағы” сөздік қорына қазақтың барлық астарлы сөздері жазылған. Оны биоробот бірден түсінеді, әрі соған сай жауап қайтарады. Адам мен адам арасындағы сөз қатынасының көркі де мысал, мақал-мәтел, астарлы сөздермен ашыла түседі. Өйтпеген күнде әңгіменің мәні кетеді. Қызық болмайды.

Бірақ дәл қазіргі әңгіменің жөні бөлек еді. Геологтар өздері жұмбақ нәрсенің мән-жайын ашпақ. Шадыман сөз арасына әзіл салғанмен негізгі мақсатты ұмытып отырған жоқ. Ара-тұра ойланып, сұрақтарын нықтай түседі. Аз тергеуден кейін ол сөзін әрі жалғады.

— Сонда сіздер ол ортаға қалай түскендеріңізді білмейсіздер?

— Әрине, жоқ.

— Сол тұрған жерлеріңізді суреттеп бере аласыз ба?

— Суреттеп берейін. Бірақ оны менің басымның ішіндегі видеопленкадан көруге де болады. Бас биоробот қарақұсы тұсындағы кішкене қақпақты ашты да, кішкене бірдемені алды. Содан соң Шадыманға ұсынды. Шадыман оны айналдыра көріп шықты. Ештемесі бүлінбеген. Жақсы сақталған. Бұл пленка биоробот көргендерін есінде сақтай алмай қал- ғанда, немесе бір жері кілтипанға ұшырағанда қолданылатын. Бірақ биороботтың еш жері бұзылған жоқ. Соған қарамастан, ол геологтарға бар жайтты нұқыды. Төрдің арғы жағы- нан орта бойлы биоробот келді. Шадыман оған пленканы ұстатты да, үлкен экранға түсіруге дайындауды ұсынды. Бұл екі арада әңгіме әрі қарай жалғасты.

— Сонда сіздер табиғаттан басқа ештемені байқай алмадыңыздар ма? — деді сәл үнсіздіктен соң Шадыман.

— Байқадық, — деді бас биоробот зал жаққа бір қарап қойып, — біз онда Шолпанмен кездестік. Тағы бір жігітпен...

— Шолпан? — Шадыман елең ете түсті, — бәлкім, ол жай елес шығар?

— Жоқ, елес емес.

— Ендеше, ол неге мұнда оралмады?

— Оның қасында Абзал есімді жігіт бар. Сонымен бірге серуендеп жүр.

— Бұл қызық екен. Сонда олар қайда тұрады?

— Ол жерде ауыл бар. Кәдімгі қазақтың ақ киіз үйлі ауылы!

— Түкте түсінсем бұйырмасын.

Шадыман Есмұхан мен Алдиярға, содан соң залға қарады. “Мынаның биотехникалық жүйесі дұрыс па” деген де ой келді басына. Бірақ олай дейін десе, жаңа ғана биотех- ииктер тексерген. Шадыманға енді сенімді бір нәрсе қалды. Ол жаңағы пленкадағы көріністі үлкен экранға түсіру еді. Бұлтартпайтын дәлел сол болмақ. Шадыман биороботтарды залдағы орындыққа отыруға шақырды. Есмұхан мен Алдияр да алдыңғы қатарға жайғасты. Видеокөріністі түсірушілерге белгі берілді. Залдағы шам жайымен сөне берді. Үлкен экранға жарық түсті. Бүгіндегі видеокөрініс бұдан талай уақыт бұрынғыдай емес-ті. Ол мейлінше үлкен экранға түсіріледі. Ал қажет болған жағдайда осы залдың барлық қабырғасы видеокөрініске айналады. Шадыман сәлден соң отырған орындығының алдындағы орындықтың жақтауындағы кішкене тетікке қарап тұрып панорамалы дөңгелек видеокөріністі қосуды өтінді. Артынша қарсы алдарындағы үлкен экрандағы жарық күрт сөніп, айнала қабырғалардағы перделер жылжып ашылды. Енді залдың барлық қабырғалары әк пен әктегендей аппақ болып шыға келді. Өздері оның ортасында қалды. Мұндай жағдайда отырған орындықтары астындағы ортақ осьтен қалаған жаққа айнала алады. Оған қоса әркімнің өз орындығы да емін-еркін қозғалады. Бұл әрбір адамның экрандардағы тұтасқан көріністерді жақсылап көруі үшін жасалған. Орындықтардың тағы бір ерекшелігі — ол төмен- жоғары да жылжи алады. Қысқасы, әркім өзіне ыңғайлы жағдай жасай алады.

Сәлден соң айнала экрандарға түгелдей жарық түсті. Отырғандар бір-бірлеріне қарасып қояды. Өйткені, ең қызықты көрініс басталмақ. Әсіресе, Шадыманда дегбір жоқ. Шол- панды бір көрудің өзі неге тұрады. Ол жоғалғалы да біршама уақыт өткен. Ал егер мына бас биороботтың айтып тұрғаны рас болса, ол қазір көз алдарында жүрмек. Шадыман осыны ойлап болғанша көрініс басталып та кетті. Әуелі өздеріне таныс қара дене шықты экрандарға. Отырғандар айнала бұрылып қарауда. Уақыт өте ол қара дене ұлғая берді. Оның қарайған ауызы тап кәдімгі үңгірді де кезе елестететін еді. Геологтар қозғалақтап кетті. Бірі орындығын көтеріп, бірі төмен түсіріп, әрқайсысы әйтеуір жақсылап көрудің әрекетін жасауда. Қара дененің қара аузы секунд өткен сайын ұлғая түсті. Енді бір кезде айнала экрандағы жарық өлеусіреп барып, қана дененің орта тұсынан жалт еткен тілдей қызыл түс көрінді де, зал іші қап-қараңғы болып кетті. Экрандардағы жарықтың бәрі жоғалған еді. Шадыман да, Есмұхан мен Алдияр да, залдағы басқалар да мән-жайды түсініп отыр. Қара дене жарықты да, биороботтар мінген кемені де айдаһарша жұтып жіберді.

Экрандар біршама уақыт жарықтанбай тұрды. Сонан кейін қайтадан жарықтанды. Бірақ әлгі қара дене жоқ. Ол тіпті ешқашан да болмағандай. Айнала ғажайып табиғатқа айналған. Таулар, өзен,оны бойлай өскен топ-топ ағаштар. Жайылып жүрген мал, өзен жағасында шыбындап тұрған жылқылар. Ал сол өзеннің бергі жағындағы тегіс жерге ақ киіз үйлі ауыл қонған. Кәдімгі қазақтың ғажайып ауылы. Киіз үйлердің ою-өрнектері алыстан көзге шалынады. Ауыл іші абыр-сабыр. Ойнап жүрген балалар. Сиыр, бие сауып жатқан қыз-келіншектер. Ауылдың биік төбесінде жиын ашып, сөз сөйлеп жатқан ақсақалдар да бар. Бәрі де кәдімгі қазақ ауылына тән тамаша көріністер.

Шадыман біресе олай, біресе бұлай бұрылып сол көріністердің бірін де көзден таса етпеудің әрекетінде. Қалғандар да сондай әрекетте. Әркім өзінің қалаған тұстарын анықтап көріп жатыр. Енді сәлден соң бір-біршен біршама алыста тұрған екі ақ киіз үйлерден жігіт пен қыз шықты. Қыз — Шолпан еді. Шадыман осы жерде өзін-өзі ұстай да алмай кетті.

— Достар, әне, Шолпан! - деп дауыстап жіберді.

— Дәл өзі! — деп оны қостады Есмұхан.

Сабыр етелік, жақындасын, — деп қойды Алдияр орындығын сәл жоғары көтеретін түймені басып.

Көрініс жақсара берді. Биоробот бір оператордан-ақ, түсіріп алыпты. Кәдімгі кинодағыдай ап-анық көрініс. Жігіт пен қыз бір-біріне қарай жүрді. Содан соң белгіленген бір жерде кезікті де қол ұстасып, ілгері жүрді. Шадыманның тұла бойы шымырлап жөнелді. Өзі жанындай жақсы көретін жас қыздың бейтаныс бір жігітпен қол ұстасқаны кәдімгідей қызғаныш тудырды. Бірақ сыр берген жоқ. Залдағы жұртпен бірдей көріп, тамашалап отырды. Көрініс жалғасып жатты. Жігіт пен қыз біраз серуен құрғаннан кейін үш биороботқа жақындады. Осы кезде Шолпанның бет-жүзі ап-анық көрінді. Ол бұрынғысынан жасарып, әдеміленіп кетіпті. Шамасы, тамаша табиғат, таза ауа, тыныш орта әсер етсе керек. Шадыман оның себебін содан деп түсінді. Ол өзіне тән тартымды қылығымен қылымсып, бота көздерін әлгі жігітке бұрып қояды Жігіт те жаман емес. Өзіне лайықты, білімді, дүниетанымы кең сияқты. Шадыманның бірден байқағаны сол еді Артынша Шолпан мен бас биороботтың әңгімесі басталып кетті. Айтылған сөздер күшейтіліп, зал іші жаңғырығып та кетті. Бірақ қанша жаңғырықса да, жақсы, керекті әңгіменің жақсы естілмей кететін әдеті бар емес пе? Залда отырғандар жым-жырт қалған. Шыбын ұшса, ап-анық естілер еді. Шадыман Шолпан мен бас биороботтың арасында жұрген әрбір сөзді көкейіне түйіп отырды. Ол ұзаққа созылған жоқ. Содан биороботтар кемеге қарай жүрді. Абзал есімді жігіт кішкене құралымен бірдеме жасады. Биороботтар мінген кеме жылжып барып, қалықтап үша жөнелді. Содан кейінгі керініс томенге ауысты. Биороботтың козіне не түссе, сол көрінді. Оның көздері бір жагынан кәдімгі видеокамераның қызметін атқаратын еді.

Көрініс аяқталды. Зал ішінде жайлап шам жанды. Айна- ла қабырғалардағы перделер сыр-сыр етіп жабылып жатты. ІНадыман үндеген жоқ. Әлі де болса, Шолпанның тірі бейнесін ез кезімен коргеніне сенбейтін сияқты. Қалғандар Да ой үстінде. Бірақ осылайша отыра беретін оңашалық емес бұл зал. Сондықтан жаңағы меселені талқьшауга кошті отыр- ғандар. Шам толығымен жарықтанған соң биороботтар да қозғалақтай бастаған. Олар енді осы кәріністі де бастарындағы видеоленталарына түсіріп алды. Жасалу табиғаты солай болса қайтсін. Шадыман оларға ойлы жүзімен бір қарап алды да, алға шықты. Геологтар иектерін көтеріп, “Енді не айтар екен” дегендей үміттеніп отыр. Шадыман алғашқыдай емес, салдарлы сөйледі.

Достар, деді ол қоңыр даусымен, — біз қазір өзіміз жоғалтып алған Шолпанмен жүздестік. Бұл аса қуанышты оқиға. Ал өкініштісі — Шолпан бізді көрген жоқ. Бірақ ол бізге бейтаныс, Абзал есімді жігіттің тұтқынында екен. Менің шамалауымша, олар дүниенің көзін қөлдан жасаған. Ендеше, еткендегі біз шабуыл жасаған қара денедегі қара ойық емес, сол мәдени дамулары жоғары адамдардың қолымен жасалған нәрсе.

Сіз не себепті оларды мәдени дамулары жоғары адамдар деп санайсыз? — деді сол кезде геологтардың ішінен Парасат есімді жігіт көтеріліп, — әдетте мәдени дамуы жоғары адамдар деп ғарыш техникасы мейлінше дамыған, қалада тұратын адамдарды айтпайтын ба едік?

— Сұрағың орынды, Парасат, — деді Шадыман сәл сергіп, мен өз басым мәдени дамуы жоғары деп табиғатқа залал келтірмеген адамдарды айтамын. Менің байқауымша, әлгі Абзал есімді жігіттің аулы біздің қазіргі мәдени дамуымызды әлдеқашан бастарынан өткізген. Бәлкім, соқпаған да шығар мұндай шулы кезеңге. Мәдени даму дегеніміз табиғатты бүлдіру арқылы жетістікке жету емес. Қайта керісінше, табиғатқа титтей де залал келтірмей сол табиғаттың ғажайып құпияларын білу. Мен көрген жаңағы Абзал тап сондай адамдардың өкілі. Өздеріңіз де көрдіңіздер, олар бір қарағанда, жай ауылдың адамдары сияқты. Тіпті, өзіміздің сонау ата-бабаларымыздың емірлерін көзге елестетеді. Бірақ солай ма? Олар бізден мындаған жылдарға ілгері кеткен адамдар. Солай бола тұрып, біз сияқты тастан қалаған зәулім үйлерде емес, қазақтың қарапайым киіз үйінде тұрады. Салт- дәстүрі де сол. Киімдері де сол. Ештеме бұзылмаған. Бар мәселе осында.

Зал тынышталып қалды. Мән-жай түсінікті еді. Парасаттан кейін сұрақ қоюдың өзі де артық сияқты. Бәрі де Шадыманның енді не айтатынын күтті. Ол әңгімесін қысқа қайырып, басқа әрекетке көшу жөнінде ұсыныс жасады. Ұсыныс бойынша қара денеге биороботтар емес, адамдардың өздерін жіберу керек. Мұны алғашында отырғандар бір түрлі қарсы алды да, соңынан оның да қажет екешн түсінді. Жиналыс соңында қара денеге Алдияр және Ғалиакпар мен Таймас есімді жігіттер баратын болып шешілді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет