Мейірімділік пен зұлымдықтың ара жігін ажырата алмау.
Ненің «дұрыс», ненің «бұрыс» екенін білмеу.
Өзін – өзі сыйламауды.
(Баланы жиі ұрса) өзін және айналасындағыларды жек көру.
Баланы қаталдықпен тәрбиенің соңы оның ақыл – ойы мен әлеуеттілігінің кеш дамуына әкеліп соқтырады.
Қол жұмсау мен жазалау ақыр соңында бала мен оның ата – аналары үшін қайғылы жағдайларға соқтыруы мүмкін, бала не үшін жазаланғанын түсінуден қалады, жақсы мен жаман қылықтарды айыр алмайтын халге жетеді.
Бірақ мұндай жағдайдан шығудың жолы бар, әрине бұл кезде алдымен күш – қуаты мол ақыл тоқтатқан үлкендер көмекке келуі керек.
Әрине бала дегеніміз – кішкентай періште еместігін әркім де біледі, оны тәрбиелеу оңай емес. Бірақ бала ата – ананы өздерінің өрескел қылықтарымен қандай да болсын күрделі жағдайда қалдырғанымен, тұйықтан баланың адамдық қасиетін құрметтей отырып, олардың жеке басын қорламай, денесіне таяқ тигізбей – ақ шығуға болады.
Оқыс қылығы үшін баланы қайтсең де жазалау керек екені белгілі бола тұра мынандай ақыл – кеңестерге назар аударып көрейік: