«№15 Ж. Нұрлыбаев атындағы жалпы орта мектебі»
Авторлық бағдарлама
Тақырыбы:
«Топырақтану »
( арнайы курстың бағдарламасы )
Дайындаған: Шахиева Роза Ахмедовна.
Мақтарал ауданы
2016 ж
Бекітемін: Келісілді: Қаралды: №15 Ж. Нұрлыбаев Директордың оқу ісі Әдістеме бірлестік атындағы жалпы орта мектебінің жөніндегі орынбасары: отырысында қаралдыдиректоры: Қ. Досқараев К. Қасымбекова Хаттама № «01» қаңтар 2016жыл «01» қаңтар 2016жыл «01» қаңтар 2016жыл
Құрастырған: Мақтарал ауданы, Абад ауылы,
«№15 Ж.Нұрлыбаев атындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі география пәнінің
мұғалімі Шахиева Роза Ахмедовна.
Пікір
Жоғарғы сыныптар үшін ұсынылып отырған «Топырақтану» курсының оқушылардың жаратылыстану пәнінен алған білімдерін толықтыру үшін алатын орны маңызды.
Елімізде соңғы жылдары туындап отырған қоршаған ортаға қатысты проблемалар олардың тек қана нарықтық-экономикалық факторларға ғана емес, әлеуметтік-психологиялық факторларға да тәуелді екенін көрсетіп отыр.
Топырақтану курсы оқушыларға географиялық білім беру, оларды табиғат ресурсы болған топырақты үнемі пайдалануға,оны эрозиядан қорғауға, экологиялық проблемаларды шешуге, сондай-ақ алған білімдерін күнделікті өмірді қолдана білуге үйрету.
Осы орайда топырақтану ғылымы бүгінгі таңда халықаралық, мемлекеттік және қоғамдық деңгейдегі мәселелерді зерттейтін кешенді ғылымға айналды.
Республикамызда білім беруді оңтайландыру процестері қолға алынуда. Осыған орай оқушыларға мектеп қабырғасында топырақтану туралы білім берудің ең ұтымды әрі экономикалық жағынан тиімді жолдарын іздеу міндеті тұр.
Ол үшін пәнаралық және топырақтану пәні арқылы факультатив сабақ ретінде білім берген дұрыс. Бұл курстың мектебіміздегі пәндерді экологияландыру мәселесін шешудегі үлесі зор.
Бағдарлама құрылымы кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды бөлімдерден тұрады. Мұнда, қоғам мен топырақ арасындағы байланыс, еліміздегі топырақтанудағы проблемалар, табиғатты қорғау, табиғат қоры болған топырақты тиімді пайдалану.оны құнарландыру сияқты мәселелер қамтылған.
Топырақты эрозиядан сақтау, бұл адам-қоғам-табиғат арасындағы үйлесімділікті, біртұтастықты үйлестіру болып табылады. Сондықтан, болашақ ұрпақ қоршаған ортаның келешек үшін қажеттігін сезінеді.
Пікір жазушы:
Аудандық білім бөлімі география кафедрасы меңгерушісі: Мұсырманқұлова Гүлжамал.
Түсінік хат
Топырақтану. (34 сағат)
«Топырақтану» курсына 34 сағат бөлінді. Аптасына 1 сағаттан қарастырылған. Бұл бағдарлама, оқушылардың топырақтың құрамы мен түрлері туралы түсініктерін кеңейту, орта буында жинақтаған материалдарын тереңдете оқыту арқылы алған білімдерін кеңейтіп, ойлауын, сараптама жасай білуін, өз ойын толық жеткізе білумен қатар, өмірге деген көзқарасын қалыптастырады.
Мақсаты: Топырақтану курсы оқушыларға географиялық білім беру, оларды табиғат ресурсы болған топырақты үнемі пайдалануға,оны эрозиядан қорғауға, экологиялық проблемаларды шешуге, сондай-ақ алған білімдерін күнделікті өмірді қолдана білуге үйрету.
Міндеттері: 1/физикалық географияның зерттеу нысандары,топырақ және олардың түрлерінің ерекшеліктерінің мазмұның меңгеру;
2/физикалық-географиялық білімдерін, табиғат заңдылықтары туралы түсінік қалыптастыру:
3/табиғаттың ерекше құбылысы топырақтың құрылымымен танысып,оны қорғауды,игеруді меңгерту:
Пән аралық байланыс; физикалық, экономикалық география, биология, тарих, картография.
Курсты аяқтау формасы: рефератты қорғау
Мазмұны
Кіріспе (3 сағат)
Топырақтану ғылымы, оның мақаты мен міндеттері, топырақ туралы түсінік.
1.Топырақтанудың экология ғылымымен байланысы.
2.Топырақтанудың тарыхы, ғылым ретінде дамытудағы В.В.Докучаевтың ролі.
Топырақтың түзілу процесі (4 сағат )
Табиғат күштерінің, әсіресе, температураның, с удың, желдің, күн сәулесінің, көшпелі мұздардың топыраққа әсері ерекше. Үгілудің физикалық, химиялық және биологиялық түрлері.
Топырақ түзілу процесінде биологиялық, экологиялық факторлардың рөлі (4 сағат)
Топыраққа–өсімдік жүйесіндегі химиялық элементтердің айналымы.Топырақтың органикалық затының синтезін қамтамасыз етеуі. Топыраққа жануарларының әрекеті. Өлі органикалық заттарды бұзуы. Топырақтың химиялық және физикалық қасиеттері. Топыраққа микроорганизмдерінің әрекеті.
. Топырақ пішінінің құрылымы (4 сағат)
Топырақтың тығыздылығы. Жалпы топырақ құрылымның пайда болуы-күрделі биохимиялық және физикалық-химиялық процесс.Құрылымы жоқ, шаң-тозаңды, борпылдақ; Құрылымы ұсақ түйіршіктері, Дәнді түйіршіктері, диаметрі Жаңғақатты құрылым,Топырақтың фазалық құрамы Топырақтың минералдық құрамы. Топырақтың минералогиялық құрамы. Топырақтың механикалық құрамы.
Қайталау сабағы – 1 сабақ.
Әртүрлі тау жыныстарынан түзілген топырақтардың минералогиялық құрамы
сағат)
Шөгінді тау жыныстары. Массивті-кристалдық тау жыныстары. Метаморфтық тау жыныстары .Тау жыныстарының үгітілуі.
Топырақтың ластануы. (3 сағат) Топырақты ластайтын компенеттер. Физикалық ластану. Химиялық ластану. Биологиялық ластану.
Топырақтың макро- және микроэлементтері (2 сағат)
Органикалық тыңайтқыштар.Олардың маңызы.
Глосарий (2 сағат) Топырақтанудағы сөздіктер.
Топырақ эрозиясы туралы. ( 4 сағат)
Эрозия туралы.Эрозия түрлері.Эрозия пайда болу факторлары.Химиялық мелиорациялау. Тамшылық эрозия.Эрозиядан келетін зияндар.
Туған жер топырағы туралы. (1 сағат)
Қорытынды «рефератты қорғау». (1 сағат)
Күтілетін нәтиже: топырақтың түрлерін ажыратуға,топырақтың құнарлылығын арттыруға,топырақтан алатын өнімді артыруға, табиғат заңдылықтарын ұғынуға, қажетті дүниетанымдық көзқарастары қалыптасқан, географиялық білімдерін күнделікті өмірде қолдана алатын және шығармашылықпен іс атқаратын жеке тұлға қалыптастыру.
Жылдық сабақ жоспары
№
|
Сабақтың тақырыбы
|
Сағат саны
|
1
|
Кіріспе
|
1
|
2
|
Топырақтанудың экология ғылымымен байланысы.
|
1
|
3
|
Топырақтанудың тарыхы, ғылым ретінде дамытудағы В.В.Докучаевтың ролі.
|
1
|
4-5
|
Топырақтың түзілу процесі
|
2
|
6-7
|
Үгілудің түрлері.
|
2
|
8-9
|
Топырақ түзілу процесінде биологиялық факторлардың ролі.
|
2
|
10
|
Топырақтың химиялық және физикалық қасиеттері
|
1
|
11
|
Топыраққа микроорганизмдерінің әрекеті.
|
1
|
12-13
|
Топырақ пішінінің құрылымы
|
2
|
14
|
Топырақтың тығыздылығы.
|
1
|
15
|
Топырақтың механикалық құрамы.
|
1
|
16
|
Қайталау сабағы
|
1
|
17-18
|
Әртүрлі тау жыныстарынан түзілген топырақтардың минералогиялық құрамы
|
2
|
19-20
|
Тау жыныстарының үгітілуі.
|
2
|
21
|
Топырақтың ластануы.
|
1
|
22-23
|
Топырақты ластайтын компенеттер.
|
2
|
24
|
Топырақтың макро- және микроэлементтері
|
1
|
25
|
Органикалық тыңайтқыштар
|
1
|
26-27
|
Топырақтанудағы сөздіктер.
|
2
|
28-29
|
Эрозия түрлері.
|
2
|
30-31
|
Эрозиядан келетін зияндар.
|
2
|
32-33
|
Туған жер топырағы туралы.
|
2
|
34
|
Қортындылау.
|
1
|
|
Барлығы
|
34 сағат
|
Оқушылардың білім деңгейіне қойылатын талаптар:
Оқушылар:
топырақ туралы білім алу көздерін;
физикалық географияның зерттеу нысандарын;
климат қалыптастырушы факторларды;
топырақты қорғаудың тәсілдерін атай және (немесе) көрсете алуы тиіс;
топырақтың қалыптасуына сыртқы және ішкі күштердің әсерін;
топырақты қалыптастырушы факторлардың маңызын;
адамның шаруашылық әрекеті нәтижесінде топырақтың ластану өзгеру деңгейін қорытынды жасай алуы тиіс;
табиғаттың ерекше құбылысы топырақты қорғауды;
қоршаған ортаны ластау көздерi мен түрлерiн;
Қазақстанның топырақтың қалыптасуындағы iшкi және сыртқы күштердiң өзара байланысын;
Тау жыныстарының топыраққа әсерін;
топырақтың алуан түрлiлiгi және олардың географиялық таралуын;
эрозия түрлерін, олардың негiзгi себеп–салдарын;
өндiрiстiк және өндiрiстiк емес өнеркәсiп пен ауыл шаруашылығы салаларын сипаттай алуы тиiс:
Пайдаланылған әдебиеттер:
Елешев Р.Е., Смағұлов Т.С., Балғабаев Ә.М. Агрохимия және тыңайтқыш қолдану жүйесi. Алматы, 2000
Елешев Р.Е., Сапаров А.С., Балғабаев Ә.М., Туктугулов Е.А. Агрохимия және тыңайтқыш қолдану. Астана, 2010
4. Мәмбетқазиев Е., Сыбанбеков Қ. “ Табиғат қорғау ”
/Алматы 1990 /
4.. Мұқауұлы С., Үпішев Е. “ Табиғат пайдалану экономикасы ”
/Алматы 1999 ж./
5. Елемесов Ж.Е., Қалдыбаев С.Қ. және т.б. Топырақтану практикумы. Алматы, 2012.
6. Ошақбаева Ж. О. Мелиоративтік топырақтану. Алматы, 2010.
1.Кіріспе. Топырақтану ғылымы, оның мақаты мен міндеттері, топырақ туралы түсінік..
Топырақ туралы түсінік. Қазақ халқы жерді – ана, егістікті – асыраушы деп айтады, өйткені адамзат қажетті азықты, жеңіл өнеркәсіп үшін шикізатты өсімдік және жануарлар көмегімен топырақ арқылы алады. Жер бетінде топырақ нағыз асыраушы болу үшін, оны терең білу кажет, оның құнарлылығын кемітпей, үздіксіз арттыра отырып пайдалану керек. Сондықтан бұл мәселелерді шешу жолдарын адам ба.ласы үнемі іздестіріп келеді.
Адам баласы ең алғаш жерді егіншілікке пайдалана бастағанда, топырақ туралы түсінік болмаған, топырақ жер деген үғым ретінде қалыптасқан. Бұл жай түсінік бірнеше мыңдаған жылдар қажетке жараған, өйткені адамзаттың алдында соңғы жүз жылдықта туған проблемалар ол кезде жоқ еді. Соңғы ғасырларда ашаршылықтың кейбір аймақтарда орын алуы, жердің жетіспеуі, эрозия, құрғақтану, топырақтын құнарлылығының азаюы тағы басқалары осындай мәселелерді шешу үшін топыраққа назар аударыла бастады.
XIX ғасырдың орта кезеңінде агроном, агрогеолог, агрохимиктердің енбектерінде топырақ туралы алғашқы түсініктер жазыла бастады. Олар топырақтың жоғарғы кабатының құрамындағы органикалық және минералдық қалдықтарға көңіл бөліп, топырақ деген жердің тек жыртылған, өсімдіктердің тамырлары жайылған қабаты деп есептеді.
. 2.Топырақтанудың тарыхы, ғылым ретінде дамытудағы
В.В.Докучаевтың ролі.
. Топырақтану ғылымының қалыптасуы орыстың аса дарынды табиғаттанушы ғалымы В. В. Докучаевтың (1846-1903) есімімен тығыз байланысты. В. В. Докучаевтан кейін оның енбегін көптеген талантты шәкірттері жалғастырды. Генетикалық топырақтану ХХ ғасырдың басында табиғаттанудың жаңа бір саласы ретінде қалыптасты. Генетикалық деген түсінік "генезис", яғни топырақтың пайда болуы, дамуы деген ұғымды білдіреді.
Топырақ дегеніміз не деген сұраққа берілген осындай анықтама, В. В. Докучаевтың ғылымға жаңа өріс әкелген кезеңге дейін өріс алып келді.
1879 жылы Санкт-Петербургте болған табиғат зерттеушілері қоғамының геология және минералогия бөлімінің мәжілісінде В. В Докучаев баяндама жасап, топыраққа бірнеше анықтама берді. Кейін бұл пікірлер әрі қарай дамытылып, жетілдіріле түсті.
Қазіргі түсінік бойынша топырақ – жер бетінің майда ұнтақталған құнарлы қабаты, тірі және өлі табиғатқа тән бірнеше сипаттары мен қасиеттері бар ерекше құрылым. Топырақтың негізгі қасиеті – құнарлылығы деп, оның өсімдіктерді барлық қоректік заттармен және ылғалмен қамтамасыз етуін айтады. Табиғаттың жоғарғы туындысы – адам топырақ құнарын өсімдіктер мен жануарлар дүниелері арқылы өз мұқтажына пайдаланды. Өсімдіктер құнарлы топырақ қабатынан тамыр жүйелері арқылы қоректік затарды алып, суды бойына сіңіріп, жапырақтарына түскен күн сәулесі мен ауадағы көмірқышқыл газы арқылы жүретін фотосинтез нәтижесінде денесіне өте мол органикалық биофильді минералды заттар жинап, едәуір энергияны шоғырландырады. Осы энергиялар, яғни органикалық және органо-минералдық қосылыстар бүкіл жан-жануарлар, адамзат тіршілігі үшін өмір өзегі болып табылады. Топырақ – асыраушы ана, күш-қуаттың қайнар бұлағы, тіршіліктің тірегі, ауылшаруашылығы өндірісінің негізгі өндіргіш күші. Егіншілік, мал шаруашылығының өркендеуі топырақ құнарлылығына тікелей тәуелді. Ескеретін жай, топырақтың басқа өндіргіш құралдардан (машиналар, станоктар, т.б.) айырмашылығы сол, оны дұрыс күтіп, баптап пайдаланса, ол қоғам үшін үздіксіз құнарын беріп, халықты асырайды, машиналар сияқты моральдық және физикалық жағынан азып-тозып істен шықпайды. Баршаға белгілі табиғат қорлары сарқылмайтын және сарқылатын болып екіге бөлінеді. Сарқылмайтын қорларға, мысалы, ғарыш, климат қорлары жатады. Сарқылатын қорлар өзінше: қалпына келетін және қалпына келмейтін қорлар болып екіге бөлінеді. Қалпына келмейтін қорлар қатарына мұнай, көмір т.б. кендер, ал қалпына келетіндер катарына өсімдіктер, жануарлар, су қорлары және топырақтар жатады (Банников, 1977). Бірақ та топырақты калпына келетіндер қатарына қосқанға келісу қиын. Мысалы, биыл орылған шөп келесі жылы қайта шығады, тіпті, бір жылдың ішінде кейбір өсімдіктерден бірнеше өнім алуға болады. Кесілген ағаш қалпына келу үшін бірнеше жыл керек, мал төлінің жетілуі үшін екі-төрт жыл керек. Құнарлы қабаты бір себептерден шайылып кеткен топырақтардың қалпына келуі үшін өте ұзақ уақыт керек. Табиғи жағдайда топырақтың түзілуі ұзаққа созылатын құбылыс. Мәселен, қалыңдығы 20 см жыртылатын топырақ қабаты түзілуі үшін табиғи жағдайлардың өзгешеліктеріне қарай 3-7 мың жыл уақыт керек.
Топырақтың түзілу процесі.
Топырақ – табиғат туындысы, табиғи әрі тарихи дене. Бір кездерде Жер беті қазіргі Ай планетасының ландшафты сияқты топырақсыз, өсімдіктерсіз, ауасыз, тіршіліксіз тып-типыл, мүлгіген дүние болған. Жер бетінің жамылғысы бастапқыда тығыз қатты тау жыныстарынан тұрды. Бұл тау жыныстары алғаш өздері пайда бола бастасымен-ақ, үздіксіз үгілу кұбылыстарына ұшырады. Қатты тау жынысының үстіне топырақ түзіле қоймайтыны белгілі. Топырақтың түзілуі үшін, ең алдымен, қатты тау жыныстары майда ұнтақталған, кеуекті тау жыныстарына айналуы керек. Жер бетіндегі қатайған тау жыныстары табиғат күштерінің ғасырлар бойы үздіксіз әсерінен бірте-бірте қирап, бұзылып, қопсыған жыныстарға айналды. Бұл құбылысты геологияда үгілу деп атайды. Үгілу құбылысы тарихи топырақ түзілуінен бұрын болған, сөйтіп ол топырақтың түзілуіне жағдай жасады.
Табиғат күштерінің, әсіресе, температураның, судың, желдің, күн сәулесінің, көшпелі мұздардың топыраққа әсері ерекше.
Үгілудің физикалық, химиялық және биологиялық түрлері бар. Тау жыныстарының физикалық жолмен үгілуі деп оның химиялық құрамы өзгермей, тек әртүрлі механикалық бөлшектерге бөлінуін айтады. Физикалық үгілулерге қатысатын негізгі күштер – температура, жел күші, тасқын сулар мен көшпелі мұздар. Физикалық үгілудің қарапайым мысалын келтірейік. Мәселен, әртүрлі температура әсерінен тау жынысында жарылған сызат пайда болды делік. Уақыт өте келе оған ауадан ылғал кіріп, қыста мұзға айналып, ісінеді де әлгі сызат үлкен жарыққа айналып, қатты тау жынысын әрі қарай бұзады. Таулы аймақтарда жиі-жиі жауған жаңбырдан немесе қар қабаттарының көктемде бір мезгілде тез еруінен сел тасқындары болмай тұрмайды. Оның күшімен тіпті, ірі-ірі тастар да допша домалайды. Бір-біріне соғылған тастар жаңғақша шағылып, майда жыныстарға айналады.
Химиялық үгілу – тау жыныстары құрамындағы әртүрлі тұздардың немесе басқа қосылыстардың суда, қышқыл мен сілтіде еруінен және ауадағы оттегімен тотығуынан пайда болатын құбылыс. Мұның нәтижесінде химиялық құрамы жағынан жаңадан минералдық заттар пайда болады. Бұл заттар өздерінің суда ерігіштік қасиетіне, өзіндік салмағына қарай әр жерлерге түрліше шөгеді. Физикалық және химиялық үгілу процестері, әдетте, қосарласа жүреді. Бұлардың өту жылдамдығы табиғи ортаның климат жағдайларына тікелей байланысты. Алайда, әр аймақтың климат жағдайларына қарай оның бір түрі екіншісіне қарағанда, басым болуы заңды. Мысалы, ылғалы мол, әрі күні жылы тропиктерде химиялық үгілу құбылысы белсендірек өтеді. Ал ауа райы аса суық тундра немесе күні аса ыстық, ылғалы өте аз шөлді аймақтарда физикалық үгілу құбылыстары басымырақ жүреді.
Физикалық және химиялық үгілулердің нәтижесінде таулар бұзылып, шыңдар мүжіледі. Құм мен балшық суға жуылып-шайылып, су күшінің кемуіне және жер бедерінің ыңғайына қарай шөгеді. Жел күшімен ауаға ұшады, шашырайды. Бұл ғасырлар бойы үздіксіз құбылысты ештеңе де тоқтата алмайды. Нөсерлетіп құйған жаңбырдан, қатты соққан желден жер беті шамалы өзгеріске түседі. Ескі дәуірде тірі жәндіктер мен өсімдіктер болмаған кезде майда ұнтақталған жыныстарды біріктіріп, желімше ұстап тұратын ештеңе болмаған, топырақ шіріндісі түзілмеген. Сондықтан топырақ та пайда болмады. Физикалық үгілу болсын, химиялық үгілу болсын өзінше топырақ түзе алмайды. Топырақ түзілу құбылысы – физикалық та емес, химиялық та емес, биологиялық құбылыс екен. Үгілу нәтижесінде қатты тау жыныстарынан қопсыған, ылғал сіңіргіштік, су өткізгіштік қасиеті бар ұнтақталған жыныстар пайда болады. Әдетте, физикалық және химиялық үгілу кезінде босаған, суға ерігіш, өсімдіктерге қоректік минерал заттар ауқымды геологиялық заттар айналымына түседі де әр түрлі су ағыстарымен, өзендерге, теңіздерге, тіпті мұхиттарға қосылып, шөгінді жыныстарға айналады. Осы қопсыған, ұнтақталған жыныстарға тірі организмдер қоныстана бастаған уақыттан бастап, олардың денесіне керекті заттар өсімдіктер мен микроорганизмдердің таңдамалы сіңірулерінің нәтижесінде көлемді геологиялық айналымға келіп түседі, яғни ауқымды геологиялық зат айналымынан кіші биологиялық зат айналымына көшеді. Органикалық заттар суда ерімейтін болғандықтан, бұл заттардың қоры жыл санап молая береді. Сонымен, құрамында коректік заттары жоқ тау жынысы тірі организмдер мекендегеннен кейін қоректік биофильді минералды және органикалық азотты заттардың қорына айналады. Басқаша айтқанда, құнарсыз тау жынысының орнына құнарлы топырақ пайда бола бастайды.
Алғашқы топырақ түзілу процесі
Топырақ планетарлық қабаттардың (литосфера, атмосфера, гидросфера, педосфера, биосфера) шекарасында жайғасып, солардың бір-бірімен өзара қатынасынан дамып, геосфераның ерекше қабығы педосфераны, яғни Жердің топырақ жамылғысын түзеді. Сонымен бірге, топырақ Жер шарының тіршілік дамыған аймағы – биосфераның негізгі компоненті. Топырақтың табиғаттағы рөлі өте зор. Ол жер бетінде тіршіліктің дамуына қолайлы орта. Топырақ – өзі тіршіліктің туыңдысы бола тұрып, сол тіршіліктің өмір сүруінің де негізі.
Топырақ арқылы жер бетінде заттардың үздіксіз үлкен геологиялық және кіші биологиялық айналымы өтеді. Биологиялық кіші зат айналымы кезінде, ең алдымен, аналық тау жынысынан, кейін топырақтан өсімдіктермен коректік элементтер алынады. Олардан суға ерімейтін күрделі органикалық қосылыстар түзіледі. Әр жылы өсімдіктерден қурап түскен органикалық қалдықтардан қоректік элементтер бірге түсіп, топыраққа қайтып оралады. Биологиялық кіші зат айналымның негізгі нәтижесі – қоректік элементтер топырақтың жоғарғы тамырлы қабатында шоғырлануы, құнарлы топырақтың түзілуі. Ал геологиялық үлкен заттар айналымы жер қойнауындағы және жер бетіндегі тау жыныстарының өзгеруі мен қозғалуын қамтиды, құрғақ жер мен теңіз арасындағы геологиялық үлкен зат айналымы нәтижесінде борпылдақ үгілу қабаты құралып; топырақтын түзілу процесінің негізі қаланады. Жер бетіндегі осы екі айналымның арасындағы байланыс топырақ арқылы өтеді.
Достарыңызбен бөлісу: |