6М011300 – «Биология» мамандығы бойынша магистратураға түсушілерге «Биология» пәнінен қабылдау емтиханының бағдарламасы (дайындық бағыты: ғылыми–педагогикалық және бейіндік)
«Организмдер биоалуантүрлілігі» пәні Биология ғылымының классификациясы. Қазіргі заманғы биологияның негізгі даму бағыттары.
Тірі организмдер классификациясына қазіргі замандағы көзқарастар.
Прокариоттар. Бактериялардың құрылысы мен функциясы, көбеюі. Бактериялардың табиғатта таралуы және алуан түрлілігі.
Вирустардың структуралық құрылымы, химиялық құрамы және көбеюі.
Эукариотты балдырлардың морфологиясы және цитологиясы.
Балдырлардың өмірлік циклындағы ядро фазалары мен ұрпақ алмасуы.
Төменгі сатыдағы саңырауқұлақтар, олардың құрылысының ерекшеліктері мен көбеюі.
Жоғарғы сатыдағы саңырауқұлақтар, құрылысы, көбеюі, олардың практикалық маңызы.
Саңырауқұлақтардың шығу тегі, әртүрлі класстарының арасындағы байланыстар.
Қыналар, анатомиялық ерекшеліктері мен көбею жолдары.
Тіршілік циклінде гаметофиті басым өсімдіктер.
Папоротниктәрізділердің жалпы морфо-анатомиялық сипаты, олардың пайда болуы, көбеюі, табиғат пен адам шаруашылық әрекетіндегі маңызы.
Ашықтұқымдылардың шығу тегі, классификациясы, филогениясы.
Гүлді өсімдіктердің шығу тегі және морфологиялық эволюциясының негізгі бағыттары.
Жабықтұқымдылардың жалпы морфо-анатомиялық сипаты. Пайда болуы. Олардың морфологиялық эволюциясының негізгі бағыттары. Кластарға бөлінуі.
Қосжарнақты өсімдіктердің филогенетикалық байланыстары.
Даражарнақты өсімдіктер, шығу тегі, негізгі қатарлары.
Паразит тіршілік ететін қарапайымдардың типтері.
Көп клеткалы жануарлардың шығу тегі жөніндегі гипотезалар.
Көп клеткалылардың эмбриональды даму этаптары.
Буынаяқтылардың жалпы сипаттамасы, олардың құрылыс ерекшеліктері, пайда болуы мен систематикасы.
Хордалылар типінің жалпы сипаттамасы және олардың жануарлар әлемінің системасындағы орны.
Хордалылардың шығуы мен систематикасы.
Омыртқалылар тип тармағының морфологиялық және биологиялық жалпы сипаттамасы.
Омыртқалылардың негізгі таксономиялық бөлімдері және олардың генеологиялық байланыстары.
Балықтардың экологиясы және биологиялық топтары.
Бауырымен жорғалаушылардың морфологиялық және биологиялық сипаттамасы мен көбею ерекшеліктері.
Құстардың морфологиялық және биологиялық сипаттамасы және көбеюі мен ұрығының дамуындағы ерекшеліктер.
Қазіргі сүтқоректілердің географиялық таралуы және системасы.
Өсімдік, жануар және микроағзалардың өмірлік цикліндегі гапло және диплофазалардың кезектесуі.
«Өсімдіктер физиологиясы» Биологиялық мембраналардың құрылысы, физико химиялық қасиеттері және қасиеттері.
Клетка ішіне заттың ену жолдары: сыртқы мембрананың өткізгіштігі, фаго- мен пиноцитоздар және олардың биологиялық рөлі.
Өсімдік клеткасына судың ену заңдылықтары.
Фотосинтездің жарық сатысы. Циклді, циклсіз фотофосфорлану.
Ферменттер туралы түсінік. Ферменттердің қасиеттері және әсер ету механизмдері. Ферменттер активтілігіне әсер ететін факторлар.
Өсімдіктердегі алкалоидтар, олардың синтезделу жолдары.
Нуклеин қышқылдары,олардың химиялық құрамы, түрлері, ыдырауы және синтезі.
Витаминдер, олардың жалпы сипаттамасы, классификациясы және биологиялық маңызы.
«Адам және жануарлар физиологиясы» Жүйке жүйесінің эволюциясының негізгі кезеңдері. Нейрондардың құрылысы.
Рефлекторлық концепция. Әртүрлі рефлекстердің рефлекторлық доғасының құрамы.
Вегетативтік нерв жүйесі. Пре- және постанглийлік нейрондар.
Эндокриндік бездер жүйесіне жалпы сипаттама және оның гуморальды реттеудегі маңызы.
Қанның құрамы, негізгі қызметтері және физико- химиялық қасиеттері.
Қан айналу жүйесі органдарының құрылысы мен қызметі. Қан айналу шеңберлері.
Жүректің эволюциясы жөнінде түсінік, оның омыртқасыз және омыртқалы жануарлардағы структуралары мен қызметтері.
Тыныс органдарының құрылысы мен қызметі. Тыныс алу типтерінің эволюциясы.
Ас қорыту жолы және оның бөлшектерінің ас қорытудағы маңызы. Ас қорыту жолындағы сіңіру процесі.
Бүйрек және басқа да сыртқа шығару мүшелерінің қызметі. Нефрондар - бүйректің құрылымдық функциональдық бірлігі.
Рецепторлар мен талдағыштар жүйесі. Олардың классификациясы және қызметтік механизмі.
Бейімделушіліктің жалпы принциптері мен механизмдері. Адамның бейімделу ерекшеліктері.
Иммунитет туралы түсінік. Организмнің иммунологиялық реактивтілігі және оның физиологиялық механизмдері.
Рефлекторлық теорияның пайда болуындағы И.М.Сеченов пен И.П.Павловтың енгізген үлестері.
«Генетика» Тұқым қуалаушылықтың цитологиялық негіздері.
Жасуша бөлінуі және өзін өзі өндіруі. Митоз бен мейоздың генетикалық ролі.
Хромосомалар, олардың морфологиясы, структурасы, химиялық құрамы.
Тұқымқуалаушылықтың молекулалық негіздері. ДНҚ – тұқым қуалайтын ақпаратты тасымалдаушы құрылым.
Моногенді тұқым қуалаудың, ди және полигибридті будандастырулардың заңдылықтары. Г.Мендельдің заңдары. Генотиптің оқшаулығы (дискреттілігі) принципінің генетиканың негізгі принципі екендігінің дәлелдемелері.
Гендердің өзара әсерлесуінің типтері.
Ген экспрессиясының реттелуі.
Гендердің тіркесуі кезіндегі тұқым қуалаудың негізгі заңдылықтары. Кроссинговердің генетикалық және цитологиялық дәлелдемелері.
Ген эволюциясы туралы түсінік.
Популяцияның генетикалық құрылымы. Харди – Вайнберг заңы.
Адам генетикасының зерттеудің әдістері және олардың өзіндік ерекшеліктері. Тұқым қуалайтын аурулар және олардың шығу себептері.
Гендік инженерияның қазіргі заманғы жетістіктері. Гендік инженерияның әдістері, оның жетістіктері мен перспективалары.
Эволюция процесінің басты бағыттары туралы А.Н. Северцов және И.И. Шмальгаузен көзқарастары.
Эволюция заңдылықтары. Филогенез формалары (филетикалық эволюция, дивергенция, параллелизм, конвергенция). Жоғары таксондардың шығуындағы моно- және полифилия принциптері.
Жерде тіршіліктің пайда болуының негізгі кезеңдері: архей, протерозой, палеозой, мезозой, кайназой.
Адамның пайда болуының негізгі этаптары. Адамның систематикалық орнына көзқарастар. Адам және приматтардың ұқсастығы мен айырмашылығы. Гоминизацияның негізгі ерекшеліктері. Адам эволюциясында сұрыптаудың түрлі формаларының ролі.
Систематиканың дамуы. Д. Рей и К. Линней еңбектерінің маңызы.
Ежелгі антикалық грек және рим философиясындағы эволюциялық түсініктер элементтері.
Ж. Кювье және Ж. Сент-Илердің ғылыми еңбектерінің эволюциялық идеялар қалыптасуындағы маңызы.
Макроэволюция және оның заңдылықтары: бағыттылық, қайтымсыздық, прогрессивті мамандану. Макро- және микроэволюция үрдістерінің үлестік қатынасы.
Мутация - эволюция процесінің элементарлық факторы.
Қолдан сұрыптау және оның формалары. Үй жануарлар тұқымдары мен мәдени өсімдіктердің іріктемелерін шығарудағы маңызы.
Эволюциядағы прогресс және регресс, олардың критерийлері. Биологиялық прогрестің негізгі жолдары (А.Н. Северцов, И.И. Шмальгаузен т.б.).
«Биологияны оқыту технологиясы» Қазіргі мектепте «Биология» пәнінің мазмұны және құрылымы. Биологиялық білім берудің мақсаты мен міндеттері.
Биологияны оқыту әдістемесінің заңдылықтары мен принциптері.
Академик В.Ф.Зуевтің биология пәнін оқыту туралы методикалық ұсыныстары.
XIX ғасырдағы мектептегі жаратылыс тану пәнін оқытудағы А.Н.Бекетов және Август Любеннің қосқан үлестері.
XIX ғасырдың соңында А.Я.Гердтің мектептегі жаратылыс тану пәнін оқытудағы қосқан үлесі.
Мектептегі жаратылыс тану және оны ХІХ ғасырдың екінші жартысында оқыту әдістемесі.
Мектептегі жаратылыс тану және оны ХХ ғасырдың басында оқыту әдістемесі.
ХХ ғасырдың екінші жартысында биологияны оқыту әдістемесі. Жаңа пәндік әдістер мен жаңа теориялық еңбектер.
Биология пәніндегі басты ұғымдар, олардың түрлері, оқу барысындағы дамуы.
Биология оқулықтары. Қазіргі оқулықтарға қойылатын талаптар.
Биологияны оқытудағы әдістер мен тәсілдер және олардың классификациясы.
Сабақ – биологиядан оқу тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізгі формалары. Биология сабақтарының типтері мен құрылымы.
Зертханалық сабақтар биология оқыту әдісі ретінде. Зертханалық сабақтарды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптар.
Биологиядан оқушылардың білімін, іскерлігін және дағдысын бағалау және тексеру түрлері мен формалары. Баға критерийлері.
Экскурсиялар олардың биологияны оқыту жүйесіндегі орны және маңызы.
Сабақтан тыс жұмыстардың түрлері мен формалары.
Биологиядан жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар түрлері, оларды ұйымдастыру мен әдістемесі.
Биология кабинеті, оларды мектепте жабдықтаудың негізгі проблемалары.
Мектеп оқу тәжірибе участогі және оның биологияны оқытудағы маңызы.
Мектептегі тірі табиғат бұрышы және оның биологияны оқытудағы маңызы..
Биологияны оқытудың инновациялық технологиялары.
Әдебиеттер: Абдрахманов О. Өсімдіктер систематикасы. Төменгі сатыдағы өсімдіктер. - Алматы: Ғылым, 2003. – 440 б.
Бегімкул Б. Генетика: окулык. - Алматы, 2005. - 387б.
Бей-Биенко Г.Я. Общая энтомология: учебник. - М, 2005. - 460с.
Бурунбетова, Қ. Қ. Генетика негіздері: оқулық. - Алматы: Дәуір, 2013. - 264 б.
Дәуітбаева, К. Ә. Паразитология: оқулық. - Алматы: ҚР ЖОО қауымдастығы, 2011. - 296 б.
Догель В.А. Зоология безпозвоночных. – М.: Высшая школа, 1981. (и предыдущие ихдания).
Еленевский А.Г.Ботаника. Систематика высших, или наземных растений: учеб. - М, 2006, 2008, 2008. - 464 с.
Әметов Ә.Ә. Ботаника: окулық. - Алматы, 2010. - 508 б.
Жатқанбаев Ж. Өсімдік физиологиясы: оку қурал. - Алматы, 2006. -184б.
Жимулев И.Ф. Общая и молекулярная генетика: учеб.пособ. - Новосибирск, 2007, 2003. - 479с.
Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы: оқу құралы / Б. М. Силыбаева [и др.] - Алматы: Print-S, 2012. - 615 б.
Иорданский Н.Н.Эволюция жизни: учеб. пособ. - М, 2001. - 432с.
Комарницский Н.А., Кудряшов Л.В., Уранов А.А. Систематика растений. - М.: Высш.школа, 1975. - 608 с.
Коничев А.С.Молекулярная биология:Учеб . - М.: Академия,2005. -400с.
Кузнецов В.В. Физиология растений: учебник. - М, 2006 . -742 с.
Қазақстан биоресурстары: жануарлар әлемі: оқулық / О. Б. Беркінбай [и др.]; жалпы ред. басқ. О. Беркінбай. - Алматы: ҚР ЖОО қауымдастығы, 2013. - 564 б.
Қалеқенұлы Ж. Өсімдіктер физиологиясы: оқулық. - Алматы, 2006. -456 б.
Лобашев М.Е. и др. Генетика с основами селекции. – М.: Просвещение, 1970 – 431 с.
Натали В.Ф. Зоология безпозвоночных. – М.: Просвещение, 1975. (и предыдущие ихдания).
Несіпбаев, Т. Адам және үй жануарлары физиологиясы: оқулық. – Алматы: ҚР ЖОО қауымдастығы, 2013. – 436 б.
Несіпбаев, Т. Жануарлар физиологиясы: оқулық / Т. Несіпбаев. – Алматы: Дәуір, 2012. – 720 б.
Нүрышев М. Адам анатомиясы:окулык. -Алматы, 2006. -348б