Қозғалыс қимылдары мен дағдылары (90 сағат):
Акробатика негіздерімен орындалатын гимнастика (12 сағат)
Саптық жаттығулар.
Бір қатарға және бір лекке сапқа тұру. Бір орында, оңға, солға, артқа бұрылу. Теңел!, Тік тұр!, Еркін тұр!, Қадам бас!, Тоқта! командалары.
Жалпы дамытатын жаттығулар. Аяқтың ұшымен, өкшемен, аяқтың сыртқы жағымен, қолдарды әр түрлі қалыпта ұстап, жартылай отырып, өкшеден аяқтың ұшына ауыса, заттардан аттап, аяқтың ұшымен қосарланған адыммен, қысқа адыммен, өзге қозғалыс – қимылдармен үйлестіре, қайталап, сирақты артқа сілтей, алға тіке ұсталған аяқтарды көтере жүгіру.Денені оңға және солға, алға және артқа еңкейту, бұру және айналдыру. Аяқтарды алға, артқа және жанға сілтеу. Кеудені аяқтарға қарай еңкейту. Шалқалап жатқан бастапқы қалыптан кеудені көтеру. Тобық буындарының қозғалғыштығын дамытуға арналған жаттығулар. Иілгіштікті дамытатын жаттығулар. Босаңсуға арналған жаттығулар.
Өрмелеу. Еңкейтілген гимнастикалық орындықпен алға жылжып, өрмелеу. Жоғары-төмен, солға-оңға секілді әр түрлі тәсілдермен гимнастикалық қабырғалармен өрмелеу. Гимнастикалық қабырғада асылып тұрып тартылу және теңселу. Біріктіріп ұсталған аяқтардың тізесін алға, жанға көтеру.
Тепе-теңдік жаттығулары. Қолдармен әр түрлі қимыл-қозғалыстарды орйындаумен үйлестіре гимнастикалық орындықпен, бөренемен жүру. Төбеге аз ғана салмақты зат қойып жүру. Гимнастикалық орындықта орнында тұрып айналғаннан кейін көзді жұмып, жауырынды алға беріп жүру.
Акробатикалық жаттығулар. Таянып отырған бастапқы қалыптан жинақталу. Артқа, жанға аударылу. Шалқалап жатқан бастапқы қалыптан жинақталу. Оңға, солға аударылып түсу. Жартылай шатқа отыру. Шалқалап жатқан бастапқы қалыптан созылған қолдарға таянып, аяқтарды көтеру. Шалқалап жатқан бастапқы қалыптан жауырынға тұру. Етпеттеп жатқан бастапқы қалыптан денені шалқайту.
Би қозғалыстары. Әр түрлі әуендердің ырғағымен би қозғалысарының кешенін (комплексін) орындау.
Жеңіл атлетика (24 сағат)
Санды жоғары көтеріп жүру және жүгіру. Бағытты өзгертіп жүгіру. Жаттығуларды орындаумен үйлесімділіктегі жүріс. Кедергілерден өтіп жүгіру және жүру. Жаттығуларды орындауды музыка әуенімен үйлестіре баяу және жылдам екпінде жүру және жүгіру. 30, 40, 60 м-лік қуып жету, озу жүгірістері. Қайталап жүгіру. 1 – 1,5 минут баяу жүгіру.
Секірулер. Екі аяқпен ырғып секіру. Алға қозғала екі аяқпен секіру. Алға қозғала бір аяқпен секіру. Екі аяқпен итеріле орнынан ұзындыққа секіру. 50 – 60 см. Биіктіктен секіріп түсу. Екпін алып ұзындық пен биіктікке секіру.
Достарыңызбен бөлісу: |