Бағдарлама атауы Оқу-тәрбие процесіне пәнаралық интеграцияны енгізу арқылы көптілді оқыту бағдарламасы
Заңнамалық және нормативтік база ҚР 2007 жылғы 27 шілдедегі №319-III «Білім туралы » Заңы;
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты Қазақстан халқына Жолдауы;
ҚР Презиндентінің 2016 жылғы 01 наурыздағы №205 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы;
Қазақстан Республикасында 2011-2020 жылдарға арналған тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасы;
Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары;
«Қ.Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжі» КМҚК 2016-2021 жылдарға арналған даму бағдарламасы;
Эксперимент тақырыбы Пәнаралық интеграция-көптілді білім берудің ең тиімді түрі ретінде
Мақсаты
мемлекеттік және ағылшын тілдерін оқыту процесін ынталандыру жүйесін құру; мемлекеттік және ағылшын тілдерін қолдану аясын кеңейту, кәсіби қызмет саласына ықпалдасу;
білім алушыларда бизнес және экономика саласында өзінің болашақ мамандығы бойынша кәсіби қарым-қатынас жасау үшін мемлекеттік және ағылшын тілдерін қолданудың практикалық дағдыларын дамыту.
Нысаналы индикаторлар Бағдарламаны іске асыру үшін кешенді тәсіл әзірленді, онда дамудың негізгі бағыттары (төрт блок): мазмұнын жаңарту, дамытушы білім беру ортасын құру, педагогикалық тәсілдерді әзірлеу, Бақылау-диагностикалық пакетті қалыптастыру
Зерттеу пәні оқу-тәрбие үрдісіне пәнаралық интеграцияны енгізу арқылы көптілді білім берудің теориясы мен әдістемесі
Гипотеза көптілді білім беру-көптілді тұлғаның қалыптасуының негізі, оның қалыптасу деңгейі көп жағдайда қоғамдық қатынастардың қазіргі жағдайында адамның тұлғалық өзін-өзі жүзеге асыруының оң сипатын, оның кәсіби бәсекеге қабілеттілігі мен әлеуметтік ұтқырлығын негіздейді
Задачи - көптілді білім берудің теориялық негіздерін анықтау;
- техникалық және кәсіптік білім беру жағдайында көптілді білім берудің оқу-ұйымдастыру форматын анықтау;
- тиімді көптілді білім беру үшін оқу-әдістемелік базаны анықтау және қамтамасыз ету;
- көптілді білім беруді ғылыми-әдістемелік қолдауымен жобалау және қамтамасыз ету.
Болжамды нәтиже Көптілді білім беруді енгізу қазақ және ағылшын тілдерін кәсіби қызмет деңгейінде практикалық меңгеруге ықпал етуі тиіс.