Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі және қолданылып жүрген заңдар мен заңдылықтарға сәйкес кәсіпорындардың мынадай ұйымдық-құқықтық нысандары бар:
мемлекеттік кәсіпорын;
серіктестік (толық жауапкершілікті, аралас және жауапкершілігі шектеулі жауапкершілікті);
акционерлік қоғам, бірлестіктер.
Кәсіпкерлік қызметке қатысушылар мен олардың әріптестерінің бірігуі «серіктестік» деп талады. Серіктестік шаруашылықтарға әріптестердің қатысуы жазбаша келісімдер мен шарттар түрінде бекітіледі. Серіктестіктерді олардың құрылтайшылары құрайды.