Бағдарламасы «Экономика және кәсіпкерлік негіздері»


Нарықтың мәнi, қызметi мен құрылымы



бет34/91
Дата08.02.2022
өлшемі2,76 Mb.
#121227
түріБағдарламасы
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   91
Байланысты:
УМКД Каз Токтыбаева 1
Обновленный компас ДеФакто
5.2. Нарықтың мәнi, қызметi мен құрылымы. Бәсеке және оның түрлері
Нарық мәселелерінің, қоғамды қайта құру теориясы мен практикасында алатын зор мәніне қарамастан, ТМД-ға кіретін мемлекеттердің және Қазақстан ғалым-экономистерінің арасында нарық туралы бірыңғай пікір жоқ. Осыған байланысты натықтың бірнеше анықтамасын келтірейік.
Нарық-белгілі жүйе әрі айырбас нәтижесінмен жағдайын немесе өндіріс факторына қарай өндірістік қатынастарды қысқарту, шаруашылық субъектілерін байланыстырушы ұйым.
Нарық-тауар айырбасының аясы, сатушы мен сатып алушылар арасындағы белгілі экономикалық қатынастар жүйесінің сипаттамасы.
Нарық сатушы мен сатып алушы арасындағы тауар өткеру жайлы қатынастар жүесін көрсетеді. Осы анықтамалардағы ортақ пікір: нарықты өндірістің емес айырбас саласының катигориясы ретінде қарап, нарықтық қатынастардың субъектісіне сатушы, сатып алушы және тұтынушылар жатқызылады.
Нарық-сатушы мен сатып алушылар арасындағы белгiлi бiр экономикалық қатынастар мен байланыстар жүйесi.
Нарық-күрделi жүйе, оның құрылымын әртүрлi белгiлермен классификациялауға болады.
Елдегi барлық нарықты былай жiктеймiз: iшкi нарық,әлемдiк нарық,еларалық нарық, аймақтық нарық, жергiлiктi оқшауланған нарық.
Әлемдiк нарық - жеке елдiң iшкi нарығымен байланысты. Ол байланыстар өндiрiстiк кооперация мен интеграция, сыртқы сауда, тауар айырбастау операциясымен жүзеге асып отырады.
Iшкi нарық-бiр елдiң мемлекеттiк шекарасының аумағымен шектелген жалпы iшкi нарық. Өндiрiс құрал-жабдығы нарығы, тұтыну нарығы, капитал ,бағалы қағаздар нарығы, жұмысшы күшi нарығы енедi.
Еларалық нарық - экономикалық айырбастың ерекшк формалары мен шарттары, терең еңбек бөлiнiсi арқылы байланыстыратын бiрнеше мемлекттердiң қатысуымен құрылған нарықты айтады.
Аймақтық нарық - бөлек территориялық бөлiмше нарығы. Мысалы: республика, облыс,аудан.
Жергiлiктi оқшауланған нарық- кейбiр елдi пункттердiң жиынтығы болып табылатын нарық.Бұл негiзiнен халық тұтынатын тауарлар мен ақылы қызмет нарығына қатысты айтылады.
Нарықтық қатынастардың жетiлу деңгейi тұрғысынан нарықты былай жiктеймiз: дамыған нарық, қалыптасатын нарық, әртүрлi дәрежедегi бәсекенi шектеу нарықтары (монополиялық, олигополиялық,монополиялық бәсеке).
Бәсекелестiк сипат пен деңгейi тұрғысынан былай жiктеймiз:

  • мемлекеттiк нарық - бiр субъектiсiнiң бағаны анықтауымен сипатталады, алайда сол тауарды шығаратын басқада субъектiлер болуы мүмкiн;

  • олигополиялық нарықта-азғана сатушылар iс-әрекет жасап, олардың әрқайсысы тауар бағасына әсер етуi мүмкiн;

  • монополиялық бәсеке нарығы- еркiн нарық тетiгi мен өндiрiс облысындағы монмполияны кең жiктелген өнiммен сабақтастығы;

Атқарылып жатқан заңдылықтарға сай көзқараспени нарықты былай жiктеймiз:
Ресми және ресми емес.
Нарық мынадай қызметтер атқарады:
• ұдайы өндiрiс процесiн үнемi қамтамасыз ететiн реттеушi;
• ұсынымның көлемi мен құрылымының жедел өзгеруi және оның сұраным төлем қабiлетiне икемделуi;
•экономикалық оқшауланған тауар өндiрушi мне тұтынушылар арасын байланыстыратын буын;
• экономиканың жағдайы туралы объективтi ақпарат көзi;
• тауар мен еңбектiң қоғамдық маңызын анықтау және мойындаушы құрал;
• бәсеке арқылы тиiмсiз шаруашылық түрiнен экономиканы сауықтыру,тазалау;
• құрылымдық тұтыну,тұтынысынан осы кездегi деңгейiне ыңғайлы рациональды таңдауға тұтынушыны экономикалық мәжбүр ету;
• өндiрiстiк шығындарды төмендетуге тауар өндiру-шiлердi экономикалық ынталандыру және оларды өте қажеттi қоғам аясына жұмсау;
• Тауар өндiрушiнi жоғары сапалы және жоғары еңбек өнiмдiлiгiне экономикалық тұрғыдан мәжбүр ету.
Нарық қызметінің көп түрлерінің ішіндегі ерекшесі реттеуші рөл атқару болып табылады. Ол ұдайы өндіріс процесін тиімді әрі үздіксіз қамтамасыз етеді. Нарықтық реттеуші әкімшілік басқарудың ауыстыруы экономикалық жүйенің өзгеруіне алып келіп, сәйкессіздікке, тапшылықтың тууына, адамның экономикалық өсуіне қозғаушы күшін жоюға алып барады.
Нарықтың келесі қызметі-ақпараттық. Тауар бағасы мен қызмет көрсету, банктегі депозит пен несиеге пайыздық өсімнің призма арқылы тұрақты өзгеруі нарықтық экономиканың борометріне әрі айнасына айналдырады.
Нарықтық қажеттілеу қызметтеріне тауардың қоғамдық маңызын мойындау, еңбектік материалдық ынталандыруды экономикалық тұрғыдан қамтамасыз ету және басқаларын жатқызамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет