Бағдарламасы «Экономика және кәсіпкерлік негіздері»



бет74/91
Дата08.02.2022
өлшемі2,76 Mb.
#121227
түріБағдарламасы
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   91
Байланысты:
УМКД Каз Токтыбаева 1

13.3 Мультипликатор түсінігі.
Мультипликатор – сөзбе-сөз аударғанда көбейткіш деген ұғымды білдіреді. Рыноктың шаруашылық жүйесіндегі мультипликатордың мәні мынада: инвестицияның ұлғаюы қоғамның ұлттық табысын алғашқы инвестиция өсімінің мөлшерінен артық мөлшерге көбейтеді. Басқаша айтқанда, суға тастаған тас қандай толқын шеңберін туғызса, экономикаға «тасталған» инвестиция да табыс және жұмыспен қамтудың өсуі сияқты тізбекті реакцияны туғызады. Әуелі инвестицияның ұлттық табыстың тұтынуына арналған бөлігінің өсуіне ықпалын қарастырайық. Осы арқылы сұраныс мультипликаторы зерттеледі.
Мультипликаторды мәліметтермен суреттеу үшін бір мысал келтірейік. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшін мемлекет 1 млн. Доллар жұмсады деп ұйғаралық. егер қоғамдағы қалыптасқан МРС 0,7-ге тең десек, онда мультипликатор, яғни

ҰТ-ның өсімі қандай болмақ? Ол,
тең.
Мультипликатордың теориялық концентрациясы инвестиция мен жинақтар арасында сәйкестікпен байланысты, тепе-теңдік мәселесін терең ұғынуға көмектеседі. S пен I сызықтарының тепе-теңдік болмауы экономиканың тиімділік қызметіне нұқсан келтіреді, инвестициялық және дефляциялық үзілістер пайда болады.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің (ЭМР) обьективті қажеттілігі мен оның мәні
Мемлекет – саяси биліктің институты. Ең алғаш рет stato терминін Н.Маккиавелли мемлекетті саяси биліктің институты ретінде бейнелеу үшін енгізді. Мұндай институт еңбектің қоғамдық бөлінуінің, жеке меншік пен кластардың пайда болуының заңды нәтижесі болып табылды.
Алдымен, жеке тұлғалар, одан соң бірнеше топтар белгісіз органға өз функцияларын берді. Мұндай орган бірте-бірте белгілі бір аймақта өмір сүретін халықты заңды түрде мәжбүрлеу құралдарын иеленген институтар жүйесіне айналды. Заңдық, атқарушы және сот билігі арқылы нормалық, реттеу және бақылау функияларын атқаратын мемлекет осылай пайда болды.
Мемлекет – бұл тек саяси басқару органы ғана емес, бұл саяси билік органы, бұл экономикалық жағынан үстемдік етіп отырған кластың қолындағы саяси қару.
Мемлекет «түнгі қарауыл» ретінде. XVII ғасырдың ортасынан XIX ғасырдың ортасына дейін мемлекеттің ролі азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етумен, олардың мүлкін сақтаумен (меншік құқығын қорғау), шаруашылық субъектілердің өзара қарым-қатынасы үшін қажетті құқықтық база жасаумен, келісім-шарттардың орындалуын бақылаумен байланысты функцияларды орындаумен шектелді. Бұл кезеңде мемлекеттің неғұрлым толық анықтамасын ешкім де, ешнәрсе де қалыптасқан тәртіпті бұзбауын бақылауы қажет «түнгі қарауылмен» теңестіру арқылы түсіндіруге болады.
Мемлекеттік саясат XX ғасырдың 50-жылдарының ортасы мен 70-жылдарының ортасына дейін келесідей алғы шарттар негізінде қалыптасты:
1. Экономика тек қана жеке капиталистік емес, аралас болуы қажет. Экономикаға мемлекеттің араласу қажеттілігі нарықтық экономиканың ресурстарды тиімді бөле алмайтын кемістігінен туындады. Мұндай кемшіліктерге қоғамдық игілік, табиғи монополия және сыртқы әсерлердің болуы мен ақпараттың толық еместігі жатады.
2. Нарық өз-өзінен тұрақты макроэкономикалық нәтижелерге әкеле алмайтындықтан реттелінген макроэкономикалық саясат қажет.
3.Нарық өз-өзінен табысты бірдей бөлістіре алмайды. Сондықтан мемлекет бір жағынан, табысты бөлістіруді реттеуі қажет, ал екінші жағынан – қандай да бір себептермен табыс көзінен айырылып қалғандарды қорғауы қажет. Солармен бір мезгілде мемлекет білім беру және денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытуы қажет.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін көптеген саяси партиялардың бағдарламалық құжаттарында, сондай-ақ Батыс Европаның үш мемлекетінің конституциясында (ГФР Негізгі Заңы 1949 ж., Франция Конституциясы 1958 ж., Испания Конституциясы 1978 ж.) «әлеуметтік мемлекет» термині пайда болды. Қазақстан Республикасы да өзін ҚР Конституциясында «әлеуметтік мемлекет» деп жариялады (1995 ж.)
Экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі, басты мақсаты қоғамда әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету болып табылады. Кез келген мемлекетте мемлекеттік реттеудің бұл басты мақсатының тікелей салдары экономикалық өсудің бастапқы жағдайы мен потенциалының қалыптасуы, ал осының негізінде – халықтың әл-ауқатының жоғарылауы болып табылады.
Институтционализм және оның негізін салушылар

Кез-келген экономикалық жүйе экономиканың негізгі үш мәселемін шешеді: не, қалай және не үшін?



Әр экономикалық жүйеде экономиканың басты үш мәселесі шаруашылық жүргізу процесінде түрліше шешіледі. Шаруашылық жүргізу шығындар мен нәтеделер мөлшерінің сәйкес болуын көздейді.
Экономикалық өмірдегі шығындар мен нәтежелер әр түрлі. Тиімділіктің мынадай түрлері ажыратылып жүр:
А) ресурстық тиімділік, мұнда нәтеже өндіріс факторларының бірімен: еңбек, капитал, материалдармен (еңбек өнімділігі, қор қайтарымы, материал қайтарымы) қатынасы
Б) жалпы тиімділік, мұнда нәтеже жалпы ағымдағы шығындармен қатынасы
Сонымен қатар, экономикалық жүйені жұмыс істеудің шығыны да ажыратылып жүр. Кез келген экономикалық процесс мәлімелері табылады, олардың жүзеге асырылуы транакциялық шығынмен байланысты.
Трансакциялық шығындар түсінігін американдық экономист Р.Коуз енгізді. Нарықтың қызметі трансакциялық шығындары үнемдеу болып табылады. Трансакциялық шығындар теориясы тұрғысынан нарықтың басты басымдылығы ретінде оның ақпаратқа айырбастауға әр қатсушының шығындарын төмендету тенденциясы жүреді. Ақпараттыалуға жұмсалатын шығындар барлық трансакциялық шығындардың негізгі бөлігін құраса, онда осы игілікті өндрушілер мен тұтынушылар арасындағы қатынастар нарық түрінде ұйымдастырылады. Бұл кезде ақпарат шығындарының абсолюттік денгейінің өзі, өзінің өндірістік шығындарымен салыстырғанда өте жоғары бола алмайды, басқаша жағдайда нарық шекарасы өте тар болып, алушылар саны нарықтық қатынастардың тұрақты әрекет етуіне қажет кейбір қауіпті мәнінен аса алмай қалады.
Трансакциялық шығындар – айырбас саласындағы спецификамен және меншік құқығының қорғалуымен байланысты шығындар. Экономикалық жүйе неғұрлым жақсы ұйымдастырылса, трансакциялық шығындар көлемі соғырлым кіші болады.
Экономикалық жүйе элементтерінің экономикалық ықпал етуі институттар көмегімен жүзеге асырылады.
Институттар – экономикалық жүйелер арасындағы өзара әрекеттесуді реттеп отыратын ережелер мен нормалар. Институттарды таңдаудағы басты мақсат –трансакциялық шығындарды минимумға жеткізу болып табылады.
Институттар жасалуына мемлекеттің ролі зор. Нарықтық экономикадағы мемлекеттің басты міндеті – бизнес жүргізу және бәсекелестік үшін жағымды шаруашылық жағдайлар тудыру.
Экономикалық жүйенің қызмет етуіндегі мемлекеттің қатысуы мына негізгі міндеттерді орындаумен байланысты:
1. Экономиканы қажетті ақша мөлшерімен қамтамасыз ету;
2. Сыртқы жағымсыз әсерлерден реттеу;
3. Қоғамдық игіліктерге деген қажеттерді қанағаттандыру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет