13.2. Инвестициялар және олардың қызметі атқару ролі. Инвестиция деңгейі қоғамның ұлттық табысының көлеміне ықпал етеді, ұлттық экономиканың көптеген макро-пропорциялары инвестиция қозғалысына тәуелді. Кейнсиандық теория бойынша инвестиция мен жинақ ахуалы әр түрлі процестер мен жағдайлар арқылы анықталады.
Ел аумағындағы инвестициялар ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесін анықтайды. Жаңа кәсіпорындар құрылысы, үй тұрғызу, жол салу соларға байланысты жаңа жұмыс орнын жасау инвестициялық процестерге немесе капиталдың құрылуына тәуелді.
Инвестиция қандай факторларға тәуелді? Олардың ең маңыздыларын атап өтейік. Біріншіден, инвестиция процесі күтіліп отырған пайда нормасына немесе күрделі қаржылық рентабелділігіне тәуелді. Егер инвестордың пікірінше рентабелділік төмен болса, онда қаржыландыру жүзеге аспайды. Екіншіден (мұның өзі бірінші жағдаймен байланысты) инвестор шешім қабылдау кезінде күрделі қаржының альтернативті мүмкіндіктерін есепке алады және мұндағы шешуші фактор процент ставкасының деңгейі болады. Сонымен инвестиция процент ставкасының қызметі де, ал жинақ – табыстың қызметі. Үшіншіден, инвестиция сол елдегі немесе аймақтағы салық салудың деңгейі мен ахуалына тәуелді. Салық деңгейінің жоғары болуы инвестицияны ынталандырмайды, сонымен қатар салықтың қандай ставкасы жоғары немесе төмен деп үзілді-кесілді айтуға да болмайды.
Инвестициялардың, жинақ пен табыстың өзара әрекетін анықтаушы маңызды макроэкономикалық пропорцияларды былайша сипаттауға болады:
Ү=C+I яғни, ұлттық табыстың пайдаланылған бөлігін тұтыну (С) және жинақ (І) шығындарының сомасына тең. Мұнда тұтыну табыстың қызметін атқарады, яғни С = С (Ү).
Екінші жағынан, өндірілген ұлттық табысты былайша көрсетуге болады: Ү=C+S, мұндағы S-те (жинақ) табыс қызметін атқарады, олай болса S=S(V). Сонымен егер C+I=C+S болса, онда I=S, инвестиция қызметі r:1=1(r) болады да, ал жинақ қызметі V:S=S(V) болады.
Қоғам көлеміндегі өзара байланысты тауарлар мен қызмет көрсету рыноктарының тепе-теңдігі, яғни жиынтық сұраныс пен ұсыныстың өзара теңдігі жинақ пен инвестицияның тепе-теңдігін сақтауды талап етеді. Инвестицияның процент қызметін, ал жинақтың табыс қызметін атқаруы тепе-теңдік мәселесін сақтауды өте қиындатады.
Инветицияның ұлғаюы ұлттық табыстың өсуі мен белгілі бір тиімділік арқылы жұмыспен толық қамтуды іс жүзіне асыруға ықпал етеді. Белгілі бір тиімділік деп отырғанымыз Экономика негіздеріда – мультипликатор әсері деп аталады.