АҚША МАССАСЫ
Ақшадан басқа қаржы құралдарына акция мен облигация жатады. Облигация – бұл облигация ұстаушыға жарты жылда бір төленетін пайыз түріндегі тұрақты табысқа кепілдік беретін қаржы құралы. Облигация көмегімен мемлекет немесе жеке корпорациялар үй шаруашылықтарынан ақшаны қарызға алады.
Акциялар – акция ұстаушыларға корпорация пайдасынан дивиденд түріндегі табысты қамтамасыз ететін қаржы құралы. Қаржы құралдарының маңызды белгілерінің бірі болып олардың өтімділігі-қолма қол ақшаға ауыстырылу қабілеті табылады.Ақша абсолютті өтімділікке ие.Кез келген облигация не акцияны қолма қол ақшаға аудару күрделі.Қаржы құралдарының өтімділігі неғұрлым төмен болса,соғұрлым шығындалу тәуекелі жоғары.Экономика негіздеріда қаржы нарығы әдетте екі бөлікке бөлінеді-ақша нарығы және капиталдар нарығы.Ақша нарығында келісімдер қысқа мерзімді бағалы қағаздармен жасалады. Қысқа мерзімді бағалы қағаздар деп қарызды жабу мерзімі бір жылдан аспайтын бағалы қағаздарды атаймыз.Капиталдар нарығы қарызды жабу мерзімі бір жылдан асатын бағалы қарыздармен келісімдерді біріктіреді.
Ақша - несиелік жүйе
1 Ақшалай - несиелік жүйе. Ақшалай жүйенің түсінігі және типтері.
Дүние жүзінде әр елдің өз ақша айналымының жүйелері бар және олар сол елдің өз заңымен бекітілген. Ақша айналымының басты компоненттері мыналар:
1 Ұлттық ақша өлшемі (доллар, теңге, иен сом және т.б.) – бұл арқылы тауарлар бағалары белгіленеді.
2 Несие және қағаз ақшалар, монеталар жүйесі – бұлар қолма-қол айналымдағы заңды төлем құралдары болып саналады.
3 Ақша эмиссиясы жүйесі – яғни айналымға ақша шығарудың заңды түрде бекітілген тәртібі.
4 Ақша айналымын реттеп отыртатын мемлекеттік органдар.
Ақша айналымы жүйесінің негізгі екі түрі бар:
1) Металл ақшалар айналымы жүйесі. Мұнда толыққанды алтын немесе күміс монеталар айналымда болады, олар ақшаның барлық қызметін атқарады.
2) Несие және қағаз ақша айналымы жүйесі. Бұлардың ерекшелігі алтынға айырбастала алмайды, алтынның өзін айналымнан ығыстырады.
Қазіргі кеөде қағаз әжне несие ақшаларды шығаруды мемлекет тікелей өз билігіне алды.
Ақша массасы дегеніміз не?
Ақша массасы – халық шаруашылығндағы тауарлар мен қызметтің айналымын қамтамасыз ететін сатып алу мен төлемдердің жиынтығы. Олар жеке адамдарды кәсіпорындармен, бірлестіктермен көрсететін ақша құралдары, ал пассивті бөлігіне ақша қорларының есепшоттағы қалғандары жатады, соңғысы есеп айырысу құралдары ролін атқарады.
Ақша массасының құрылымы едәуір күрделі және ол қатардағы тұтынушының ойлағанындай тек қолдағы қағаз ақша мен айырбас монетасы емес. Шындығында қағаз ақшаның ақша массасының үлесі өте төмен (25%-тен). Ал басқа кәсіпорындар мен ұйымдар арасында дамыған рыноктық экономикада бөлшек ссудалық өзі де банктік есепшот арқылы жүреді.
Қазіргі рыноктық экономикада банктік ақша дәуірі басталады. Банктік ақшаға чектер, несие карточкаларыжәне т.б. жатады. Аталған есеп айырысу құралдары банктік депозиттерді де бөлмейді. Тауар мен қызметті сатып алушы чек пен несие карточкасы арқылы банктерге өз депозитнен қажетті соманы сатушының есепшотына аудартады немесе қолма-қол беруді бұйырады.Ақша массасының құрамына тікелей сатып алу немесе төлем құралы ретінде пайдаланылмайтын компонеттер де кіреді. Олар коммерциялық банктердегі мерзімді есепшоттағы жинақ салымдары, басқа да несие-қаржы ұйымдарының қаржылары, депозиттік сертификаттар, инвестициялық қорлардағы акциялар. Ақша айналымының аталған компонеттері «квази – ақша» деп аталады. Ақша айналымының ең қолайлысы да және ең тез өсетіні осы квази-ақшалар. Профессор Г. Самуэльсон квази-ақшаларды өтімді активтер деп атайды. Қандай болмасын мүліктік немесе активтің өтімділігі дегенде оның оңай сатылуы және құнын жоғалтпай ақша түріне айналуы мүмкіндігін айтады.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, ақша айналыцмы құрылымында мынадай компоненттерді бөліп көрсетеді, оларды ақша агрегаттары М1 және М2 деп атайды.М3 , М4 М1 – мағынасындағы ақшаны басқаша « іскерлік ақша » деп атайды.
М1 – қолма-қол және банктің ағымдағы есепшотындағы ақшалар, тарап кеткенге дейінгі есепшоттар, басқа чектік салымдар, кейде несиелік карточкалардан тұрады.
М1 – М2 және аз мөлшерлі жедел салымдар басқа тез өтімді жинақты ( яғни қолма-қол жеңіл айналатын жинақтар)
М3 – М2 және көп мөлшерлі жедел салымдар.
М4 – М3 және ірі коммерциялық банктердің депозиттік сертификаттары.
АҚШ-та ақша массасын анықтау үшін, яғни Германияда – үш, Англия мен Францияда – екі ақша агрегаты қолданылады.
2 Ақшаға сұраныс пен ұсыныс
Ақшаға сұраныс пен теориялық талдау мен рыноктағы теңдік жағдайларын зерделеу бұл мәселелерде екі негізгі экономикалық мектептің монетарлық және Кейнстік макроэкономикалық үлгілердің пайда болғанын көрсетеді.
Ақшаға деген сұраныстың монетарлық теориясы неоклассикалық дәстүрлерге сүйеніп, ХVIII ғ. пайда болды. Бұл теорияэкономика ғылымында үстіміздегі ғасырдың 30-40 жылдарына дейін үстемдік жүргізген ақшалық, сандық теориясының ұсыныстарын басшылыққа алды. Бұл мектептің негізгі идеяларын ұсынғандар ағылшын ғалымдары Д. Юм, Дж. Милль, А. Маршалл, А. Пигу, К. Виксель, Д. Патиккин, американ ғалымдары Ч. Фишер, шведтік Г. Кассель мен Б. Хонсен.
Қазіргі монетаризм сандық теорияның жаңа варианты ретінде Чикаго мектебі ғалымдарының 50 -60жж. еңбектерінен көрінді ( М.Фридмен, К. Брунчер, А.А.Мельцер ).
Кейнсианның және монетарлық тәсілдердің айырмашылықтарын жақсы білу үшін, алдымен неоклассикалық варианттың сандық теориясына талдау жасау. Сандық теорияның негізгі постулаты (жорамалы) мынада: бағаның абсолютті деңгейі номиналда ақша қалдығының ұсынысымен анықталады. Мұндай тәуелділік белгілі кембридж теңдігі деп аталады. Кембридж мектебінің өкілдері ағылшын ғалымдары А.Маршалл, А.Пигу, Д.Робертен бұл теңдікті былай қисындады: М-S = KPY .
Мұнда М-S – ақшаның номиналды саны. К – номиналды табыс пен қажеттілігі ақша қалдықтары(шаруашылық істің құрылымында тұрақты болуы) арасындағы пропорция. Р – бағаның абсолютті деңгейі, Ү – нақты табыс. Егер К мен Ү - өзгермейтін тұрақты мөлшер деп есептесек, онда ақшаның номиналды санының өзгеруі М-S бағаның абсолютті деңгейінің де өзгеруіне әкеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |