Бағдарламасы «Экономика және кәсіпкерлік негіздері»


Инфляция және оның түрлері. Инфляцияның себептері. Инфляция салдары. Филлипс қисығы. Инфляцияға қарсы саясат



бет67/91
Дата08.02.2022
өлшемі2,76 Mb.
#121227
түріБағдарламасы
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   91
Байланысты:
УМКД Каз Токтыбаева 1

2. Инфляция және оның түрлері. Инфляцияның себептері. Инфляция салдары. Филлипс қисығы. Инфляцияға қарсы саясат.
Инфляция – бұл ақшаның алтынмен байланысты үзгеннен кейінгі қағаз ақша айналымының ауруы. Мұндай жағдайда айналымда жүрген қағаз ақшаның көлемі ерекше маңызды болады: егерде ол тауар айналымы қажеттілігенен асып кетсе онда инфляция артық ақша шығарудың нәтижесі ретінде шығады. Шынында, инфляция – нарықтық экономиканың өзіндік ерекшелігі бар қағаз ақшаның «ісігі».
Нарықтық экономика үшін инфляция өте қауіпті. Барлық деңгейдегі бағалардың жалпы көтерілумен көрінетін инфляцияның мына төмендегідей кемшіліктерге әкеліп тайстайтыны бар.
Инфляцияның мәні - ол тауарлар мен көрсетілген қызметтердің бағасының өсуі және тауар тапшылығы мен қызмет сапасының төмендеуі салдарынан ақшаның құнсыздануы, оның сатып алу мүмкіндігінің құлдырауы. Инфляция -қоғамдық ұдайы өндірістегі диспропорцияның көрінісі. Ол мемлекеттің табысы мен шығынының үйлеспеуі салдарынан кездесетін кез келген экономикалық формацияға тән кұбылыс. Инфляция ұлттық табысты экономиканың салалары арасында, коммерциялык құрылымдар, халықтың топтары мен мемлекеттің және шаруашылық субъектілері арасында қайта бөлуге тірейді.
"Инфляция" қабару, көтерілу, ісу деген мағынаны білдіретін латын сөзі. Шындығында да, кауырт жағдайларда (мысалы, соғыс, революция және с.с. кездейсоқ жағдайларда экономиканы дамыту үшін) мемлекеттік шығындарды қағаз ақша шығарумен қаржыландыру ақша айналымының күрт "көтеріліп", қағаз ақшаның құнсыздануына әкеп соктырады.
Ал қазіргі инфляцияға тән біраз ерекшеліктер бар. Олар:

  • егер бұрын инфляция бір жердің шеңберінен аспаса,
    казіргі инфляция елдің бүкіл жерін камтиды;

  • егер бұрын инфляция бір мезгілде ғана жүрсе, қазіргі
    инфляция көп уақытқа созылған кұбылыс;

  • егер бұрын инфляция тек ақшаның әсерінен туындаса,
    қазіргі инфляция көптеген ақшасыз және т.б. фактор-
    ларға байланысты болады.

Инфляцияның түбегейлі себептері тауар айналымы және тауар өндірісі аясында болғанымен, оған елдегі саяси жағдайлар да әсер етеді.
Инфляцияға әсер ететін бірінші топтағы ақшалы факторлар - ақшаға сұраныстың тауарлы ұсыныстан жоғары болуының нәтижесінде ақша айналысы заңы талаптарының бұзылуы, яғни бюджет тапшылығын жою мақсатында шама-дан тыс ақша шыгаруға байланысты айналыстағы ақша массасынын көбеюі; халық шаруашылығындағы несие ақшаларының көптігі; ұлттық валютанын курсын бірқалыпта ұстау ушін үкіметтің қолданатын тәсілдері; ұлттык валюта-ныя қозғалысын шектеу және т.б. факторлар.
Екінші топка тауарлар бағасын және шығындарды өсіретін акшалы емес факторлар жатады. Олар: қоғамдык ұдайы өндіріс құрылымының үйлеспеушілігі, шаруашылык механизмінің шығындылығы, мемлекеттің экономикалық саясаты, оның ішінде салық және баға саясаты, сыртқы экономикалық іс-шаралары және с.с. факторлар.
Инфляцияның бірнеше түрлері бар. Баға өсуі қарқыны көзқарасы тұрғысынан инфляцияны төмендегідей түрге бөлуге болады: а) баяу; ү) қарқынды; б) ұшқыр. Баяу инфляция кезінде бағалар баяу (жылына 10% - дан аздау) өседіү Инфляция 2-3 % болған жағдайда, нарық ұшін орынды құбылыс болып табылады. Қарқынды инфляция кезінде баға жылдам, ырғи-ырғи (жылында 20-дан 200% - ға дейін) өседі. Ұшқыр инфляция кезінде айналымдағы ақшаның саны мен баға астрономиялық жылдамдықпен (500-1000%) өседі.
Экономикалық құбылыс ретінде инфляция ұзақ өмір сүруде. Инфляция термині латын сөзі – inflatio – (вздутие) – қампаю тұңғыш рет Солтүстік Америкада 1861-1865 жылдардағы азамат соғыс кезінде пайда болып айналымдағы қағаз ақшаларды тым көбейіп кетуі процесін білдірген.
Инфляцияның жалпы анықтамасы – айналымдағы ақша массасының қажеттіліктен тыс артып кетуі.
Әр түрлі негіздердің болуында инфляция келесі түрлерге топталады:
1 Инфляция процесінің сипатына қарай ашық және жабық инфляция болады.
Инфляциялық шок – бір кезеңдегі бағаның өте жоғары көтерілуі.
2 Таралу орнына есепке ала отырып инфляцияны келесі трлерге бөлеміз:

  • жергілікті (локальная) – баға өсуі бір жұп шеңберден аспайды;

  • әлемдік- елдер тобын немесе бүкіл әлемдік топты қамтиды.

3 Инфляция баға өсуі қарқыны бойынша келесі түрлерге бөлінеді:

  • Ашық инфляция – рынокты-экономикалық елдерге тән. Ашық инфляция рыноктык процестерді бұрмалағаны мен өндірулер мен капиталды тиімді қолдану сферасын көрсететін белгілер ролін бағаға қалдырады.

  • Басыңқы инфляция – бұл жасырын инфляция. Баға мен кірісті әкімшіл-әміршіл бақылайтын экономикаға тән.

4. Баға қарқынының өсуіне байланысты инфляция түрлері:

  • Қалыпты баға – жылына 10 процент төмен өседі;

  • Жоғарғы қарқынды – 20 процент – 200-ге дейін;

  • Гипер инфляция – 500-1000 процентке дейін.

Инфляция себептері.
Қағаз ақша эмиссиясына (мемлекеттік монополия), сыртқы саудаға байланысты (өндірістік).
Жалпы инфляция – тепе-теңдік бұзылу формасы, баға деңгейінің жоғалуы. Сұраныс пен ұсыныс болмысының бұзылуы. Сонымен қатар, инфляцияны бағаның үздіксіз жалпы өсуі деп анықтама беруге болады, яғни баға тұрақты өседі және жалпы бағаның өсуі барлық рынокты қамтиды. Бұл бүкіл экономикаға тән. Ақша құнсызданады және оның сатып алу деңгейі төмендейді.
Инфляция зардаптары және инфляцияға қарсы саясат.
Инфляция зардаптары жағымды және жағымсыз болып бөлінеді.
Инфляцияға қарсы саясатты екіге бөліп қарастырамыз:
1) Кейнсиан үлгісі – ақша сұранымының шектелуі ( пайыздық және ставкалардың көтерілуі).
а) ақша жиынтығының және мемлекеттік кірістің азаюы;
б) кіріс табысы, баға мен жалақыға бақылау.
2) Монетарлық үлгі – мемлекеттің араласуын барынша азайту.
а) өндірісті бәсекелестік тұрғыдан ынталандыру, салықты төмендету;
б) жалақының өсуін шектеудегі бағаның еркіндігі;
в) протексионоистік саясаттың өсуі.
Филлипстің қисық сызығы.
Баға деңгейінің өсуі инфляцияны өсіреді. Одан кейін шектеуге әкеп соғатын инфляциямен күрес жүреді. Жұмыссыздық пен инфляция арасындағы бұл байланысты А. Филлипс зерттеді. Жұмыссыздық көрсеткіштері атаулы жалақының өсуі төмендеген жағдайда жоғарылйды да, жалақының өсуіне қарай төмендейді.
И нфляция



4

3


2

1


1 2 3
Жұмыссыздық деңгейі




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет