Газ тарату механизмінің жұмысы Газ тарату механизмі цилиндрлерге дер кезінде ауа (дизельді моторда) немесе жанғыш қоспа (бензинді моторда) жеткізу және цилиндрдегі пайдаланылған газды шығару қызметін атқарады. Клапандар енгізу және шығару тесіктерін ашып-жауып тұрады, ал бұлар цилиндрлердің енгізу және шығару түтіктерімен жалғастырады.
Клапанды газ таратқыш механизмнің екі түрі болады: жоғары және бүйірге орналасқан клапандар болады. Жоғарға орналасқан клапандар цилиндр қалпақшасына, ал бүйірге орналасқан клапынды механизмдер қозғалтқыштың бүйірінде болады.
Газ тарату фазасын таблица немесе айналма диаграмма түрінде бейнелейді.
Газ тарату механизмінің ақаулары
Қозғалтқышты пайдаланған кезде газ тарату механизмі деталь-дарының үйкелетін беттері тозып олардың түйіндескен беттеріндегі саңылау арта түседі. Сонымен қоса ыстық газдың, соққы күштің, бөлінген күйенің әсерінен клапандардың ершікке орнығуы бұзылады.
Газ тарату механизмінің негізгі ақаулары мыналар: клапан фаскасының және оның бағыттауыш втулкасының, күйенте соққышы мен реттегіш винт қалпақшасының, штанга мен түрткіш ұштығының, таратқыш біліктің жұдырықшасы мен мойынының, таратқыш біліктің тірек втулкасы мен таратқыш шестерня тістерінің тозуы, клапан серіппесінің серпімділігінің жойылуы. Бұл аталған ақаулардан тарсыл пайда болады, оның қуаты кеміп, тиімділігі төмендейді.
Газ тарату механизмінің бірқалыпты жұмысын қамтамасыз ету үшін цилиндрлер қалпақшасын, күйенте білікшесі тірегін және басқа бөлшектерді тексеріп, бекітілген түстарын қатайтып бүрау, клапандар мен күйентелердің механизмінің аралықтарындағы саңылауды тексеру және ретке келтіру қажет.
Автомобиль қозғалтқыштарының клапандар мен күйентелер арасындағы саңылау өзгерсе, қуатты кемітіп, отынның меншікті шығынын арттырады.
Тақырыпты ашу: «Кинометафора» әдісі. бейнеролик көрсету
Интернет жүйесі:
https://www.youtube.com/watch?v=zKPXafnlPyk
https://www.youtube.com/watch?v=2zg05RFBgCo
https://www.youtube.com/watch?v=AA81dQadz4A
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар: 1.Газ тарататын механизм не үшін қолданылады? 2.Газ тарату механизмінің атқаратын қызметін түсіндіріңіз! 3.Газ тарату механизмінің қандай түрлері болады ? 4.Газ тарату механизмі қандай негізгі бөлшектерден құралады? 5.Клапандарды қандай бөлшектер ашып, жабады? 6.Газ тарату диаграммасы деп қандай графикті айтады ? 7.Неге клапандар ертерек ашылып, кешігіп жабылады ? 8.Жылу саңылауы не үшін қажет және оны қалай реттейді?
Үй тапсырмасы
Газ тарату механизмі тақырыбына байланысты интернет желісінен қосымша материалдар қарау