Бағдарламасы «Экономика және кәсіпкерлік негіздері»


Тақырып 10. Экономикалық өсу және нарықтық экономиканың тұрақсыздығы



бет65/91
Дата08.02.2022
өлшемі2,76 Mb.
#121227
түріБағдарламасы
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   91
Байланысты:
УМКД Каз Токтыбаева 1
Обновленный компас ДеФакто
Тақырып 10. Экономикалық өсу және нарықтық экономиканың тұрақсыздығы
1. Артық өндiру және жеткiлiксiз өндiру экономикалық дағдарыстың теориялары


1. Артық өндiру және жеткiлiксiз өндiру экономикалық дағдарыстың теориялары
Қазiргi нарықтық өндiрiс бiр қалыпты әрi үзiлiссiз еместiгiмен айқындалады. Өндiрiстiң экоомикалық өсуi және бiр қалыптылығы үнемi оның құлдырауымен қосақтасып отырады. Экономикалық дағдарыс - бұл өндiрiс көлемiнiң кенеттен төмендеуi.Өндiрiс көлемi төмендеуiнiң алғы шартына экономикалағы қорлану диспропорциясын жатқызамыз.
Бiрiншiден,бұл тауар және ақша қайшылығымен байланысты екендiгi белгiлi.Қай кезде Ақша айналым Құралы ретiнде қолданылғанда,онда айырбас процесi Т-А-т екi қарама-қарсы актiге үзiледi:1)сату Т-А болса,2)сатып алу А-Т болмақ.Тауарды сату деген сол мезгiлде басқаны сатып алуды көрсетпейдi: сатып алу кештеу басқа жерде болуы мүмкiн немесе тiптi болмауы мүмкiн - ақша жинау құралы ретiнде қолданылады.
Екiншiден,бағалы қағаздардың үзiлiссiз тербелуi осы рыноктағы сұраным мен ұсыным арасындағы диспропорциясын тұрақты пайда болуы байқатады.
Үшiншiден - бұл капиталдың артық қорлануы.Өндiрiстiң ұлғаюы төлем сұранымымен салыстырғанда тым артық болып келедi.Сондықтан экономикалық дағдарыс - артық өндiру деп те атайды.
“Бәсекелестiк күрес,әсiресе техникадағы шешушi төңкерiстер кезiнде,ескi еңбек құралдарын оның табиғи өлуiне дейiн жаңасымен ауыстыруды талап етедi. Катастрофа,дағдарыстың басты қояр нәрсесi - кәсiпорындағы iрi жабдықтарды кең қоғамдық масштабта мерзiмiнен ертерк жаңалауға итермелейдi.”
ТМД елдерiнде 1990-ыншы жылдар экономикалық дағдарыстың жаңа типi пайда болды - бұл өндiруi жетпеген дағдарыс.
1990-ыншы жылы 16,5млрд сомға тауар қанағаттындырылмады.1997-ыншы жылы экономика 1990-ыншы жылдың 40% құрады.
Экономикалық цикл.Кейнстiк,неокейнстiк және монетарлық тұжырымдамалары.
Экономикалық цикл - бұл дағдарыстар арасындағы мерзiм және осы кезде оның 4 фазасы ауысады.Фазаның 1-шi циклы - өндiрiс құлдырауының дағдарысы.Дағдарыс құбылысыың болуы сұраным төлем қабiлеттiлiгiмен салыстырғанда тауарды артық өндiрумен түсiндiрiледi.
Экономикалық циклдың келесi фазасы депрессия.Бұл фазада өндiрiстiң құлдырауы тоқталады.
Келесi фаза - тiрiлу,бұған тән нәрсе өндiрiстi ұлғайту,демек пайда бар деген сөз.
Циклдың кезектi фазасы - өрлеумен алмасады.
Қазiргi циклдық дамудың ерекшелiктерi,ұзын толқындар.
Қазiргi кезде экономикалық дағдарыстар тым жиiледi және терендей түстi. Дағдарыс сипаты инфляциямен сипатталады. Дағдарыс құбылысының инфляциямен қосылуы стагфляция деп аталды.
Жаңа технологиялардың дамуымен байланысты ,ескi салалар құлдырады,бұл құлдырау құрылымдық деп аталады.
Циклдардың классификациялары:
1Н.П.Кондратьевтiң циклдары немесе ұзақтығы 40-60 жылға созылған ұзын толқынды циклдар.
2белгiлi американ экономисi С.Кузнецтiң(1901-1983)циклдары және олардың ұзақтығы 20 жылмен шектеледi.
3Жеке шаруашылық циклдары.1 жылдан 12-жылға дейiн қамтидi,инвестициялық белсендiлікке байланысты.


t, уақыт

Макконнелл және С.Брю циклдары фазалары




Циклдардың сипатты белгілері

өрлеу

құлдырау

  • қорлардың көбеюі

  • өндірістік инвестициялардың артуы

  • еңбекке сұраныстың көбеюі

  • пайданың жоғарлауы

  • несиеге сұраныстың жоғарлауы

  • өндірістің өсуі

  • қорларды жою

  • өндірістік инвестициялардың қысқаруы

  • еңбекке сұраныстың кемуі

  • пайданың кемуі

  • несиеге сұраныстың азаюы

  • өндіріс көлемінің қысқаруы

Соңғы жүзжылдықта дүние жүзінің көп мемлекеттерінде адам басына шаққандағы ЖҰӨ және жиынтық ЖҰӨ тұрақты түрде өсуде. Экономиканың өсуі кеңінен тараған құбылыс болып отыр.


Экономиканың өсуі көбінесе тұтынудың жаңа түрлерін қанағаттандыру қабілеті болып табылады. Сонымен қатар ірі әлеуметтік экономикалық мәселелерді шешуге бағыталады. Сондықтан Экономика негіздері «экономикалық өсу» категориясына теориялық және практикалық тұрғыдан ерекше мән береді.
Экономикалық өсу деп нені түсінуге болады?
Экономикалық өсу ұлғаймалы ұдайы өндірістің болуымен түсіндіріледі: бұл жыл сайынғы, қоғамдық өнімінің сандық әрі сапалық артуы және лоар екі топтан: өндіріс құралдары мен тұтыну құралдарынан тұрады. Жыл сайынғы қоғамдық өнім көлемінің өсуі ұлғаймалы ұдайы өндірістің интенсивті типті негізінде дамиды.
Ұлғаймалы ұдайы өндірістің экстенсивті типінде өнім шығаруды екі есеге арттыру үшін, жұмыскер саны және өндірістік қорлары екі есе ұлғаюы қажет.
Ұлғаймалы ұдайы өндірістің интенсивті типінде осындай нәтижеге жұмыс қүшін және өндірістік қорларды дұрыс қолдану арқылы қол жеткізуге болады.
Практикада бұл ұлғаймалы өндірістің типтерін белгілі арақатынаста немесе бірін – бірі толықтыратын жағдайда кездестіреміз. Қазіргі жағдайда, ҒТР жағдайында, өндірістің интенсификациялануының негізінде барлық дамыған елдерде экономикалық өсудің жаңа сапасы қалыптасты: ал техникалық жарақтандыру мен еңбек өнімділігінің өсуі, ресурстарды қамтамасыз ету, қаржы қайтарымының көтерілуі негізінде жүзеге асады.
Ұлғаймалы ұдайы өндірістің қайнар көзі өосымша құн болып табылады, осы мақсатқа ол күрделі қаржы ретінде жұмсалады. Алайда рыноктық механизмнің сұранымы мен ұсынымы жағдайында мұның өзі жеткіліксіз.
Әдетте, бұл жағдайда туындаған кедергілер шаруашылық айналымына жекелеген, қомайлы емес пайдалы қазбаларды қосу есебінен жабылады және бұл ресурстарды қымбаттатады. Өнделген кезінде ресурстар құнының бірлігі нәтижесінде түпкі өнімнің өсуін өте аз береді. Оның тиімділігінің төмендегенінде экономикадағы пропорционалдық өзгереді және экономикалық өсу қарқыны төмендей бастайды.
Сұранымның өсу жағдайында табиғи ресурстар мүмкіндігі мәселесі одан әрі қиындай түседі, сондықтан экономикалық өсу бірақтар факторларға байланысты:

  • табиғат ресурстарының саны мен сапасына;

  • еңбек ресурстарының саны мен сапасына;

  • капитал ресурстарына;

  • қолда бар технологияға.

Бір сөзбен айтатын болсак, экстенсивті дамудың өзіндік экономикалық шектеулері бар. Мұндай жағдайға тап болған қоғам өзінің бағыт-бағдарын өзгертуге тырысады. Экстенсивті дамудың қайнар көзінің жойылуы қоғамды интенсивті өсу мүмкіндіктерін карастыруға итермелейді. Демек техникалық процестің ресурсты сақтау түрлеріне бағыт-бағдар жасау: оларға – метериалды сақтау, энергияны сақтау және қорды сақтау жатады. Барлық қоғам масштабындағы экономикалық өсу тауар мен қызмет көрсетудің жылдық көлемінің ұлғаюымен байкалады. Сондықтан экономикалық өсуді өлшеудің көрсеткіші: жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) неиесе жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) немесе ұлттық табыс (ҰТ) болып табылады. Экономикалық өсу абсолюттік және салыстырмалы мөлшерде (алдағы кезеңдегі мөлшерге пайыз ретінде) өлшенеді. Мысалы, осы жылы реалды ЖҰӨ 210 млн. теңге құраса, ал алдыңғы да – 200 млн. теңге болған, онда абсолюттік тұрғыдағы өсімі 10 млн. теңге, ал салыстырмалы тұрғыда – 5% құрайды.
Жекелеген уақыт мерзімінде экономикалық өсу жылдық өсу қарқынымен анықталады. (ЖҰӨ-нің өсу қарқынын анықтау үшін, осы жылғы нақты ЖҰӨ мөлшерін алдағы жылғы нақты ЖҰӨ мөлшерінен шегеру қажет. Сол айырманы алдағы жылғы нақты ЖҰӨ-ге жатқызып, нәтижесін пайыз түрінде көрсетеді).
Жалпы ұлттық өнімінің (ЖҰО) біраз жылғы қарқынды өсу сипаттамасы көрсеткіштерін тізе отырып, оның тенденциясын ашуға, яғни экономикалық дамудың бағытын анықтауға болады.
Неге экономикалық өсу қажетті экономикалық мақсат ретінде қарастырылады? Жан басына шаққандағы жалпы өнімнің өсуі халық жағдайының көтерілуіне әкеледі. Қойылған сұраққа жауап басқа түрде және басқа әдіспен құралуы мүмкін. өсіп келе жатқан экономика жаңа тұтынуларды қанағаттандыра алады және әлеуметтік-экономикалық ахуалдарды шеше алады. Экономикалық өсу ресурс шектеулінің ахуалын шешуді жеңілдетеді.
Экономикалық өсу экономиканың бір қалыпты оң қозғалысын және оның әлеуметтік-экономикалық прогресін көрсетеді. Мұндай прогрестің жалпы критериі өндіргіш күштердің даму деңгейі болып табылады. Экономикалық прогрестің қозғаушы күші қайшылық болады. өндіріс пен тұтыныс арасындағы қайшылық жалпы негізгі және қозғаушы күш болып табылады.
Экономиканың өсуінің қайнар көзі неде? Кез келген мемлекеттің өсуі негізгі алты фактордан тәуелді. Олар:

  1. .Табиғи ресурстардың сапасы мен көлемі.

  2. .Еңбек ресурстарының сапасы мен саны.

  3. .Негізгі капитал қорының көлемі.

  4. .Технология.

Экономиканың өсуіне әсер ететін осы төрт факторды ұсыныс факторлары деп айтуға болады.
Дәл осылар өндірістің өсуіне мүмкіндік береді. Сапалы ресурстар және технологиялық әлует бірігіп нақты өнім көлемін өндіруді ұлғайтады. Экономиканың өсуіне әсер ететін соңғы екі факторды қарастырсақ, олар:

  1. .Сұраныс факторы

  2. .Бөлу, тарату факторы.

Өндіріс әулетін дұрыс пайдалану үшін, өндірумен қатар өндірген өнімді дер кезінде сату да маңызды.
Экономиканың өсуіне әсер ететін сұраныс және ұсыныс факторлар бір-бірімен тығыз байланысты.
Сұраныс пен ұсыныс талдырмасы (шок) және циклдік тербелістерге байланысты жағдайынан ауытқуын экономикалық саясат тұрақтандыруға тырысады. Бірақ өнім көлемінің қысқы мерзімді ауытқуы, жұмысбастылықтың деңгейі экономиканың жалпы өсуінің қозғалысымен берілген, оның өсуінің көлемін ұлғайту экономикалық өсумен байланысты. Экономикалық өсуді жиынтық ұсыныстың ұзақ мерзімді динамикасы (құбылысы, жайы) ретінде немесе өнім көлемінің өсуі ретінде қарастыруға болады.
Экономикада нақты пайданың өсуі «экономикалық өсу» деп түсіндіріледі және әрбір адам басына шаққандағы нақты өнімнің өсу есебі болып табылады. Сондықтан экономиканың өсуін өлшеу үшін абсолюттік арттыру немесе нақты өнім көлемі өсуінің екпініне немесе адам басына шаққандағы көрсеткіштер қолданылады. Мысалы:

∆Y=Yt - Yt-1 немесе Yt = ∆Y/Yt-1,


t – уақыт индексі.

Егер экономикалық өсу сырттан әкелінген қосымша ресурстардан жасаланса және қоғамдағы еңбектің орта өнімділігін өзгертпесе, онда ол экстенсивті болады. Интенсивті өсу технологиямен және өндіріс факторының жетілген түрімен байланысты, яғни өнімді ресурс көлемінің көбеюі нәтижесінде ұлғайту емес, олардың қайтымының, тиімділігінің нәтижесінде ұлғайту емес, олардың қайтымының, тиімділігінің нәтижесінде өнім өндіру.


Қазіргі жағдайда ғылым ролінің өзгеруімен экономикалық өсу жаңа сапалық дәрежеге көтеріледі. Ғылым қоғамның тікелей өндіргіш күшіне айналуы аяқталып келеді. Жоғарыда аталған барлық жағдайлар экономика қозғалысына, экономикалық дамуына жаңа сапалық сыйпат береді.
Экономикалық өсудің теориялары. Мультипликатор және акселератор эффектісі. Өсу формуласының негізінде Кейнстің “мультипликатор” теориясы жатыр. Ол кейінірек “акселерация” теориясымен толықтырылды.
Мультипликатор- көбейткіш, ал акселератор- бұл дайын өнім сұранымының өсуіне деген интенсивті өсушілік коэффициенті.
Негізгі ұғымдар: экономикалық цикл, экономикалық өсу, экономикалық циклдың кезеңдері, экстенсивті өсу, интенсивті өсу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет