10-дәріс. ҚҚС қаржылық институттардың төлеу механизмі ҚҚС мәні мен мазмұны



Дата26.03.2020
өлшемі24,63 Kb.
#60718
Байланысты:
10-дәріс. ҚҚС қаржылық институттардың төлеу механизмі

10-дәріс. ҚҚС қаржылық институттардың төлеу механизмі
ҚҚС мәні мен мазмұны

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында жанама салықтардың 2 түрі бар: қосылған құн салығы және акциз. Осылардың ішіндегі ең маңыздысы 1992 жылы енгізілген қосылған құн салығы болып табылады. Бұл салық бюджет кірістерін құрайтын салықтық түсімдердің ішіндегі негізгі салықтардың бірі.

Қазақстан Республикасындағы ҚҚС (қосылған құн салығы) - бұл Қазақстан Республикасының аумағында сатылған қызметтердің, жұмыстардың және тауарлардың құны төленген салық. Сонымен қатар, сіз тауарларды әкелген кезде, кеденнен өткен кезде ҚҚС төленеді.

Салық ставкасы 12%, тауар экспорты кезінде 0% құрайды. Бұл салықтың ерекшелігі – оның салық салынатын объектісі сатудан (өткізуден) түскен бүкіл түсім – ақша емес, тек салық салынатын айналым мен салық салынатын импорты қамтитын қосылған құн болып табылатындығында. Қосылған құн салығы дүние жүзінің 35-тан астам елінде соның ішінде Еуропа Экономикалық Одаққа мүше 17 елінде пайдаланылады.

ҚҚС мемлекет мүддесін ойлайды. Мемлекет оның көмегімен таза табысты алу мүмкіндігі үшін сауда және өндіріс делдалдарынан сол таза табыстың бір бөлігін алып отырады. Қалған барлық жанама салықтар тәрізді ҚҚС фискалдық роль атқарады, оның енгізілуі барысында мемлекетік бюджеттің табыс көзінің сенімді жөне тиімді түрімен қамтамасыз ету мақсаты көзделді. Ол бюджеттік қаржының инфляциялық құнсыздануын тоқтатудың тиімді қүралы болып табылады, өйткені ол салық түсімдері мен бағаның өсуін тікелей байланыстырып отырады. Қосылған қүн салығының көмегімен тұтыну аумағы реттеледі жөне оның өндірісі дамыған еддерде қолданылу мақсаты "экономиканың қызып кетуін" болдырмас үшін төлем қабілеті мен сұранысты төмендетуге ұмтылу болып табылады. Сөйтіп, ққс артық өндіру дағдарысымен күресудің сенімді құралы, экономиканы мемлекеттік реттеудің тетігі бола алады. Мұнымен қоса, нарықтық экономикасы дамыған мемлекеттерде ққс, әдеттегідей, тауарлардың барлық түрлерін қамтитын жалпы шара ретінде енгізілген. ҚҚС-ның экономикалық мазмұнындағы басқа маңызды бір сәт, оған жоғары салықтық тәртіп, өзін-өзі реттеу, өндірістік шығындар салығынан автоматты түрде босану тән.

Бұл салықтың ерекшелігі келесіде:


  1. төлеушілер үшін салықты есептеу салыстырмалы қарапайым;

  2. бағалардың өзгеруіне, төлеушінің қаржылық ахуалына қарамастан мемлекет бюджетінің кірістерін қалыптастыруының сенімді және тұрақты базасын қамтамасыз етеді.

2015 жылы ҚҚС ҚР-сының бюджет кірістеріндегі үлес салмағы 20,9% құрады.


ҚҚС өндірістің әр кезеңінде құрылатын құн өсімінің бір бөлігін бюджетке аударады. Қазіргі уақыттағы ҚҚС есептеу механизмі қосылған құнды анықтауды қажет етпейді. 1997 жылдан бастап егер келесідей шарттар орындалатын болса, ҚҚС-ның төленген сомасы есепке алынады:

  1. сатып алынған (импортталатын) тауарлар кәсіпкерлік қызметте қолданылады;

  2. сатып алынған тауарлар шот-фактурамен рәсімделіп, онда қосылған құн салығының сомасы жеке бір жолда көрсетілуі тиіс;

  3. салық төлеушілер қосылған құн салығы бойынша есепте тұруы қажет.

ҚҚС-ты қолданушы елдер бірнеше мақсатты ескереді:

    1. мемлекеттік кірістердің кепілдігін жоғарылату (қамтамасыз ету);

    2. салық ауыртпалығын соңғы түтынушыға аудару;

    3. салықты төлеуден жалтарушыларға бақылауды күшейту;

    4. өндірістік циклдің әр кезеңінде табыс алудың мүмкіндігі.

Тұтынымға салынатын салық пен өткізуге салынатын салықтан гөрі, ҚҚС қолайлы, өйткені:

    1. олардан бас тарту қиын;

    2. олармен байланысты экономикалық заң бұзушылық сирек кездеседі;

    3. табыс табуға деген ынтаны аз төмендетеді;

    4. тауар тапшылығы болмаған кезде, оны алмастыратын тауарларды қосқанда, олар тұтынушыларға тандау мүмкіндігін береді.


ҚҚС артықшылықтары:

  1. ҚҚС салық түсімдері мен бағаның өсуін тікелей байланыстырып отырады;

  2. Бағаның өсуі кезінде, ққс ставкасы өзгермегеніне қарамастан салықтық түсім деңгейі төмендемейді және бюджеттің қаражаттарының инфляциялық процесінің алдын алуды ең тиімді тетігі болып табылады;

  3. ҚҚС ставкаларын саралау арқасында мемлекетке тұтынушылық сұранысты реттеуде елеулі еркіндік береді;

  4. ҚҚС фискалдық қызмет атқарады және баға мен инфляцияны ырықтандыруда мемлекет мүддесімен табысты ұштастырылады;

  5. ҚҚС экономиканы мемлекеттік реттеу құралы, сондай-ақ артық өндіру дағдарысымен күресу тетігі болып табылады;

  6. ҚҚС ставкалары әлемдік практикада тек деңгейі бойынша ғана емес, сондай-ақ санымен де ерекшеленеді, төмендетілген ставкалар-азық-түлікке, жоғары ставкалар-сән-салтанат заттарына қолданылады;

  7. Әлемдік практикада рыноктан әлсіз өндірушілерді тездетіп ығыстыру, артық өндіру дағдарысын болдырмау мақсатында жүргізілетін өндірісті тежеу саясатының элементі болып табылады.

ҚҚС кемшіліктері:

  1. Қосылған қүн салығының жоғары ставкасы халықтың тұтынушылық қабілетін төмендетеді және тауар өндірушілер үшін өткізу нарығын тарылтады, сондай-ақ тауар өндірушілердің тұтынушылардың шектеулі мүмкіндіктеріне байланысты өз өнімдерін тез өткізуіне мүмкіндік (кедергі келтіреді) бермейді;

  2. Қосылған құн салығы регрессивті жанама салық болып табылады, өйткені толығымен соңғы тұтынушыға жүктеледі;

  3. Шикізат пен материалдар бойынша жеткізушілерге ққс төлеу мерзімі (сәті), өткізілген өнім бағасында тұтынушылардан ққс-ын алу уақытымен сәйкес келмейді;

  4. Салық есебінде есептеу әдісін қолдану салық төлеушілерді ққс төлеу үшін меншікті айналым қаражаттарын өндірістен алуына итермелейді;

  5. Қосылған құн салығының жоғары ставкасы баға деңгейін өсіріп, өзін-өзі қаржыландыру процесін қамтамасыз ете алмайды;

  6. Қосылған құн салығының реттеушілік мүмкіндіктері мен ішкі мазмұнын дұрыс қолданбау кәсіпкерлік қызметке, әсіресе өндіріс саласына жағымсыз әсер етеді.

Мыналар:


1) ҚР-сында қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне тұрған мынадай тұлғалар:

  • дара кәсіпкерлер;

  • мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, резидент – заңды тұлғалар;

  • қызметін ҚР-сында филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын резидент еместер;

  • сенімгерлікпен басқару құрылтайшыларымен не сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушылармен сенімгерлікпен басқару шарттары бойынша тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу бойынша айналымды жүзеге асыратын сенімгерлікпен басқарушылар;

2) Кеден одағының және (немесе) ҚР-сының кеден заңнамасына сәйкес ҚР-сының аумағына тауарларды импорттаушы тұлғалар ҚҚС төлеушілері болып табылады.
ҚҚС-ның салық салу объектісі болып ҚР шегінде жүзеге асырылатын тауарларды, атқарылатын жұмыстарды немесе қызмет көрсетулерді өткізу жөніндегі салық салынатын айналым және импортталатын тауарлар бойынша салық салынатын импорт табылады.

ҚҚС төлеушінің тауарларды (жұмыстарды қызмет көрсетулерді) өткізу бойынша жасаған айналымы салық салынатын айналымы болып табылады. Оған:



  • ҚҚС-нан босатылған;

  • өткізу орны ҚР болып табылмайтын айналым қосылмайды.

Тауарға қатысты өткізу бойынша айналым:

  1. тауарға меншік құқығын беруді, оның ішінде:

  • тауар сатуды;

  • тауарды тиеп жөнелтуді, оның ішінде басқа тауарларға алмастыруды;

  • тауар экспортын;

  • тауарды тегін беруді;

  • жарғылық капиталға жарна төлеуді;

  • жұмыс берушінің жалдамалы қызметкерге жалақы есебінен тауар беруін;

  1. тауар төлеу мерзімін үзарту шартымен тиеп жөнелтуді, оның ішінде қаржы лизингіне беруді;

  2. комиссия шарттары бойынша тауарды тиеп жөнелтуді;

  3. қарызды төлемеген жағдайда кепіл берушінің кепіл ұстаушыға кепілге қойылған мүлкін (тауарын) беруін;

  4. кәсіпкерлік қызмет мақсаты үшін сатып алынған тауарды кәсіпкерлік қызметке жатпайтын шараларды өткізу үшін, сондай-ақ ққс төлеушінің не оның жалдамалы қызметкерлерінің, қатысушының немесе басқа да тұлғаның жеке тұтынуы үшін пайдалануын білдіреді.

Жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу бойынша айналым кез-келген жұмыстар орындауды немесе қызмет көрсетуді, оның ішінде олардың тегін орындалуын, сондай-ақ тауарды өткізуден өзге сыйақы үшін кез-келген қызметті, оның ішінде:

  1. мүлікті уақытша иелікке беруді жөне мүлікті жалдау шартымен пайдалануды;

  2. зияткерлік меншік объектілеріне, оның ішінде жарғылық капиталға салым ретінде берілетін құқықтар беруді;

  3. жұмыс берушінің жалдамалы қызметкерге жалақы есебінен жұмыстар орындауын, қызметтер көрсетуін білдіреді.

Қосылған құн салығын механизмін жетілдіру үшін салықтың дифференцияланған ставкаларын орнатуымыз қажет. Олар жоғарлатылған және төмендетілген болып бөлінеді. Төмендетілген салық ставкасы бірінші қажеттіліктердегі тауарларға, ал жоғарлатылған салық ставкасы екінші қажеттіліктегі тауарларға орнатылады. Қосылған құн салығын алуды тауарды сату кезінде әрбір сатушы жүзеге асырып отырады. Алынған сома өзі төлеген қосылған құн салығының көлеміне азайтылады да айырмасы мемлекетке төленеді. Қосылған құн салығы тұтынушыларға күшті әсерін тигізетін болғандықтан оның қолданылуы өлшеніп, талданып жасалумен ерекшелінеді. Одан басқа қосылған құн салығы қоғамда тұтыныланатын барлық тауарлар мен қызметтерге қосылады.

Сол себептен қосылған құн салығы тауардың сатылу бағасына қосылатындықтан оның бағасын ұлғайтады. Әсіресе, бұл Тәуелсіз мемлекеттер Достастығына мүше елдерде және Қазақстанда қосылған құн салығын алу механизмінің әлі де жоғарғы деңгейде болмағандықтан осы елдердің тәжірибесінде кездеседі.

Әр түрлі тауарларға қосылған құн салығын енгізудің нәтижесінде мемлекеттің алатын пайдасы әртүрлі болып келеді. Мұнда сұраныстың икемділігіне тәуелділік көп. Сұраныс икемділігі бірінші қажеттіліктегі тауарларға әсер етпейтіндіктен, басқа тауарлардағы қосылған құн бірінші қажеттілік тауарларға қарағанда жоғары болады. Сұранысы икемсіз тауарларға қосылған құн салығының деңгейі төмен болды. Бұлардың ең маңыздысы бірінші қажеттіліктегі тауарлар. қосылған құн салығының тауарлардағы ставкасының төмен болуы бұл тауарлардың халық үшін өмір сүруге қажеттілігімен түсіндіреді.


Қаржылық институттардағы ҚҚС төлеу ерекшеліктері:
Қаржы институты – бұл банк, сақтандыру компаниясы, инвестициялық қор (инвестициялық компания), зейнетақы қоры және т.б. сияқты қаржылық-несиелік жүйеге қатысатын ұйым. Ол несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы, инвесторлар мен салымшылар арасындағы қаржылық делдал болып табылады. Қаржы институттары ақша аударымдары мен несиелер бойынша қызметтерді ұсынады және жинақ және басқа ақшаны инвестицияларға айырбастау процесінде делдал ретінде әрекет ететін нақты экономиканың жұмысына әсер етеді.

ҚР Салық Кодексіне сәйкес қосылған құн салығынан босатылған айналымдарға келесі қаржылық қызмет көрсетулер жатады:



  1. банктік операциялар. Банктік операциялардың тізбесін Банктер және банк қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңдары белгілейді.

  2. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лицензиялауға жататын бағалы қағаздар рыногындағы қызметті жүзеге асыру бойынша қызмет көрсетулерді ұйымдастыру, сондай-ақ бағалы қағаздар рыногына кәсіби қатысушылардың қызмет көрсетулері, бағалы қағаздармен операциялар;

  3. сақтандыру және қайта сақтандыру бойынша операциялар;

  4. чектермен, вексельдермен, депозиттік сертификаттармен операциялар;

  5. негізгі қаражаттардың лизингі;

  6. зейнетақы активтерін басқару бойынша қызмет көрсетулер;

  7. зейнетақы жарналарын тарту бойынша зейнетақы активтерінен алынған инвестициялық кірістерді бөлу және енгізу бойынша жинақтаушы зейнетақы қорларының қызмет көрсетулері;

Салық заңдылығына сәйкес импорттың кейбір түрлері қосылған құн салығынан босатылады, оларға жататындар: шетелдік валютаның, ұлттық валютаның, сонымен қатар бағалы қағаздардың импорты.



Екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар: қосылған құн салығын есепке алу үшін ағымдағы шоттардың ашылғаны және жабылғаны туралы, сондай-ақ осындай шоттар бойынша ақшаның қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтерді уәкілетті органға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде беруге тиісті
Қорытынды

Қорыта келгенде, салықты есептеу кезінде ҚҚС ең қиын мәселелердің бірі болып табылады. Ол бюджеттің кірістерін толықтырудың маңызды көзі бола отырып, орасан зор қаржылық маңызға ие. Сонымен бірге қосылған құн салығы баға механизміне әсер ету арқылы реттеуші функцияны орындайды. Ішкі экономика үшін ҚҚС шамасын асыра бағалау қиын. ҚҚС мемлекеттік салықтарға қолданылады және Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданылады. Қазақстан Республикасының салық жүйесінде ҚҚС пен акциздердің пайда болуымен жанама салықтар бюджет кірістерін жұмылдыруда шешуші рөл атқара бастады. Қазақстан Республикасының шоғырландырылған бюджетінде ҚҚС түсімі табыс салығы бойынша екінші орын алады және барлық кірістердің төрттен бір бөлігін құрайды. Бұл ретте, қосылған құн салығы бірінші кезекте Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетінде, барлық салық түсімдерінің мөлшерінен асып түседі. Осы салықтың фискалдық маңыздылығына қарамастан, оның экономикаға реттеуші әсерін жоққа шығаруға болмайды. ҚҚС салық салу тетігі арқылы және, атап айтқанда, тарифтер жүйесі арқылы, ол баға мен инфляцияға әсер етеді, өйткені ол тауарлардың бағасын салық сомасына көбейтеді. Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы ҚҚС тетігін талдағаннан кейін, қосымша құн салығы Қазақстан Республикасының салық жүйесіне нық енгені белгілі болды. Оның әрине, оның артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Жалпы алғанда, салықтың оң мағынасы бар, және оның дамуындағы соңғы тенденциялар оның Қазақстан Республикасындағы басқа салықтар мен төлемдер арасында жетекші рөлге ие болатындығы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет