Кәсіпкерлік ұстанымдары: Кәсіпкерлік қызмет бостандығы ұстанымы.
Түрлі меншік формаларын, меншік құқықтарының заңды теңдігін және олардың бірдей қорғалуын құптайтын конституциялық ұстаным. Ол ҚР Конституциясының 6- бабында бекітілген: «Қазақстанда мемлекеттік және жеке меншік бірдей деңгейде мойындалып, қорғалады.»
Бәсекені қолдау және монополиялану мен әділетсіз бәсекеге бағытталған экономикалық қызметті болдырмау ұстанымы (Конституцияның 26- бабы).
Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу ұстанымы.
Заңдылық ұстанымы.
Кәсіпкерлер мен тұтынушылар құқықтарының қорғалуы.