Тақырып 2. Кәсіпкерлік: түсінігі, оның негізгі түрлері және формалары. XXI ғасырдағы кәсіпкерлік ойлау жүйесі 1. Кәсіпкерлік: түсінігі, оның негізгі түрлері және формалары. Кәсіпкерлік қызмет түсінігі, мотивтері және жүзеге асыру жағдайлары
Кәсіпкерлік қызмет түрлері
Кәсіпкерлік қызмет формалары
2. XXI ғасырдағы кәсіпкерлік ойлау жүйесі. 2.1. Кәсіпкерлік эволюциясы
2.2. Кәсіпкерлікті зерттеудегі ұстанымдар
2.3. Кәсіпкерлік ойлау жүйесі
1. Кәсіпкерлік: түсінігі, оның негізгі түрлері және формалары. Кәсіпкерлік қызмет түсінігі, мотивтері және жүзеге асыру жағдайлары
Кәсіпкер – заңмен рұқсат берілген шаруашылық қызметтің түлерімен айналысатын адам, соның ішінде коммерциялық-делдалдық, сауда-саттық, кеңес берушілік, бағалы қағаздармен байланысты операциялармен және де басқа қызметтермен.
Кәсіпкер дегеніміз – бұл тәуекелі мол жағдайларда әрекет етуші адам; өзінің ұйымдастырушылық қабілеттері арқасында табыс табушы; кез-келген мүмкіндікті ұқсатып барынша мол пайда таба білетін адам.
Кәсіпкерлік іс-әрекеттің мақсаты неғұрлым көп мөлшерде пайда табу.
ҚР Азаматтық Кодексіне сәйкес «Кәсіпкерлік- бұл жеке меншікке (жеке кәсіпкерлік) немесе мемлекеттік кәсіпорынды (мемлекеттік кәсіпкерлік) басқару құқығына негізделген, тауарларға деген сұранысты қанағаттандыру арқылы (жұмыстар, қызмет көрсетулер) таза пайда табуға бағытталған, меншік формаларына тәуелді емес азаматтар мен заңды тұлғалардың бастамалық қызметі. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің атынан, оның тәуекелі мен мүліктік жауапкершілігіне сай жүзеге асады.»