2.2. Кәсіпкерлікті зерттеудегі ұстанымдар Кәсіпкерлікті зерттеудегі ұстанымдар кәсіпкерлікті атқаратын нақты қызметіне қарай бөледі, макро не микрокөзқарас тұрғысынан болсын, екеуі де кәсіпкерліктің концептуалдық табиғатын зерделейді.
Кәсіпкерлік теориясы екі бөлімнен тұралы:
Микрокөзқарас(кәсіпкерліккке және оның ішкі бақылау локусына тән факторларды зерттеу, айырмашылығы кәсіпкерліктің ішкі мәселелеріне көңіл бөлінеді:
Кәсіпкерлік қасиеттер мектебі – табысты кәсіпкерлердің ортақ ұқсас мінездерін зерделеуге бағытталған. Соларды қайталау арқылы табысқа қол жеткізу мүмкіндігін арттыруды көздейді;
Венчур мүмкіндіктер мектебі – идея көзін іздеу, тұжырымдама жасау және венчурлік мүмкіндіктерді жүзеге асыру сынды мәселелер – осы мектеп зерттеп-зерделейтін тақырыптар;
Стратегиялық тұжырым мектебі – кәсіпкерліктің табысты дамуындағы жоспарлау процессіне назар аударады.
Стратегиялық тұжырымды қолданудың бірден-бір жолы – бірегей элементтерді пайдалану. Тиімді кәсіпкерлік құрылымдарда бірегей нарықтар, бірегей адамдар, бірегей өнімдер немесе бірегей ресурстар анықталған, қолданылады немесе барлығы соған негізделеді.
Макрокөзқарас: Орта мектебі – ықтимал кәсіпкердің өмір сүру стиліне әсер ететін сыртқы факторларды зерделейді. Олар кәсіпкердің қалауын қалыртастырудағы позитив немесе негатив күштер болуы мүмкін. Кәсіпкерліктің дамуына ықпал ететін институттар, құндылықтар және т.с.с. қоршаған ортадағы әлеуметтік-саяси құрылымнан бастау алады;
Қаржы/капитал мектебі – капиталды іздеу процессіне негізделген – бұл мектеп капиталдың қалыптасуы мен өсуін кәсіпкерлік тұрғысынан қарастырады;
Шеттету мектебі – топтық құбылыстың жағымсыз жақтарын зерттеуге негізделген. Мысалы, экономикалық шеттету, экономикалық рецессия мен депрессияның түрлеріне байланысты. Жұмыс орнынан айрылу, капиталдың кемуі, т.б. жағдайлар кәсіпкерлікке ұмтылуға негіз болуы мүмкін. Бұл жағдайлар кәсіпорынның дамуына және қысқаруына әсер ете алады.