Бағдарламасы «Экономика және кәсіпкерлік негіздері»


Жауапкершілігі шектеулі серіктестік



бет21/91
Дата08.02.2022
өлшемі2,76 Mb.
#121227
түріБағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   91
Байланысты:
УМКД Каз Токтыбаева 1
Обновленный компас ДеФакто
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік – алдын-ала белгіленген пайшылар үлестерінің негізінде құрылған бірлестік. Оның мүшелерінің (жеке және заңды иегерлері) қоғамның міндеттемелерін орындауда жауапкершіліктері жоқ, олар тек өз үлестерінің мөлшерінде ғана тәуекелділік жасай алады.
Акционерлік қоғам – рұқсат ету жолымен құрылатын заңды құқығы және өзіндік жарғысы бар бірлестік. Акционерлер болуға жеке адам, заңды тұлғалар да хақылы.


2. XXI ғасырдағы кәсіпкерлік ойлау жүйесі.
2.1. Кәсіпкерлік эволюциясы
Кәсіпкерлік сөзі франсуз тілінің entreprendre - әрекет жасау деген сөзінен шыққан. Кәсіпкер бизнесті ұйымдастырады, басқарады және осы бағытта әсер етеді. Бүгінде кәсіпкер мүмкіндіктерді мойындайтын және қолданатын инноватор немесе дамытушы, сол мүмкіндіктерді нарықтандырылған идеяларға айналдырады, уақыт, күш, ақша немесе дағдылар арқылы құндылықтар қосады, осы идеяларды іске асыру үшін нарықтағы ықтимал қатерлерді болжайды және осы күш-жігердің арқасында табыс табады. Кәсіпкер - бизнес әлеміндегі өзгерістерді батыл жүзеге асырушы. Кәсіпкерлікті зерттеуше арналған әдебиеттерде кәсіпкерлерге тән қасиеттердің кейбір ұқсастықтары мен айырмашылықтары көрінеді. Бұл қасиеттердің бастылары – жеке инициатива, ресурстарды шоғырландыру, басқарушылық дағдылар, дербестікке ұмтылу және тәуекелге бару қабілеті. Сонымен қатар басқа да қасиеттер: батылдық, бәсекеге қабылеттілік, мақсатқа бағдарланған мінез-құлық, сенімділік, мүмкіндіктерді іздеуге дайын тұру, интуиция, шынайы өмірге негізделген әрекеттер, қателіктерден сабақ алу және адами қарым-қатынас жасау дағдылары.
Кәсіпкерлерді мойындау XVIII ғасырда Франциядан басталды. Экономист Р.Кантильон экономикадығы «тәуекелге бару» әрекетін кәсіпкермен байланыстырды. Сол кезеңдегі Англияда индустриялық революция дамып келе жатты, ал кәсіпкерлер тәуекелге баруда және ресурстарды өзгертуде айқын роль атқара бастады. Кәсіпкерлік пен экономиканың байланысы – бұрыннан қабылданған норма. Шындығында 1950 жылға дейін кәсіпкерлік анықтамалардың көбін экономистер енгізді. Талдау мен талқылауға арналған тақырып ретінде кәсіпкерлікті XVIII ғасырдағы экономистер енгізген және олардың бұл қызығушылығы XIX ғасырда да жалғасты. XX ғасырда кәсіпкерлік сөзі еркін кәсіпкерлікпен және капитализммен тығыз байланыста болды. XXI ғасырдағы кәсіпкер қандай айрықша істермен айналысса да, еркін кәсіпкерліктің қахарманы болып саналады. Олардың көпшілігі он жылдан аз уақытта әлі қанаты қатая қоймаған бизнестен миллиондаған долларлық кәсіпорындар құру үшін инновация мен креативті пайдаланды. Бұл адамдар жаңа тауарлар мен қызмет түрлерін ойлап тауып, осы кәсіпорындарға байланысты тәуекелге барудан тайсалмады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет