Толық серіктестік төмендегі негізгі екі белгісімен ерекшеленеді:
Кәсіпкерлік қызмет және оған қатысушы серіктестіктің қызметтері олардың өз қызметтері болып саналады, ал оның міндеттері бойынша кез-келген қатысушы өзінің барлық мүлкімен жауап береді.
Серіктестік жеке сенімді қатынастарға негізделеді: егер бір қатысушы серіктестіктің атынан мәміле жасаса, мүліктік жауапкершілік басқа қатысушыға жүктеледі.
Аралас (командитті) серіктестікте бір немесе бірнеше қатысушылар несие берушілер алдында бүкіл мүліктерімен жауап береді. Біреуінің немесе бірнешеуінің жауапкершілігі олардың әрқайсысының қоғамдастыққа қосқан үлесі (салымы) бойынша шектеледі.