Бағдарламасы «Экономика және кәсіпкерлік негіздері»



бет23/91
Дата08.02.2022
өлшемі2,76 Mb.
#121227
түріБағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   91
Байланысты:
УМКД Каз Токтыбаева 1
Обновленный компас ДеФакто
2.3. Кәсіпкерлік ойлау жүйесі
Алдыңғы буын жоғары лауазым мәртебесімен келген бедел мен артықшылықтар туралы армандаса, жаңа мыңжылдық ұрпағының (У ұрпағы деген атпен танымал) арманы бөлек. Алдыңғы буынмен салыстырғанда олар мансапқа жету жолында жіті қимылдап, тәуелсіз кәсіпкер болу керек деп сенеді. Соңғы кездегі зерттеулерге сәйкес миллиниалдардың 13%-ының карьералық мақсаты – корпоратив баспалдағымен бас директор немесе президент дәрежесіне дейін көтерілу деп жауап берген. 67%-ының мақсаты – өз кәсібін бастау. Осы бөлімде кәсіпкерлерге психологиялық тұрғыдан зерделеу, кәсіпкерлік таным, табыстылық туралы сипаттар, этикалық проблемалар сипатталады. Осылайша, кәсіпкерлік ойлау жүйесі қалыптасқан тұлғаның кәсіпкерлік мінез-құлқын толық бағамдай аламыз.
Зерттеушілер Рональд Митчелл, Л. Бусенитц, Тереза Лант, Патрисия Мак-Дугалл, Эрик Морз,Брок Смит кәсіпкерлік танымды – мүмкіндіктерді бағалау, венчур құру және өсіру барысында бағалау, пайымдау, шешім қабылдау үшін қолданылатын білім құрылымы ретінде анықтайды. Кәсіпкерлік таным – кәсіпкерлердің жаңа өнімдер мен қызметтерді анықтауға, ойлап табуға және бизнесті бастау мен дамыту үшін қажет ресурстарды құрастыруға көмектесетін, ақпаратты біріктіру үшін ақыл-ой үлгілерін жеңілдететін әдістерді түсіну.
Кәсіпкерлік сипаттамаларын қарастыратын әдетиеттерге шолу жасап, көптеген факторларды кішігірім топтарға шоғырландыру арқылы кәсіпкер бейнесін жасауға болады. Ховард Стивенсон мен Дэвид Гумперт қиял, икемділік, тәуекел ету сияқты сипаттар арқылы кәсіпкерлік ұйымның жоспарын ұсынды. У. Гартнер әдебиетті зерттеп алуан түрлі ерекшеліктерін атап көрсетті. Джон Хорнедей түрлі зерттеу көздерін сараптап, кәсіпкерлерге тән әрі жиі кездесетін 42 сипаттың тізімін жасады. Сонымен қатар кәсіпкерлер өзара әрекетін мындай дағдылармен сипаттайды: ішкі бақылау, жоспарлау және мақсат қою, тәуекел ету, инновация, шындықты қабылдау, кері байланысты пайдалану, шешім қабылдау, адами қарым-қатынас және тәуелсіздік. Көп адам табысты кәсіпкерлерді сәтсіздікке ұшыраудан қорықпайды деп есептейді.
Сонымен қатар, жаңа бизнес бастау немесе жұмыс істеп тұрған бизнесті сатып алу тәуекелге алып келеді. Табыс неғұрлым жоғары болған сайын кәсіпкерлер бетпе-бет келетін тәуекелдерде жоғары болады. Кәсіпкерлер бетпе-бет келетін тәуекелдерді 4 негізгі салаға топтастыруға болады:

  1. Қаржылық тәуекел – кәсіпкер жаңа кәсіп құруға жинаған ақшасының және басқа ресурстарының айтарлықтай көп бөлігін қатерге тігеді;

  2. Карьералық тәуекел - кәсіпкерлерді мазалайтын сұрақтар – жоба сәтсіздікке ұшыраса, жаңа жұмыс таба аламын ба, елде бұрынға жұмысыма қайтып орала аламын ба деген. Карьералық тәуекел жалақысы жоғары және жақсы әлеуметтік пакеті бар менеджерлердің көңіліне алаңдатушылық тудырады.

  3. Отбасылық және әлеуметтік тәуекел - жаңа жоба бастау кәсіпкердің бар күш-жігерін және уақытын жұмсауды талап етеді. Сондықтан отбасы мүшелеріне, достарына аз уақыт бөлініп қарым-қатынас бұзылуы мүмкін.

  4. Психикалық тәуекел – кәсіпкердің денсаулығы.

Бизнестің этикалық мәселелері қазір өте маңызды. Этика – жаңа тақырып емес. Этика кез-келген қызметті қолайлы мәнермен жүргізудің негізгі ережелерін немесе өлшемдерін қамтамасыз етеді. Нақтырақ айтқанда, этика мәнез-құлықтың түп негізін анықтайтын қағидаттар жиынтығын білдіреді, ненің жақсы, ненің жаман, ненің дұрыс немесе бұрыс екендігін түсіндіреді. Сонымен қатар этикалық нормалар моральдық борыш пен міндеттемелерді белгілей алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет