Ұстаз-қажетті мамандық



Дата12.09.2020
өлшемі12,45 Kb.
#78097
Байланысты:
устаз-кажетти мамандык


Ұстаз-қажетті мамандық

Өмірде мамандықтың түрлері өте көп. Ізгі мамандықтардың бірі-ұстаздық. Ұстаз баланы оқытып-тәрбиелеп, елін көркейтер азамат етіп шығарады. Әр адамның өмірінде ұстаздың алар орны ерекше. Барлығы ұстаздан білім алады, тәрбие көреді. . Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ болары анық. Сондықтан барлығы ұстаздың алдында бас иеді. Ұстаз өмірдегі ең қажетті мамандық деп санаймын. Себебі қандай атақты, данышпан, білімді адам болып, керемет мамандық иесі болсаң да, бала күніңде әріп танымай, оқу білмей жүргеніңде, сені білім нәрімен сусындатқан ұстаздарымыз болатын. Ұстаз-екінші ана. Алдына келген әр балаға өз білгенін үйретіп, ненің дұрыс, ненің бұрыс екендігін түсіндіріп, тура болға бағыттап, мейіріміне бөлеп,туған баласындай көреді.



Мен бала кезімнен мұғалім болуды армандайтынмын. Балалармен жұмыс жасаған өте қатты ұнайды. Мектепті бітірген соң ұстаздық мамандықты таңдап, оқуға түстім. Қазір өзімнің сүйікті мамандығым бойынша білім алудамын. Мұғалім болу- қиындығы мен қызығы мол іс. Ең бастысы - жауапкершілігі жоғары мамандықтың бірі ұстаздық ету екені шындық. Себебі бұл мамандық иелерінің мойнына ешнәрседен хабары жоқ, көптеген кішкентай ғана бүлдіршіндердің бойына білім нәрін сеуіп, тәрбие беріп, таудай азамат етіп шығару міндеті жүктелген. Сондықтан басқа мамандық иелерінің баршасы да ұстаздарға борыштар деп ойлаймын.
Өткен сабақта ұстазды көшбасшы ма деген сұрақ қойылды. Ұстаздық мамандық негізінен балаларға көшбасшылық жасауды талап етеді. Сыныбындағы балаларды өзін тыңдатып, бастарын біріктіріп, білім беру міндет етіп жүктелген. Ұстаз балаларға көшбасшы болса, өз мектебінің басшыларының айтқанын орындап, бағынушы. Сондықтан ұстазды нақты көшбасшы немесе бағынушы деп айту қиын. Ұстазжағдайға байланысты көшбасшы да, басқаларға бағынушы да болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет