Бағдарламасы «Экономика және кәсіпкерлік негіздері»



бет36/91
Дата08.02.2022
өлшемі2,76 Mb.
#121227
түріБағдарламасы
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   91
Байланысты:
УМКД Каз Токтыбаева 1
Обновленный компас ДеФакто
Үкімет: фирмалардан салық алып, жеке кәсіпорындарға дотация, субсидия береді және кәсіпкерлерден қажетті ресурстарын сатып алады. Үкімет жұмысымен қамтамасыз ету саясатын жүргізді және инфляция деңгейіне ұлттық өнімнің қозғалысы мен құрылымына әсер етіп, табыстарды үлестіреді. Демек табыс пен шығындардың шеңбер айналымы үнемі айналыста болып, теңгеріледі. Түпкі есепте өндірістің жалпы көлемін байқатып, тұрғындардың жұмыстылығы мен табысы көрсетіледі.
Бәсеке – нарықтық механизмнің басты элементі.
Нарықтық қатынастардың мән-мағынасын байқататын ұғымдардың бірі-бәсеке болып табылады. Жалпы алып қарағанда бәсекені -өндірушілердің бір-бірімен нарықтағы тауар ұсынысы мен бағаны белгілеу жайлы өзара қатынасы ретінде анықтауға болады. Бұл өндірушілер арасындағы бәсекені – нарықтағы бағаны, сұраным көлемін қалыптастыру жайлы өзара қатынастар ретінде анықтаймыз. Нарық жағдайындағы бәсеке шаруашылық пропорциясының негізгі механизмін қалыптастыру ретінде белгілі.
Бәсекенің классикалық түрін еркін ,жетілген , бағалық деп атауға болады. Қазір нарықтар бәсеке сипатымен бөлінеді: жетілген бәсеке нарығы, монополиялық бәсеке нарығы, олигополиялық бәсеке нарығы, таза монополия нарығы.
1 Жетілген бәсеке нарығы – кез келген ұқсас тауарларды сатушылар мен сатып алушылардың көптеген құрамын тудырады.
2 Монополиялық бәсеке нарығы (грек сөзі «монос» бір, «полео»-сатамын)-көптеген сатушылардың ұқсас, бірақ әртекті сатуынан құралады.
3 Олигополия(грек сөзі «олигос»-аздау «полео»-сатамын)-бірнеше деген сатып алушылар нарығын көрсетеді,байқалатыны,тіпті,осылардың кейбіреулері нарықтың көп бөлігін бақылайды.
4 Таза монополия нарықтың сондай түрі, онда бір ғана өндіруші бір текті өнімді 100%-ға сатуды жүзеге асырады және ол өнімді соған жақын алмастырушылар жоқ.
Бәсеке түрлері

Бәсекенің
негізгі
сипаттары

Бәсеке сипаты бойынша нарықтың үлгісі.

Жетілген
(еркін жәнетаза)бәсеке

Жетілмеген (еркін емес)бәсеке

Таза моно-
полия




Монополиялық
бәсеке

Олигополия




Тауар өндірушілер саны

Тауар өндірушілер
көптігі

Тауар өндірушілер
көптігі

Тауар өндірушілер аса көп емес, ірі тауар өндірушілер бар

Бір ғана
өндіруші

Өнім
сипаты

Бір текті
өнім

Әр текті
өнім

а)Бірнеше ірі фирмалар біртекті тауарлар өндіреді.
б)бірнеше ірі
фирмалар
дифференциаланған тауарлар өндіреді.

Біртекті өнім, өзін
ауыстыратын
ұқсас өнімнің болмауы.

Бір-бірімен
жолығатын
экономика
саласы

Ауыл шаруашылығы:
Бидай,көкөніс,
Жеміс-жидек
өндіру

Әртүрлі сауда:
киім,аяқ-киім,
тағам өнімдері,
бензин т.б.



Түрлі-түсті металлургия өндірісі, автомобиль жасау өндірісі

Жергілікті
қоғамдық
қолдану
кәсіпорындары: телефон байланысы, элек
трогазәкелуші
және т.б.

Тауар өндірушілер тарапынан баға
бақылау.

Ешқандай
жоқ

орташа

Орташа

Шамалап
болса да,
мемлекет
бақылайды

Нарықтық инфрақұрылым:

Аукциондар

Консультациялық делдалдық фирмалар

Биржа мен брокерлік кеңселер

Бизнестің коммерциялық орталықтары

Банктер

Сақтандыру және аудиторлық компаниялар

Коммерциялық орталықтар және компаниялар

Жарнамалық –ақпараттық қызметтер

Мемлекеттік резервтік және сақтандыру қорлары

Қоймалық, элеваторлық, тоңазытқыштық және транспорттық қызметтер

Баға мен стандартты бақылаушы мемлекеттік инспекция

Сауда үйлері

Мемлекеттік салық инспекция

Маркетингтік зерттеу орталықтар

Бағалы қағаздарды бақылау инспекциясы

Көтерме сауда орталықтары

Құқық қорғау органдары

Кадрларды даярлау орталықтары

Лизингтік компаниялар

Жәрмеңкелер

Кеден қызметтері

Өндірушілердің әр түрлі ассоциациясы

Тұтынушыны қорғайтын қоғам

Және басқалары


Инфрақұрылым-бұл институттар жиынтығынан тұрады және оның мән мағынасы нарықтық дамуымен және қызмет жасауы үшін қалыпты жағдай қалыптастырып қызмет көрсетеді.Нарықтық инфрақұрылымның элементіне –тауарлық, қор биржасы, еңбек биржасы делдалдық және маркетинг қызметтері, ақпараттық жүйелер, коммерциялық банктер көтерме сауда орталықтары, аукциондар, жәрмеңкелер және т.б жатады.


Негізгі ұғымдар:ақшаның мәні, ақшаның қызметі, нарықтың мәні, нарықтың қызметі, нарық элементтері, нарықтың жіктелуі, нарықтық экономика, нарықтық экономиканың субъектілері.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет