Бағдарламасы «Экономика және кәсіпкерлік негіздері»


Сұраныс және ұсыныс теориясы



бет38/91
Дата08.02.2022
өлшемі2,76 Mb.
#121227
түріБағдарламасы
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   91
Байланысты:
УМКД Каз Токтыбаева 1
Обновленный компас ДеФакто
Сұраныс және ұсыныс теориясы

Нарық экономикасының үшінші маңызды элементі- баға.
Нарық экономикасының төртінші орталық буыны-екі құрылымнан сұраныстан және ұсыныстан тұрады. Нарықта сұраныс тауарларға қажеттілік болып көрінеді. Осы тауарларды тұтұнушылар қалыптасқан бағамен ақшалай табыстарына сатып алады. Сұраныс өндірудің ең тиімді әдісін қолданудың және ресурстарды тиімді пайдаланудың стимулы болып табылады. Сұраныс пен ұсыныс материалдық игіліктерді өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы тұрақты байланыстарды қамтамасыз ететін нарық механизмінің өте маңызды әлементі. Нарық механизмінің бесінші элементі –бәсеке. Бұл пайданың жоғары болуын тілейді және осының негізінде өндіріс масштабын кеңейтуді қамтамасыз етеді. Бәсеке нарығы субьектілерінің өзара әсерінің және пропорцияларды реттеу механизмінің формасы болып табылады. А. Смит бәсекені нарықтың «Көрінбейтін қолы» деген. Көрінбейтін қол идеясының мәні: адамдар өз мүделеріне сәйкес өздерінің қара басының қамын ойластырып әрекет етеді. Нарықтың маңызды элементтеріне нарықтық инфрақұрлым жатады. Нарық тауар биржаларының, көтерме және бөлшек сауда құрылымдарының құрылып, қызмет етуін талап етеді.
2Нарық инфроқұрылымының тиімділігі көбінесе экономикалық конъюнктураға байланысты, яғни нарықтың белгілі мерзімдегі уақытша жағдайы. Конъюнктура туралы төменде көрсетілген көрсеткіштер жүйесі мәлімдейді: өндіріс пен кұрылыс динамикасы, тауар қорының мөлшері; баға, процент, бағалы кағаздар курсының козғалысы; пайда, еңбек ақы және өндіріс шығындары дәрежесінің өзгеруі; еңбектегі және жұмыссыздар саны арасындағы қарым-қатынас; экономикалык конъюнктураға "циклдық", "циклдық емес","кездейсоқ" факторлар әсері бар. Қазір барша кәсіпорындар немесе жекелеген нарықтар конъюнктураның өзгеруін зерттейді, оның болашағын болжайды. Нарық экономикасы әрекеттерінің механизмі үш басты принциптерге негізделеді: маржиналдық (шекті) талдауға; балама таңдау шығындарына; экономикалық рационалдыққа. Нарық құрылымы өте күрделі болады және ол экономиканың барлық сферасында өз әрекетін жүргізеді. Нарықтың экономикалық құрылымы мынадай жағдайлармен белгіленеді: меншік формаларымен (мемлекеттік, жеке, ұжымдык, аралас); шаруашылық субьектілерінің әр түрлі формаларының экономикадағы үлес салмағымен белгіленетін, тауар өндірушілердің құрылымымен (мемлекеттік, арендалық, кооперативтік, жеке меншік кәсіпорындары т.б.); тауар айналымы сферасының ерекшеліктерімен; шаруашылықтың құрылымдық бөлімдерінің мемлекет иелігінен алыну және жекешелендіру дәрежесімен; осы елде пайдаланылатын сауданың түрлерімен. Осы жағдайлар нарық жүйесіне ерекше қасиеттер береді.
Құрылымы жағынан нарықты мынадай критерийлер арқылы бөлуге болады:
1. Нарық қатынастары объектілерінің атқаратын экономикалық қызметі бойынша: игіліктер мен қызметтер нарығы; өндіріс құралдарының нарығы; ғылыми- техникалық жұмыстар нарығы;
2. Нарықтарды тауарлық топтар бойынша классификациялауға болады: өндірістік қызметке бағытталған тауарлар нарығы; халық тұтұнатын тауарлар, азық-түлік тауарлар нарығы; шикізат пен материалдар және т.б;
3. Кеңістік (территориялық) критериі бойынша мынадай нарықтары болады: аймақтық; аймақаралық; республикалық; республикааралық; халықаралық (әлемдік) нарықтар.
4. Бәсекенің шектеулі дәрежесі бойынша мынадай нарықтар болады: монополиялык; олигополиялык; салааралык нарықтар;
5. Нарық қатынастарының субъектілері бойынша мынадай нарықтар болады: Көтерме сауда нарықтары. Мұнда сатып алушылар мен сатушылар болып кәсіпорындар және ұйымдар әрекет етеді; Бөлшек сауда нарықтары. Мұнда сатып алушылар-жеке азаматтар; Ауылшаруашалық өнімдерін мемлекеттік сатып алу нарықтары. Мұнда сатып алушы - мемлекет, сатушылар-ауыл шаруашылық өнімдерін тікелей өндірушілер: фермерлер, агрокешендер т.б.
6. Экономикада заңдылықты сақтау жағынан мынадай нарықтар болады: занды, ресми нарықтар; занды емес, көлеңкеленген нарықтар т.б.
Нарықтардын құрылымын зерттеу оларды негізгі түргебөлуге мүмкіндік береді. Тауарлар мен кызметтер нарығы. Бұл топка жататын нарықтар: тұтыну тауарларының нарықтары-азык-түлік және азық-түлік емес тауарлар нарығы; қызметтер нарығы - тұрмыстың, көлік, коммуналдық қызметтер; тұрғын үй және өндірістік емес ғимараттардың нарығы. Өндіріс факторларының нарығы. Бұған жататындар: жылжымайтын мүліктер нарығы; еңбек құралдарының нарығы; шикізат пен материалдардың; қуат ресурстарының; пайдалы қазбалардың нарықтар. Қаржылар нарығы: капиталдар нарығы немесе инвестиңиялык нарықтар; несие нарықтары; құнды қағаздар нарықтары - акциялар, облигациялар, варианттар және т.б. валюта-акша нарықтары. Интеллектуалдық өнімдер нарығы инновациялардың, ойлап табулардын, информациялык кызметтердің, әдебиет және өнер еңбектернің нарықтары. Жұмыс күші нарығы. Бұл енбек ресурстары козғалысының экономикалық формасы. Мұнда нарық экономикасы заңдарына сәйкес жұмысшы күші миграция жасап отырады. Аймактық нарықтар: жергілікті, кіші, ұлттық, сыртқы, халыкаралық нарықтар.
Нарықтарды сегменттеу. Нарықтың негізгі түрлері әртүрлі субнарықтарға косалқы, нарықтық сегменттерге бөлінеді. Нарықты сегменттеу тауарларға бірдей емес талаптар қоятын, осы тауарлардың тұтынушыларын жеке-жеке топтарға бөлу болып табылады. Сегменттеу әртүрлі жолдармен, әртүрлі факторларды (көрсеткіштерді) қолдану арқылы жүргізіледі. Осылардың негізгілері:
Нарықтың артықшылықтары:
- ресурстарды тиімді орналастыру;
- өзгеретін жағдайға икемділік пен бейімделу;
- нарықтық процеске қатысушылардың таңдау және әрекет еркіндігі;
- ҒТП жетістіктерін шығындарды төмендету мақсатында пайдалану;
- бағаны төмендету мақсатындағы бәсекенің дамуы;
- қажетті мөлшерде және жоғары сапамен түрлі талаптарды қанағаттандыру қабілеттілігі
кемшіліктері:
- өндірістің үйлесімсіз дамуының мүмкін болуы;
- қоғамдық проблемаларды шешпейді;
- жұмыспен қамтамасыз етпейді;
- қоғамның бай және кедей топтарына бөлінуінің күшеюі;
- бағаның тұрақтылығы мен табыстың алынуына кепілдік бермейді;
- іргелі зерттеулерді қамтамасыз етпейді.
3.Сұраным – тауарлы шаруашылыққа тән айырбас сферасында көрінетін экономикалық категория. Сұраным қисығы – сатып алушылардың дәл осы уақытта түрлі бағамен экономикалық игіліктің қанша санын сатып алғысы келетінін көрсететін қисық. Нарықтық сұраным көптеген факторлардың әсерімен: баға деңгейі, сатып алушылардың ақшалай табысы, нарық көлемі, жинақталған мүлікпен сатып алушылар санымен және басқалармен – қалыптасады. Көлемнің оны айқындайтын фактордан тәуелділігі сұраным қызметі деп аталады. Сұраным мөлшері мынадай формуламен анықталады. Q= F (Б · Ат · Тт · Жм) Мұндағы Q– қолдағы тауар көлеміне сұраным; Б – қолдағы және жолдағы тауарлар бағасы; Ат – тұрғындардың ақшалай табысы; Тт – тұтынушының талғамы және талғауы; Жм – жинақталған мүлік; F – сұранымды қалыптастыратын факторларға қатысты сұраным тәуелділігінің қызметі.
Егер сұраным мөлшерінің баға емес детерминантын өзгермеген деп санасақ, онда бағаға қатысты сұранымның функционалды тәуелділігін мынадай формуламен анықтаймыз: Сұранымды тұтынушылар белгілі бір баға бойынша және қандай да уақыт ішінде сатып алуға дайын тауар саны ретінде анықтауға болады. Қандай да бір тауарға деген сұраным көлемі деп жеке адам, адамдар тобы немесе жалпы халық белгілі бір шарттармен уақыт бірлігінде сатып алуға келісетін осы тауардың максималды саны аталады. Осы шарттарға: осы тауар бағасы, басқа тауарлар бағасы, ақша табысының шамасы, тұтынушы қалауы мен болжамдылық беруі, мүлік жинау және басқалар жатады. Сұраным көлемінің оны анықтаушы факторларға тәелділігі сұраным қызметі деп аталады. Сұраным көлеміне әсер ететін басқа факторлардың өзгермейтін шама деп алсақ, тауар бағасымен оған деген сұраным шамасы арасындағы тәуелділік сұранымның бағадан болатын қызметі түрін қабылдайды: Сұраным қисығы тауар бағасы деңгейіне байланысты тұтынушы сұранымының көлемі қалай өзгеретінін көрсетеді. Сұраным көлемінің тауар бағасының өзгеруіне байланысты өзгеруі сұраным қисығы бойынша қозғалысты көрсетеді. Сұраным қызметі – сұранымды оған әсер ететінәр түрлі факторларға байланысты анықтайтын қызмет. Оның ішіндегі ең маңыздысы осы кездегі игілік бірлігінің бағасы болып табылады. Баға өзгеруі сұраным қисығы бойынша қозғалысты көрсетеді. Сұранымның бағаға кері тәуелділігі мына себептерге байланысты: баға төмендегенде сатып алушылар саны көбейеді; тұтынушының сатып алу қабілеті өседі; арзандаған тауардың қосымша бірліктерін сатып алу тиімді болады. Бағадан тыс факторлар сұранымның өзін өзгертеді және сұраным қисығын оң жаққа және сол жаққа төмендегенді ысырады.
Ұсынымның мөлшері алдымен өндіріс шығындарына, қолданатын өндіріс технологиясының сипатына, дотация мен салыққа, бар тауарлар бағасы мен кәдімгі тауарлар бағасына баға өзгеруін кұтуге, сатушылар санына, табиғи-климаттық жағдайға және тағы басқаларға байланысты. Ұсыным көлемінің оны айқындайтын фактордан функциональды тәуелділігі ұсыным қызметі деп аталады. Ол мынадай формуламен анықталады:
Q= F (Б ∙ Тс∙ С∙ Кж) Нарықта сұранысқа тауардың белгілі бір ұсынысы қарсы тұрады. Ұсыным дегенде өндірушінің тауар сатуға дайындығын түсінеміз. Ұсыным көлемі бұл сатушуның немесе сатушылар тобының белгілі бір шартпен уақыт бірлігінде сатуға қоятын қандай да бір тауар бірлігінің максималды саны ұсыным көлемінің оны анықтайтын факторларға тәуелділігі ұсыным қызметі деп аталады.
Игілік ұсынымына игіліктің өзінің бағасы ғана емес, басқа факторлар да әсер етеді: өндіріс ресурс факторларының бағасы; технология; нарықтық экономика агенттерінің бағаны және тапшылықты күтуі; салықтар мен субсидиялар көлемі; сатушылар көлемі.
Сұраныс – белгілі бір уақыт аралығында тиімді бағаға сатылып алынуы тиіс тауарлар мөлшері. Сұраныс төлем қабілеті бар қажеттілікті көрсетеді. Жалпы айтқанда сұраныс бұл рыноктың баға құрылу процесіне әсер ететін жақтарының бірі. Негізінен сұранысқа көптеген факторлар әсер етеді, оның ішінде ең маңыздысы – баға болып табылады. Жалпы баға мен сұраныс арасында кері байланыс бар. Яғни, бағаның көтерілуі сұраныстың азаюына әкеп соғады және керісінше. Баға мен сұраныс шамасының арттықтылығ кері байланыс сұраныс заңы деп аталады.

p
0 Q


P - баға
Q – тауарлар мөлшері
Тұтынушылар әрбір баға бойынша осы тауардың көбін сатып алғысы келсе, онда d1 -ден d2 –ге ауысады, ал тауарды аз қалау – сұранысты азайтады және сұраныс қисығын солға d1 -денd3 –ке қозғалтады. Сонымен қатар сұраныс қисығының қозғалысы мен сұраныстың өзгеруі бағаның факторының әсерінен де болады. Оларға мыналарды жатқызуға болады:
- тұтынушылар таңдауы;
- сатып алушылар саны;
- сатып алушылар табысы;
- балама тауарлардың бағасы;
- қолайлы жағдайды күту.

Сонымен қатар осы қарастырылған бір фактордың және екінші фактордың әсерінің нәтижесінде сұраныс сезімталдығын анықтау үшін икемдік деген түсінік пайдаланылады. Икемдіктің өлшем бірлігі болып икемдік коффиценті табылады.


Икемдік коффицентін келесі түрде анықтауға болады:

{ К (и.б.) = Q өсуінің %-ті /P өсуінің %-не }


(и.т.) = сұраныс шамасының өзгеруінің %-і/
/табыс шамасының өзгеруінің %-не }

Ұсыныс – бұл өндірістің сату үшін рынокта ұсынылатын тауарлар мөлшері. Баға неғұрлым жоғары болса, өндірушілер тауарларын рынокқа соғұрлым көп шығарғысы келеді немесе керісінше. Баға мен ұсынып отырған өнімнің мөлшерінің арасындағы тура тәуелділік ұсыныс заңы деп аталады.


S - ұсыныс P


P - баға
Q – мөлшер саны


S2 S S1 Q

Негізінен қисығының өзінің қозғалысы мен ұсыныс өзгеруі бағалық емес факторларының әсерінен болады.


Ұсыныс қисығы егер осы тауарға шығын-р тұрақты кезінде рынокта көп өнім ұсынылса, SS -тан S1S2-ге жылжиды, ал тауардың ұсынысының азаюы ұсыныс қисығын солға SS -тан S1S3-ке қозғалтады.
Бағалық емес факторларға:
- ресурстар бағасы. Яғни, олардың түсуі өндіріс шығындарын азайтады және ұсынысты көбейтеді. Бұл жерде ұсыныс қисығы оңға жылжиды. Ресурстарға бағаның өсуі керісінше әсер етеді.
- технология. Оның жетілуі ресурстарға бағаны түсіреді және 1-пунктте көрсетілгендерге әсер етеді.
- салықтар. Салықтардың көтерілуі өндіріс шығындарын көбейтеді және ұсынысты азайтады. Яғни, ұсыныс қисығы солға жылжиды.
- басқа тауардың бағасы. Олар ұсыныс қисығын қалай болса да жылжыта алады. Мысалы, фирма егер де футбол добына баға өссе, баскетбол доптарын өндіріс азайта алады. Ұсыныс көлемінің бағаның өсуіне байланысты өзгеруінің дәрежесі ұсыныс икемділігімен сипатталды. Ол ұсыныс икемділік коэффицентімен өлшенеді.
К = Q салыстырмалы (%) / P салыстырмалы өзгеріс (%).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет