2. Ұлттық экономика және оның қызмет етуінің деңгейлері Ұлттық экономика жүйесін экономикалық ғылымда баланстық, яғни оның қызмет етуінің деңгей бағыттарының бірі болып табылады.
Ұлттық экономика әлемдік қауымдастық елдерінің түгелдей экономика аумағында өндіріс жағдайын өлшеуде қолданылып және оның түпкі қорытындысы – тұрғыладың әл-ауқат деңгейін көрсету болып табылады.
Ұлттық өндірістің макроэкономикалық нәтижесіне алғашқы рет баға беру Ф.Кенэ бастаған физиократтардың үлесіне жатады. Ол осы туралы өзінің көз қарасын «экономикалық кесте» деген белгілі еңбегінде баяндалған. Ф.Кенэ Францияның XVIII –ші ғасырдағы экономикасын негізгі ала отырып, жай ұдайы өндірістегі балансты талдауды көрсетті.
Өнеркәсібі дамыған барлық елдерді шалқасынан түсірген «Ұлы тоқыру» деп аталған 1929-1933-ші жылдардағы экономикалық дағдарыс макроэкономикалық талдаудың қажеттілігін көрсетті.
Сондықтан ұлттық өнім құрылуының факторларын, жұмыссыздық пен инфляция сауалдарын, экономикалық өсу қарқынын және ұлттық өндіріс көрсеткіштерін болжай білу тек ұлттық өндіріс көрсеткіштерін болжай білу тек ұлттық есеп-шөт жүйесін жүргізу арқылы шешіледі. Осы кезден бастап ғалымдар экономика нәтижесіне баға беру мәселесін және ұлттық табысты есептеуді біліп-зерттеумен қоян-қостық айналыса бастады.
Алғашқы рет ұлттық есеп-шөт жүйесінің кестесі 1953 жылы БҰҰ-ның статистиакалық бөлімінде басылып шықты. Қазір барлық әлемдегі елдерде ол стандарт ретінде қабылданды. Ұлтық есеп-шот оның жүйесінде метрикалық түрде бейнеленген, онда әрбір есеп-шөт табыс және шығын матрицаларда көрсетілген. Ұлттық деңгейін құрудағы ертеректегі талпыныстан А.Стоун ұсынған айырмашылық сол, ал алғашқы рет макродеңгейде екі еселей жазу принципін «қоғамдық матрицаларда» қолданады.
Стандарттық сипаттамалар – ұлттық өнім тұтыныс, сауда балансы және басқалары солай топталған, олар экономика құрылысы мен оның қызмет жасау процесіне толыққанды бейнеленгенін көрсетеді. Мұнда сондай-ақ қаржы балансы ұлттық есеп-шөт жүйесі және демографиялық есептеп шығару жүйесін құру енген.
Қоғамдық өндірістің макроэкономикалық көрсеткіштерінің ең маңыздысы: жалпы қоғамдық өнім, жалпы ішкі өнім
Стандарттық сипаттамалар ұлттық өнім тұтыныс, сауда балансы және басқалары солай топталған, олар экономика құрылымы мен оның қызмет жасау процесіне толықтанды бейнеленгенін көрсетеді. Мұнда сондай-ақ қаржы балансы ұлттық есеп-шөт жүйесі және демографиялық есептеп шығару жүйесін құру енген.
Қоғамдық өндірістің макроэкономикалық көрсеткіштерінің ең маңыздыысы жалпы қоғамдық өнім, жалпы ішкі өнім, жалпы ұлттық өнім, ұлттық табыс болып табылады.
Жиынтық қоғамдық өнім мөлшерін анықтауда дәстүрлі көзқарас бойынша, қызмет көрсетнудің материалдық емес өндіріс оған еңбейді.
Бұл өнім жиынтық (жалпы) қоғамдық өнім (ЖҚО) болып аталады. Дүниежүзілік шаруашылық практикасында қалыптасқан келесі көзқарас бойынша, қоғамдық өнім өлшерін есептегенде мынаны ескереді:
Өндірімен өнім массасы материалдық өндіріс өнімнің ғана емес, сондай-ақ қызмет көрсетудің материалдық емес өндірістің қызметтерің де өндіреді. Бұл өнім жалпы ішкі өнім болып табылады.
Қоғамдық өндіріс нәтижесінің жалпылама көрсеткішіне жиынтық (жалпы) қоғамдық өкіледі жатқызамыз, себебі ол қоғамдық өндірістің бір жылда құралған материалдық илігінің (өндіріс құрал-жабдығы мен тұтыну заттары) жиынтығын бейнелейді. Жиынтық қоғамдық өнім (ЖКӨ) екі түрде өндіріледі: натуралды заттай және құндылық, ЖКӨ натуралды заттай түрінде өндіріс құрал-жабдықтары мен тұтыну заттарынан тұрады. Осы тұрғыдан барлық қоғамдық өндіріс екіге бөлшектенеді, өндіріс құрал-жабдықтар өндірісі (І-ші бөлімше) және тұтыну заттары өндірісі (ІІ-ші бөлімше).
Қоғамдық өнім жиынтық қоғамдық өнімнен шикізат пен материал айналымын алып толтау жолымен құрылады, яғни олардың қайталану есеп шотын болдырмайды.
Ұлттық экономикалық қызмет етуінің ең маңызды жиынтық көрсеткішіне ұлттық табыс жатады. Ол барлық өндіріс факторлары иегері табығының қосындысын (рента, жалақы, капиталға пайыз %), меншіктен табыс, корпорация пайдалы) құрайды. шетел практикасында ұлттық табыс таза ұлттық өнім (ТҰЖ) мен бизнеске деген жанама салық айырмасы ретінде анықталады:
ҰТ=ТҰД – жанама салықтар
Дәстүрлі тәсіл бойынша, ұлттық табысты жиынтық қоғамдық өнімнің бір бөлігі ретінде өндіріс процесінде тұтынылған материалдық ресурстарды қайтаруды иегеру арқылы анықтаймыз.
ҰТ=ЖҚД-МШ
мұндағы: ҰТ=ұлттық табыс,
ЖКӨ=жиынтық қоғамдық өнім
ИШ=материалдық шығындар.
Өзінің қозғалсында ұлттық табыс төрт станциядан өтеді, өндіріс, балу, айырбас және қолдану.
Өндіріс стандиясына ұлттық табыс барлық салада құралатын таза өнім түрінде болады, болу стадиясында әртүрлі бірінші және екінші табыс түрінде болады; айырбас стадиясында – тауардың өндіріс құрал-жабдығы мен тұтыныс заттары түрінің жиынтығын құрайды, қолдану стадиясында – қорлану мен резерв түрінде болып келеді.
Ұлттық экономика және оның қызмет етуінің деңгейі – ұлттық табыс мөлшері тұрғындардың тұтыну деңгейімен өсуі, сондай-ақ өндіріс аумағы мен оның өсу қарқынына байланысты. Ұлттық табыс жиынтық қоғамдық өнімнің шамамен 50 % құрайды. Ұлтық табыс қоғамның түпкілікті өнімінен амортизация сомасына келе, шамамен 8-10% болады.
Егер ұлттық табыс көлемін елдегі тұрғындар санына бөлсек, онда өте маңызды экономикалық көрсеткішті табамыз: тұрғындар өмір денгейнің айнасы – жан басына шаққандағы ұлттық табыс.
Әлемдік қауымдастыққа ететін елдер бойынша өмір деңгейін анықтау үшін жөн басына шаңқандағы жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) көлемін қолдануға болады.
Ұлттық экономикалық қызмет деңгейін, яғни ұлтық өндіріс көлемін өлшеу үшін жалпы ішкі өнім көрсеткіш қолданылады. Ол барлық жылдық өнім құнылық сомасын құрайды, сондай-ақ Қазақстандағы шет ел және өзінің өндіріс факторларын қолдану арқылы құралады. Оны жалпы ұлттық өніленген ажырата білген жөн. Жалпы ұлттық өнім жалпы ішкі өнімнен осы елдесі қолданылған ресурстар табысы сомасының шет елдегі өнімнен (пайыз, дивиденд, жолақы) артық болады.
Сыртқы экономика операция бойынша сальдо ЖӨ өзіне тікелей сол елде өндірілген өнім мен қызмет көрсетуді және бұл елдегі өндіріс факторын қолданғанда ғана енгізеді. Егер, жапондықтарға жататын өндіріс факторын АҚШ-да қолданса, онда олардың құны ЖІӨ-ге енгізілмейді.
Бұл жағдай мынандай кезде де ескеріледі американдық өндіріс факторы басқа елде қолданса, онда олардың құныда ЖІӨ-ге енбейді. Елдегі барлық фирмалардың қосарланған құн санасы ЖІӨ-ді құрайды. Жалпы ішкі өнім мемлекеттің барлық территориясында өндірілетін болғандықтан, сондай-ақ ол өзіне тұтыну мен инвестицияны ендіреді.
Ұлттық экономикалық қызмет ету деңгейін методология бойынша статистикалық органдары есептейді және халықаралық салыстырулар үшін қолданылады. Негізгі өндірістік және өндірістік емес қорлардың амортизациясынн материалдық өндіріс саласының таза өнімін және сыртқы экономикалық қызмет бойынша табыс енгізіледі.
Ұлттық экономикадағы қызмет етудегі ұлтық өнім еліміздің экономикалық даму деңгейі мен пропорциясын шет елдермен тікелей салыстыруға мүмкінді туды.
Жалпы ұлттық өнімнің жиынтық қоғамдық өнімнен айырмашылығы сол, ол еңбек заты мен жартылай фабрикаттар құнының қайталанған есеп-шотын ендірмейді. Қайталанған есеп-шоттың енбеуін қосарланған құн көрсеткіші қамтамасыз етеді. Ол дегеніміз, кәсіпорынның жалпы табысы және оның шикізат мен материалға кеткен шығындары арасындағы айырмасын көрсетеді.