ӘЛЕУМЕТТІК ЗЕРТТЕУ — қоғамды біртұтас әлеуметтік-мәдени жүйе ретінде қарастыратын және бастапқы социологиялық ақпараттарды жинаудың, өңдеп, талдаудың айрықша әдістері мен тәсілдеріне сүйене жүргізілетін зерттеу түрі.
Жинақталған. деректерді өңдеп, талдауды, қорытуды және ұйғарым түйіп, ұсыныстар мен болжаулар жасауды қамтиды;
Әлеуметтік болжам
Ол зерттелетін объектіні алдын-ала талдау негізінде ұсынылатын әлеум. деректер, құбылыстар мен процестер туралы ғылыми тұрғыдан дәлелді, әйтсе де, растау мен теріске шығаруды қажетсінетін әлеуметтік жорамалдар жасайды.
Әлеуметтік болжам үш тәсілмен жүзеге асады
Экстраполюстеу (яки, ықтимал ауытқуларды есепке алу);
Осы әлеумттік болжам атауымен тікелей сабақтасып, желілесіп жатады. өйткені, ол әлеумттік даму процестерінің мақсат-міндеттерін, оны жүзеге асыру жолдарының ғылыми негізделген көрсеткіштерін қамтиды. Әлеум. жоспарлау қажеттілігі бір салаға тән ерекшеліктердің әлеумттік-эконмикалық мәселелермен тығыз байланыстылығынан туындайды.
әлеуметтік бақылау
Басқару жүйесінің маңызды бөлігі қоғамның қалыпты қызмет етіп, қолайсыз жағдайларға жол бермеу үшін әлеум. бақылаудың маңызы зор. Бұл — арнайы, жүйелі де тікелей қабылдап, түсінуге, таңдап алынған әлеум. объектінің нақты әлеуметтік зерттеулер үшін қажетті сипаттамаларын тіркеуге байланысты эмпириялық (нақты) деректерді жинау әдісі.
әлеуметтік бақылау
Ол — кең мағынасында, қоғамның бақылау түрлерін қамтиды, ол тар мағынада — әлеуметтік пікір, яғни адамның іс-қимылы мен тәртібіне берілетін баға ретінде түсіндіріледі. Әлеуметтік пікір мен қоғамдық сана өзара байланысты әрі адам мүддесінің материалдық жай-күйінен өрбиді. Көбінесе, әрқилы әлеуметтік топтардың бүгінгі күн проблемаларына, деректері мен құбылыстарына айқын немесе жасырын көзқарастары түрінде кездеседі.
Жалпы, Әлеуметтік зерттеулерді жүргізіп, қоғамдық пікірді екшеу барысында қолданылатын әдістер көп. Сол зерттеулердің ішіне әлеуметтік сауалдама, әлеуметтік эксперимент тәрізді түрлері де кіреді.