Бағдарламасы Ескермесқызы Айзат 1 2021 жыл мазмұны кіріспе



бет5/37
Дата03.11.2022
өлшемі1,73 Mb.
#156506
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Байланысты:
Пиза. Оку сауаттылығы 5-9 сынып

Мәтін және мәтін типтері


«Мәтін» сөзі шынайы тіл қолданылған баспа түрде немесе бейнелік мәтіндерді білдіреді. Мұндай мәтіндер диаграмма, сурет, карта, кесте, график түріндегі визуал бейнелерді қамтуы мүмкін. Бір ғана мәтіннің өн бойында әртүрлі мәтін типтері кездесе береді. Мәтіннің (формасы) нысаны 4 – ке бөлінеді.

  1. Тұтас мәтін ( көркем әдебиет мәтіндері, репортаж, өлең, пьеса, мақала, жұлдыз жорамал, техникалық мәтін, заң, ғылыми негіздемелер, нұсқау)

  2. Жадағай (тұтас емес) мәтін (графика, кесте, сурет, диаграмма, жарнама, сканворд, хабарландыру, карта, анкета, құттықтау, комментарий)

  3. Аралас мәтін (тұтас және тұтас емес мәтіндердің сипатын біріктіреді, авторлық веб – парақтар).

  4. Құрамдас мәтін (бір тақырып, бірақ әр автордың пікірі, ойы. Мысалы, аққу тақырыбына жазылған әрбір ақынның туындысы немесе әр газеттегі бірдей тақырыпқа жазылған материал және бірнеше тақырыпты қамтитын үзік –үзік мәтіндер).

PISA оқу сауаттылығы бойынша оқушыларға ұсынылатын тест сұрақтары әртүрлі мәтін түрлерінің негізінде ұсынылады.



  1. Көркем әдебиеттен алынған үзінділерден тұратын тұтас мәтіндер, құрылымы мәтіннің ірі бірліктерін құрайды. Мағыналық абзацтар белгілі бір тәртіппен ұйымдастырылған және мәтіннің логикалық құрылымын тез қабылдау үшін тақырыптар мен тақырыпшалардан тұрады.

Тұтас мәтіннің мысалы


Жақсылардың жақсысы
Баяғыда бір адам бірнеше бөлмелі жарық, биік, өте әсем үйде тұрыпты. Үйдің айналасы бау-бақша екен. Бір күні оның кішкентай қызы бақшаны, барлық бөлмелерді аралайды. Кірмеген жалғыз ғана бөлме қалыпты. Ол ылғи да жабық тұрады екен.
Сонда әкесіне қызы:

  • Әке, маған жабық тұрған бөлмеге кіруге рұқсат етіңіз. Осы бөлме басқа бөлмелерге қарағанда жақсы ғой деп ойлаймын, - дейді.

  • Оның дұрыс, қызым. Жақсылардың ең жақсысы сонда. Бірақ сен әлі жассың, өскенде бұл бөлмені саған берем. Сен оған өмір бойы риза боласың,- деп жауап қайтарады әкесі.

Қыз есейіп, бойжеткен атанады. Әкесі қызына жабық бөлменің кілтін береді. Қыз есікті ашқанда, тек ұршық пен кітапты көреді. Қыз әкесіне:

  • Әке, сен жабық бөлмеде «жақсылардың жақсысы бар» деген едің. Мен ұршық пен кітаптан басқа ештеңе таппадым,- дейді.

  • Міне, жақсылардың жақсысы деген – осылар, қызым! Ұршық болса, өнерің жанады. Ал кітап оқысаң, білімің артады. Жарық дүниеде бұлардан жақсы нәрсе жоқ. Дүниедегі мүліктің бәрі еңбекпен, өнермен, біліммен табылады,- деп түсіндірді әкесі.




  1. Тұтас емес мәтіндер басқа оқу дағдыларын талап етеді, себебі мәтіннің ақпараттық бірліктерінен, яғни кесте, графика, диаграммалардан тұрады.

Тұтас емес мәтіннің мысалы (1-сурет)

1-сурет


  1. Аралас мәтіндердің бір ерекшелігі – мәтіннің ойын өзара толықтырып тұратын вербалды және вербалды емес элементтерден тұрады. Бүгінгі таңда көптеген ақпараттық мәтін таныстырылымдық форматта болады, мысалы, веб парақшалар, журналдар және т.б.

Аралас мәтіннің мысалы (2-сурет)

2-сурет

  1. Құрамдас мәтіндер мазмұны жағынан ғана емес, форматы жағынан да әртүрлі бірнеше мәтінді бір тақырып аясында біріктіреді. Сондықтан олар мағыналық тұрғыдан өзара байланысты және аяқталған болып есептеледі. Оның мұндай қыры мәтіннің болжамды мақсатын көрсетеді.

Құрамдас мәтіннің мысалы (3-сурет)

3-сурет




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет