Бағдарламасы «etd 2103- экология және тұрақты даму»



бет2/35
Дата25.10.2022
өлшемі1,52 Mb.
#154773
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Байланысты:
umk ekologiya zhane turakt damub,hb,h
LESSON 2, 8 сабақ Өсімдіктерді калай қорғаймыз
ҚАРАЛҒАН және ҰСЫНЫЛҒАН
«Электрэнергетикасы, техносфералық қауіпсіздік және экология» кафедрасының ғылыми-әдістемелік семинары отырысында 2022 жылғы «_31__» __08__ №_1 хаттама


Кіріспе. «Экология – табиғат экономикасына қатысты барлық білімдерді – жануарлардың оны қоршаған органикалық және бейорганикалық ортамен, әсіресе, өзімен тікелей немесе жанама қатынаста болатын жануарлармен және өсімдіктермен өзара ынтымақтастық немесе қастастық, жаулық әрекеттерінің бүкіл жиынтығын зерттеуді түсінеміз», - деп Э.Геккель экология ұғымына анықтама берген. Экология барлық деңгейлердегі ағза үстелік биологиялық жүйелердің ұйымдасуы мен тіршілік қызметі туралы ғылым. Экология курсында, оның даму тарихымен, бөлімдерімен, ағзалар, популяциялар, бірлестіктер экологиясымен, экологиялық жүйе, биосфера тақырыптарымен танысады. Ғаламдық экологиялық проблемалар тақырыбында дәріс оқылады. Қазақстан Республикасының экологиялық жағдайымен, ондағы өсімдіктер мен жануарларды қорғауға алынған орындар(қорықтар, қорықшалар) туралы мәлімет алады. Бұл курс студенттердің экологиялық ойлауын, экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.
Дәрістер тақырыбы. Экология және оның қысқаша даму тарихы. Экология туралы түсінік. Аутэкология. Организм жәнеқоршаған орта. Тіріжүйелердіңұйымдасудеңгейі.Экологиялықфакторларжәнеолардыңклассификациясы. Популяция туралыжалпымағлұмат. Популяцияныңқұрылымы мен түрлері. Популяцияныңстатистикалықжәнединамикалықсипаттамалары. Бірлестіктер экологиясы-Синэкология. Синэкологияның зерттеу обьектілеріне жалпы сипаттама. Экожүйенің құрылу заңдылықтары.Экожүйе түсінігі.Экожүйедегі зат айналымы. Биосфера және оның тұрақтылығы. Биосфера - ғаламдық экожүйе ретінде. Тұрақты даму концепциясы.Тұрақты даму, мақсаты, міндеттері, мәселелері. Рим клубы.Стокгольм конференциясы. Рио-де Жанейро конференциясы. Иоханесбург саммиті. Киото хаттамасы.
Практикалық сабақтардың шамамен ұсынылатын тақырыптары: Экологияның өзге ғылым салаларымен өзара байланыстылығы. 1.Экологияның ғылым ретінде анықтамасын беріңіз. Қоршаған ортаның экологиялық сыйымдылығы. Негізігі тіршілік орталары, олардың сипаттамалары.1.Тіршіліктің пайда болуы жайлы теорияларына тоқталыңыз. Биологиялық жүйелердің ұйымдастырылу деңгейлері. Түр аралық бәсекелестік – қауымдастықтың түрлік құрылымын сақтаушы негізгі механизмдердің бірі. Г.Ф. Гаузенің бәсекелестік арқылы жою принципі. Экожүйелердің табиғи дамуы: бастапқы және қайталанған сукцессиялар. Экожүйелердің біртұ-тастығы және тұрақтылығы, экожүйелердің тұрақтылық механизмдері. Биоценоз, биогеоценоз, экожүйе терминдеріне анықтама беріңіз. Биосферадағы заттар айналымы. әлемдік биогеохимиялық циклдар.В.И.Вернадскийдің негізгі биогеохимиялық заңдары. Қазіргі биосфера.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет