Бағдарламасы Гүлнар Тоқайқызы Қажиева


Ата – аналарға құлаққағыс



Pdf көрінісі
бет26/41
Дата07.02.2022
өлшемі0,55 Mb.
#94729
түріБағдарламасы
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   41
Байланысты:
«Рухани уыз» тәрбие бағдарламасы
«Рухани уыз» тәрбие бағдарламасы
Ата – аналарға құлаққағыс 
1.
Сіздер тәрбие негізі – өнеге екенін әрдайым жадыңызда ұстап, есте 
сақтағайсыздар. Өнеге – өздеріңізден! 
2.
Балаңызға көңіліңіз толмаса, кемшілікті өз бастарыңыздан іздеңіздер. 
3.
Үй дегеніміз – балташылар мен тас қалаушылардың еңбегінің ғана емес,
үй ішінде тұрып жатқан адамдардың өзара қарым-қатынасыныңң жемісі. 
(Анақарыс)
4.
„Баласыз адам – бақытсыз адам“ (Ш.Мұртаза), Қадірлі ата-ана! 
Жаратқанның берген сыйына шексіз алғыстарыңызды білдіріңіздер! 


5.
Ата-ана! Ащы судың дастархан ажарына айналмауына зер салыңыз, ол 
басты дәм емес! 
6.
Ата-ана! Өз бөбегіңді, балаңды сүй, бірақ еркелетіп бүлдірме. 
7.
Балаңызға тек ата-ана ғана емес, жанашыр досы да бола біліңіздер. 
8.
Бала тәрбиесі – ананың құрсағынан сусындап, отбасынан басталады. 
9.
„Баланы ұлша тәрбиелесең – ұл, құлша тәрбиелесең – құл болады“ деген 
А.Байтұрсынұлының даналық сөзі жадымыздан шықпасын! 
10.
«Балам деген жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан шықсын!», 
А.Байтұрсынұлы. 
11.
«Балаға бәрі бауыр!», ана сүтінен нәр алып, әке мейірімінен құршын 
қандырған сәби – болашақ заманымыздың асыл ойлы азаматы болады. Болашақ 
өз қолдарыңызда екенін ұмытпағайсыз.
12.
Бала тілінің дұрыс өркендеуінің бірінші шарты – балаға сөзді бұзып 
сөйлемеу керек екендігін ұмытпайық. 
13.
Балаңыздың достарын жақсы біліңіз. 
14.
Жанұяларыңызбен бірге уақыттарыңызды жиі өткізіңіз, өткен
күндерді талқылап, жанұялық ахуалды ақылдаса отырып, шешім
қабылдаңыздар. 
15.
Жақын адамдарыңызды жалғыз қалдырмай соғып тұрыңыздар, 
көмектесіңіздер. 
16.
Салауатты отбасы болыңыздар. 
17.
Нәсіл тазалығы сақталсын! 
18.
«Қыз анадан үйренбей өнеге алмас, Ұл атадан үйренбей сапар шекпес» 
(Қорқыт баба) – өнегелі, ұлағатты болыңыздар! 
19.
«Бала өз тілінде тәрбиеленбесе, өз халқына қызмет ете алмайды», 
Жүсіпбек Аймауытов. 
20.
«Ел түзелсін десең әуелі өзіңді түзе», С.Торайғыров. 
21.
«Теледидар – құдіретті күш. Ол да баяғы ертегілердегі дәу пері 
сияқты: кімнің «сиқырлы сақинасы» бар соның құлы. «Адамдарды жаппай 
иманды ет» десе иманды ете салады, «мәңгүрт ет» десе мәңгүрт ете салады» 
Ш.Мұртаза. 
22.
„Орыс тәрбиесін алған бала ұлт қызметкері бола алмайды“ деген
Жүсіпбек Аймауытов атамыздың сөзі жадыңызда болсын! Ұрпағыңыздың 
болашағын ойлаңыз. 
23.
„Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер“, балаға жеті атасын 
таныту, отбасы шежіресін қалыптастырыңыздар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет