Бағдарламасы Гүлнар Тоқайқызы Қажиева



Pdf көрінісі
бет33/41
Дата07.02.2022
өлшемі0,55 Mb.
#94729
түріБағдарламасы
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   41
Байланысты:
«Рухани уыз» тәрбие бағдарламасы
«Рухани уыз» тәрбие бағдарламасы
Жақсылыққа сену –
адам баласына тек жақсылық жасауға бейімдейді 
және имандылықты қалыптастырады. Жақсылыққа сендіру үшін, оның 
философиялық жақтарын айқындап, көрсете білу (білім беру) қажет. 
Қайырымдылық –
кісілік дәстүрінің негізгі арқауы. Жеке тұлға адам 
баласына тек жақсылық жасап, табиғатты қорғай біліп, қайрымдылық 


көрсетуге міндетті. Қазақ халқы қалыптасқан қайырымдылық рәсімдерін одан 
әрі жалғастырып, жаңғыртып келеді (мысалы, “Қайырымдылық қоры”, 
“Қайырымдылар қауымы, т.б.”). 
Перзенттік парыз –
кісілік дәстүрінде үлкен орын алады. Отанға, ата-
анаға қызмет ету парызы мен міндеттерін халық ұрпағының құлағына жеткізіп, 
санасына сіңіріп отырған. Перзенттік парызды өтеуді борышым деп, әрбір жеке 
тұлға Отанға қызмет етіп, ата-ана үшін еңбек ету міндеттерін алға қояды.
 
Қонақжайлық –
қазақ халқының ұлттық ерекшеліктерінің бірі. Қонақты 
күту, қонақ кәдесін жасау, қонақты шығарып салу - бәрі ұлттық мәдениетті 
көрсетеді. “Қонақ десе, қоң етін пісіріп беретін қазақ” қонақ күтудің мәдени 
үрдістерін өмірге ендіріп, ұрпағына ол іс-әрекетті үйретіп (білім беріп) 
отырады. 
Ұлттық намыс 
– 
“қазақ халқаның қозғаушы күші”
(Ш.Уәлиханов) болған 
құбылыс. “Малым-жанымның садағасы, жаным-арымның садағасы” деп, 
намысты (арды) бәрінен жоғары қойған. Ұлттық намыс - ұлттың тірегі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет