ТАҢДАУ КУРСЫНЫҢ БАЗАЛЫҚ МАЗМҰНЫ I-бөлім. Дыбыс пен әріп - 3 сағат. Орфографиялық дағдылар қалыптастыру, пунктуациялық ережелерді практикалық тұрғыда меңгерту. Көркем жазу дағдыларын қалыптастыру.
II-бөлім. Сөз таптары -3 сағат. Ауызша және жазбаша сауаттылықтарын қалыптастыру, заттың түр-түсі, сипатын, санын, қимыл іс-әрекетін білдіретін сөздерді сауатты түрде практикада қолдана білу. Сауатты жаза білу.
III- бөлім. Дауысты, дауыссыз дыбыстар- 8 сағат. Дыбыстардың түрлерін айыра білу. Жуан және жіңішке дауысты дыбыстарды сөздерге дұрыс қолдану, дыбыс әріптерін сауатты түрде практикада қолдану. Дауыссыз дыбыс түрлерін ажырата отырып, әріп таңбаларын сауатты қолдану.