Үйірменің мақсаты: Оқушылардың сыныптан тыс уақытта шығармашылық ізденістерін, өзіндік қабілеттерін баулып және қоғамдық қарым-қатынасын қалыптастырып, өзіндік талдау, жинақтау, жұмыста шапшаңдық таныту, өз ойын көркем әдеби әдеби тілмен өрнектей білуге машықтандыру. Оқушыларды сайыстарға дайындау. Оқушылардың қызығушылығын дамыту мақсатында түрлі басылымдарға жариялау.
Үйірменің міндеті: - Оқушылардың оқу-тәрбие үрдісінде алған білімдерін әрі қарай дамытуға мүмкіндік жасап, қабілеттерін шығармашылық тұрғысынан шыңдау;
- Көркем әдебиет жанрына байланысты өлең, шығарма жазуға дағдыларын қалыптастыру;
- Оқушылардың қоғамдық белсенділігін дамыту;
- Оқушылардың өзара қарым-қатынастарын қалыптастыру, өлең, шығарма жазуға, мәнерлеп өлең оқуға деген қызығушылықтарын дамытуға ықпал ету.