Бағдарламасы «Жас ерекшелігі психологиясы»


Жас ерекшелік психологиясының пәні



бет2/26
Дата06.02.2022
өлшемі229,5 Kb.
#59751
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26

Жас ерекшелік психологиясының пәні


а) Жас ерекшелік психологиясына кіріспе


б) Жас ерекшелік психологиясының пайда болуы
в) Жас ерекшелік психологиясының тармақтары

Отбасында әртүрлі жастағы балалар тәрбиеленеді. Сондықтан әр ата-ананың, отбасы мүшелерінің тәрбие мен білім беру жүйесінде балалардың жас кезеңдерін еске алуы қажетті шарттардың бірі.


Соңғы жылдар ішінде бүкіл дүние жүзінің ғалымдары жас кезеңі мәселесіне аса зор көңіл бөлуде.
Зерттеу мәліметтері бұл мәселе жөнінде әлі де болса бірыңғай көзқарастың жоқ екендігін көрсетеді. Педагог-ғалымдар балаларды тәрбие және білім беретін жүйенің сатылары бойынша жас кезеңдеріне бөледі.Мысалы, бөбек жасындағы балалар, мектеп жасына дейінгі балалар, мектеп жасындағы балалар.
Соңғы жылдары жас кезеңдерін атап айтқанда, жаңа туған баладан бастап, жас өспірімдік шаққа дейінгі аралыққа өзгерістер енгізілді. Олар жеті сатыдан тұрады:

  1. Жаңа туған бала (туған сәттен...бір-екі айға дейін)

  2. Нәрестелік шақ (1-2 айдан бір жылға дейін)

  3. Ерте сәбилік шақ (1 жастан 3 жасқа дейін)

  4. Мектепке дейінгі балалық шақ (4 жастан 7 жасқа дейін)

  5. Бастауыш мектеп шағы (7 жастан 11-12 жасқа дейін)

  6. Жеткіншектік шақ (11-12 жастан 14-15 жасқа дейін)

Жас ерекшелік психологиясы-психология ғылымының саласы. Пәннің зерттейтіні-адам психикасының жас ерекшелік динамикасы, психикалық процестің онтогенезі және жеке адам дамуының психологиялық жағдайы.
Жас ерекшелік психологиясының тармақтары болып: балалар психологиясы, бастауыш мектеп психологиясы, жасөспірімдер психологиясы, ересек адамдар психологиясы жатады.
Жас ерекшелік психологиясы пәні-жас ерекшеліктерінің психикалық процестерін, жеке даму факторларын оқытады. Жас ерекшелік психологиясы пәнінің жалпы оқыту объектісі-бала, жеткіншектер, жас өспірімдік кезең.
Бұл сала оқыту мен ақыл ойдың және олардың өзара байланысы мен іргелі мәселелерін зерттеп, оқыту ісіндегі адамның ақыл-ойын, сана-сезімін жетілдірудің тиімді жолдарын нендей әдістер арқылы өрістетуге болады деген мәселелерді іздестіреді.
Бұл сананың ең көрнекті бөлшегі-балалар психологиясы, бөбектер мен жас өспірімдердің есею процесін зерттеп, қайткенде бұлар сапа жағынан тиісті дәрежеге жете алатынын зерттейді.
Жас ерекшелік психологиясының қарастыратыны: бала психологиясы (туғаннан 18 жасқа дейін), үлкендер психологиясы (студент жасы мен геронтология, яғни қартаюды) зерттейтін ілімі жатады. Осылардың ішінен біз тек бала психологиясына тоқталатын боламыз.
Баламен тек психология ғылымы ғана айналысып қоймайды, өзге ғалымдар да (педагогика, анатомия мен физиология) өз саласы тұрғысынан зерттейді.
Бала психологиясы тек мектепке дейінгі балалармен айналысып қана қоймай мектепте оқитындардың ұғымталдығын және ой-өрісінің, интеллектісінің қалыптасуымен де айналысады. Осыған орай «есею» деген ұғым бұрынғыдан қазір өзге мағынада қолданылады: бұл сан-алуан есептерді шығарудағы шеберлік, тапқырлық, не өзге пәндердегі мазмұнды ұғынып, солардың тиісті қорытынды жасай алуы т.б.
Жасөспірім психологиясы сол сан алуан ұғымталдық, ақыл т.б. және осыларды туғызатын жағдайлар мен факторларды және интелектінің қалайша қалыптасатынын зерттейді. Есеюге байланысты бұл жәйттерді зерттеу-балалар –бақшасы мен мектептер үшін маңызды мәселенің бірі. Өйткені әр жастағы баламен оқу-тәрбие жұмысын жүргізу үшін, сол жұмыс үстінде ұқыптылық пен ақылдың қаншалықты дамитынын білу өте қажет.
Жас ерекшелік психологиясыының зерттеу үстінде тапқан мәліметтері тек оқу-тәрбие жұмысы үшін қажет емес, оның үлкен философиялық мәні бар.
Жас ерекшелік психологиясының өмірге келуі. XIX ғасырдың екінші жартысына жатады және психология ғылымына генетикалық идеяның енуімен байланысты.Жас ерекшелік психологиясының дамуына Ч.Дарвиннің эволюциялық идеяларының айтарлықтай ықпалы тиді.
Олар психиканың дамуын қайнар көздері мәселесіне зейін аудартты.
Жас ерекшелік психологиясының әдістері. Психология ғылымының саласы бола отырып, жас ерешелігі психологиясы ғылыми талдауға ұшырауы мүмкін психологиялық фактіні-бақылау мен экспериментті ашудың негізгі екі әдісін пайдаланады.
Психологиялық мәліметтерді алудың ерекше бір тәсілі-егіздер әдісі деп аталады.Оның мәні-бір жұмыртқадан өрбіген егіздердің психикалық дамуын бақылаулар мен эксперимент жағдайларында салыстырып көру. Бұл олардың тұқым қуалаушылық қорының бірдейлілігін еске ұстай отырып, орта мен тәрбие ықпалынан болатын бірқатар факторлардың әсерін ажыратуға мүмкіндік береді.
Бала психикасының дамуын көлденең кесу әдісімен де зерттей алады. Психиканың қалыптасу ерекшеліктерін білуге тырысқан кезде бала психикасының дамуын көлденең кесу әдісімен де зерттей алады.
Жас ерекшелік психологиясының өмірге келуі XIX ғасырдың екінші жартысына жатады және психология саласына генетикалық идеяның енуімен байланысты. Ч.Дарвиннің эволюциялық идеяларының айтарлықтай ықпалы тиді. Олар психикалық дамудың қайнар көздері болып проблемасына зейін аудартты.
Психология зерттейтін деректердің рефлекстік мәнін түсінудегі психикалық іс-әрекеттің маңызын көрнекті орыс ғалымын И.М.Сесенов те атап көрсетті.
Балалардың психикалық даму проблемасы, бұл дамудың қайнар көздері мен заңдылықтары жас ерекшелігі психологиясы үшін әрқашанда басты мәселе.
Оқыту мен тәрбиелеудің жолдарын, олардың аса маңызды тәсілдерін анықтап, балаға деген қарым-қатынасы ересек адамдармен салыстырғандағы оның өзіне тән ерекшеліктерін түсіну осы мәселенің шешілуіне байланысты.
XX ғасырдың басында жас ерекшелігі психологиясы саласында балалардың психикалық дамуының қайнар көздерін әртүрлі түсіндіруші екі ағым айқындалды.
Жас ерекшелік психологиясы мәселелерін ғылымды күрделі еңбектерімен байытқан белгілісоветтік психолог-ғалымдар Б.Г. Ананьев, И.И. Божович, П.Я.Галперин, В.В.Давыдов, А.В.Запорожец, Л.В.Занков, Н.А.Менчинская нәтижелі зерттеді және зерттеп келеді.
Жас ерекшелігі психологиясының концепциясының бірі ақыл-ой әрекеттерінің кезеңмен қалыптасу теориясы болды. Ол 50-жылдарда П.Я.Гальпериннің еңбектерінде қалыптасты.
Ақыл-ой әрекеттерінің кезеңмен қалыптасу теориясының негізгі идеясы мынадан тұрады: білімдер алу оқушылардың іс-әрекеті процесінде, әрекеттердің белгілі бір жүйесін олардың орындауы жағдайында және соның нәтижесінде жүзеге асады.
Адам ой әрекетін табиғаттан даяр күйінде алмайды,ол ойлауды үйренеді, ойлау операцияларын игереді. Педагогтың міндеті-осы процесті шебер басқара білу, тек ойлау іс-әрекетінің нәтижелерін ғана емес, оның қалыптасу барысын да бақылап отыру.

Әр қилы психикалық процестерінің табиғи негізі мен үнемі дамып отыратын азаматтық қасиеттерін, психологиялық сапаларын зерттейтін бұл сана мынадай тармақтардан тұрады деп айттық. Олар: балалар психологиясы, жеткіншектер психологиясы, ересектер психологиясы, қарт адамдар психологиясы. Бұл сала оқыту мен ақыл-ойдың дамуын және олардың өзара байланысы мен іргелі мәселелерін зерттеп, оқыту ісіндегі адамның ақыл-ойын, сана-сезімін жетілдірудің тиімді жолдарын нендей әдістер арқылы өрістетуге болады деген мәселелерді іздестіреді.


Жеке адамның әсіресе балалық жас өспірім шақтарында дамып, жетілуі кң алдымен тәрбиенің ықпалы арқылы жүріп отырады. Жас ерекшелік психологиясы пәнінің негізі көңіл бөле қарайтын мәселесі жеке адамның рухани байлығы, оның көзқарасы, талабы мен әр алуан қабілеті көп жағдайда қалыптасқанына байланысты болады.
Балалар психикасының дамуында аса нәтижелі және нәтижесі аз мезгілдері кездеседі. Нәтижелі мерзімді синзетивтік кез деп атайды.
Жас ерекшелік психологиясы пәні дамымай тұрған кезде жұрт балаларын оқытты, оқытпағанның өзінде тиісті шаруашылық салаларына (мал бағу, егін егу т.б.) үйретті. Үйретпесе де кішілер үлкендердің жұмысына еліктеп, соған ие болуға тырысты.
Осы кездерде туған туысқандары жас мөлшерімен санасып, кім жасына қарай қаншалықты ақылды, не ақылсыз екені туралы мәліметтер таратты.
XX ғасырдың басында жас ерекшелігі психологиясы саласында балалардың психикалық дамуының қайнар көздерін әр түрлі түсіндіруші екі ағым айқындалады.
Бұл бағыттар бір-бірінен бала дамуының негізіне қандай факторды, биологиялық немесе әлеуметтік факторды алуымен ерекшеленеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет