Бағдарламасы және оның маңызы



Дата07.02.2022
өлшемі14,43 Kb.
#88054
түріБағдарламасы
Байланысты:
БОӨЖ 9


БОӨЖ 9
Президенттің «Интеллектуалды ұлт-2020» бағдарламасы және оның маңызы
Бодандықтың бұғауынан босап, тәуелсіздігімізді алғалы етек жеңімізді жиып, көшімізді өзгелермен теңестіргелі бірталай уақыт өтіпті. Осы жылдар ішінде елбасымыз әр салада дамудың сан қилы жолдарын саралап, көптеген бағдарламалар ұсынды. Солардың қатарындағы ең елеулісі 30 ақпан күнгі «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттарына арналған форумда жария еткен «Интеллектуалды ұлт-2020» бағдарламасы десек қателеспек емеспіз. "Интеллектуалды ұлт - 2020" ұлттық жобасы идеясы мен мағынасы өте көп. Оның негізгі мақсаты - қазақстадықтарды жаңа формацияға тәрбиелеу, Қазақстанды бәсекелестік қабілетті адам капиталына бай елге айналдыру",- деді Н. Назарбаев. Президенттің айтуынша, "жоба әлеуетті үш жағдайды ескеруге тиіс". "Бірінші жағдай білім беру жүйесінің инновациялық дамуына қатысты",- деп атап өтті ол. Жобаны жүзеге асыратын екінші басты мәселе, елбасының айтуынша ақпараттық революция болуға тиіс. "Біз бұл салада айтарлықтай артта қалдық",- деп атап көрсетті Н. Назарбаев. Атап айтқанда, президент "Алматыда ақпараттық технология паркі базасында жетекші жоғарғы оқу орындарының қатысуымен, шетелден ең үздік деген мамандарды тартумен үлкен аймақтық университет құруды" ұсынады. "Жобаны жүзеге асырудың үшінші бағыты ретінде жастарды рухани тұрғыдан тәрбиелеуді атап өтуге болады",- деді президент. Н. Назарбаев. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті деп хабарлады.
Мемлекет басшысы өз сөзінде жобаны 3құрамдас бөліктен тұрады деп қарастырып, түсінік беріп өтті. Алғашқы бағытында білім беру жүйесін инновациялық даму жолына түсіруді атаса, екінші жолында ұлттық жобаны жүзеге асырудың шешуші бір қуаты ақпараттық революция деп көрсетті, үшінші, ең негізгі жолы жастарға рухани тәрбие берудің маңыздылығы деп бекітті. Еліміздің дамуына ықпалын тигізіп, осындай бағдарламалар негізінде қызмет атқарып жүрген, еліміздің болашағы саналар жастарымыз белсенді жұмыстыр атқаруда. Еліміздің болашағы қазіргі жастардын қолында.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет