Бағдарламасы және практиканы өткізу барысы бойынша әдістемелік нұСҚАУ


Сабақтың психологиялық талдауының бағдарламасы



бет25/27
Дата31.03.2024
өлшемі373,5 Kb.
#200401
түріБағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Байланысты:
Praktika-Tarih-kaz (1)

Сабақтың психологиялық талдауының бағдарламасы


1. Студенттер қызметін талдау

1. Танымдық қызметінің бағыты, студенттердің танымы оқу тапсырмасына қай деңгейде бағынған, назар тұрақты сақталды ма, бір тапсырмадан келесі тапсырмаға тез ауысты ма.


2. Студенттердің қызметтеріндегі ішкі мен сыртқының ара-қатынасы, орындалып жатқан ой әрекетінің қандай сыртқы көріністері байқалды (тез және дұрыс пікір, дұрыс әрекет, қатесі бар үзіліспен айтылған жауап, сыбырлап айтқанды күту және т.б.), тапсырмалар қалай шешілді, тапсырманы орындау үшін сыртқы және ішкі сөйлеу қалай пайдаланылды?
3. Студенттердің қызметіндегі дербестік пен еліктеушіліктің ара қатынасы: тапсырманы үлгі бойынша, яғни көшіру арқылы орындау орын алды ма; бұл қаншалықты орынды және мақсатты? Дербес шешімдерді табу жағдайлары белгілеу.
4. Студенттердің ойлау қабілетіндегі нақты мен жалпылаудың ара қатынасы: нақты мазмұнды пайдаланудың фактілерін белгілеу, жалпы мазмұнды пайдаланудың жағдайларын белгілеу, студенттердің жауаптарында нақты мен жалпылаудың байланысы болды ма, үлгілер мен түсініктерде берілген материалдарды пайдалануды белгілеу.
5. Студенттердің сабаққа қатынасы, қай кезде олар айқын сөйледі, және ол немен байланысты?
6. Эмоциялардың әсерлілігі: студенттердің танымдық белсенділігіне жағымды эмоциялардың әсер ету жағдайларын көрсету, студенттердің танымдық белсенділігіне жағымсыз эмоциялардың әсер ету жағдайларын көрсету.
7. Қарым-қатынастың тұрақтылық және динамикалық ара қатынасы: оқу жұмысына студенттердің қатынасы бірдей ма әлде өзгерді ме; егер өзгерген болса, онда ол немен байланысты?
8. Студенттердің оқу қызметіндегі интеллектуалдық пен эмоционалдықтың ара қатынасы: оқу жұмысында ешқандай айқын эмоционалдық қарым-қатынастың болмау жағдайларын белгілеу; тапсырманың шешімін табуда эмоциялар өзгерткен жағдайларды атап көрсету.


II. Оқытушы қызметін талдау

  1. Оқытушының ақпараттық функциясы: ақпаратты берудің

сипаттамасы (дәлдігі, бірізділігі, ең маңыздысын белгілеу ептілігі, қолжетімділігі, алдыңғы тәжірибеге сүйену, басқа ғылыми пәндермен, тәжірибемен өзара қарым-қатынас), студенттердің ақпаратты меңгеруін болжау ептілігі.
2. Перцептивтік функциясы: студенттердің психикалық күйін қабылдау ептілігі.
3. Коммуникативтік функциясы: байланыс стилі, педагогикалық әдептілік, сөйлеудің сипаттамасы, мәнерлі сипаттамалары, сыныппен байланыс орнату шеберлігі.
4. Ұйымдастырушылық функциясы: мұғалімнің өз қызметін ұйымдастыру, студенттердің жеке және ұжымдық танымдық қызметін ұйымдастыру, сабақ барысында сыныпта тәртіпті сақтау.
5. Дамытушы функциясы: студенттердің ойлау қызметінің әдістері мен құралдарын қалыптастыру мен дамыту бойынша жұмыс, студенттер мен ұжымның тұлғасын қалыптастыру бойынша жұмыс.
6. Бақылау функциялары: студенттердің ақпаратты меңгеруін бақылау әдістері, мұғалімнің берген бағалардың объективтілігі, бағалардың уақыттылылығы, бағалау формаларының әртүрлілігі, мұғалімнің өзін-өзі бақылауының ерекшеліктері.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет