Сабақтың тақырыбы: А,Т,П,Н әріптерін салу, кіші әріптерін салу
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушының жазу каллиграфиясын қалыптастыру барысында бас әріпті сәйкес кіші әріптерді салуға әдемі жазуға төселдіру.
2. Көркем жазуға дағдыландыру, тілін дамыту, ойлау қабілетін арттыру.
3. Ұқыптылыққа, ұжымшылдыққа, тазалыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік, ойын.
Сабақтың көрнекілігі: демонстрациялық материалдар, суреттер, үлгілер.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгелдеп, оқу-құралдарын тексеріп, сабаққа назарын аудару
ІІ. Ой қозғау.
Жұмбақ шешу
Асты тас,
Үсті тас.
Ортасында піскен ас. (нан)
ІІІ. Жаңа сабақ
1. Сөздер неге үлкен әріптен басталып жазылған?
Астана, Дана, Дастан.
2. Дәптермен жұмыс
Қолды жазуға жаттықтыру жұмыстарын жүргізу, ауада жазу.
Үлгі бойынша бас әріп элементтерін жазып үйрену., сала отырып әріп таңбасын салуды тапсыру
Сергіту сәті
Нан қоқымын шашпаңдар,
Жерде жатса, баспаңдар.
Теріп алып қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар...
IV Бекіту.
Сөздік диктант жүргізу.
Ана, Дана, сона, нан, сан, анау, Сара.
V. Бағалау, мадақтау
VI. Үйге тапсырма беру
Үлгіні жазу.
Сабақ жоспарларының толық нұсқасын жүктеу ақылы.
Ол үшін халық банкінің 4402 5735 5419 3229 шотына (ЖСН 750115401055) немесе
Qiwi кошелек арқылы 8-701-859-48-75 (телефонға емес) номеріне
2500 теңге аударып, осы номерге телефон соғып, қажетті сабақ жоспарларын айтасыз немесе saulealt@mail.ru поштасына не ватсапқа түбіртектің сканерленген түрін салып, қажетті сабақ жоспарларын жазып жібересіз.
Хабар алынысымен Сіздің поштаңызға қалаған сабақ жоспарларының толық нұсқасы салынады.
Осы сайттан басқа да сабақ жоспарларын, сан алуан тақырыптағы қызықты ғылыми жобаларды кезіктіреcіз!
Достарыңызбен бөлісу: |