Бағдарламасы және соған сай дайындалған сабақ жоспарларының толық нұсқалары 2 нұсқада берілген



бет1/2
Дата21.07.2017
өлшемі278,71 Kb.
#21454
түріСабақ
  1   2
Көркем жазу пәнінің бағдарламасы және соған сай дайындалған сабақ жоспарларының толық нұсқалары 2 нұсқада берілген


Түсінік хат

 

Курс тақырыбы: «Көркем жазу»



Жүргізу формасы: танымдық сабақ, аралас сабақ, жарыс, дәстүрлі.

Курсты аяқтау: жазу жұмыстары

Аптасына 1 сағат. Жылына  34 сағат.

  Көркем жазу оқушының келген күнімен жазымен басталады. Әдемі жазуды меңгерудің әр адамға маңызы өте зор. Әдемі жазу бұл мәдениеттің белгісі, әрі сол жазуды оқитын адамға көзқарасы, құрметі. Көркем жазудың мақсаты - дұрыс, анық және тез жазуды қалыптастыру. Оқушының каллиграфиялық қабілетін қалыптастырудың педагогикалық қоғамдық тәрбиелік мәні зор.

Сабақ үстінде оқушылардың негізгі білім, білік дағдыларын қалыптастыру болса, ауызша айтқандарын дәптерге каллиграфия ережелерін сақтап жазу қиын да, маңызды да қағидалардың бірі болып табылады. 1 - сыныптағы «Көркем жазу» таңдау пәнінің негізгі мақсаты – қазақ әліпбиіндегі әріптерді, сөздерді, сөйлемдерді, көркем, түсінікті, таза жазуға дағдыландыру. Каллиграфия ережелерін сабақ үстінде оқушыларға толық меңгерту оңайға түспейді. Сондықтан, оқушылардың каллиграфиясын қалыптастыруда бұл пәннің ролі ерекше.

Ұсынылып отырған жоспар 1 – сыныптағы оқу курсының бағдарламасына сәйкестендірілген. Жатқа жазу, көшіріп жазу, шағын шығармалар оқушылардың зейінін, есту қабілеттерін, есте сақтауды дамытады. Сондай-ақ жоспарда оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытатын жұмыс түрлері бар. Сонымен қатар оқушылардың ой - өрісі мен дүниетанымын кеңейтуге өз ықпалын тигізеді.

Көркем жазу оқушыларды сауаттылыққа, ұқыптылыққа, оқушының каллиграфиялық қабілетін қалыптастырудың педагогикалық, қоғамдық тәрбиелік мәні зор. Әріп таңбаларын әдемі, көркем етіп салуға жаттықтыру мақсатында жүргізілетін жұмыстар оқушы бойына жақсы қасиеттердің қалыптасуына ықпалы етеді.Таза, әдемі, дұрыс жазуды талап ету оқушының әсемдік сезімін оятып, мінез-құлқын тәрбиелеп, жауапкершілікке, ұқыптылыққа үйретеді. Бұл тұрғыдан қарағанда көркем жазу курсы оқушыларға бағыт-бағдар береді.

       Ол үшін алдымен оқушылардың қолының икемділігі мен көзбен мөлшерлеу қабілетін жетілдірудің маңызы зор. Әріп элементтерін үйреткенде соларға сәйкес келетін таңбалар таңдап алынады. Буын, сөз жазуда әріп таңбаларын бір-біріне қосып жазудың (ілмек сызық, жанастыру арқылы) тәртібі қатаң сақталады.

Бұл курс Қазақстан Республикасы үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысы мен бекітілген ҚР мемлекеттік жалпы білім беру стандарты негізінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы №500 бұйрығына негізделген.

 Мақсаты:

Оқушылардың жазу дағдысын көркемдеу, сұлу жазуға машықтандыру. Өз ойын ауызша да, жазбаша да сауатты жеткізе білуін жетілдіру. Ауызекі және жазба тілде қарым- қатынас жасау дағдыларын дамыту, орфографиялық дағдылар мен көркем жазу дағдыларын қалыптастыру.Жазудың түрлі тәсілдері /көшіріп жазу, әріптік, буындық, сөздік, сөйлем, шағын мәтін т.б.арқылы сауатты жазуға үйрету.

 Міндеттері:



-бас және кіші әріптерді каллиграфия талаптарына сай жазуға дағдыландыру;

-әріптерді бір-бірімен өзара байланыстыра қосып жазуға үйрету;

-сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру;

-эстетикалық талғамға сай жазу әрекетін игеру арқылы каллиграфиялық көркем жазуын қалыптастыру;



Күтілетін нәтижелері:

-әріптерді каллиграфия талаптарына сай жазуға дағдыланады;

-әріптер сырын толық игеруге мүмкіндік алады;

-грамматикалық тапсырмаларды орындай алуға машықтанады;

-шығармашылық тапсырмаларды орындап үйренеді.

- сауатты жазу дағдылары қалыптасады;

 

Пайданылған  әдебиеттер:

1.«Әліппе» 1 сынып әдістемелік құрал, Алматы 2012 ж.

2. «Көркем жазу» ,авторлары Бекова Г.М.,Демеуова Г.Т.,Талдықорған 1997ж.

3. «Көркем жазу» дәптері,авторлары К.Калмухамбетова,К.А.Ерешева,Ұ.Ботабаева 1сынып  Алматыкітап 2012жыл



4. 2 - сыныпқа арналған «Көркем жазу» дәптері №1, №2, К. Ерешева, Ш. Ыдырысова.
5. Қазақ тілінен сын жұмыстары ( 1 - 4 сыныптар) К. Ерешева, Ұ. Ботабаева, Р. Муханова. «Өлке» баспасы, Алматы, 2008
6. Мақал – мәтелдер ( 1 - 4 сыныптарға арналған), «Өнер» баспасы, Алматы 2007

І нұсқа





Сабақ тақырыбы

Сағат саны

Мерзімі

Пайдаланыла-тын әдебиеттер

Көрнекілік-тер


Пәнаралық байланыс


Үй тапсыр-масы





Аптасына 1 сағат, Барлығы – 34 сағат



















1

А а әрпін жазу

1




Әдістемелік құралдар

Үлестірмелі материалдар

Әдебиеттік оқу




2

Ә ә әрпін жазу

1




Қосымша оқулықтар

Дидактикалық материалдар

Бейнеле өнері

Сөздерге дыбыстық талдау

3

Б б әрпін жазу

1




Жазба дәптері

Суреттер

дүниетау

Мәтінмен жұмыс

4

В в әрпін ажзу

1




Әдістемелік құралдар




еңбек

Өлеңмен жұмыс

5

Г г әрпін жазу

1




Қосымша оқулықтар

Топтамалар

музыка

Сөйлем құрау

6

Ғ ғ әрпін жазу

1




Жазба дәптері




Әдебиеттік оқу

Жазу, сөйлеу

7

Д д әрпін жазу

1




Әдістемелік құралдар

Үлестірмелі материалдар

Бейнеле өнері




8

Е е әрпін жазу

1




Қосымша оқулықтар




дүниетау

Сөздерге дыбыстық талдау

9

Е е әрпін жазу

1




Жазба дәптері

Тізбектер, суреттер

еңбек

Мәтінмен жұмыс

10

Ж ж әрпін жазу

1




Әдістемелік құралдар




музыка

Өлеңмен жұмыс

11

З з әрпін жазу

1




Әдістемелік құралдар

Үлестірмелі материалдар

Әдебиеттік оқу

Сөйлем құрау

12

И и әрпін жазу

1




Қосымша оқулықтар




Бейнеле өнері

Жазу, сөйлеу

13

Й й әрпін жазу

1




Жазба дәптері

Суретті әліппе

дүниетау




14

К к әрпін жазу

1




Әдістемелік құралдар

Үлестірмелі материалдар

еңбек

Сөздерге дыбыстық талдау

15

Қ қ әрпін жазу

1




Қосымша оқулықтар

Ойыншықтар

музыка

Мәтінмен жұмыс

16

Л л әрпін жазу

1




Әдістемелік құралдар

Үлестірмелі материалдар

Бейнеле өнері

Сөйлем құрау

17

М м әрпін жазу

1




Қосымша оқулықтар




дүниетау

Жазу, сөйлеу

18

Н н және Ң ң әріптерін жазу

1




Жазба дәптері

Тізбектер, Суреттер

еңбек




19

О о, Ө ө әріптерін жазу

1




Қосымша оқулықтар

Үлестірмелі материалдар

Әдебиеттік оқу

Мәтінмен жұмыс

20

П п әрпін жазу

1




Әдістемелік құралдар

Суретті әліппе

дүниетау

Сөйлем құрау

21

Р р әрпін жазу

1




Әдістемелік құралдар




еңбек

Жазу, сөйлеу

22

С с әрпін жазу

1




Қосымша оқулықтар

Ойыншықтар

музыка




23

Т т әрпін жазу

1




Жазба дәптері




Әдебиеттік оқу

Сөздерге дыбыстық талдау

24

Ұ ұ әрпін жазу

1




Әдістемелік құралдар

Үлестірмелі материалдар

Бейнеле өнері

Мәтінмен жұмыс

25

Ү ү әрпін жазу

1




Қосымша оқулықтар




дүниетау

Өлеңмен жұмыс

26

У у әрпін жазу

1




Әдістемелік құралдар

Үлестірмелі материалдар

музыка

Жазу, сөйлеу

27

Ф ф әрпін жазу

1




Қосымша оқулықтар




Әдебиеттік оқу




28

Х х Һ һ әріптерін жазу

1




Жазба дәптері

Тізбектер, Суреттер

Бейнеле өнері

Сөздерге дыбыстық талдау

29

Ц ц, Э э, Ч ч әріптерін жазу








Жазба дәптері

Тізбектер, Суреттер

Бейнеле өнері

Сөздерге дыбыстық талдау

30

Ш ш, Щ щ әріптерін жазу

1




Әдістемелік құралдар




дүниетау

Мәтінмен жұмыс

31

Ы ы, І і әріптерін жазу

1




Қосымша оқулықтар

Үлестірмелі материалдар

еңбек

Өлеңмен жұмыс

32

Ю ю әрпін жазу

1




Жазба дәптері




музыка

Сөйлем құрау

33

Я я әрпін жазу

1




Жазба дәптері




музыка

Сөйлем құрау

34

Ь ь, Ъ ъ әріптерін жазу

1




Әдістемелік құралдар

Суретті әліппе

Әдебиеттік оқу

Жазу, сөйлеу


Күні:

Пәні: Көркем жазу

Мұғалімі:

Сабақтың тақырыбы: А а әрпін жазу

Сабақтың мақсаты: Әріпті таныту, сөз буындарын ажырата білуге, сауатты жазуға, каллиграфиялық талаптарға сай жазуға, көркем орындауға дағдыландыру. Сөздік қорын, байланыстырып сөйлеу қабілетін дамыту.

Жабдығы: әріп, кеспе әріптер, суреттер.

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Жаңа сабақ:

Сабақты жұмбақтың шешуін табумен бастау.

Менің үшін жақсы адам,

көрем басқадан, (А)

Апа, ата сөздерін

Қайсы әріптен бастаған?



  • А дыбысы қандай дыбыс?

  • А дыбысынан басталатын сөздерді ата.

  • Сыныбымызда кімнің есімі А дыбысынан басталған?

  • Көзімізбен көріп, қолымызбен жазсақ бұл не болады? (Әріп)

А әрпінің таңбалану элементтерімен таныстыру.

Тақтаға бас және кіші элементтерінің жазылуын түсіндіру.

Қолды ауада жаттықтыру.

Ертегі "Аю мен тоқылдақ"

Ертеде бір аю болыпты, ол балды қатты жақсы көреді екен.Бірде балды көп жеп қойып тісі ауырады. Сонда аю көршісі тоқылдақтан жәрдем сұрапты. Сонда тоқылдақ оған:

- Аузыңды ашып, тісіңді көрсет - деді. Аю:

- А-А-А - деп аузын кең ашады. Сонда тоқылдақ оның азу тісін жұлып алады. Аю бірден тынышталып рахмет айтып үңгіріне кетеді.



Талдау.

-Аю қандай дыбыс шығарды? А дыбысын созып та, айғайлап та айта аламыз. Айтқанда ешнәрсе кедергі жасамайды.(тіл, тіс, ерін) Осындай кедергіге ұшырамай айтылатын дыбыстарды дауысты дыбыстар деп айтамыз. А дыбысы мынандай әріппен жазылады Аа.

Кезек - кезек және хормен А-А-А дыбысын айтып жаттығады.

Аю,бал сөздеріне талдау жасау.

Аю - 2әріп,2дыбыс,1буын.

Бал - 3әріп,3дыбыс,1буын

Дәптермен жұмыс: Қолға қалам аламыз

Дәптерімізді ашамыз

Салақтықтан қашамыз

Әдемі етіп жазамыз.



Сергіту сәті:

Алатаудың аясында,

Алма терді Алмагүл.

Алуан бала арасында,

Артта қалмай, алда жүр.

Дәптермен жұмыс

Өлең шумақтарына сәйкес суретті бояту.

Мен алмамын, алмамын

Таңдай жұлар бар дәмім

Қолды жазуға дайындауға арналған жаттығу жұмысын орындайды.

Үлкен А әріп жазылу емлесі. 
Үлкен А әріп үлгісі тақтада тұрады. Әріпті жазуды жұмыс жолының төменгі жағынан бастап төменгі сызық сәл жоғары --- қарай қиғаштау етіп жоғары жылжытамыз. Келесі жұмыс жолының сызығына жеткізбей өзімізге қарай төмен түсіп шиек жасаймыз. Екі элементті қосып, - ортасынан сызамыс. Мынадай қателер кетуі мүмкін:екі элементтің ортасы қалың; бірінші элементті тік. Бұл и әрпінің қосатын элементі сияқты жазылу керек. Мұғалім А әріпін бір элемент нүктелер арқылы жазып көрсетеді.
Үлкен және кіші а әріпі жазу үзіліссіз жүреді. Үлкен әріпті жазғаннан кейін, кіші әріптің негізгі дөңгелек негізін салып, содан соң жарты шиегі бар сызықты саламыз. 
Кіші а дыбысының емлесі.
а әріпі ең алғаш үйретіледі және ол екі элементтен тұрады. Міне оны жазудың қиындықтары да осында. Мұғалім әріп элементтеріне назар аудара отырып, тақтаға жазып көрсетеді. Мұғалім тақтаға жазумен бірге айтып түсіндіріп отырады: « Жұмыс жолының жоғары жағына келгенде солға қарай дөңгелектеу етіп төменге дейін сыза отырып, қиғаштау етіп бастаған нүктемізге дейін апарамыз. Екінші элементті үзбей жоғарғы сызықтан бастап төменгі жағын имектеу етіп жасаймыз».
Оқушылардың қателерін байқай жүре мұғалім, оны қалай дұрыс жазу керектігін түсіндіреді. Оқушылар а әріпін жазу барысында бірінші элементті өте жақын жазу сияқты қателерді жиі жібереді.

Сабақты қорыту: А дыбысы қандай дыбыс.

Буын жалғасын тап.



Ал- ..

Ар-..

Ай-..

Ап-..

А дыбысынан басталатын қала аттарын ата.



ІІ нұсқа

Күнтізбелік-тақырыптық жоспар




Жұмыс мазмұны

Сағат саны

Мерзімі

Түрі

Жауапты

1

Қаламсапты дұрыс ұстауға қалыптастыру

1




Түсіндіру




2

Бастыра сурет салу

1




Жазу




3

Әріп элементтерін бастыра жазу

1




Бастыра жазу




4

Кіші әріп элементтерін жазу

1




жазу




5

Бас әріп элемнттерін жазу

1




жазу




6

Әріптер арасындағы арақашықтықты сақтау туралы

1




Жазу, үйрену,қабылдау




7

Әріптерді дұрыс байланыстыра отырып үзбей жазу дағдыларын қалыптастыру.


1




Жазу, үйрену,қабылдау




8

Үзбей жазу







Жазу, үйрену,қабылдау




9

Байланыстырып жазу

1










10

Екі элементті әріп таңбаларын салу

Бір үзіліспен жазылатын екі элементті бас әріптерді жазу




1





Жазу, үйрену,қабылдау




11

Әріптердің атасы үлкен әріптерді салу А,Т,П,Н Кішкентай әріптерді салу

1




Жазу, үйрену,қабылдау




12

Әріптердің атасы үлкен әріптерді салу Р,Л,У,Ш Кішкентай әріптерді салу

1




Жазу, үйрену,қабылдау




13

Әріптердің атасы үлкен әріптерді салуЙ,О,Қ,Д Кішкентай әріптерді салу

1




Жазу, үйрену,қабылдау




14

Әріптердің атасы үлкен әріптерді салуМ,Б,С,Ы Кішкентай әріптерді салу

1




Жазу, үйрену,қабылдау




15

Әріптердің атасы үлкен әріптерді салуж ЖҰ,Ң,Е Кішкентай әріптерді салу

1




Жазу, үйрену,қабылдау




16-17

Көру диктанты

Сөздік диктант



1

1





Көре отырып жазу




18

Әріптердің атасы үлкен әріптерді салу І,Ә,И,З Кішкентай әріптерді салу

1




Жазу, үйрену,қабылдау




19

Әріптердің атасы үлкен әріптерді салу Ә,Ү,Г,Я, Ю Кішкентай әріптерді салу

1




Жазу, үйрену,қабылдау




20

Әріптердің атасы үлкен әріптерді салуХ,Ф,Е,Э,Щ Кішкентай әріптерді салу

1




Жазу, үйрену,қабылдау




21

Әріптердің атасы үлкен әріптерді салу Ц,Ч,ъ,ь Кішкентай әріптерді салу

1




Жазу, үйрену,қабылдау




22

Сиқырлы буындар

1




Буындардан сөз құрау




23

Әріпті жұмбақтар

1




Әріпті жұмбақтарды шеше отырып жазу




24

Қалып қойған әріптер

1




Қалып қойған әріпті таба отырып сөзді жазу




25

Сөз

1




1 минутта бірнеше сөз ойлап жазу




26

Сөйлем

1




Әр бала жеке сурет бойынша сөйлем құрайды, жайдан күрделіге қарай




27-28

Мақал-мәтелдер Жұмбақ

2










29-30

Өлең сөздің патшасы

1




Сөздердің, ұйқасын таба отырып 2-4 сөйлемнен тұратын өлең жазуға талпындыру




31

«Көркем дәптер» сайысы

1




Сайыс



Күні:


Пәні: Көркем жазу
Сабақтың тақырыбы: Байланыстырып жазу

Сабақтың мақсаты: 1. Әрбір әріп элементтерін үзбей жазуды игеру барысында сөздегі әріптерді өзара дұрыс байланыстырып жазуға дағдыландыру, қиындық келтіретін әріп элементтерінің каллиграфиялық талапқа сай жазылуын назарға алу.

2. көркем, сауатты жазуға баулу, ой-өрісін, тілін дамыту.

3. тазалыққа, ұқыптылыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, салыстыру, ойын.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, сызбалар.
Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды түгелдеп, оқу-құралдарын тексеремін. Сабаққа назарын аударамын.

ІІ Ой қозғау

Сөзжұмбақ шешу.



Сөзжұмбақты шешіп, сөзерді суретпен қос.

ІІІ. Жаңа сабақ

2. Тақтамен жұмыс

Тақтаға бірнеше әріптердің элементтерін жазып көрсетемін. Оқушылар ол қандай әріптерге сәйкес келетінін айтады.Және үлгі бойынша оқушылар әріп элементтерін бір-бірімен байланыстыра отырып, тақтаға көлбеу жазып көрсетеді.



  1. Дәптермен жұмыс

Сергіту сәті

Біз жазамыз, жазамыз,

Саусағымыз талғанша.

Сәл тынығып аламыз,

Сосын қайта жазамыз.



ІV. Бекіту

«Қай әріп?» ойыны

Берілген элементтерге қарай отырып, ол қандай әріп екенін табады.

V. Бағалау, мадақтау

VI. Үйге тапсырма беру Үлгіні жазу



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет