Білім бөлімі: Жаратылыстану Тақырыбы: Құстар – біздің досымыз Мақсаты



бет1/2
Дата11.01.2017
өлшемі0,68 Mb.
#7066
  1   2
Ұйымдастырылған оқу қызметі

(ортаңғы топ)

Тәрбиеші: Жұмабаева Л.А.

Білім беру саласы: Таным

Білім бөлімі: Жаратылыстану

Тақырыбы: Құстар – біздің досымыз

Мақсаты: Отанымызда мекендейтін құстармен таныстыру, олардың тыныс тіршілігі туралы әңгімелесу. Құстардың атын қазақ тілінде дұрыс айтуға үйрету, әңгімелеу дағдысын жетілдіріп, өз ойын толық айта білуге үйрету. Балалардың құстарға деген сүйіспеншілік сезімін оятып, қамқорлыққа, жанашырлыққа, адамгершілікке, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: көгершін – бейбітшілік құсы



Билингвалдық компонент: құстар – птицы

Көрнекіліктер: Суреттер, бейне материал, құстар, үнтаспа, ермексаз, шыршаның бүршіктері.

Қызмет кезеңдері

Тәрбиеші қызметі

Балалар қызметі

Ұйымдастырушы-қозғаушы қызмет

"Қуаныш шеңбері"

Тоты құс келеді.

- Сәлеметсіздер ме, балалар, мені таныдыңдар ма? Сендердің дауыстарыңды естіп, ұшып келдім. Достарымнан қалып қойдым, маған қыстайтын жер тауып беруге сұраймын.

Тәрбиеші: Балалар, тоты құсқа көмектесеміз бе?

- Ендеше біз орманға баруымыз керек. Орманға бару үшін өзімізбен бірге не алуымыз керек?

(Үстелдің үстінде рюкзак, қайшы, жем, мақта жатады) Балалар тоты құсқа үйшік іздеуге шықты.




Балалар "Қуаныш шеңберін" құрып бір-біріне жылы лебіздер айтады.

Балалар керек заттарды сөмкеге салады.

Балалар тоты құсқа үйшік іздеуге шықты.


Ұйымдастыру-ізденушілік

Ағашқа тап болады

(АҚТ -құстардың суреттері)

- Балалар, бұл не?

- Ағаш діңінде ұя бар, бұл ұяда қандай құс тұрады? Бұл құстың аты қалай?

- Жапалақ қандай құс?

Билингвалдық компонент: құстар – птицы

- Мынау қандай құс?

- Келесі қандай құс?

- Балалар, бұл құстар жылы жаққа ұшады ма?

Құстың дыбысы шығады.

- Балалар, бұл не дыбыс?

Ағаштың үстінде торғайлар отыр.

- Балалар, торғайлар тоңып қалыпты. Оларды жылыту үшін не істеуге болады?

- Балалар, аяқ астында жатқан бұтақтарды жинап, одан торғайларға ұя жасап берейік. Жәмиля, қарап жіберші, сөмкеде керек заттар бар ма?

- Балалар, торғайлар қуанышты сияқты. Енді оларға жылы, жаурамайды. Сендерге рахмет айтып жатыр.

Судың дауысы шығады.

- Балалар, бұл ненің дыбысы? Қане, жақынырақ барайық.

- Балалар, судың жағасында қандай құстар бар?

- Жанел аққу туралы әңгіме айтып берем дейді

Әңгіме "Қыста өзенде қалып қойған аққу"

- Сабина, сөмкеде жем бар ма, қарап жіберші.

Шыршаның қасына келеді. Оның үстінде бос үйшік тұр.

- Балалар, мынау біз іздеп жүрген үйшік қой, ішінде ештеңе жоқ сияқты. Қане тоты құстан сұрайық, үйшік ұнады ма?

- Тоты құстың көңілі жоқ қой. Не болды?

Тоты құс: Балалар, сендермен жүрген ұнағаны соншама, жалғыз қалғым келмей тұр.

- Балалар, тоты құс жалғызсырап тұр, оған көңілді болу үшін үкі жасайық.

Тоты құс: Рахмет, балалар, көмектеріңе.

- Сау бол, тоты құс, пәтерің құтты болсын.

Тәрбиеші: Балалар, енді балабақшаға қайтатын уақыт болып қалды. Мында екі жол, балабақшаға қай жолмен барамыз: ұзын жолмен ба әлде қысқа жолмен ба?

- Ендеше ұзын жолға түсейік. Қараңдар, жол үстінде бір зат тұр ғой.

Торға салынған көгершінді көреді.

- Бұл қандай құс? Көгершінді торда ұстауға болады ма?

- Дұрыс, балалар, көгершінді бостандыққа жіберейік. Ол бейбітшілік құсы.

Сөздік жұмыс: көгершін – бейбітшілік құсы




- Ағаш

- Бұл жапалақ

- Жапалақ күндіз ұйықтап, түнде қоректі іздеуге шығады. Оның басы үлкен, көзін ашып жұмады.

Балалар қайталайды

- Тоқылдақ - орманның дәрігері, ағаштарды құрттардан тазартады.

- Шымшық, ол орманда мекендейді, кейбір кезде қалаға ұшып келеді.

- Бұл құстар ағаштың діңінде ұя жасайды, орманда қыстап қалатын құстар. Олар орманның қамқоршысы.

- Құстардың дауысы

- Ұя жасап, тамақ беру керек.

Балалар, аяқ астында жатқан бұтақтарды жинап, одан торғайларға ұя жасайды.

- Иә, мақта бар

- Мақтаны жұмсақ, жылы болу үшін қоямыз

- Аққу, шағала, бірқазан

Жәнел "Қыста өзенде қалып қойған аққу" әңгімесін айтып береді

Балалар құстарға жем береді.

Шыршаның бүршігінен және ермексаздан балалар үкі жасап, тоты құстың жанына қояды.

Балалар тоты құспен қоштасады.

- Ұзын жолмен

Балалардың жауабы.

Сөздік жұмыс: көгершін – бейбітшілік құсы




Жетекші-жөндеуші

Тәрбиеші балалардан тыйым сөздерді сұрайды

- Дұрыс айтасыңдар, балалар, жарайсыңдар. Әрдайым құстарға осылай қамқоршы, қорғаушы болып жүріңдер.

«Көгершін» әнін айтады


Балалар тыйым сөздерді айтады:

Аққуды атпа, досыңды сатпа.

Құстың ұясын бұзба.

Құсты атуға болмайды.

Дала құсын торда ұстама.


Күтілетін нәтиже:

Ұғынады: Отанымызда мекендейтін құстармен танысып, олардың тыныс тіршілігі туралы

Түсінеді: құстарға деген сүйіспеншілік, қамқорлық, жанашырлық, адамгершілік, еңбек сүйгіштік сезімін

Қолданады: Құстардың атын қазақ тілінде дұрыс айтуға, әңгімелеу дағдысын жетілдіріп, өз ойын толық айта білуге








Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет