Бағдарламасы «Жоғары білім беру. Негізгі ережелер»


Негізгі әдебиеттер 1. Бағиева Ш.М. Іскери қазақ тілі. Алматы, 2012 ж



бет6/6
Дата01.04.2017
өлшемі2,51 Mb.
#13134
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6
Негізгі әдебиеттер
1. Бағиева Ш.М. Іскери қазақ тілі. Алматы, 2012 ж.

2. Күзекова З.С. Қазақ тілі. Алматы: «Раритет», 2009.

3. Иманқұлова С. Егізбаева Н. Иманалиева Ғ. Т.б. Қазақ тілі. Оқу құралы. – А., 2008.

4. Н.Құрман, Н.Тойбазарова, Б.Құрманова, К.Көпеш, Г.Нышанова Сұхбат. Қазақ тілін коммуникативтік жүйемен үйренуге арналған оқу-әдістемелік кешен. 2-негізгі оқу құралы.Тіл дамыту –В1, В2. –Астана, 2010 жыл.

Қосымша әдебиеттер
1. Байтілеуова, Ғ.Ә., Сұлтанова Ш.С. Іскерлік қазақ тілі. Алматы: «Sansam», 2009 ж.

2. Ақанова Д.Х., Алдашева А.М., Қадашева Қ.Қ. Ресми-іскери қазақ тілі. Алматы: «Арман», 2002 ж.

3. Абдиева Ш.Д., Бағжаева Г.С., Қазақ тілі «Арыс» 2004 ж. ЖОО-ның экономика факультеттеріне арналған /орташа және тереңдетіп оқитын топтар үшін/

4. Байтілеуова Ғ., Жақыбаева Қ. Қазақ тілі. Алматы, 2007 ж.

5. Камешова Г., Мұқанова Г. Қазақ тілі. Іскери қарым-қатынас үшін. Астана, 2004 ж.


Бағалау саясаты

Бағалау саясаты турашылдық, ашықтық, икемділік қағидаларына негізделген. Кредиттік технологиямен оқытуды ұйымдастыруда оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауда балдық-рейтингтік жүйе пайдаланады.

Пән 100 – балдық өлшемде бағаланады.

Қорытынды бағалауды есептеу әдісі.

Қазақ тілі пәнінің оқу жетістігінің деңгейі емтиханға жіберілу деңгейінің бағасынан құралған (ағымдағы және аралық бақылау бағаларының балдарының орташа қосындысы ) қорытынды бағамен және қорытынды бақылаудың (емтихан) бағасымен анықталады.

Емтиханға жіберу рейтингі (ЖР), 1-Рейтинг пен 2-Рейтинг қорытынды бағаларының 60 балдан(ұпайдан) кем болмауы керек.



Емтиханға жіберу рейтингі (ЖР) төмендегідей есептеледі:

(1-рейтинг + 2-рейтинг):2 (орташа арифметикалық мәні)

1-Рейтинг (2-рейтинг те) ағымдағы бақылауларда алған бағалардың жиынтығын, бағалар санына бөліп, аралық бақылаудың бағасына қосып, қосындыны екіге бөлу арқылы анықталады.

Мысалы:


Семестрдің алғашқы 7 аптасында пән бойынша 7 тапсырманы орындау қарастырылады,осы бойынша студент/магситрант 100 балдан әр тапсырма үшін келесі бағаларды алды: 70, 86, 65, 59, 91, 76, 56. Ағымдағы бақылаудың (Аб) орташа бағасы алынған балдардың орташаарифметкалық мәні бойынша анықталады: (70+86+65+59+91+76+56):7(баға саны)=72. (1Аб).

1 аралық бақылауда(АБ) бұл студент/манистрант 100 балдан 65 балл алды.

1 Рейтинг былай анықталады: 1Р= (1Аб+1АБ):2, яғни (72+65):2=69.

Семестрдің келесі 8 аптасында бұл пән бойынша 6 тапсырма орындау қарастырылған, осыған сәйкес студент/магистрант 52, 35, 96, 63, 45, 87 балл алды. Ағымдағы бақылаудың орташа бағасы: (52+35+96+63+45+87):6=63. (2Аб). 2 аралық бақылауда 100 балдан 83 балл алды.

2-Рейтинг = (2Аб + 2АБ) : 2 құрайды, яғни (63+83):2=73.

ЖР=(69+73):2=71 балды құрады.



Қорытынды бақылау ҚБ (емтихан) 100 балдық өлшемде бағаланады. Емтиханның нәтижесі кемінде 50 балл жинағанда ғана(ең жоғары өлшем 100 балл), қорытынды баға есептеуге жіберіледі.

Мысалы, студент емтиханда (қорытынды бақылау ҚБ) -65 балл алды делік. Бұл жағдайда қорытынды бағасы 71(ЖР)х0,6+65(ҚБ)х0,4=68, әріптік жүйеде бағасы С-ға, дәстүрлі жүйеде «қанағаттанарлық», сандық баламада 2,08-ге сәйкес келеді. Егер студент емтиханда 50 балдан кем жинаса, қорытынды баға шығарылмайдыда пәннен академиялық қарызы болып қалады. Курстық жұмыс(жоба) тапсырмаған студенттер емтиханға жіберілмейді (егер оқу жұмыс жоспарында курстық жұмыс қарастырылған болса).



Себепсіз практикалық сабақтардан қалу тапсырған тапсырманың бағасын 60 балға, практикалық сабақтардан қалу тапсырған тапсырмалардың бағасын 40 балға төмендетеді.

Белгілі себептермен сабаққа қатыспаған жағдайда қайталап өту қарастырылады.

Пәннің қорытынды бағасы балмен төмендегі кестеге сәйкес сандық баламасымен, әріптік және дәстүрлік жүйемен көрсетіледі.




Балмен қорытынды баға (ҚБ)

Балдардың сандық баламасы (С)

Әріптік жүйемен бағалау

(Ә)


Дәстүрлі жүйемен бағалау (Д)

95-100

4

А

Өте жақсы




90-94

3,76

А-

85-89

3,33

В+

Жақсы

80-84

3,0

В

75-79

2,67

В-

70-74

2,33

С+

Орташа (Қанағаттанарлық)

65-69

2,0

С

60-64

1,67

С-

55-59

1,33

D+

50-54

1,0

D

0-49

0

F

Қанағаттанарлықсыз





Курс саясаты

Курс саясатын студенттің сабақта өзін-өзі ұстау ережелері мен оқытушымен арақатынасына қойылатын талаптар жиынтығы құрайды. Аталмыш ережелер мен талаптар силлабуста көрсетілуі қажет. Қабылданған ережелерді орындау студенттер үшін міндетті болып табылады және оқу үрдісінің тиімділігін арттыруға көмектеседі. Әрбір оқытушының ережелер мен талаптарды таңдауға мүмкіндігі бар, алайда олар Университет студенттерінің этикасы мен академиялық әрекет саясатына қайшы келмеуі тиіс.

Қазақ тілі пәнін игеру практикалық сабақтарға, сонымен қатар СӨЖ-на міндетті түрде қатысу болып табылады.

Өздік жұмыс практикалық сабақтарының тақырыптарына қатысты сұрақтарды оқу немесе практикалық сабақтарына кірмей қалған немесе қысқаша қаралған тақырыптарды ұсынылған әдебиеттерді қолдана отырып терең іздену болып табылады.

Оқытушының басқаруымен студенттің өздік жұмысы практикалық сабақтарындағы тақырыптарды неғұрлым тереңдете оқып, баянды етіп бойына сіңіруді қамтиды.

Студент ОБСӨЖ сабақтарында тақырыптардың материалдары бойынша дайындалып, қойылған сұрақтарға жауап береді.

Бірінші және екінші аралық бақылау өткен тақырыптар бойынша сауалнама түрінде, билет бойынша, тест түрінде өткізіліп 100 балдық жүйеде бағаланады.(Аралық бақылау қандай түрде өтетіні көрсетілуі керек).

Емтихан тест түрінде өткізіледі.

Студент сабаққа белгілі себептермен (анықтама қағазымен расталса) қатыспаған жағдайда, жіберіп алған материалдарды тапсыруына болады. Бірінші және екінші аралық бақылау(РК) өткен материалдарды сұрау, билет бойынша(сұрақ,тест) өткізіледі және 100 балдық өлшемде бағаланады(аралық бақылау қалай өткізілетінін көрсету қажет).

Курсты меңгеру шарты:

Студент сабаққа қатысуы 80%-дан кем болмауы тиіс. Ауыруына байланысты сабақ жіберіп алған жағдайда (3 күнге жарамды 095-У анықтамасымен расталған жағдайда) Департаменттің Директорының (декан) өкімі бойынша жеке түрде тапсырманы тапсыру графигін алуына болады. График мерзімі өтіп кетсе тапсырма қабылданбайды. Сабаққа 5 минуттан астам кешіксе, сабақты себепсіз жіберген болып есептелініп 0 балл қойылады, сабаққа қатысуына болады. Оқытушының рұқсатынсыз телефон және компьютерлік құралдар қолданған студенттер сабақтан шеттетіледі де 0 балл қойылады. Студенттер Университет студенттерінің этикалық кодексін міндетті түрде сақтаулары, оқытушылар мен айналасындарға құрметпен және сыпайылықпен қарауы тиіс. Оқу тәртібі бұзылған жағдайда оқытушы Департаменттің директорының атына шара қолдануға ықпал ету туралы ұсыныс жасайды (пән бағасының күшін жоюы).Бақылау іс шаралары(Аб,АБ,ҚБ) кезінде көшіру және ұялы байланыс құралдарын пайдалану жағдайлары анықталған жағдайда алынған баға күшін жояды.

Практикалық сабақтардағы белсенділік. Студенттер практикалық сабақтарында белсенділік көрсетулері керек. Белсенділік көрсетпесе, басқа да бір алаңдатпа әрекетпен айналысса сабақ үшін 0 балл қойылады.

Сабаққа дайындалу, үй тапсырмасын, СӨЖ және т.б орындау.

Курсты меңгерудің міндетті шарты сабаққа мұқият дайындалу болып табылады. Тапсырманы орындау кезінде қолданған интернет ресурстарын және де басқа ақпарат көздерін оқушылар міндетті түрде көрсетулері керек. Түп нұсқаға сілтеме жасалмай мәтінде 200 сөз қолданған жұмыс плагиат (шығармашылық ұрлық) болып есептелінеді. Плагиат фактісі анықталған кезде оқушы тапсырма үшін 0 балл алады, ал бұл факт қайталанған кезде бағасы күшін жояды.

Тапсырмаларды белгіленген уақытта тапсыру. Студенттер тапсырмаларды белгіленген уақытта тапсырады, немесе жеке тапсыру графигі болса соған сәйкес тапсырады. Жекелеген жағдайда оқытушының келісімімен белгіленген уақыттан кейін 7 күнтізбелік күн аралығында тапсыра алады бұл жағдайда осы тапсырма үшін қойылатын балл 80-нен аспауы керек. Жеті күндік мерзімі өткеннен кейін тапсырма қабылданбайды.



1-аралық бақылау сұрақтары

  1. Семейдегі Абай мұражайы қай жылы ашылған?

  2. Жидебай – Абайдың ата қонысы туралы не айта аласыз?

  3. Абай мұражайы туралы не білесіз?

  4. Жыр алыбы кім?

  5. Жамбылдың ұстазының аты кім?

  6. “Ленинградтық өренім” өлеңі қай тақырыпқа жазылған?

  7. ХХ ғасырдың басы қазақ тарихында қандай кезең болды?

  8. ХХ ғасыр басындағы әдебиет өкілдері кімдер?

  9. ХХ ғасыр басында өмір сүрген жазушылар өз шығармаларында қандай мәселелерді көтерді?

  10. Қазақ әйелдерінің тағдыры туралы жазылған шығармаларды атаңыз.

  11. Жүсіпбек Аймауытұлы кім?

  12. Неге «Абай жолын» “ғасырлық туынды” деп аталған?

  13. Шығармадағы басты кейіпкер кім еді?

  14. М. Әуезов өз шығармасы арқылы бүкіл әлем әдебиетіне қандай үлес қосты?

  15. Оралхан Бөкей қай жылы дүниеге келді?

  16. Оралхан Бөкейдің қандай шығармалары бар?

  17. Қазақстан экологиясы туралы не айта аласыз?

  18. Қазақстан экологиясының нашарлау себебі неде?

  19. Арал теңізі не себепті экологиялық апатты өңірге айналып отыр?

  20. "Қызыл кітап" деп неге аталған?

  21. "Қызыл кітап" қанша бөлімнен тұрады?

  22. Халықаралық және Қазақстанның "Қызыл кітабына кірген жануарлар мен өсімдіктерді атаңыздар.

  23. Қазақстанның қандай көрікті жерлерін білесіңдер?

  24. Қазақстанның қандай санаторий-курорттарын білесіңдер?

  25. Алматыда жаңадан ашылған қандай емдеу-сауықтыру орталықтары бар?

  26. Орта Азияда орналасқан қандай көне қалаларды білесіз?

  27. Түркі өркениетінің дамуында бұл қалалардың рөлі қандай?

  28. Отырар туралы не білесіз?

  29. Балқаш қайда орналасқан?

  30. Қазақстанда тағы қандай көлдер бар? Олар туралы не білесіз?

  31. Каспий аймағында тағы қандай мемлекеттердің мүддесі бар?

  32. «Эко-Ойкос» сөзінің мағынасы не?

  33. Бұл сөзді ғылымға кім енгізген?

  34. Қазіргі таңдағы басты проблема не?

  35. Ауаға тарайтын лас заттардың мөлшері қанша?

  36. Туған жер туралы қандай өлең-жырлар білесіз?

  37. Әнұран шығу тарихы туралы не білесіз?


2-аралық бақылау сұрақтары

  1. Сіз болашақ мамандығыңызды ғылыммен байланыстырасыз ба?

  2. Еліміз қазіргі күнде қандай мамандықтарға зәру?

  3. Білім мен ғылымды дамыту үшін не қажет?

  4. Қандай басшы өз қызметкерлерімен дұрыс қарым-қатынас орната алады?

  5. Басқару ісінің табысты болуы неге байланысты?

  6. Басшының жеке қасиеттерін қандай қасиеттер құрайды?

  7. Басшы абыройына зиянын тигізетін нелер?

  8. Басшының іскерлік қасиетіне нелер жатады?

  9. Басқару стилінің қандай негізгі түрлері бар?

  10. Сабильянов Нұртай Салихұлы кім?

  11. Қандай еңбектерін білесіз?

  12. Еліміздің болашағы жастардың қолында дегенге көзқарасыңыз қалай?

  13. Жастар мәселесіне мемлекет тарапынан жеткілікті дәрежеде көңіл бөліне ме?

  14. Бүгінгі күннің жастары қандай болуы керек?

  15. Қандай жастар ұйымдарын білесіз?

  16. Өз таңдаған ұйымдарыңызбен қандай іс-шаралар өткізуді жоспарлайсыз?

  17. Тәуелсіз Қазақстан тарихы туралы не білесіз?

  18. Қандай мемлекеттерді барысқа теңейді, не үшін?

  19. Қандай Азия барыстарын білесіз?

  20. Жаһандану дегенді қалай түсінесіз?

  21. Қазақстанға жаһандану не әкеледі деп ойлайсыз?

  22. Дүние жүзінде білім берудің қандай жүйелері мен түрлерін білесіздер?

  23. Болон декларациясы туралы не білесіздер?

  24. Оның қағидалары туралы естіген бе едіңіздер?

  25. Отандық білімнің Болон процесіне қосылуы қандай жауапкершілік жүктейді?

  26. Кредиттік технология деген не?

  27. Оның басқа жүйелерден артықшылығы неде?

  28. Қазақстандағы білім беру жүйесі неге негізделген?

  29. Оның ең маңызды үрдістері қандай?

  30. Кредиттік оқу жүйесі қай елдерде қолданылады?

  31. Қазақстандағы оқу жүйесі қандай?

  32. Студенттің білімі қандай бірліктермен өлшенеді?

  33. Қаныш Имантайұлы кім?

  34. Ол қай жылы, қайда туған?

  35. Қандай ғылыми еңбектері бар?

  36. Достай Романқұлов туралы не білесіз?

  37. Жаңа технологияларды дамытудағы ғылымның маңызы қандай?

  38. Қазақстандағы қазіргі ғылымның даму деңгейі қандай?

  39. Мамандығыңызға қатысты қандай ғылыми жаңалықтарды білесіз?

  40. «Мінсіз» халықтық сапа белгісін кімдер иеленеді?

  41. «Алтын сапа» белгісін кімдер иеленеді?


Емтихан сұрақтары

  1. Жидебай – Абайдың ата қонысы туралы не айта аласыз?

  2. “Ленинградтық өренім” өлеңі қай тақырыпқа жазылған?

  3. ХХ ғасыр басындағы әдебиет өкілдері кімдер?

  4. ХХ ғасыр басында өмір сүрген жазушылар өз шығармаларында қандай мәселелерді көтерді?

  5. Жүсіпбек Аймауытұлы кім?

  6. Неге «Абай жолын» “ғасырлық туынды” деп аталған?

  7. Оралхан Бөкейдің қандай шығармалары бар?

  8. Қазақстан экологиясының нашарлау себебі неде?

  9. «Қызыл кітап» деп неге аталған?

  10. Қазақстанның қандай көрікті жерлерін білесіңдер?

  11. Орта Азияда орналасқан қандай көне қалаларды білесіз?

  12. Балқаш туралы не білесіз?

  13. «Эко-Ойкос» сөзінің мағынасы не?

  14. Бұл сөзді ғылымға кім енгізген?

  15. Туған жер туралы қандай өлең-жырлар білесіз?

  16. Әнұран шығу тарихы туралы не білесіз?

  17. Білім мен ғылымды дамыту үшін не қажет?

  18. Басқару ісінің табысты болуы неге байланысты?

  19. Басшының жеке қасиеттерін қандай қасиеттер құрайды?

  20. Сабильянов Нұртай Салихұлы кім?

  21. Бүгінгі күннің жастары қандай болуы керек?

  22. Қандай жастар ұйымдарын білесіз?

  23. Тәуелсіз Қазақстан тарихы туралы не білесіз?

  24. Қандай мемлекеттерді барысқа теңейді, не үшін?

  25. Қандай Азия барыстарын білесіз?

  26. Жаһандану дегенді қалай түсінесіз?

  27. Қазақстанға жаһандану не әкеледі деп ойлайсыз?

  28. Дүние жүзінде білім берудің қандай жүйелері мен түрлерін білесіздер?

  29. Болон декларациясы туралы не білесіздер?

  30. Болон декларациясы туралы не білесіздер?

  31. Кредиттік технология деген не?

  32. Оның басқа жүйелерден артықшылығы неде?

  33. Қазақстандағы білім беру жүйесі неге негізделген?

  34. Қаныш Имантайұлы кім?

  35. Ол қай жылы, қайда туған?

  36. Қандай ғылыми еңбектері бар?

  37. Достай Романқұлов туралы не білесіз?

  38. Жаңа технологияларды дамытудағы ғылымның маңызы қандай?

  39. Қазақстандағы қазіргі ғылымның даму деңгейі қандай?

  40. Мамандығыңызға қатысты қандай ғылыми жаңалықтарды білесіз?

  41. «Мінсіз» халықтық сапа белгісін кімдер иеленеді?

  42. «Алтын сапа» белгісін кімдер иеленеді?


1-аралық бақылауға арналған сөйлесім сұрақтары

  1. «Әнші құм» қай жерде орналасқан?

  2. «Әнші құмның» әуенін естуге болады ма?

  3. «Әнші құмның» әуені қайдан естіледі?

  4. Қазақ халқының тұңғыш ғалымы кім екенін білесіз бе?

  5. Қандай ғылым салаларын зерттеген?

  6. «Нанотехнология» деген терминнің мағынасы қандай?

  7. Ауылдың рөлі қандай?

  8. «Жер Ана» дегенді қалай түсінесіз?

  9. Шағын үйдің қандай ерекшелігі бар?

  10. Қазақстанда қандай таулар бар?

  11. Қазақстандағы ең биік шың қалай аталады?

  12. Таудан бастау алатын қандай өзендерді білесіз?

  13. Ғарышта алғаш рет қазақша сөйлеген кім?

  14. Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшарда Елбасына қай тілде рапорт берді?

  15. Қазақ тілі өмірдің қанша саласында қолданылады?

  16. Назарбаев университетінің басты мақсаты қандай?

  17. Елбасы жастарға қандай сенім артып отыр?

  18. Жастар шетелде білім алуға міндетті ме?

  19. «Болашақ» бағдарламасы не үшін жасалған бағдарлама?

  20. «Болашақ» бағдарламасынының басты мақсаты қандай?

  21. «Болашақ» бағдарламасы бойынша үміткерлерді іріктеудің басты талабы қандай?


2-аралық бақылауға арналған сөйлесім сұрақтары

  1. Айтыскер бойында қандай қасиеттер болуы керек?

  2. Бұрынғы заманда айтыскер болу үшін не істеген?

  3. Айтыскер суырып салушы деңгейіне жету үшін не істеуі керек?

  4. Күй неден пайда болады?

  5. Күйдің қандай түрлері бар?

  6. Олардың ерекшеліктері қандай?

  7. Ахмет Жұбанов музыкалық аспаптардың ішінде домбыраға қандай сипаттама берді?ХІХ ғасырдағы қазақтың күйшілік мектеп өкілдері кімдер?

  8. Күй аспабы дегеніміз не?

  9. Ә. Қастеев кім?

  10. Ә. Қастеевтің көпке танымал қандай туындылары бар?

  11. Ә. Қастеев қай жерді туып-өскен?

  12. «Қыз Жібек» операсы қай жылы сахнаға қойылды?

  13. Ұлттық нақыштағы әйгілі классикалық туындыда қазақ халқының қай қыры көрініс тапты?

  14. Операда Жібек алтындатқан күймеде отырып не туралы айтады?

  15. Еуропалық қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) басты мақсаты қандай?

  16. ЕҚЫҰ мүшелері кімдер?

  17. Қазақстан бұл халықаралық ұйымға қашан төрағалық етті?

  18. Сыртқы саяси мақсаттар қандай мүддеге негізделеді?

  19. Мемлекеттің сыртқы саясаты қандай факторлар ықпалымен қалыптасады?

  20. Сыртқы саясатты жүзеге асырудағы ең басты құрал не?

  21. Қай жылы Ақмола қаласының атауы Астана қаласына өзгертілді?

  22. «Бәйтеректі» салу идеясын кім ұсынды?

  23. «Бата» композициясы нені білдіреді?


Емтиханға арналған сөйлесім сұрақтары

  1. «Әнші құм» қай жерде орналасқан?

  2. «Әнші құмның» әуенін естуге болады ма?

  3. «Әнші құмның» әуені қайдан естіледі?

  4. Қазақ халқының тұңғыш ғалымы кім екенін білесіз бе?

  5. Қандай ғылым салаларын зерттеген?

  6. «Нанотехнология» деген терминнің мағынасы қандай?

  7. Ауылдың рөлі қандай?

  8. «Жер Ана» дегенді қалай түсінесіз?

  9. Шағын үйдің қандай ерекшелігі бар?

  10. Қазақстанда қандай таулар бар?

  11. Қазақстандағы ең биік шың қалай аталады?

  12. Таудан бастау алатын қандай өзендерді білесіз?

  13. Ғарышта алғаш рет қазақша сөйлеген кім?

  14. Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшарда Елбасына қай тілде рапорт берді?

  15. Қазақ тілі өмірдің қанша саласында қолданылады?

  16. Назарбаев университетінің басты мақсаты қандай?

  17. Елбасы жастарға қандай сенім артып отыр?

  18. Жастар шетелде білім алуға міндетті ме?

  19. «Болашақ» бағдарламасы не үшін жасалған бағдарлама?

  20. «Болашақ» бағдарламасынының басты мақсаты қандай?

  21. «Болашақ» бағдарламасы бойынша үміткерлерді іріктеудің басты талабы қандай?

  22. Айтыскер бойында қандай қасиеттер болуы керек?

  23. Бұрынғы заманда айтыскер болу үшін не істеген?

  24. Айтыскер суырыпсалушы деңгейіне жету үшін не істеуі керек?

  25. Күй неден пайда болады?

  26. Күйдің қандай түрлері бар?

  27. Олардың ерекшеліктері қандай?

  28. Ахмет Жұбанов музыкалық аспаптардың ішінде домбыраға қандай сипаттама берді?ХІХ ғасырдағы қазақтың күйшілік мектеп өкілдері кімдер?

  29. Күй аспабы дегеніміз не?

  30. Ә. Қастеев кім?

  31. Ә. Қастеевтің көпке танымал қандай туындылары бар?

  32. Ә. Қастеев қай жерді туып-өскен?

  33. «Қыз Жібек» операсы қай жылы сахнаға қойылды?

  34. Ұлттық нақыштағы әйгілі классикалық туындыда қазақ халқының қай қыры көрініс тапты?

  35. Операда Жібек алтындатқан күймеде отырып не туралы айтады?

  36. Еуропалық қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) басты мақсаты қандай?

  37. ЕҚЫҰ мүшелері кімдер?

  38. Қазақстан бұл халықаралық ұйымға қашан төрағалық етті?

  39. Сыртқы саяси мақсаттар қандай мүддеге негізделеді?

  40. Мемлекеттің сыртқы саясаты қандай факторлар ықпалымен қалыптасады?

  41. Сыртқы саясатты жүзеге асырудағы ең басты құрал не?

  42. Қай жылы Ақмола қаласының атауы Астана қаласына өзгертілді?

  43. «Бәйтеректі» салу идеясын кім ұсынды?

  44. «Бата» композициясы нені білдіреді?




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет