Бағдарламасы «Жоғары білім беру. Негізгі ережелер»



бет1/6
Дата01.04.2017
өлшемі2,51 Mb.
#13134
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6



Алматы, 2014


Құрастырғандар: «Қазақ және орыс тілдері» кафедрасының

аға оқытушысы К.К.Турарова,

профессор С. Иманбердиева,

ф.ғ.к., доцент Г.Ж. Өтемісова.


Жұмыс бағдарламасы қазақ тілін оқытудың талаптарын анықтайтын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 14.02.2011 жылғы №14 бұйрығымен бекітілген және қолданысқа енгізілген. Типтік оқу бағдарламасы «Жоғары білім беру. Негізгі ережелер» 6.08.085 – 2010 ҚР МЖМБС-на сәйкес әзірленген. 2010 жылдың 14 қазанында Республикалық оқу-әдістемелік кеңестің мәжілісінде қарастырылған. Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттарына сәйкес қазақ тілін оқытуға арналған типтік бағдарлама негізінде 5В050600 – Экономика, 5В050700 – Менеджмент, 5В051100 – Маркетинг, 5В050800 – Есеп және аудит, 5В050900 – Қаржы, 5В091200 – Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі, 5В090900 – Логистика, 5В070400 – Ақпараттық технологиялар, 5В 030100 – Құқықтану, 5В 050500 – Аймақтану, 5В051000- Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандықтары үшін құрастырылған.

.

Силлабус «Қазақ және орыс тілдері» кафедрасының мәжілісінде талқыланған.



№ «_____» хаттама «______ »__________________2014 ж.

Кафедра меңгерушісі _______________________ Г. Садыр



1-семестр

Кіріспе

Тәуелсіз Қазақ елінің соңғы он жылдағы қарқынды даму үрдісі мен әлеуметтік жағдайы, шетелдермен халықаралық байланысының нығаюы, әлемдік қауымдастықтағы беделінің артуы, біліктілік деңгейі әлемдік стандарттарға сәйкес келетін, бәсекеге қабілетті жоғары білімді сапалы мамандарды даярлаудың қажеттігін туғызып отыр. Мамандардың бәсекеге қабілеттілігінің негізгі көрсеткіштерінің бірі - олардың мемлекеттік тілді толық меңгеруі мен оны тәжірибе жүзінде қолдана алуы. Қазақ тілі курсын типтік бағдарламада көрсетілген талаптарға сай жүргізу мақсатында оның мақсат, міндеті айқындалып, осы жұмыс бағдарламасы дайындалды. Бұл жұмыс бағдарламасы В2 – негізгі стандартты деңгейге арналған.

Қазақ тілі пәнін оқыту практикалық сабақтар, «Сөйлесім», СӨЖ (Студенттің өздік жұмысы) арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік тілді жоғары оқу орнында оқытуға байланысты ұсынылып отырған бұл бағдарламаның құрамына төмендегідей элементтер кіреді:



  • оқытылатын пәннің өзектілігі;

  • оқытудың мақсаты мен міндеті;

  • пән бойынша алдыңғы және кейінгі деректемелер;

  • студентте дамытылатын білім, білік, дағдылар, құзіреттіліктер.

Қазақ тілі пәнін оқытудың мақсаты қазақ тілін меңгерудің әрбір деңгейіндегі негізгі міндеттерді сөйлеу түрлеріндегі модельдер мен қатысым түрлері арқылы жүзеге асыру.

Оқытудың міндеттері:

  • студенттердің әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени, оқу-кәсіби салалар бойынша сөздік қорларын байытып, қатысымдық құзіреттіліктерін көтеру;

  • курс бойынша грамматикалық құзіреттіліктерін дамыту, яғни грамматикалық бірліктерді дұрыс пайдалана білуге үйрету;

  • қызмет бабында қарым-қатынасқа қажетті тілдік құралдарды, сөйлеу үлгілерін қолдануға дағдыландыру.

Алдыңғы деректемелер: Студенттер «Қазақ тілі» курсы бойынша белгілі бір көлемде лексикалық қор жинақтаған, қатысымдық, грамматикалық құзіреттіліктері дамытылған болуы керек.

Кейінгі деректемелер: Курсты аяқтаған студенттер ресми ортада ауызша және жазбаша қарым-қатынасқа түсе алатын болып, білімін «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу» курсында жалғастыра алады.

Деңгейлік дескрипторлар:

  1. тілдік жүйе мен оның амалдарын мәдени-танымдық қатысымдық әрекеттер арқылы меңгерту;

  2. дайын күйіндегі сөйлесім мен қатысымды төмендегідей әрекеттер арқылы жүзеге асыру:

- өнер мен мәдениет (театр, фильм, кітап, музыка және т.б.) мәселелеріне байланысты өтілген тақырыптарды баяндау, мақұлдау, алған мәліметтерге өз көзқарасын білдіру, дәлелдеу;

- белгілі бір тақырыпты (әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени сала) талқылауға өз қабылдауы бойынша баға беру;

- күнделікті тұрмыстық сөйлеу жағдаяттарында әңгімені қолдау және талқылау (нақты, өзіне таныс жағдаяттарға дайындықсыз араласып, әңгімені қолдау, қажет жағдайда қайта сұрау, өз көңіл күйін білдіру (өкіну, мұңаю, қызығушылық таныту немесе танытпау).

3. Ауызша және жазбаша қатысым түрлерінде:

- мәліметтерді беруге дайындығы мен қабілеттілігі, әңгімелесушіге жеткізе алуы; қызығушылық танытуы, мәліметтерді сұрау, қайталап сұрау; кеңес беру, нұсқау беру; нандыру, байқампаздық таныту; көңілі толуын-толмауын, қызығушылығын, немқұрайлылығын білдіру.


      1. Сұхбат кезінде әріптесінің әңгімесіне көңіл аудару; қызығушылық таныту.

      1. Айтылым. Монолог түрінде:

- әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени және кәсіби оқу саласында жағдаяттарды немесе оқиғаларды рет-ретімен өз көзқарасы бойынша сипаттау;

- кітап немесе фильм сюжетін мазмұндау және дәлелдер арқылы өз көзқарасын білдіру;

- берілген тақырып бойынша алдын ала дайындалған, аса күрделі емес баяндама жасау.

3.3. Жазбаша түрде:

- қарапайым өзара байланысты мәтіндерді:

- тақырыптар мен тақырыпшалар аясындағы нақты жағдайларды немесе таныс заттар/объектілерді сипаттау;

- белгілі бір тақырып бойынша қысқа, аса қиын емес эссе жазу;

- күнделікті өмірдегі фактіге құрылған мәліметтер мен оны түсіндіруге қажетті әрекеттерге қысқаша баяндама жасау;

3.4. Тыңдалым дағдыларын түсінуі керек:

- кәсіби өмірден алынған қарапайым хабарламаларды;

- өтілген тақырыптағы әңгімені анық айыра білуді;

- әңгімелесушінің сөзін аңдай алу;

- дыбысталуы нақты жүйеленген радио және телебағдарламалардағы мәліметтерді;

- радиодан берілген жаңалықтардың негізгі хабары мен таныс тақырыптағы қарапайым баяу берілген мәтіндерді (интервью, қысқа дәрістер, репортаждар);



3.5. Оқылым дағдылары:

- электронды және қағаз түріндегі мәтіндерді қарап, қажетті мәліметті ала білу;

- күнделікті материалдардан (хат, қысқа ресми құжаттар) қажетті ақпараттарды табу және түсіну;

- мәтін тақырыбындағы негізгі идеяны табу;

- газет материалындағы таныс тақырып бойынша негізгі ережелерді көрсете білу;

- қызығушылық танытқан тақырыбы бойынша қарапайым мәтіндегі нақты ақпараттарды оқу және түсіну;

- қарапайым тілде жазылған техникалық ережелердің (қауіпсіздік техникасы)мазмұнын түсіну;

- буклет, каталог, даңғыл, ас мәзіріндегі, кестедегі қажетті мәліметтерді оқи алу және оны қолдана алу.

Студенттерге қоғамымыздағы экономикалық өзгерістерді ескере отырып, «Қазақ тілі» курсы бойынша алған білімдерін жалғастырып, қатысымдық құзіреттіліктерін қалыптастыру.

Бағдарламада берілген тақырыптар деңгей бойынша сұрыпталып, тілдік әрекеттердің барлық түрлерін қамти отырып құрастырылған. Бағдарламада әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени, оқу-кәсіби салалар бойынша тақырыптар, арнайы терминдер меңгертіледі.



Каталог: download
download -> БАҒдарламасы 5-9 сыныптар Астана 2010 Қазақстан республикасы білім және ғылым инистрлігі
download -> БАҒдарламасы қазақ әдебиеті кафедрасы Астана-2013
download -> Зияткерлік мектеп оқушылары оқуы тиіс 100 кітап аясында қазақ әдебиетінен ұсынылатын шығармалар тізімі Негізгі мектеп
download -> АҚПараттық хат қҰрметті әріптестер!
download -> Өмірбаяны Ақан сері, Ақжігіт Қорамсаұлы (1843 жылы бұрынғы Көкшетау облысы Үлкен Қоскөлдің маңы 1913 жылы, сонда) ақын, әнші, композитор. Әкесінің есімі Қорамса, шешесі Жаңыл
download -> «Бекітемін» Әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы
download -> Абылай хан
download -> Бағдарламасы 5-9 сыныптар Астана 2010 Қазақстан республикасы білім және ғылым инистрлігі
download -> Ғалымдардың ең ежелгі адамды атауы
download -> П. М. Кольцов т.ғ. д., профессор, Қалмақ мемлекеттік д и. н., профессор, Калмыцкий


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет