Бағдарламасы Үкімет басшысы



Дата07.03.2023
өлшемі12,86 Kb.
#171424
Байланысты:
бағдарлама жұмыс11


Бүгінгі таңда еліміздің ал­дын­да тұрған ең өзекті мәселе­лердің бірі – жұмыссыздық. Елімізде жұмыссыз адамдар саны 2008 жылы 559 мың болса, 2010 жылы бұл көрсеткіш 6,9-5,5 пайызға көтерілді. Соңғы мәлі­меттерге сүйенсек, елімізде өзін өзі жұмыспен қамтығандар 16,5 пайызды құрап отыр. Жасыра­тыны жоқ, бұл көрсеткіштің кө­бі тапқандары өздерінен артыл­майтын ауыл тұрғындары мен зейнеткерлер. Ал, елімізде өзін өзі жұмыспен қамти алмай отырғандардың саны да едәуір. Халқымыздың әлеуеті жақсар­май, жұмыссыздардың саны да азаймай еліміз алға қарай қа­рыштап дами алмайтыны, эко­но­­микамыздың көтерілмейтіні белгілі. Елімізде күннен-күнге көбейіп келе жатқан жұмыс­сыздар санын қалайша азайтуға болады? Міне, осындай сауал­дарға жауап іздеп, түйткілді түйін­дерді шешетін жаңа бағ­дарлама өмірге келіп, өз жұ­мысын бастап та кетті
Солардың бірқатарын атап өтсек:
«Жұмыспен қамту — 2020» бағдарламасы: 
жұмыс пен жоспар
«Жұмыспен қамту — 2020» бағдарламасының негізгі мақсаты — жұмыспен тұрақты және нәтижелі қамтуға жәрдемдесу арқылы халықтың табысын арттыру.4 бағыт бойынша жүзеге асыру жоспарланған бағдарламаның бірінші бағыты — өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздарды және табысы аз адамдарды оқыту және олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу. Екіншісі, ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу. Бұл үшін кәсіпкерлерге шағын несие беріледі, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға көмек көрсетіледі. Кәсіпкерлік негіздері оқытылады. Бағдарламаны іске асырудағы үшінші бағыт — еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру. Бұл үшін мемлекет тұрғындардың экономикалық әлеуеті төмен елді мекендерден экономикалық даму орталықтарына өз еркімен көшуіне жәрдемдеседі. Ал төртіншісі, ауылдық елді мекендерді дамыту.
«Еңбек» бағдарламасы


Үкімет басшысы 2021 жыл басында тұрақты жұмыс орындарын құру бойынша жұмысты жалғастыру үшін жалақы мөлшерін он пайызға арттыра отырып, жұмыссыз қазақ­стандықтардың санын азайту ке­рек екені туралы тапсырма берді. Ол үшін қажетті құралдар мен қа­ражат та қарастырылып жатқаны айтылып, биыл жұмыссыздық дең­гейі 4,9%-дан аспайды деген еді. Сондықтан Еңбек және халық­ты әлеуметтік қорғау министрлігіне 1 маусымға дейін 2021-2025 жыл­дарға арналған «Еңбек» ұлттық жобасын енгізуді тапсырды. Соны­мен қатар Ұлттық экономика, Ең­бек және халықты әлеуметтік қор­ғау министрлігі және әкімдік­терге 1 шілдеге дейін өңірлік жұ­мыспен қамту карталарын әзірлеп, «Еңбек» жобасының іс-шараларын іске асыруды қаржыландыруды қамтамасыз етуге міндеттеді.
Еңбек бағдарламасы “enbek.kz “сайты бойынша жүзеге асырылады.
Сіз “Еңбек” бағдарламасы арқылы жұмыссыз ретінде тіркеле аласыз және жұмыспен қамтушы ретінде де тіркелуге болады.Еңбек бағдарламасы барлық жұмысқа қабілеті бар адамдарды жұмыспен қамтуға тырысады.Сол үшін бұл бағдарлама бірнеше бағдарламаларға бөлінеді.
Жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелу
Егер сізде жұмыс және (немесе) табыс (кіріс) болмаса және лайықты жұмыс іздесеңіз, онда сіз жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеле аласыз. Бұл жұмыссыз ретінде одан әрі тіркелу үшін қажетті мәртебе.
«Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 259 бұйрығымен бекітілген.
Қоғамдық жұмыстар бағдарламасы
Қоғамдық жұмыстарды халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмыссыздарды уақытша жұмыспен қамтамасыз ету үшін ұйымдастырады. Қоғамдық жұмыстар қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейді және әлеуметтік пайдалы бағытта болады.Қоғамдық жұмыстарға қатысу ұзақтығы 12 айдан аспайды.Айына жалақы мөлшері экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді есепке алмағанда, салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды және пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақыны ескере отырып, 20 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) төмен емесбелгіленеді.Қоғамдық жұмыстарға қатысуға келесілердің құқығы бар:

  • тіркелген жұмыссыздар

  • студенттер мен жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары оқудан бос уақытында, денсаулығына зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын жұмыстарда

  • тоқтап тұруға байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген адамдар

Жолдама алу үшін тұрғылықты жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына жүгіну қажет.
Әлеуметтік жұмыс орындары бағдарламасы.Жұмыс беруші халықты жұмыспен қамту орталығымен шарт негізінде жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін жалақысы субсидияланатын әлеуметтік жұмыс орнын құрады.Әлеуметтік жұмыс орнындағы жұмыс уақытша сипатқа ие, қатысу ұзақтығы 12 айдан аспайды.Жалақы төлеуді жұмыс беруші нақты жұмыс істеген уақыты үшін ай сайын еңбек шартында белгіленген мөлшерді негізге ала отырып жүзеге асырады.Мемлекет жұмыс беруші белгілеген жалақы мөлшерінің 35%-ын, бірақ 20 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) аспайтындай мөлшерін субсидиялайды. Жолдама алу үшін тұрғылықты жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына жүгіну қажет.
Алғашқы жұмыс орны бағдарламасыАлғашқы жұмыс орны – бұл 29 жастан аспаған жастар үшін бірінші жұмыс орнында кәсіби білім мен дағдыларды беру.Бірінші жұмыс орнындағы жұмыс ұзақтығы 18 айдан аспайды, аяқталғаннан кейін қатысушыға кемінде 12 ай мерзімге тұрақты жұмыс орны беріледі.Жалақы кемінде 30 айлық есептік көрсеткішті (АЕК) құрайды. Жолдама алу үшін тұрғылықты жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына жүгіну қажет.
Ұрпақтар келісімшарты бағдарламасы
Ұрпақтар келісімшарты – бұл зейнеткерлік жастағы жұмыс істейтін қызметкерлердің жинақталған тәжірибесі мен дағдыларын беру үшін арнайы құрылған жұмыс орны.Ұрпақтар келісімшартына 29 жастан аспаған, оқуды 2 жыл бұрын бітірген оқу орындарының түлектері қатысады.Жұмыстың ұзақтығы 6 айдан аспайды, аяқталғаннан кейін қатысушыға тұрақты жұмыс орны беріледі не ол зейнеткерлік жасқа толған қызметкерді алмастырады.Жалақы кемінде 30 айлық есептік көрсеткішті(АЕК) құрайды.Жолдама алу үшін тұрғылықты жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына жүгіну қажет.
Күміс жас бағдарламасы .Күміс жас – жұмыс беруші зейнеткерлік жастағы (зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған) адамдарды жұмысқа орналастыру үшін құратын еңбекақысы субсидияланатын жұмыс орны.Жұмыстың ұзақтығы 12 айдан аспайды, аяқталғаннан кейін қатысушыға зейнетке шыққанға дейін тұрақты жұмыс орны беріледі.Жалақы төлеуді жұмыс беруші нақты жұмыс істеген уақыты үшін ай сайын еңбек шартында белгіленген мөлшерді негізге ала отырып жүзеге асырады.Мемлекет белгіленген жалақы мөлшерінің 50%-ын, бірақ 30 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) аспайтындай мөлшерін субсидиялайды.Жолдама алу үшін тұрғылықты жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына жүгіну қажет.
Елімізде мүгедектерді де жұмыспен қамту қолға алынған .Жұмысқа жарамды мүгедектерге квоталар бөлінген. Квотаны жергілікті атқарушы органдар жұмыскерлердің мынадай тізімдік саны бар ұйымдарға (Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларының 8-тармағы) :
• 50-ден 100 адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының 2 % мөлшерінде;
• 100-ден 250 адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының 3 % мөлшерінде;
• 250-ден артық адам – жұмыскерлердің тізімдік санының 4 % мөлшерінде белгілейді.
Егер жұмысқа орналасудың және лауазымға тағайындаудың тәртібі ерекше жағдайлары айқындалса (мысалы, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V Заңында (2016.06.04 берілген өзгерістермен және толықтырулармен)), онда квота белгіленбейді. 
Сондай-ақ квота мүгедектер еңбек етуге арналған арнайы кәсіпорындарда, және мүгедектердің қоғамдық бірлестіктеріне, сондай-ақ, жұмыскерлердің орташа жылдық санының жиырма пайызынан астамын мүгедектер құрайтын ұйымдарға (Қазақстандық зағиптар қоғамы немесе Қазақстандық саңыраулар қоғамы) квота белгіленбейді.
Бұны Халықты жұмыспен қамту туралы заңының 27-бабы 2-тармағында көзделген.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет