БАҒдарламасы курчатов қаласы, 2016 жыл Мазмұны: Паспорт 3-6 2



бет3/9
Дата01.02.2018
өлшемі2,91 Mb.
#37368
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Ағымдағы жағдайды талдау

Географиялық орналасқан жері

Курчатов қаласы Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батыс бөлігінде, Ертіс өзенінің сол жағалауында орналасқан. Қаланың аумағы 0,11 мың га. жерді алады. Қала Шығыс Қазақстан облысының әкімшілік бағынуында тұр, ал қала жерлері Павлодар облысына қатысты болып табылады

2016 жылдың басында қала тұрғындарының саны 12,3 мың адамды құрады, тұрғындардың тығыздығы 1 км 2 112,2 адамнан келеді.

Қала жоғары тұзды қоңыр топырақты құрғақ далада орналасқан. Топырақта қолайсыз факторлар бар: топырақ қабатының қышқылдығы, тұзды, топырағы құрғақ, бонитет балы 3-тен 9-10 баллдарға дейін (6-8 баллдар). Жайылымдық жерлердің өнімділігі орташадан төмен. Шабындық жерлер жоқ.

Тұрғындар саны 2013 жылмен салыстырғанда 603 адамға немесе 5,2 пайызға артты.

2015 жылы тұрғындардың табиғи өсуі 78 адамды құрады. Халықтың табиғи өсім коэффициенті 2013 жылы 7,68 құрады 2015 жылы төмендеумен 6,4 құрады және облыстық көрсеткіштен 8,5% жоғары (ШҚО бойынша 2015 жылы- 5,9).

Тұрғындар тобының жасы - 65 және одан жоғары жас 6,7 пайыз (828 адам) тұрғынды құрайды, сол кездері 0-4 және 5-19 жастағы тұрғындар үлесінің жас тобы 26,1 пайызды (3209 адам) құрайды. Әйелдер үлесі – 52,1 пайыз, еркектер – 47,9 пайыз. Сонымен, өсімпаз жастағы әйелдердің саны (15-49 жас) 3487 адамды құрады (барлық тұрғындардың 28,4 пайызы).

Қала тұрғындарының құрылымында екі халық басым: қазақтар – 54,9 пайыз, орыстар – 40,1 пайыз. Қалғандары татарлар, немістер, украиндар, белорустар, шешендер, әзербайжандар және 5 пайызы басқа ұлттар болып келеді.

Қаланың көші-қон жағдайы кеткендер санынын келушілер санынан басым болып сипатталады. 2013-2015 жылдар аралығында көші-қонның кіріс-шығыс айырмасы 480 адамды құрады.

2015 жылы көші-қон нәтижесінде 348 адам кетті, 456 адам келді, көші-қон кіріс-шығыс айырмасы 108 адам, оң нәтиже берді.

Аймақтық макроэкономика және аймақтың экономика құрылымы.

Курчатов қаласында 9 өнеркәсіп кәсіпорындары және 1 филиал бар.

Өнеркәсіптік өндіріс құрылымында едәуір үлесті өңдеу өнеркәсібі – 26,5%, тау-кен өнеркәсібі үлесі – 50,8% құрайды.

Жалпы ауыл шаруашылығы құрылымындағы мал шаруашылығы 33,6% алады. Жалпы ауыл шаруашылық өнімінің жалпы көлемінен өсімдік шаруашылық саласының үлесі 66,4 пайыз болып келеді.

Шағын бизнестер тіркелген кәсіпорындар саны 2013 жылдан бастап 2015 жылға 22 кәсіпорындарға немесе 32,4 пайызға өсті және 90 бірлікті құрады.

Экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны (ЭБХС) 2015 жылы 7 261 адамды (жалпы халық санынан 60,0%, Курчатов қаласы – 12087 адам) құрады.
Әлеуметтік инфроқұрылым және тұрғындарды жұмыспен қамту

2013 жылдан 2015 жыл кезеңдері бойынша қалада келесі демографиялық жағдайдың серпінін байқауға болады:

тұрғындардың туу деңгейі 1000 тұрғынға шаққанда 15,36-дан (2013 жыл) 14,86-ге (2015 жыл) дейін немесе 3,2 пайызға төмендеді және облыстық көрсеткіштен 9,2 пайызға төмен (ШҚО бойынша 2015 жылы – 16,38);

- өлім-жітім көрсеткіші 2013 жылы 7,68-ден 2015 жылы 8,46-дейін, немесе 1,1 есеге және облыстық көрсеткіштен 19,2 пайызға (ШҚО бойынша 2015 жылы – 10,48) төмен.

Тұрғындардың радиоактивті қалдықтармен ластану аумағында көп жыл бойы тұру факторы аймақтың экологиясына, тұрғындардың денсаулығына теріс әсер етті. Қалада әйелдер мен балалар денсаулығының төмендегені сақталып тұр. 2013 жылдан 2015 жыл аралығында ана өлімінің көрсеткіші жоқ.

Бала өлімі көрсеткішінің оң динамикасы бар, 2013 жылы 1000 тірі туылғандарға 23,1, 2015 жылы бала өлімі тіркелмеген.

Бала өлімінің негізгі себебі перинатальді кезеңде пайда болатын жағдайлар болып табылады. Бала өлімінің құрылымында екінші орынды туа біткен патологиялар алады, ол ерте өтетін тексерістің жеткіліксіз деңгейі жүргізілмеуі мен қолайсыз экологиялық жағдайдан екенін көрсетеді.

Соңғы жылдары еңбек нарығындағы жағдай мынадай, яғни негізгі кәсіп пен мамандықтары бойынша жоғары білікті қызметкерлердің жұмыс берушілердің қажеттілігіндегі жұмыс күшіне ұсыныс асып түседі.

Жалпы қызметтерді ұсыну

5-6 жастағы балалардың (261) мектепалды даярлықпен қамтуы 100 % құрады. Балалар мектепалды мекемелеріне кезекке қоюға өтініштерді тіркеу 2013 жылдан бастап көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарына сәйкес толықтай автоматтандырылған.

Курчатов қаласының тұрғындарына медициналық көмекті ШҚО ДБ «Курчатов қалалық ауруханасы» КМК көрсетеді.

Ауру-сырқау мен өлім-жітімді төмендету мақсатында амбулаторлы-поликлиникалық, стационарлық және диагностикалық қызметтер көрсету жетілдірілуде. Дәрі құралдарына қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін дәрі құралдарын қалада бар дәріханалар жүйесі мен ауруханада ұйымдастырылған дәріхана арқылы жүзеге асыру ұйымдастырылған.

2015 жылы дәрігерлер саны – 32, орта медициналық қызметкерлермен – 87 адамды құрады. Халықтың дәрігерлермен қамтамасыз етілуі 10 мың тұрғындарға шаққанда 26,9 деңгейінде қалады. Медициналық ұйымдардың дәрігерлермен толықтырылуы 2015 жылы - 100 %.

Қала тұрғындарын орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету 100,0 % құрайды.

Курчатов қаласында электрмен қамтамасыз етудің негізгі көзі «ШҚАЭК»АҚ Семей қалалық филиалы, Прииртышск аудандық желісі-бөлімшесі болып табылады.
Қолжетімділік және байланыс

Аз халық орналасқан, көбінесе шалғай аудандар, ірі шоғырланумен қызмет көрсету, жұмыспен қамту - жақсы сапалы негізгі қызметтерді ұсыну және экономикалык мүмкіндіктерге қол жетімділік ішінара байланысты, бір сөзбен айтқанда көбінесе қалаланып кеткен аудандар.

Аймақтық дамуға жол торабының барлық түрлерінің жалпы жағдайы да сөзсіз маңызды, сонымен қатар қоғамдық көлік кызметтерінің сапасы мен жиілігі.

Сыртқы байланыс

Курчатов қаласында көлік инфроструктурасы дамыған. Транспорттық желі авто және темір жол жолдарынан құралған.

Қаладағы жергілікті маңызды жолдардың қашықтығы 42 км құрайды, оның ішінде 41,2 км – асфальтбетонмен жабылған, топырақпен - 0,8 км, көпір, су өткізу құрылыстары жоқ.

Теміржол тасымалын Семей тасымалдау бөлімшесіне ұсынылған «Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компания» АҚ бөлімшесі ұсынады. Теміржол тасымалы келесі бағыттар бойынша жұмыс істейді: Дегелен-Павлодар, Астана - Ридер, Павлодар – Алматы, Қарағанды – Москва.

Жолаушы тасымалы екі қала аралық бағытында Семей және Павлодар қалалары арасындағы байланысты және бір қалалық мезгілдегі маршрутты қамтамасыз етеді. Қалада бір автобекет жұмыс істейді.

2.2.Әлеуметтік – экономикалық жағдайының сараптамасы

2.2.1. Аймақтық макроэкономика

Өнеркәсіп

Курчатов қаласында 9 жұмыс істейтін өнеркәсіп кәсіпорындары және «УМЗ АҚ» тантал өндірісінің байыту фабрикасының 1 филиалы бар.

Өндірістік өнеркәсіп өнімнің көлемі 2389,1 млн. теңгені құрады, 2013 жылмен салыстырғанда өсу қарқыны – 484,6 немесе 25,4%. Нақты индекс көрсеткіші – 58,1%. Облыс бойынша өнеркәсіп өнімінің көлемі салыстырмалы салмағы 0,2 %.

Аймақтағы өнеркәсіп екі салада берілген: тау кен қазу өнеркәсібі, өңдеу өнеркәсібі (1 кесте).


1 кесте – 2013-2015 жылдардағы Курчатов қаласындағы өнеркәсібінің өндіріс көлемінің серпіні, мың. теңге.





2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

Өнеркәсіп, барлығы


1904,5

2275,7

2389,1

соның ішінде










Тау кен қазу өнеркәсібі

731,9

1127,6

1063,3

Өңдеу өнеркәсібі


667,8

640,8

637,9

Өнеркәсіп өндірісі саласында үлкен үлесті өңдеу өнеркәсібі алады – 26,5%, тау кен қазу өнеркәсібінің үлесі 50,8 % құрайды.


Тау кен қазу өнеркәсібі.

Тау кен қазу өнеркәсібінің негізі флюоритті руда өңдеу және флюоритті концентрат шығаратын фабрикадан құралады.

2015 жылы тау кен қазу өнеркәсібі өндірісінің өнімі көлемі 1 063,3 млн. теңгені құрады, бұл 2014 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 64,3 млн. теңгеге төмен, өсу қарқыны – 94,3 %.

Тау кен қазу өнеркәсібінде жұмыс істейтін кәсіпорын болып «УМЗ АҚ» тантал өндірісінің байыту фабрикасының филиалы (одан әрі қарай – «УМЗ АҚ» ТӨБФ) – жылына 100 мың тонна қуаттылығымен флюориттік руданы өндіріп және қайта өндіру бойынша үлкен кешенді ұсынады. Кен байыту фабрикасы флюоритті концентраттарын өндіреді, одан қажетті металлургиялық жұмыстар, химикалық өндіріс үшін қорытылған қышқыл өнімі өндіріледі.

2013 – 2015 жылдарға Курчатов қаласында тау кен қазу саласы өнімінің өндірісі 1 суретте.

1 сурет


2013-2015 жылдардағы тау кен қазу саласында өнімінің өндірісі.
Өңдеу өнеркәсібі

Өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарымен 637,9 мың. теңгеге өнім өндірді, 2013 жылғы көрсеткішінен 29,9 мың теңгеге төмен. Салалар бойынша НИК 104,1% құрады.

2013-2015 жылдардағы Курчатов қаласында өңдеу саласындағы өнімінің өндірісі ұсынылған (2 сурет).
2 сурет.

2013 – 2015 жылдарға өңдеу саласындағы өнімінің өндірісі


Машина жасау



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет